Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
104
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

Аңдатпа

Бұл дипломдық жұмыста өнімділігі тәулігіне 200 тонна наубайханалық екі сортты ұн шығаратын ұн зауытының майдалау бөлімінің технологиясы мен техникалық қаматамасыз ету сұрақтары қарастырылған. Оңтұстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы ұн зауытының жоғарғы өнімділіктегі тазалау машиналарымен жабдықталған майдалау бөлімінің технологиялық схемасы жасалынды.

Технологиялық схемада астықты ұнтақтаудың жетілдірілген процессі қабылданған. Жобаланып жатқан сұлбадағы технологиялық үрдістің ерекшелігі – өнімді ұнтақтау жүйесінде екі кезеңде майдалау. Бұл мақсатта соққылау принципінде жұмыс істейтін жармалар мен жармашықтарды қосымша майдалау үшін А1-БЭР маркалы энтолейторлар және кедір бұдырлы біліктерден кейінгі аралық өнімдерді қопсыту және қосымша майдалау үшін А1-БДГ маркалы деташерлар қолданылады.

Дипломдық жұмыс келесілерден:

  • Есептеу-түсіндірме қағазы 92 компьютерлік беттен, 2 суреттен, 3 қосымшадан;

  • Графикалық бөлімінің А1 форматты 5 беттік сызбасынан тұрады.

Аннотация

В дипломной работе изложены вопросы по технике и техническому оснащению размольного отделения мукомольного завода производительнос-тью 200 т/сут. Разработана технологическая схема для строительства муко-мольного завода в г.Акколь с применением высокопроизводительного комплектного оборудования.

Особенностью проектируемой схемы технологического процесса размола зерна явяется применение двухступенчатого измельчения продуктов в размольном процессе, когда полученные продукты измельчают в два этапа до направления в рассевы. Для этой цели используют: машины ударного действия - энтолейторы А1-БЭР для дополнительного измельчения крупок и дунстов и деташеры А1-БДГ для измельчения и разрыхления комков промежуточных продуктов после вальцовых станков с микрошероховатой поверхностью вальцов.

Дипломная работа состоит:

- из расчетно-пояснительной записки - 92 страниц текста, 2 рисунка, 3 приложения;

- из графической части – 5 листов формата А1.

Мазмұны

Беті

Кіріспе

8

1

Бас жобасы

10

1.1

Бас жоспардың негізгі экономикалық көрсеткіштері

12

2

Ұн зауытының техникалық жарақталуы және технологиясы

14

2.1

Технологиялық бөлім

14

2.1.1

Жобалауға керекті бастапқы мәліметтер

14

2.1.2

Шикізаттың және өңделіп алынған өнімнің қысқаша сипаттамасы

14

2.1.3

Жобаланып жатқан технологиялық сұлбаның сипаттамасы және оның ерекшеліктері

16

2.1.4

Майдалау бөлімінің жабдықтарын есептеу және таңдау

21

2.1.4.1

Білікті сызықтың есебі

22

2.1.4.2

Рассевтердің елеу бетін есептеу және процесстерге бөлу

24

2.1.4.3

Ситовейкалық жүйелерді есептеу және процесстерге бөлу

26

2.1.4.4

Үгіту жүйелерін және қосымша ұнтақтауға арналған машиналарды есептеу және бөлу

28

2.1.4.5

Бичті машиналарды және виброцентрафугал машиналарының есебі

29

2.1.5

Технологиялық жабдықтардың сипаттамасы және техникалық спецификациясы

30

2.1.6

Өңделген өнімдердің қозғалыс коммуникациясы

32

2.2.

Технологиялық үрдістерді бақылау және басқару

33

2.2.1

Технологиялық процессті бақылау

33

2.2.2

Технологиялық үрдісті басқару

35

2.3

Аспирациялық және пневмотранспорттық қондырғылар

37

2.3.1

Аспирациялық және пневмотранспорттық желілерді үйлестіру

37

2.3.2

Аспирациялық желінің есебі

41

2.3.2.1

Ауа құбырларының әрбір аумағындағы жоғалту қысымын есептеу

49

2.3.2.2

Желдеткішті таңдау және оның электрқозғалтқышының қуатының есебі

50

2.4

Кәсіпорынның энергиямен жабдықталуы

52

2.4.1

Қажетті және бекітілген қуаттың есебі.

