Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

2.4.2.2 Өнім алуға жұмсалатын электрэнергиясының шығынын есептеу

Технологиялық процесс үшін кететін жалпы қажетті қуатты мына формула бойынша табамыз:

Рқаж.=Q*Pменш, кВт (2.4.2.2.1)

Рқаж.= 200*3,2 = 640 кВт

Мұндағы, Рқаж.-жалпы қажетті қуат, кВт

Q-кәсіпорын өнімділігі, т/тәул;

Рменш=тәулігіне 1т астықты өңдеу үшін кететін қуат, кВт. Көп сұрыпты ұн тарту үшін Рменш =2,75...3,2

Электроқозғалтқыштардың бекітілген қуаттылықты есептеген кезде дәннің физикалық қасиеттерінің өзгеруін ескеру қажет, сол себепті қажетті қуаттылықты 10% жоғарлату керек:

Жалпы қажетті қуаттылықты технологиялық процессетерге ұн зауыттының әр бөліміне келесідей бөледі: дайындау бөлімі – 18%, майдалау бөлімі – 77%, дайын өнім бөлімі – 5%.

Бұл дипломдық жұмыста біз майдалау бөлімін есептегендіктен, майдалау бөлімінің қажетті қуаттылығы келесідей болады:

Қажетті қуаттылық белгіленген қуаттылықтан сұраныс коэффициентімен ерекшелінеді. Ұн тарту зауыттары үшін ол мән 0,75 – 0,85.

Есепті тексеретін болсақ, онда

(2.4.2.2.2)

Мұндағы Рбек майдалау бөлімінің белгіленген қуаттылығы, Руст = 428,7 кВт

майдалау бөлімінің қажет қуаттылығы, Рпотр = 542 кВт

Мәндерді формулаға қоятын болсақ, онда

Сұраныс коэффициентінің (К = 0,79) мәні ұн зауыттарына қойлатын шектеулерге келеді.

1 т ұнды өндіру үшін энергия шығыны W:

W=100*24 Рқаж./(Нŋэ ŋж ŋт), кВт*сағ (2.4.2.2.3)

W=100*24*542/75*0,9*0,95*0,95= 21353 кВт*сағ

Мұндағы, Рқаж.-жалпы қажетті қуат, кВт;

Н-ұн шығымы,%

ŋэ-электрқозғалтқыштардың пайдалы әсер коэффициенті: ұн зауыттары үшін ŋэ=0,9

ŋж –желінің пайдалы әсер коэффициенті,ŋс=0,95...0,96;

ŋт- трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті, ŋт=0,95...0,96

Жылдық активті энергияның шығыны келесідей анықталады.

Wж=WменшМ, кВт*ж (2.4.2.2.4)

Wж= 21353 * 45000 = 9608,85 МВт

мұндағы Wж-1 т өнімді өндіру үшін энергия шығыны, кВт*cағ/т;

М- бір жылдық өнімнің массасы,т

Сонда ұн зауыты жылына 11331 МВт электр энериясын шығындайды.[12]

2.5 Ғимараттың құрылыс бөліктерінің сипаттамасы

2.5.1 Жабдықтардың өзара орналасуы және үйлестірілуі

Технологиялық қондырғыларды алдын ала орналастырғаннан кейін машиналарды операция бойынша жобалауды бастайды. Оны алдымен жоспарда технологиялық схемамен сәйкес жасайды, оған қоса жабдықтарды орналастыруды білікті станоктар қабатынан бастайды. Білікті станоктар мен рассевтерді технологиялық процесстің схемасы бойынша орналастырады, бұл аралық өнімдердің технологиялық процесстен ауып кетпеуін қамтамасыз етеді. Аралық өнім транспорттық механизмі аз және ең қысқа жолмен өтуі керек. Ең алдымен білікті станоктар орнатылады, одан кейін рассевтер осы білікті станокқа байланыстырылып орналастырылады. Білікті станоктрады екі, үш және төрт қатармен ғимараттың ұзындығы бойынша, ал рассевтерді, әдетте, екі қатармен, кейбір кезде үш және төрт қатармен орналастырады.

Білікті станоктрады екі қатармен орналастырғанда біріншісі жармалау жүйелеріне арналса, екіншісі қырғылау және ұнтақтау жүйелеріне арналып қойылады. Білікті станоктарды үш қатарлы етіп орнатса біріншісі жармалау жүйеслеріне, екіншісі жармалау және қырғылау, ал үшіншісі қырғылау және ұнтақтау жүйелеріне арнап қояды. Білікті станоктрады төрт қатарлы етіп қойса, онда алғашқы екі қатар жармалау жүйелеріне, кейінгі екеуі қырғылау және ұнтақтау жүйелеріне арналып қойылады.[8]

Білікті станоктарды жүйелер бойынша орналастырмас бұрын бірінші жармалау жүйесіне арналған орынды анықтап алу керек. Әдетте, оны дайындау бөліміне қарайтын қабырғаның қыр жағынан бастап, одан кейін қалған жармалау жүйелерді орналастырады.

