Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

2.2.2 Технологиялық үрдісті басқару

Ұн зауыты бір – бірімен тығыз байланысқан әрқайсысы біркелкі ұйымдастыруды қажет ететін технологиялық этаптардан тұратын қиын жүйені құрайды. Технологиялық ұйымдастырудың негізгі мақсаты салыстырмалы энергетикалық шығындарды аз мөлшерде қолданып еңбектің өнімділігін жоғарлату, сонымен қатар шығарылатын өнімнің сапалық қасиеттерін жоғарлату болып табылады. Ұн зауытында өтетін технологиялық процесстерді біркелкі ұйымдастыруды оны жүйелі түрде автоматтандыру негізінде жүргізуге болады.

Ұн зауытында элеватордың ағынды – транспортты жүйелері, силосты сақтау қоймалары мен ұнды жіберу қоймалары, ұн сорттарын құру жүйелері, дайындау және майдалау бөлімдерінің технологиялық процесстерінің жүру жолдары автоматтандырылады.

Ұн зауытының автоматтаныдырылған жұмысын ұйымдастыру келесі мәселелерді шешуді қарастырады: дәннің сандық – сапалық көрсеткіштерін ескеріп, қоймаларға орналастыру; қалдықтардан алдын – ала тазалау; дәнді ірілігі бойынша фракциялау; дәннің мүлтіксіз сақталуын. Дәнді автоматтандырылған жүйемен орналастыру ағынды – транспортты қондырғыларды ұйымдастыру жұмыстарын жеңілдетеді. Бұл жерде қабылдау және сақтауға келіп түсетін дәннің жүру жолының ұтымды түрін таңдап алады. Сонымен бірге келіп түскен және өндіріске жіберілетін дәннің сапасы мен мөлшерінің ағымды есебі жүргізіледі. Дән түрлі ағымды ақпарат ДАҰ (дистанционды автоматандырылған ұйымдастыру) пультінің оператор – технологқа түседі, ал ол содан кейін дәнді қай жаққа жіберу керек екендігін шешім қабылдайды.

Элеваторда дәнді сақтау мәселесі температураны автоматтандырылған дистанционды бақылау арқылы шешеді. Қазіргі кезде дәннің температурасын бақылау және тіркеуді заманауи техникалық қондырғы М – 5 арқылы жүргізеді.

Ұн зауытын авоматтандырудың негізгі мәселелерінің бірі – ұнтақтау қоспаларын алдын – ала жасау. Автоматтандырылған жүйелер оператор – технологтың сұранысы бойынша ұнтақтау қоспаларын құруға жұмсалатын дәннің сапасы мен саны туралы бастапқы мәліметтерді беруге; ұнтақтау қоспасын құру үшін бастапқы компонентерден оптималды таңдау; ұнтақтау қоспасына арналған компонентердің сол қоспада пайыздық құрамын анықтау; бітіп қалған компоненттерді алмастыру нұсқаларын табу; құрастырылған қоспа бойынша дайын өнім шығымын есептеу; дайындау бөлмесінде дәнді гидротермиялық өңдеуден өткізудің оптималды режимін табу керек.

Майдалау бөлімінің автоматтандыру жүйелері технологиялық қондырғылар мен пневмотранспортты бақылау мәселелерін шешеді. ДАҰ жүйесінде технологиялық машиналар мен қондырғыларды бақсару автоматтандырылған бастау, тоқтату, блоктан шешу функциялары арқылы жүзеге асады.

Майдалау бөлімінің автоматандырылған жүйелерін алғашқы үш жармалау жүйелерін автоматтандыру арқылы тұрақтандырады. Білікті станокқа келіп түсетін өнімнің шығынын ұйымдастыру көрсеткіші ретінде табылады. Майдалау өнімінің сапалық көрсеткішін ағынды цветомерлермен анықталады. Цветомер көрсеткіштері нәтижесінде бақыланатын ағынды жанама тәсілмен анықталады.

Автоматтандырылған ұйымастыру жағынан қарағанда САУМ – 1 жүйесі толық функционалды болып есептелінеді. Ол жүйелік қондырғыларды, дәннің транспортты ағынымен және оның майдалау өнімдерін, әр түрлі ұн сорттарын құру процесстерін автоматтандырылған ұйымдастыру үшін арналған. Бұл жүйе технологиялық қондырғыларды автоматтандырылған, жергілікті және блоктан шешілген режимдерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ұнның сорттарын құру компьютерде орнатылған автоматтандырылған режимінде өтеді.

Қолдан бақылау режимінде оператор – технолог пульттен таразы - мөлшерлегіштерін басқарады. Тестілеу режимі компьютерге енгізілген мәліметтерді және қондырғының арифметикалық жұмыс қабілеттілігін тесеруге бағытталған.

Өнімнің ағынды – транспортты ағындарын ыдыссыз сақтау қоймаларында ұйымдастыруды 18 бағдарламамен жүзеге асады. Жүйелердің құрамына келесі щитті – пульттер кіреді: дайындау және майдалау бөлімдерімен параллель жұмыс істейтін қоймалардың секциялары; темір және автомобиль жолдарына жіберетін қондырғыларды ұйымдастыру. Майдалау бөлімінде бақылауды өнімді білікті станокқа берумен, сонымен қатар біліктің температуралық режимдерін тұрақтандыру арқылы ұйымдастырады. Технологиялық қондырғыларды және өнімнің ағынды коммуникация қондырғыларын бақылап ұйымдастыру орталық диспечерлік бөлімшеден щитті – пульттерден жүргізеді ( соңғы кезде компьютерден).

Дайын өнім бөлімінде ұнды қабылдау, сақтау және жіберу процесстерін ұйымдастыру жүргізіледі. Жоғарғы, бірінші, екінші және жай ұн сорттарын құру және алу щитті – пульттерден немесе компьютерден ыдыссыз сақтау қоймасынан бақылайды.

Ұнды АДК – 50 – ЗВМ қондырғысында өлшеп қаптау, ДКР – 1 қондырғысында пакеттерге қаптау, ұнды және кебекті ұн тасығыш вагондарға және автомобиль транспортына арту қондырғыларын ұйымдастыру компьютерінен басқарады. Бұл компьютер дайын өнім жіберу қоймасында орналастыру. САУМ – 1 автоматтандыру жүйесін екі оператор – технолог басқарады.[9]