52

2.4.1.1

Жобаланатын кәсіпорынның электроқоректенуі және электрожабдықтары

52

2.4.2.2

Өнім алуға жұмсалатын электрэнергиясының шығынын есептеу

54

2.5

Ғимараттың құрылыс бөліктерінің сипаттамасы

55

2.5.1

Жабдықтардың өзара орналасуы және үйлестірілуі

55

2.5.2

Майдалау бөлімінің ғимараттың құрылыс парметрлерін анықтау

59

2.5.3

Майдалау бөлімінің ғимаратының құрылыс

конструкциясының жалпы сипаттамасы

61

3.

Экономикалық бөлім

65

3.1

3.1.1

Ұн зауытының өндірістік қуаты

Өнім өндіру мен шығару жоспарын есептеу

65

3.1.2

Өндіріске қажет смета шығынын есептеу

66

3.1.3

Еңбекақы есебі

69

3.1.4

Амортизациялық аудармалар

71

3.1.5

Басқа да ақшалай шығындар

72

3.2

Жобаланып жатқан кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері

73

3.2.1

Капиталды салымдардың экономикалық тиімділігін

74

4

Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі

75

4.1

Ұн зауыттарында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер

75

4.2

Электр қондырғаларының өрт қауіптілігі

77

4.3

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалаудағы өрт қауіпсіздігі және алдын алу шаралары

79

4.4

Қауіпті аймақтар және оларды қауіпсіздендіру

80

5

Кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау

84

5.1

Кәсіпорындарда қолданылатын нормативтік құқықтық актілер мен оларға қойылатын талаптар

84

5.2

Ұн тарту өндірісінің қоршаған ортасы және адам өмірі мен ағзасына тигізетін әсері

87

5.3

Қорытынды

89

Қорытынды

91

Қолданылған әдебиеттер тізімі

92

Қосымша

94

Кіріспе

Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құраушы элементі ұн және жарма өнеркәсібі болғандықтан, оны дамыту және жаңарту маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі кезде сала өз алдына ұн және жарма өнеркәсібінің техника – өндірістік және техника – қайта жандандыру базаларын дамыту, қосымша өндірістік қуаттарды енгізуге, енгізілген капиталды тиімді пайдалану, құрылыстық өндірісті экономикалық ынталандыру сияқты мақсаттар қоюда. Жаңа өнеркісіптік кешендерді құрумен қатар ескі ұн және жарма зауыттарын қайта жобалап салу да жоспарлануда.

Бұл мәселелерді шешу көбінесе жоғары мамандырылған технологтарға жүктеледі. Технологтың өндірістік өнеркәсіптерді дұрыс жобалауынан оған бөлінген қаражатты қаншалықты дұрыс игергенін көресетеді. Жаңа өнеркісіптерді және қайта жандандырылатын өнеркәсіптерді жобалау жаңа ғылыми – техникалық жетістіктер, технологиялық процесстер және өндірістік процесстерді автоматтандыру, оған қоса қолданыстағы кәсіптердің тәжірибесі негізінде жүргізіледі.[12]

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен қабылданған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясында мемлекет күшінің басты назары ауыл шаруашылық өндірісіндегі екі негізгі салаға мал және өсімдік шаруашылықтарына аударылған.

Қазақстанның астық өндірісі мұнай өндірісімен қатар стратегиялық маңызды болып табылады. Сондықтан «Қазақстан – 2030» даму стратегиясында астық азық-түлік нарығының негізін құраушы ретінде қарастырылады. Аграрлық кешеннің басты тапсырмасы халық сұранысына сәйкес нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл тапсырманы орындау көбінесе астық шаруашылығының тиімді жұмыс істеуіне байланысты. Астық шаруашылығының даму елдің политикалық, экономикалық тұрақтылығын және азық-түлік қауіпсіздігін анықтайды.[2]

ҚР Президентінің 27.01.2012 жылғы жолдауында өңірлерді дамыту мәселесінде елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты және ол үшін ең алдымен жаңа зауыттар мен кәсіпорындар салынып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет екендігі көрсетілген. Былтырғы жылы ғана елімізде 800 жуық әр түрлі өндіріс орындары құрылды, соның ішінде астық өңдеу кәсіпорындарының баршылығы сөзсіз. Сонымен қатар, жолдауда 2016 жылы 4 миллион тонна астықты экспортқа шығаруы көзделіп отыр.[1]

Қазақстан Республикасы ұнды импортқа да пен экспортқа да шығаруға үлкен ресурстары бар ел. Қазіргі заманғы ұн зауыттары жан жақты астықтың сапасын бағалау, кептіру, ұн тартуға партиялар құру, астықты жоғары өнімділіктегі қондырғыларында тазалау, гидротермиялық өңдеуден өткізу және дайын өнім сапасын бақылау кезеңдерін қарастырып ұйымдастырылады.