Ұнтақтау жүйелерін қатарлы жүйеде жармалау жүйелеріне параллельді етіп орналастырады. Ең алдымен қырғылау жүйесін бірінші жармалау жүйесіне қарама қарсы орнатып, ұнтақтау жүйелерімен аяқтайды. Бірінші қырғылау және бірінші ұнтақтау жүйелерін бірінші жармалау жүйесіне қарама қарсы етіп орнатады. Жармашықтар мен дунстарды жрамалау және қырғылау жүйелерінен минималды қысқа жолмен ұнтақтау жүйелеріне тасымалдау тек қана олардың жармалау жүйелеріне қарама қарсы орналасқан жағдайда ғана бола алады.

Жармалау жүйесінің үгіту және ұнтақтау жүйесінің үгіту жүйелерін бір жерде орналастырады. Егер ұнтақтау жүйелерінің саны көп болса, онда соңғы ұнтақтау жүйелері жармалау жүйелері жақта, соңғы жармалау жүйелерінің жанында орналастырады. Егер жармалау жүйелері ұнтақтау жүйелерінен көп болса, онда жармалау жүйелерінің соңғы екі білігін ұнтақтау жүйелерінің соңғы жүйелерінің жанында орналастырылады. Бұл шарт соңғы өнім кебекті бір жерден жинауға мүмкіндік береді.

Коммуникацияны параллельді етіп орналастыру, яғни жармалау жүйелерін ұнтақтау жүйелеріне қарсы, соңғы үгіту жүйелерін (жармалаудан және ұнтақтаудан) бір жерде орналастыру, технологиялық схеманы артық тарнспорттық механизмсіз құруға мүмкіндік береді.

Сырғыма жүйесін жоғарғы сырғымалары осы сырғыма жүйелеріне түсетіндей етіп ұнтақтау жүйелерінің жанында орнату керек. Мысалы, бірінші сырғыма жүйесін үшінші немесе төртінші ұнтақтау жүйелерінің қасында, ал екінші сырғыманы жетінші және сегізінші ұнтақтау жүйелерінің жанында орналастырған жөн.

Рассевтерді орналастыру білікті станоктармен тығыз байланыста болады. Әрбір елеу жүйесі өзінің майдалау жүйесінің үсітінде орналасуы керек. Бұл кезде өнімді неғұрлым өзіндік ағу жүйесімен немесе транспорттық механизмдердің минималды санымен түсуін қамтамасыз ету керек. Білікті станоктармен байланыспаған рассевтер жүйелерін (жармашықты сорттау, ситовекалық машиналардан шыққан сырғымаларды, дунстарды қайта сорттау) бұлардан шыққан өнімдер өзіндік ағу құбырлармен тасымалданатын жерге орналасырған жөн.

Ұнды бақылау жүйелерін ұнды қаптау немесе ұнды қапсыз сақтау цехтеріне жақын орналастырады. Себебі, ұнды қысқа жолмен цехқа тасымалдау тиімді. Ұнды және манка жармасын қаптау бөліміне нориялар арқылы тасымалдайды.[12]

Қолданыстағы кәсіпорындарды қайта жобалауда, әдетте, бірінші қабаттан бастайды. Ол қосымша білікті станоктарды қоюға, оларға түсетін жүктемені азайтуға, ұн зауытының өнімділігін жоғарылатуға, ұнның жоғарғы сорттарының сапасы мен шығымын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Білікті станоктардың саны көбейгеннен кейін оларды жүйелерге бөлу және оларды екі қабатқа сыйдырып орналастыру керек. Білікті станоктрады екі қабатта орналастыру бір қабатқа орналастыру сияқты болады.Тек алдымен қай қабатта жармалау жүйелері, қай қабатта ұнтақтау жүйелерін орналастыру екенін шешу керек. Бірінші қабатта қырғылау жүйесін, ал екінші қабатта жармалау және сұрыптау жүйелерін орналастырған жөн.[8]

Ситовейкалық машиналарды рассевтерден төменгі қабатта орналастырады. Бұл кейбір жармашықтар санын өзіндік ағу құбырлармен, ал қалған бөлікті қосымша өнімтасымалдағыш құбырларымен тасымалдайды. Егер оны орындауға мүмкіндік болмаса, онда бір өнімтасымалдағыш құбырды қолдануға болады, бірақ бір жүйеге екі өнімтасымалдағыш құбырларды орналастыруға болмайды. Технологиялық қондырғылардан басқа майдалау бөлімінде қосымша қондырғыларды орналастырады. Оларды технологиялық процесстің жүру барысында қояды. Аспирациялық қондырғыларды екінші сорт шығаратын жүйелерге жақын орналастырады. Шаңсорғыштарды үгіту бөліміне жақын, таразыларды үгіту бөліміне немесе дайын өнім алатын бөлімне жақын орналастырады.

