Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

5 Кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау

5.1 Кәсіпорындарда қолданылатын нормативтік құқықтық актілер мен оларға қойылатын талаптар

Қоршаған ортаны және экологияны қорғау адамзаттың маңызды міндеттерінің бірі. Ғылыми техникалық прогресс экологиялық жүйеге көрінбей қалмайтын өзгерістер алып келуде. Көбіне олар ауа бассейнін ластаумен, су және жер ресурстарын және т.б. бұзумен болады.

Болашақ және қазіргі ұрпақ және экологиялық қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамаларын және Қоршаған ортаны қорғау кодексін енгізді. Бұл заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. [20]

Тақырыбы: «Бидайдың екі сортты наубайханалық ұн тартуы бойынша ұн шығымы 75 % (40 % + 35 %) болатын ұн зауытының майдалау бөлімінің жобасы» болатын дипломдық жұмыста жобаланып жатқан ұн зауытының майдалау бөлімінде қолданылатын циклондарды, көтеріп – тасымалдау қондырғыларын қолданғанда және ұн зауытын құрып жатқан кезде 1997 жылы 15 шілдедегі № 160 – I қабылданған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау заңының 1 – тарауының 4 – бабында көрсетілгендей келесі объектілер қорғалуы тиіс, яғни жойып жiберуден, бүлiнуден, зақымданудан, азып-тозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланбаудан және өзге де зиянды ықпал етуден: жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсiмдiктер, жануарлар дүниесi; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озонды қабаты қорғалуға тиiс. Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерi, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиiс.

2003 жылы 12 айдың 3 – жұлдызында бекітілген Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысымен Астана қаласында «2004 – 2015 жылдарына Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің концепциясы туралы» құжатқа қол қойылды. Ол құжатта «адам өмірі және денсаулығы үшін мемлекет өз алдында қоршаған ортаны қорғау мәселесін мақсат етіп отыр» және «адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін фактілер мен жағдайларды жасырған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапқа тартылады» деген мәселелер ерекше бөлініп көрсетілген.[3]

Ұн зауыттарын жобалау кезінде қолданылатын қондырғылардың акустикалық мәліметтерін ескеріп, акустикалық белсендетіру, яғни аз шулы технологиялық үрдістерді және технологиялық қондырғыларды ендіру; автоматикалық және қашықтықтан басқару құралдарын қолдану; белсенді шу шығаратын қондырғылармен жұмыс істеуді жою шараларын жоспарлау керек.

Жаңа немесе қайта жобаланып жатқан кәсіпорындарды қолданысқа енгізген кезде 1997 жылы 15 шілдедегі № 160 – I қабылданған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасының 10 – тарауының 48 – 50 баптар аралығында көрсетілген талаптарға негізделу керек: елдi мекендердi, кәсiпорындарды, үйлер мен құрылыстарды өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау, канализация, гидротехникалық құрылыстар жүйелерiн, көлiк және байланыс құралдарын, технологиялық процестердi, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi ескерiлуге, зиянды қалдықтарды залалсыздандыру мен кәдеге жарату, қалдығы аз және қалдықсыз технологиялар мен өндiрiстер, қоршаған орта ластануының алдын алу жөнiндегi тиiмдi шаралар, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану көзделуге тиiс; мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаған жобалар бекiтiлмеуге тиiс, ал бұл жобаларды iске асыруды қаржыландыруға жол берiлмейдi; кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де объектiлер орналастырылатын орындар қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдаланудың шарттары мен ережелерiн сақтап, аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық зардаптары ескерiле отырып белгiленедi; кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыру кезiнде күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де өңiрлер белгiленедi; кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу мен қайта құру мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда және қоршаған ортаның сапалық нормативтерiне сәйкес жүзеге асырылады; бекiтiлген жобаны немесе жұмыс құнын қоршаған ортаны қорғауға зиян келтiретiндей етiп өзгертуге жол берiлмейдi; құрылыс жұмыстарын атқару кезiнде жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану, аумақты көркейту және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар қолдануға тиiс; өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектілерін пайдалану белгіленген экологиялық талаптар ескеріліп және экологиялық тұрғыдан негізделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажетті тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиіс; аталған объектілерді пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгізілуге тиіс.[3]

Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау аймағында халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып табылады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысымен 30 сәуір 1997 жылы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясы» бекітілді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау аясында 2007 жылы 9 қаңтар күні № 212 бекітілген алғаш Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі қабылданды.

Қазақстан Республикасының Экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.

Ұн зауыттары өндірістік маңызы бар кәсіпорындар болып саналатындықтан, қоршаған ортаға қандай да бір өзгерістер алып келеді. Оған қоса, бидайды өңдеу кезде қалдықтар бөлініп жатады. Қалдықтарды 2007 жылы 9 қаңтар күні № 212 бекітілген Қазақстан Республикасының Экологиялық заңнамасына сай заласыздандыру немесе қауіпсіз жою керек. Ол туралы Кодекстің 42-тарауының 291 - бабында көрсетілген. Талаптардың кейбіреулерін атап кететін болсақ, олар келесідей болады:

  • қалдықтардың санын азайту мақсатында оларды орналастыру нормативтерінің жобаларын әзірлеуге;

  • ең жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде қалдықты аз шығаратын технологиялар мен қалдықтардың құралуын төмендету жөніндегі ұйымдастыру шараларын енгізуге;

  • қалдықтар мен оларды орналастыратын объектілерге түгендеу жүргізуге;

  • қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты авариялардың алдын алу жөніндегі талаптарды сақтауға және оларды жою жөнінде шұғыл шаралар қолдануға;

  • қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қоршаған ортаға, жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне не заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін немесе залал келтіруі мүмкін авариялар туындаған немесе олардың қатері төнген жағдайда, бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті.

Ұн зауыттарында қалдықтардан басқа атмосфераға шаң, уытты газ сияқты жағымсыз әсерлі қалдықтарды шығарыды. Сол себепті, ұн зауыттарын жобалау кезінде ең алдымен оны тұрғын үй кешенінен алшақ, кемінде 100 м болатындай етіп соғады. Ұн зауыттарын жобалау кезінде Қоршаған ортаны қорғау заңнамалары мен Экологиялық Кодексіне негізделіп, нормаларды барынша сақтауға тырысады.

Жоғарыда көрсетілген бөлімде біз Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалары мен Экологиялық Кодексінде көрсетілген талаптарды талдап, ұн зауытының қоршаған ортаға тигізетін әсерін көріп, пайда болған жағымсыз әсерлермен күресу жолдарын табуға тырыстық.[4]