Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

5.3 Қорытынды

Қоршаған ортаны қорғау тек мемлекеттің және кәсіпорындардың мәселесі емес, ол – дүние жүзілік адамзаттың мәселесі. Жылдан жылы бұл мәселе өзекті болып, жиі талқылануға салынады. Кәсіпорындардың жаңадан салынуы немесе қайта құрылуы, тұтыну және өндірістік қалдықтардың өсуі, өзендер мен көлдердің суларының тарылуы және ластануы, атмосфералық ауаға улы газдардың бөлінуі тек адам денсаулығына ғана емес, сонымен қатар өсімдік және жануарлар әлеміне кері әсерін тигізіп жатыр. Өсімдіктер мен жануарлар популяцисы төмендеп, Қызыл кітапқа енуі жиі болып бара жатыр. Сол себепті, кәсіпорындарда жаңа қалдықсыз технологияларды қазіргі кезде кеңінен қарастырылып, кейбір елдерде қолданысқа енгізілуде. Мысалы, атмосфералық ауаға көмірқышқыл газының шығарылу мөлшерін азайту мақсатында сутегімен және электр энергиясымен жүретін автокөліктер ойластырылып, сынақтардан өткізіліп жатыр. Судың кірлену дәрежесін қысқарту мақсатында, өндірістерде техникалық су жиі қолданылып, оны тазартып, екі реттен қолданатын болған. Қалдықтар мөлшерін қысқарту үшін оны қайта өңдеп, қолданысқа енгізіп жатыр.[19]

Дипломдық жұмыста қарастырылып жатырған ұн зауыты барлық өндірістік кәсіпорын сияқты қоршаған ортаға белгілі бір әсерін тигізеді. Бірақ, ұн зауыттарын жобалау кезінде қоршаған ортаға жіберетін шаң, діріл және шу концентрациялары «Рұқсат етілетін концентрация ережелеріне» сай алынады. Сонымен, атмосфералық ауаға шығарылатын шаң концентрациялары келесідей болады: 2мг/м3, егер кремний оттегісінің пайыздық мөлшері 10%; 4мг м3 – 2-10 %; 6 мг/м3- до 2%.[17]

Ауаны шаңнан тазарту үшін ұн зауыттарында қолғапты фильтрлер, циклондар кеңінен қолданылады. Оларды ауадан шаңды сору тиімділігі 97 – 98% аралығында болады. Ұн зауытының еденіне, қабырғаларын қонған шаңды сору үшін сопло деп аталатын қондырғылар қойылады. Бұл қондырғылар орталық аспирациялық жүйеге қосылып, жұмыс тиімділігін бақылау үшін арнайы бақылау люгі болады. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады, ұн зауытының аспирациялық жүйелері кәсіпорынның ылғалдылығын, температурасын, ауа құрамындағы шаң мөлшерін біркелкі болып ұстап тұрып, санитарлы – гигиеналық нормаларға сай болуы қажет.

Шаңнан басқа ұн зауыттарында, әсіресе, дән дайындау бөлімдерінде шөп-шалаң және дәндік қалдықтар болады. Олардың да мөлшерін шектік және базистік кондицияларға негіздеп реттейді. Дәндік қалдықтар көп жағдайда қайта өңделіп, құрама жем зауыттарында негізгі шикізат көзі болып табылады, ал шөп – шалаң қалдықтар негізінен минерал қалдықтар, яғни топырақ, тас және т.б. болғандықтан өңделіп, тазаланып қоршаған ортаға шығарылады.

Қорытындылайтын болсақ, ұн зауыттарын қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, алып жатқан территорияны оны абаттандыру және санитарлы – гигиеналық нормаларға сай етіп жоспарлау қажет.[19]

Қорытынды

Орындалған дипломдық жоба негізінде Қазақстан Республикасының астық өңдеу өңірлері үшін өнімділігі 200 т/тәул болатын және жалпы шығымы 75%, екі сортты: соның ішінде: жоғарғы сорт ұны – 40%, бірінші сорт – 35% ұнын шығаратын, ұн зауытын құру ұсынылып отыр. Кәсіпорында дәннің тиімді майдалануын қамтамасыз ететін жоғары өнімділікті қондырғылар қолданылады.

Дипломдық жобаны құру кезінде келесі негізгі бөлімдер қарастырылды: бас жоба, ұн зауытының технологиясы мен техникалық жарықтандырылуы, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және экономикалық бөлім.

Бірінші бөлімде ұн зауытты соғуының тиімділігі, мақсаты, оның өнімділік қуаты, бас жоспарда ғимараттар пен құрылыстарды орналастыру, сонымен қатар бас жоспардың есептік техникалық экономикалық көрсеткіштері жазылған.

Екінші бөлімде шикізат мен дайын өнімнің қысқаша сипаттамасы, жобаланып жатқан сұлбаның сипаттамасы, сонымен бірге технологиялық қондырғылардың есебі жүргізіліп таңдалды. Осы бөлімде технологиялық процессті басқару мен бақылау мәселелері қарастырылып, білікті станок пен магнитті колонкалар мысалында аспирациялық желінің және қажетті және бекітілген электр қуатының есебі жүргізіліп, ғимараттың құрылыстық бөліктерінің толықтай сипаттамасы көрсетілген.

Келесі екі бөлімде еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылған. Мұнда жұмыскерлердің жұмысын қауіпсіздендіру, жұмыс үшін жағымды орта мен демалыстарды ұйымдастыру, жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері және қоршаған ортаны қорғау және барынша экологиялық қорғалатын нысандарды сақтау, нормативтік құқықтық актілер көрсетіліп, жеке – жеке қарастырылған.