Ұн зауыттарының жоғары өнімділікті, тиімді қондырғыларда өңделетін жоғары сапалы астық өнімдеріне сұраныс жылдан жылы өсіп барады.

Қазақстан Республикасында ұн өндірісінің ары қарай дамуы толығымен өндірістік қуатын пайдаланылатын және өзінің техникалық базасын жаңғыртып отыратын ірі кәсіпорындардың арқасында.

Халық жағдайынының жақсаруымен жоғарғы сорт және бірінші сорт бидай ұнына да сұраныс өседі. Бұл мәселені шешу жаңа ұн зауыттарын салу және бар зауыттарды қондырғылар мен технологиялық үрдістерді жаңғырту мақсатында қайта құрумен байланысты. Астық өңдеу кәсіпорындарының техникалық қайта жабдықтаудың негізгі бағыты болып келесілер табылады: принципиалды жаңа және тиімді қондырғыларды ойлап табу және оларды өндіріске енгізу, қазіргі заманғы нарықтық талаптарға жауап беру, прогрессивті технологияларды енгізу.[1]

Нарықтық экономика кезінде ұн, жарма және құрама жем өндіру салаларында, осы өнімдерді өндіретін кіші шағын кәсіпорындар саны жедел өсіп дамуда. Бірақ бұл зауыттар Кеңес үкіметі кезінен қалған технологиямен қолданатындықтан, дайын өнім сапасы айтарлықтай жоғары болмайды. Сондықтан соңғы кездері жаңа технологиялар мен жабдықтар енгізілуде, оған мысал, заманауи сегізбілікті станоктар, біріктірілген сепараторлар және т.б. жаңа қондырғылар шығарылып жасалуда.[10]

Қазіргі нарықтық қатынастар талаптарына сай астық өңдеу кәсіпорындары өнімнің сыртқа шығарылуын және еңбек өнімділігінің өсуін, еңбек тәртібінің нығайуын, еңбек жағдайы мен қауіпсіздігі, оны ұйымдастыруын дамыту мен жаңғыртуды және технологиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету керек. Қазақстанның әр аймағында жергілікті талаптар мен ұнға деген сұраныс ұн өндіруге белгілі бір әсерін тигізеді. Осыған байланысты жергілікті шикізатты өндірудің технологиялық сұлбалары өзіне тән ерекшеліктерде болады, бірақ кез келген ұн зауыттары үшін технологиялардың принциптері өзгеріссіз болады.[9]

  1. Бас жобасы

Жаңа жоба немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру жобасын жасау кезінде құрылыс үшін соғу алаңын қарастыру қажет. Территорияның өлшемдері барлық керекті ғимараттар мен құрылыстарды, теміржол және автомобиль жолдарын орналастыруға, сонымен қатар кәсіпорын болашақта үлкеюін қамтамасыз ете алатындай болу керек. Кәсіпорын территориясына басқа ғимараттар қоюға болмайды. Құрылыс алаңын батпақты жерде, көктемгі еру кезінде су астында қалатын және иілу бұрышы үлкен жерлерге орналастыру рұқсат етілмейді. Жауын – шашын және басқа да суларды шығару үшін алаңның иілу бұрышы 0,001-0,003 жеткілікті. Жер асты сулары жер асты қондырғылардың орналасу тереңдігінен төмен болуы керек. Автомобиль және темір жолдарына, инженерлік желілерге энерго- және су желілеріне, кәріздерге жақын орналасуын қарастыру керек. Құрылыс алаңын нан зауыты, макарон фабрикасы, кұрама жем заводтарының және т.с.с. жанында дәнді, дайын өнімді, қалдықтарды және басқа да қосымша өнімдерді жүйелі қолдану мақсатында орналастыру керек. Өндіріс алаңын таңдағаннан кейін негізгі және қосымша ғимараттарды, шеберханалар мен басқа ғимараттарды, яғни бас жобаның негізі болатын құрылыстарды алдын – ала орналастырады.

