Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

2.1.4.5 Бичті машиналарды және виброцентрафугал машиналарының есебі

Одан басқа майдалау бөлімінде бичті машиналар мен виброцентрафугал машиналары қолданылады. Олардың санын да жоғарыда көрсетілген (2.1.4.4.1) формуламен анықтауға болады:

БМ - 1

n = 200 * 22 / 24 * 1,2 * 100 = 1,53 = 2 дана

БМ - 2

n = 200 * 15/ 24 * 1,2 * 100 = 1,04 = 1 дана

БМ - 3

n = 200 * 7 / 24 * 1,2 * 100 = 0,5 = 1 дана

БЦА - 1

n = 200 * 7 / 24 * 1 * 100 = 0,59 = 1дана

Жоғарыда көрсетілгендей, А1 – БВГ маркалы бичті машиналар 4 дана, ал БЦА маркалы виброцентрафугал 1 дана қолданылады.[12]

2.1.5 Технологиялық жабдықтардың сипаттамасы және техникалық спецификациясы

Ұн зауытының майдалау бөліміне есеп бойынша келесі маркалы машиналар таңдалды: дәнді майдалағыш станок – А1 - БЗН; майдаланған қоспаны ірілігі бойынша сұрыптайтын шкафті типті рассевтер – Р3 – БРБ; жармашықтарды сұрыптап байытатын ситовейкалық машиналар – А1 – БСО; қосымша үгіту машиналары: энтолейторлар – Р3 – БЭР және деташерлар – А1 – БДГ. Жоғарыда көрсетілген машиналар технологиялық процесс бойымен орнатылады. Білікті станоктар мен рассевтер майдалау бөлімінде негізгі машиналар болып табылады. Бұл екі машина бір жүйені құрайды, яғни жоғарыда көрсеткендей жармалау жүйесі. Майдалау бөлімінде барлық технологиялық процесстерден өтетін дайын өнім түрінде дайын өнім бөліміне жіберіледі.[15]

Майдалау бөлімінде қолданатын қондырғыларды, олардың орналасу ретін қарастырамыз.

А1 – БЗН маркалы білікті станок – майдалау бөлімінің негізгі қондырғылардың бірі. Дайындау бөлімінен келіп түскен дәнді майдалау үшін қолданылатын қондырғы. Майдалау бөлімінде өтетін барлық дерлік технологиялық процесстерде қатысады, яғни жармалау, қырғылау және үгіту. Осы процесстердің түріне байланысты білікті станоктардың біліктерінің беттері тісті немесе кедір – бұдырлы болуы да байланысты болады. Мысалы, жармалау процесстерде тісті біліктер қолданса, қырғылау мен үгіту процесстерінде кедір – бұдырлы білікті беттер машиналар қолданылады. Бұл дипломдық жұмыста 16 білікті станоктар қолданылады. Бұл станоктардың негізгі жұмыс органдары болып қарама – қарсы бағытта айналатын екі біліктер табылады. Дән сығу, жылжыту және тістердің кесу нәтижесінде майдаланады.[14]

Р3 – БРБ және Р3 – БРВ рассевтері майдалау бөлімінің білікті станоктарымен қатар негізгі қондырғы болып табылады. Бұл рассевтер қазіргі кезде кең қолданылатын рассевтерінің бірі. Р3 – БРБ маркалы машиналары жармалау процессінен кейін шығатын қоспаны сұрыптау үшін қолданылатын рассевтер болып табылса, Р3 – БРВ маркалы рассевтер ұнды бақылау процесстерінде қойылады. Бұл екі рассевтердің бір – бірінен болатын айырмашлығы – БРБ маркалы рассевтерде елеу секцияларының саны – 6, ал БРВ рассевтерінде – 4. Бұл машиналардың негізгі жұмыс органы електер болып табылады. Рассевтер қоспаны ірілігі бойынша елейді.

А1 – БСО ситовейкалық машиналары жармалау процесстерінен шығатын қоспаны рассевтерде сұрыптап болған соң алынған жармалар мен жармашықтарды сұрыптап байытады. А1 – БСО машиналарының негізгі жұмыс органы рассевтердегідей електер, бірақ бұлар машинада 3 яруста орналасады. Ситовейкалық машиналар өнімді сапасы бойынша елейді. Сонымен қатар, ауаның әсерінен қопсытылады. Әдетте, бұл машиналарды жармалау процессінен кейін орнатады.[25]

Р3 – БЭР энтолейторлары. Бұл машиналар ұн зауытының дайындау және майдалау бөлімдерінде қолданылатын қондырғылар. Дайындау бөлімінде орнатылатын энтолейторлар залалсыздандыру мақсатында орнатылса, майдалау бөлімінде олар қосымша майдалау үшін қолданылады. Майдалау бөлімінде ұнтақтау жүйелерінде білікті станоктардан шыққан өнімді майдалау үшін қойылады. Бұлардың негізгі жұмыс органдары болып екі горизантал орналасақан диск және олардың ортасынан өтетін втулка табылады. Сонда өнім втулкалардың айналу нәтижесінде қосымша соққыға ұшырап үгітіледі.

А1 – БДГ деташерлары. Бұл машиналар энтолейторлар сияқты өнімді қосымша майдалау үшін қолданылады. Әдетте, ұнтақтау жүйелерінде білікті станоктардан кейін орнатылады. Деташерлардыі негізгі жұмыс органдары айналыста болатын ротор мен дисктер болып табылады. Сонда келіп түскен өнім үйкелу және қосымша соққылау нәтижесінде майдаланады. Деташерлар 1 және 2 қырғылау немесе 4 – 10 ұнтақтау жүйелерінде жиі қолданады.[14]

А1 – БВГ бичті машиналары. Алдын ала сұрыптау машиналары. Рассевтердің алдында оларға жүктемені азайтатын және эндосперм мен қабықтарды сортты ұн тарту кезінде сұрыптайтын машиналар. Білікті станоктардан кейін қойылады. Негізгі жұмыс органдары – айналыста болатын ротор мен роторды қаптайтын електі цилиндр және бичтер. Келіп түскен дән центрден тепкіш күш әсерінен және цилиндрдің бетіне, сонымен қоса өнімнің өзара үйкелу әсерінен қабықшалардан бөлініп, қалып қойған эндоспермді бөліп алады.

Виброцентрафугал Р3 – БЦА машиналары. Қиын сусымалы өнімдерден ұн бөлшектерін бөліп алатын қондырғы. Сонымен қатар өнімнің күлділігін төмендететін машиналар болып табылады. Жұмыс істеу принципі центрге тартқыш күшіне және қосымша дірілге негізделген.[15]

Таңдап алынған машиналардың маркалары және саны төмендегі кестеде келтірілген.

2.1.5.1 – кесте. Ұн зауытының майдалау бөлімінде қолданылатын машиналардың маркалары мен саны

Машина түрі

Машина маркасы

Саны

1

Білікті станоктар

А1 – БЗН

16

2

Рассевтер

Р3 – БРБ

5

3

Рассевтер

Р3 – БРВ

1

4

Ситовейкалық машиналар

А1 – БСО

5

2.1.5.1 – кестенің жалғасы

5

Энтолейторлар

Р3 – БЭР

3

6

Деташерлар

А1 – БДГ

12

7

Бичті машиналар

А1 – БВГ

4

8

Виброцентрафугал

Р3 – БЦА

1