Сонғы бөлімде ұн зауытының толықтай экномикалық көрсеткіштері мен ұн зауытын құрудың тиімділігінің есебі қарастырылған. Экономикалық бөлім ұн зауытында қолданылатын қондырғылардың және дәнді ұнға айналдыру жаңғыртылған технологиялық үрдістердің тиімділігін растап көрсетті.

Жобаланып отырған кәсіпорынның экономикалық тиімділік есебіне негізделе отырып, кәсіпорынды құру тиімді екенін көріп отырмыз және кәсіпорынның екі жарым жылда есесін қайтарып шығатынына көзіміз жетті.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н. А. Елбасының Қазақстан халқына жолдауы. - Астана: 2012.

  2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» стратегиясы. - Алматы: 2001

  3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы.- Алматы: 1997

  4. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі.- Астана: 2007

  5. Қазақстан Республикасының Еңбек қорғау кодексі. - Астана: 2007

  6. Ұн зауыттарында технологиялық үрдістерді жүргізу және ұйымдастыру ережелері. – М.: ВНПО. Зернопродукт, 1981. –1 және 2ч.

  7. Астық сақтау және оны өңдеу, наубайналық және макарон өндірісі бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік және жарылыс қауіпсіздігі ережелері. – Қазақстан Республикасының Үкіметімен 28 қазан 2004 жылы № 1112 бекітілген.

  8. Золотарев С. М. Проектирование мукомольно - крупяных и комбикормовых предприятий. – М.: Колос, 1968. – 16 – 25 б.

  9. Бутковский В.А., Мерко А.И. және т.б. Технология зерноперерабатывающих производств: Учебник для студентов вузов.- М.: Интерграф сервис, 1999. – 119 – 241 б.

  10. Ізтаев Ә. І., Тастанбеков С. Т. және т.б. Астық өнімдерінің технологиясы.- Алматы: Сага, 2006. – 5 – 14 б.

  11. Фомина О.Н., Левин А.М. и др. ЗЕРНО. Контроль качества и безопасности по международным стандартам.- М.: Протектор.2001. – 368 с.

  12. Неретина В.М. Курсовое и дипломное проектирование по мукомольно-крупяному производству. – М.: Колос, 1984.- 75 – 143 б.

  13. Мартыненко Я. Ф., Чеботарев О. Н. и др. Проектирование мукомольных и крупяных заводов с основами САПР.- М.: Агропромиздат, 1992.

  14. Глебов Л.А., Демский А.Б. и др. Технологическое оборудование предприятий отрасли (зерноперерабатывающие предприятия). – М.: ДеЛи принт, 2006. -816 б.

  15. Бутковский В.А., Галкина Л.А., Птушкина Г.Е. Современная техника и технология производства муки. - М.: ДеЛи принт. 2006. – 319 б

  16. Чеботарев О. Н. и др. Технология муки, крупы и комбикормов: Учебное пособие. -М.: ИКЦ "МарТ", Ростов на Дону: Издательский центр "Март", 2004.

  17. Вайсман М.Р. и др. Вентиляционные и пневмотранспортные установки. – М.: Колос, 1984. –367 б.

  18. Веселов С. А., Веденьев В. Ф Вентиляционные и аспирационные установки предприятий хлебопродуктов....М.: КолосС, 2004. – 129 – 177 б.

  19. Хакімжанов Т. Е. Еңбек қорғау. - Алматы, 2008. – 144 – 197 б.

  20. Асқарова Ұ. Е. Экология және қоршаған ортаны қорғау. – Алматы, 2010

  21. Бутковский В.А., Птушкина Г.Е. Технологическое оборудование мукомольного производства – М: ГП «Журнал хлебопродукты»,-1999.-208 б.

  22. Мерко И.Т. Погирной М.Т. Проектирование зерноперерабатывающий предприятий с основами САПР. – М.: Агропромиздат, 1985. –367 б.

  23. Вашкевич В.В., Горнец О.Б. и др. Технология производства муки на промышленных и малых мельзаводах. – Барнаул: 1999.-215 б.

  24. Берестнев Е.В., Петриченко В.Е., Новицкий В.О. Рекомендации по организации и ведению технологических процессов на мукомольном предприятии. – М.: ДеЛи принт,2008. -176 б.

  25. Егоров Г.А. Краткий курс мукомольного и крупяного производства (практическое руководство). – М.: Хлебопродинформ, 2000. –200 б.

  26. Демский А.Б. и др. Оборудование для производства муки и крупы (справочник) – М.: Профессия, 2004. - 426 б.

  27. Торжинская Л.Р. и др. Технохимический контроль хлебопродуктов. – М.: Агропромиздат, 1986. –399 б.

  28. Бутковский В.А. и др. Технология мукомольного, крупяного и комбикормового производства (с основами экологии)–М.:Агропромиздат, 1989.-464 б.

  29. Методические указания к выполнению выпускной квалификационной работы по специальности 050728 «Технология перерабатывающих производств» -по направлению подготовки – Мельзаводы. Сост. Росляков М.Г., Байболов К.Б. – Алматы: АТУ, 2007. – 59 б.

  30. Методические указания к оформлению расчетно-пояснительной записки и графической части дипломного проекта (дипломной работы). Специальность 050728 «Технология перерабатывающих производств» по направлении. подготовки «Технология хранения и переработки зерна». Составители: Адуов М.А., Сомова Л.М.и др. – Астана: КАТУ им. С.Сейфуллина, 2007-60 б.

  31. Альбом технологических нормалей высокопроизводительного мельничного оборудования. № 87.22 –II, первая часть. – М.: ПЗП, 1986. – 216 б.

Қосымша A

Қосымша Б

109