Ұн зауытының майдалау бөлімінде қондырғыларды келесідей орналастырады: бірінші қабатта энтолейторлар мен деташерлар, , екінші қабатта білікті станоктар, үшінші қабатта магнитті колонкалар (бөлгіш қабаты), төртінші қабатта ситовейкалық машиналар, бесінші қабатта рассевтер, алтыншы қабатта түсіргіштер.

Негізгі қабат болып білікті станоктар және рассевтер қабаты есептелуі мүмкін. Сондықтан қондырғыларды үйлестіруді білікті және рассевтік қабаттардан бастайды. Сол себепті білікті станоктарды орнату кезіндегі басты қойылатын шарт оларды неғұрлым дұрыс үйлестіру, өйткені соған байланысты қабаттың ауданы да анықталады.

Білікті станоктарды, әдетте, бірінші немесе екінші қабатта орналастырады. Білікті станоктарды орнатқан кезде балкалардың орналасуына мән бөлу керек. Балкалардың осьтері мен білікті станоктардың осьтері бір біріне сәйкес келмеу керек. Білікті станоктар бір, екі, үш және төрт қатарлы болып топтастырылады. Бір топта бір, екі, төрт білікті станок болуы мүмкін, білікті станоктар топ арасындағы қашықтық 1метрден кем және ұзына бойына және көлденең қабырғаларының ені бойынша қашықтық 1,25 м-ден кем болмауы керек.[12]

Рассевтер топтастырылмай, қабатта бір, екі, үш, төрт қатарлы болып орнастырылады. Жылжымалы електі рамалардың бар болғандығына байланысты рассевтерді рамалар шкафтан өту жолы қарай шығарылатындай етіп орнатқан жөн. Рассевтер арасындағы қашықтықты 1,25 м-ден кем болмайтындай етіп қабылдайды. Рассевтік қабат, әдетте, циклон – түсіргіштердің қабаттарынан кейін тұрады.

Білікті станок пен рассевтерді орнату кезінде мына жағдайларды салыстыру керек: майдалау бөлімінің енінің ұзындығына қатынасын, қабатт ауданының қондырғылармен толу коэффициентін, бекітілген қашықтықтар нормасын қамтамасыз етуін, қондырғыларға қызмет көрсету ыңғайлылығын. Әр нұсқаны талдау нәтижесінде жақсысын таңдап, майдалау бөлімінің ұзындығын және енін таңдайды. Қондырғыларды шаршы ғимаратқа үйлестіру ең тиімді нұсқа болып табылады.[8]

Ситовейкалық машиналарға қызмет көрсету үшін жан жақтан өту жолы болу керек. Ситовейкалық машиналарды үйлестіру өнімнің коммуникациясына байланысты болады. Барлық жағдайда жармалар мен жармашықтың рассевтерден ситовейкалық машиналарға біркелкі түсуін, сонымен қатар осы машиналардан ары қарай қырғылау жүйелерінің және ұнтақтау жүйелерінің білікті станоктарына гравитациялық транспортты қолдана отырып тасымалдануын қамтамасыз ету керек.

Ситовейкалық машиналарды қабылдағыш қондырғылары терезеге қарайтындай екі қатарлы: бірінші қатар жармалау жүйесінің рассевтері астында, ал екінші қатар ұнтақтау жүйесінің рассевтері астында етіп ортанқан жөн. Ситовейкалық машиналардың саны бір немесе екіден аспайтын болса, оларды рассевтермен бірге орнатуға болады.

Үгіту машиналарын, әдетте, ситовейкалық машиналардың қабатында немесе магнитті сепаратор қабатында орнатады. Бұл оларға өнімді өзіндік ағу құбырлармен түсуін қамтамасыз етеді. Үгіту машиналарының өтімі мен сырғымасы жүйелерге сұрыпталу үшін түсуі мүмкін, бұл кезде оларға арнайы транспорттық механизм болады. Үгіту машиналарын бір бірінен 0,8 метрден кем емес қашықтықта орнатылуы тиіс.

Таразылар ситовейкалық машиналардың қабатында бақылау рассевінің астында орнатылады. Өнім таразыларға өзіндік ағу құбырымен келіп түседі. Сонымен қатар таразыларды магнитті сепараторлардың жанында орнатуға да болады. Автоматты таразылар норияларға жақын орнатылуы тиіс, себебі дайын өнім таразылардан кейін дайын өнім бөліміне жіберіледі. Автоматты таразылардың жұмыс істеуі үшін олардың астына және төменгі жағына бункерлер орнатады. [12]

Ережерлерге сәйкес майдалау бөлімінде магнитті сепараторлар орнатылуы тиіс. Магнитті сепараторлар білікті станоктардың үстіндегі қабатта, білікті станок пен магнитті сепаратордың осьтері сәйкес келетіндей етіп тұрғызылады.

Пневмотранспорттық қондырғылар алтыншы неменс бесінші қабатта екі, үш, төрт қатарлы болып, рассевтердің қабылдағыштарының үстіне етіп орнатылады. Топтар арасындағы өту жолы 0,8 м – ден кем болмауы керек.[6]