Бас жоба деп болашақ кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз ететін темір және автомобиль жолдарымен, инженерлік желілермен барлық ғимараттардың өзара байланасын айтады. [12]

Бас жобаны құру кезінде келесі талаптарды орындау керек: жерді орнықты пайдалану; нәтижесінде негізгі және қосымша өндірістерді нығыздайтын етіп өндіріс ғимараттар мен құрылыстарды үлкейту; алаң ішілік темір жолдарын максималды түрде қолдану керек; жүк ағынының алаң ішілік сұлбаларын және жүк автомобильдерінің территория бойымен қозғалу сұлбаларын максималды түрде қысқарту керек; негізгі өндірістік ғимараттарды орналастыру технологиялық процесстердің өтуінің талаптарына және қарама – қарсы келетін жүктік ағындардың болмауын қамтамасыз ету; территорияны нақты өндірістік, қоймалық, темір жолдар және қосымша алаңдарына бөлу. [8]

Негізгі өндірістік ғимараттарды санитарлы – қорғау талаптарына сай тұрғын үйлерге қатысты ық жаққа орналастырады. Тұрғын үй мен өндірістік аймақтың санитарлы айымашылығы 100 м болуы керек. Бірақ қондырғылардың шуының жоғары болуына байланысты ұн және құрама жем зауыттарын тұрғын үйлерін 150 м қашықтықта орнатады. Санитарлы – қорғау аймағы әкімшлік мағызы бар ғимараттар, көгалдандыру және дем алу алаңдары үшін қолданылуы мүмкін. [7]

Ұн және құрама жем зауыттарының жанында химиялық кәсіпорындар және ветеринарлық емханалар орналасуына рұқсат етілмейді. Территорияда ғимараттарды табиғи жарықты қолдану мүмкіншілігі жоғары және цехтердің аэрациясы дұрыс жүретіндей етіп соғады. Ғимараттар мен құрылыстардың арақышықтары санитарлы және өрт қауіпсіздік нормаларға сай болуы керек. Қоймалар, қосымша цехтерді және энергетикалық құрылыстарды негізгі ғимараттарға жақын орналастырады. Элеватордың жұмыс мұнарасынан ұн зауытына дейін – 12 м; ұн зауытынан қосымша құрылыстардың корпусына дейін – 25 м

Темір және автомобиль жолдары территорияда жүктің ағындарының қозғалысына байланысты орналастырады және дән сақтау қоймалары мен дайын өнім бөлімімен байланыстырады. Бұл қоймаларды темір жолдың ұзынына байланысты орналастырады. .[12]

Темір жолдарын өндірістік ғимараттың сыртында жобалаған дұрыс, ол ішкі автомобиль жолдарымен қиылыспай дәнді қабылдау мен жіберу жұмыстарын жеңілдетіп жылдамдатады. Ішкі территорияның жүру жолын сақина түрінде жасап, асфальтпен қаптау керек. Автомобиль жолдарының енін дайын өнім қоймасының жанында 20 м, қалған бөліктерде 6,5 м етіп қабылдайды.

Инженерлік желілер, кәріз, силостық кабельдерді, жылу трассасының линиясын автомобиль және темір жол жүретін жолдардан алшақ және ғимараттар астында болмайтындай етіп өткізеді. Ғимарат пен су құбырларына дейінгі арақашықтық 5 м, кәріз үшін 3 м болуы керек. Трансформаторлы станцияны негізгі өндірістік ғимаратта, қазандықтарды өндірістік цехтерге жақын етіп орналастырған жөн. [8]

Өрт қауіпсіздігі нормаларының талаптарына сай ғимараттар арасында арақашықтықты өрт сөндіру машинасы сиятындай етіп және бұл машиналар темір жолдарын кеспейтіндей етіп өтуі керек, сонымен қатар өрт сөндіру гидранттары 50 – 100 м қашықтықта сақинала түрде немесе көлемі 250 – 500 м3 болатын үш сағаттық сумен қамтамасыз ететін қосымша сыйымдылықтар орнатылу керек.

