Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

4.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалаудағы өрт қауіпсіздігі және алдын алу шаралары

Өрт және жарылыс қауіпті шараларды іске асыруда өндірістердің өрт қауіптілігін бағалау маңызы үлкен болады. Өндірістік бөлмелерде өрт шығу жағдайлары онда қандай заттар қолданылатынына, өңделетініне немесе сақталатынына байланысты болады. Ғимараттар мен құрылыстарды үнемді жобалау үшін ең алдымен өндірістің өрт қауіптілік категориясын анықтап алу қажет.[19]

Құрылыстық нормалар мен ережелерге сәйкес өндірістік ғимараттар мен қоймалар жарылыс, жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша алты категорияға бөлінеді: А, Б, В, Г, Д, Е.

А категориясына ауада 10% және одан аз төменгі шек шоғырлануындағы жанғыш газдары және оталу температурасы 280C дейінгі сұйықтығы, сондай ақ сумен, оттегімен немесе бір бірімен өзара әрекетінде жарылысқа және жануға бейім заттары бар өндірістер жатады.

Б категориясына (жарылыс өрт қауіпті өндірістер) ауада 10% үлкен оталудың төменгі шоғырлану шегіндегі жанғыш газдары, тұтану температурасы 28 – ден 610 С - ге дейінгі сұйықтары және одан жоғары жанғыш тозаңдары немесе 65 г/м3 төменгі және одан аз жану шегіндегі талшықтары бар өндірістер жатады.

В категориясына (өрт қауіпті өндірістер) – оталу температурасы 610С астам сұйықтығы, 65 г/м3 астам төменгі оталу шегіндегі жанғыш тозаңдары немесе талшықтары, сумен, ауамен немесе бір – бірімен өзара әрекетесуде жануға қабілетті қатты жанғыш заттары мен материалдары бар өндірістер жатады.

Г категориясы – бұл өңдеу процессі қызған немесе балқытылған ыстық күйіндегі сәулелі жылу, ұшқын немесе жалын бөлінуімен жүретін жанбайтын заттары мен материалдары бар өндірістер; қатты заттары, сұйықтары және газдары отын сапасында жағылатын немесе пайдаланылатын өндірістер.

Д категориясына салқын күйдегі жанбайтын заттары мен материалдары бар технологиялық процесстер және өрт қауіпті емес өндірістер жатады.

Е категориясына (жарылыс қауіпті өндірістер) сұйық фазасы жоқ жанғыш газдары, ал жарылыс қауіпті тозаңы ауаның 5% көлемінен астамда жарылыс қауіпті қоспалар құрайтын және сумен, оттегімен немесе бір бірімен өзара әрекетінде, сондай ақ көлем санында жарылыс қауіпті тозаңы бар және технологиялық процесстер жағдайлары бойынша, тек жарылыс тудыратын өндірістер жатады.

Өрт қауіпсіздігі тұрғысынан өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары келесілерді қамтиды: кәсіпорын шекарасынан көрші кәсіпорынға, тұрғылықты орынға, темір жол және су жолдары жолақтарына дейінгі қауіпсіздік қашықтықты қамтамасыз етуі; тағайыны және басқа белгілері бойынша ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды дұрыс зоналау; ғимараттар мен құрылыстар арасындағы талап етілетін өрт қауіпсіздік ара қашықтықты қанағаттандыруы қажет.

Өртке қарсы ара қашықтықты дұрыс анықтау үшін өндірістік жағдайларды және өрт қауіпсіздігі талаптарын бірдей ескеру керек. Көп жағдайларда қауіпсіздікті сенімді құралдармен немесе өртті басталу сәтінде өшірумен қамтамасыз ете отырып, өртке қарсы ара қашықтықтың ең аз жетімдісін алу қажет. Кәсіпорындарды жобалауда ғимараттарға өрт машиналарының еркін келуіне жол қалдыру керек.[5]

Ұн зауыттары жарылыс, өрт және өрт қауіпсіздігі бойынша Б және В категориясына жатады. Ғимараттардың негізгі құрылыстық конструкциялары өртке төзімділік белгілері бойынша екінші дәрежеден кем болмауы керек. Ұн және жарма зауыттарының өндірістік ғимараттары капиталдық деңгейі бойынша 1 классқа жатады.

Ұн зауыттарын жобалау кезінде ғимарат ұзындығына байланысты қанша машина саны келуін қарастыру қажет. Егер ұн зауытының ұзындығы 18 м кем болса, онда машина бір жақтан, ал егер 18 м-ден үлкен болса, онда машина екі жерден келетіндей ету қажет.[19]