Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

2.3.2.1 Ауа құбырларының әрбір аумағындағы жоғалту қысымын есептеу

Әр бөліктегі жоғалту қысымын төмендегі формула арқылы анықтаймыз:

Нпт = (2.3.2.11)

Мұндағы R – ауа құбырының 1 м ұзындығында жоғалған қысым, Па/м;

L – бөліктің есептік ұзындығы, м;

∑ - бөліктегі жергілікті коэффициенттердің қысымдарының қосындысы;

ρ - ауа тығыздығы, кг/м3;

V – бөліктегі ауа жылдамдығы, м/с.

Әр бөлік үшін кедергілерін есептейік

I бөлігі

1 бөлігі

2 бөлігі

III бөлігі

3 бөлігі

V бөлігі

VI бөлігі

Басты магистральдың ұзындық бойымен кедергінің жалпы қосындысы Нпт = 578,61 Па.

2.3.2.2 Желдеткішті таңдау және оның электрқозғалтқышының қуатының есебі

Желінің жалпы кедергісі алдындағы есебі көрсеткендей 578,61 Па құрайды. Қосымша коэффиециенттін 1,1 есепке ала отырып және цехта вентелятормен пайда болатын мүмкін болатын вакуумды есепке алсақ, қажет қысымды келесі формуламен аламыз.

(2.3.2.12)

Мұндағы, 1,1 – қосымша кедергіні көрсететін коэффициент;

- бас магистральдің жалпы кедергісі, Па

Мәндерді формулаға қоятын болсақ, аламыз:

рв = 1,1 * 578,61+50 = 686,5Па

Желдеткішті қосымша 10 [18] көрсетілген сипаттамалар бойынша: ауа шығыны 2679 м3/сағ және кедергісі 686,5 Па болатын жоғары ПӘКмен таңдаймыз.

Qв = 2679 м3/сағ және рв = 686,5 Па үшін сипаттамаларды қарастырған кезде ВЦ5 – 35- 3,55В1 - 01 вентиляторды келеді. Оның айналу жылдамдығы n = 2840 айн/мин мен ПӘК-і = 0,75 болды.

Желдеткіштің электроқозғалтқышының қуатын төмендегі формула арқылы анықтайды.

(2.3.2.13)

Мұндағыжелдеткішпен желдетілетін ауа шығыны, м/сағ;

желдеткішпен желдетілетін қысым, Па.

Мәндерді формулаға қоямыз

Электроқозғалтқыштың керекті қуатын келесі формула арқылы табамыз:

Мұндағы желдеткіш подшипнигінің ПӘК - і,;

- беріліс ПӘК-і,;

қосымша коэффициенті; қуат үшін1,15 қабылдаймыз.

Мәндерді формулаға қоямыз, аламыз:

Қосымша 11 – дан [18] ВЦ5 – 35-3,55В1-01 вентиляторы үшін қуаты 1,1 кВт және айналу жиілігі 2840 айн/мин болатын АИМ71В2 электроқозғалтқышын таңдаймыз.

2.4 Кәсіпорынның энергиямен жабдықталуы

Электр энергиясымен қамтамасыз етудің схемаларын сатылы принцип бойынша құрады:электрэнергия көзі-басты төмендеткіш станция-орталық таратқыш подстанция-цехтік төмендеткіш подстанциялары-таратқыш пункттері.Ұн тарту зауыттары электрэнергияны аудандық төмендеткіш станцияларынан алады.

Өндірістік ғимараттарға электр энергиясын жоғары кернеумен жүргізеді (600 B). Электрқозғалтқыштардың рұқсат етілетін кернеуі 380B, ал жарықтың 220B болу керек. 380/220B-қа дейін кернеуді төмендету үшін кәсіпорынның бас жоспарында төмендеткіш трансформаторлық станцияларды орнатуды қарастырады. Әрбір қабатқа таратқыш, қосқыш және электрөлшегіш құрылғыларын қондыру үшін таратқыш пункттері (ТП) орнатады.Таратқыш пункттерін баспалдақ торларының жанынан жасайды.ТП-ын бір вертикаль кеңістікке (жеделдету құрылғылары үшін) және ТП-на жататын электрқозғалтқыштар орналасқан қабатта қою тиімді болып есептелінеді. Егер ТП барлық электрқозғалтқыштарына бір және бірінші қабатта орналасса, онда электр жабдықтарына қызмет көрсету ыңғайлы болады.[12]