Жоғары өрт қауіпті құрылыстарды басқа ғимраттарға қарағанда желді беттен орнатқан дұрыс. Резервуарлар мен жақын ғимараттар арақашықтығы 25 м кем болмауы керек. Кәсіпорын территориясын дарбазамен қоршайды. Кем дегенде екі – негізгі және қосымша кіру дарбазалары, ал шығу дарбазасы тікелей басты жолға болуы керек.[7]

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында жобаланып отырған ұн зауыты жергілікті шаруа қожалықтар мен жеке шаруашылықтар өндіретін астықпен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорын халықаралық қатынастағы автомобиль және темір жол көліктерімен ыңғайлы байланыстырылған.

Зауытты электр энергиясымен жергілікті жерде жұмыс істеп тұрған электр желісіне қосып қамтамасыз етеміз.

Кәсіпорынның дайын өнімін 30% наубайханалар, кебек пен қалдықтарды мал шаруашылығымен айналысатын мекемелер пайдаланылады.

Кәсіпорынның бас жоспары негізгі техникалық құжаттардың бірі болып табылады. Дипломдық жобаның графикалық бөлімінде бас жоспар .... масштабында орындалған. Жоспарда келесі ғимараттар орналасқан:

  • Ұн зауыты (дайындау, майдалау, дайын өнім бөлімдері);

  • Автомобиль және теміржол транспортымен байланысқан элеватор;

  • Автомибиль және теміржол транспортына арналған таразылар;

  • Қосымша және көмекші өндірістік ғимараттар.

    1. Бас жоспардың негізгі экономикалық көрсеткіштері

Бас жоспар келесі экономикалық көрсеткіштермен сипатталады. Солардың ішіне аймақтардың алаңын, ғимараттарды салу тығыздығы және бөлек құрылыстың саны кіреді. Территорияның жалпы өлшемдерін ғимараттың орналасу сызбасы бойынша аламыз: ұзындығы 250 м2, ені 135 м2, ал территорияның жалпы ауданы 33750 м2, ұзындығының еніне қатынасы 1,9, бас жоспардағы құрылыс территориясының ауданы 14512,5 м2, асфальт – бетонды төселген жерлердің ауданы 6750 м2, темір жолдарға арналған ауданы 4208,75 м2, көгалдандыру ауданы 6075 м2.

Бас жоспардағы ғимараттар мен құрылыстардың орналасу тиімділігін технико экономикалық көрсеткіштері арқылы анықтайды. [8]

Кәсіпорын территориясындағы пайдалану үнемділігін анықтау үшін құрылыс коэффициентін анықтайды.

(1.1.1)

Мұндағы, ∑Ff – ғимараттың ауданының қосындысы;

Fж – жалпы аудан;

Сонда мәндерді (1.1.1) формулаға қоятын болсақ,

=43%

Астық қабылдау және өңдеу өндірістеріндегі құрылыс коэффициенті 42 – 44% болуы керек. Территорияның ұзындығының оның еніне қатынасы 3 - тен артық болмайды.

Көгалдандыру коэффициенті

(1.1.2)

Мұндағы, ∑Fк – территориядағы барлық көгалдандырылған аудандарының қосындысы;

Fж – жалпы территория.

Сонда мәндерді (1.1.2) формулаға қойсақ

Кәсіпорын территориясын көгалдандыру коэффициенті 15 – 20% болуы керек. Бас жоспардағы объектілер стандартқа сәйкес шартты белгілермен графикалық түрде көрсетіледі. Бас жоба сызылған форматта келесі белгілер міндетті түрде көрсетілуі керек: ғимараттар мен құрылыстардың экспликацияс; қабылданған шартты белгілер; желдің бағыты; технико экономикалық көрсеткіштер.[12]

1.1.1 – кесте. Бас жоспардың негізгі экономикалық көрсеткіштері

Атауы

Өлшем бірлігі

Өлшемі

1

Аумақтың ауданы

м2

33750

2

Территорияның өлшемдері:

Ұзындығы

Ені

м

250

м

135

3

Ұзындығының еніне қатынасы

1,9

4

Құрылыс территориясының ауданы

м2

14512,5

5

Асфальтті бетондық жабын ауданы

м2

6750

6

Теміржол ауданы

м2

4208,75

7

Көгалдандыру ауданы

м2

6075

8

Территорияны қолдану коэффициенті

%

80

9

Көгалдандыру коэффициенті

%

18