Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

4.4 Қауіпті аймақтар және оларды қауіпсіздендіру

Қарастырып отырған ұн зауытының майдалау бөлімінде ең қауіптісі білікті станоктар болып табылады. Білікті станок екі айналмалы біліктерден тұрады. Оның бірі тез айналады, яғни адам өміріне қаупі жоғары машина болып табылады. Оған қоса, бұл машина шу мен дірілдің жоғары концентрация негізінде жұмыс істейді. Жұмыс кезінде бұл машиналарға жақындау және біліктер жұмыс істеп жатқан кезде оларды тексеріп қолды сұғуға болмайды.

Білікті станоктармен жұмыс істегенде қойылатын техникалық қауіпсіздігінің талаптары:

  • Білікті станок жөңдеу жұмыстарына 18 жастан кем емес, медициналық қараудан өткен және еңбек қорғау курсы бойынша емтихан тапсырған азаматтар жіберіледі;

  • Машиналардың жұмысын бақылап тұратын адам еңбек қорғау ережелері мен нормаларын сақтап, кәсіпорынның ішкі еңбек қорғау ережелерін, санитарлық нормаларды сақтау тиіс;

  • Осы қондырғылармен жұмыс істейтін адам өрт қауіпсіздік ережелерін білуі тиіс. Өрт сөндіргіш құрылғылардың орналасу жерін білуі керек. Өндірістік ғимараттарда темекі шекпеу тиіс;

  • Жеке бастық қорғаныш құрылғыларымен қолданып білуі тиіс. Жұмыс орындарында тек қана арнайы киімде болуы керек;

  • Білікті станок жөндеу жұмыстарында электроқондырғылар мен осы машиналарда қоршау болмайтындықтан негізгі қауіпті тудырады;

  • Білікті станокпен жұмыс кезінде жоғарғы қауіптілікті дәнді беру жағындағы айналмалы біліктер, білік жетектерінің шестерня аралығы, швитер және соларға қыстырылатын белдіктер аралықтар тудырады.

  • Жарақат алған адамға дәрігерлердің келуіне дейін бірінші медициналық көмекті көрсете білуі тиіс.

  • Жұмысқа арналған арнайы киімді дұрыстап, ешқандай жері шығып тұрмайтындай етіп кию керек;

  • Герметикалық қасиеттерін, өздігінен ағу құбырларын және аспирациялық қондырғыларды, қосымша инструментердің жұмысының дұрыстығын тексеру керек;

  • Өрт сөндіргіш құралдарын бар – жоқтығын және олардың жұмыс істеу дұрыстығын тексеру керек;

  • Жұмыс орынның жарықтылығын және санитарлық жағдайын тексеру;

  • Тексеру барысында пайда болған кемшіліктерді ауысым бойынша басшыға айтып, ауысымды тапсыру және қабылдау журналында тіркеу жасау керек;[7]

Cурет 4.4.1. А1 – БЗН машинасының схемасы және қауіпті аймақтары

4.4.1- кесте. Қауіпті аймақтар және қауіпсіздік шаралары

Машина бөлігі, қауіпті аймақ

Қауіп түрі

Қауіпсіздік шаралары

1

Қабылдау қондырғысы

Толып қалуы

Дәннің біркелкі түсуін бақылау

2

Біліктерді беру және алып кету механизмі

Кесу

Машинаның жұмысын бақылау, жұмысқа қосар алдында тексеріп шығу

4

Электроқозғалтқыш

Ток ұру

Сыртынан қаптама орнату

5

Шығару қондырғысы

Бітеліп қалу, машинада дірілдің пайда болуы

Машинаның бірқалыпты жұмысын бақылау

6, 7

Тез айналатын білік және жай айналатын білік

Кесу

Машина жұмыс істеген барысында біліктерді қолмен ұстамау

9, 8

Мөлшерлегіш және қоректендіргіш білікшелер

Істен шығып кетуі

Дәннің біркелкі берілуін, білікшелерді тазалап тұру

Сонымен, жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін ұн зауыттарында білікті станоктардың жұмысын бақылап, олар істен шыққан жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізетін арнайы оқытылған адамдар қойылады. Сол адамдардан басқа ешкім машиналарға жақындатылмайды.

Білікті станоктардың жұмысқа келтірмес бұрын технологтар оның біліктерінің жағдайын, яғни біліктердің тістері қажалып кеткен болса, оны ауыстыру, белдіктің дұрыс тартылуын қадағалайды. Машинаның жөндеу жұмыстарын электроқозғалтқыш өшірулі жағдайда жүргізуге болады.

Ұн зауытының білікті станоктардан басқа да қондырғыларын кезекті түрде бақылап, техникалық бақылаудан өткізіп тұру керек. Барлық машинаға жөндеу жұмыстарын электроқозғалтқыш өшірулі жағдайында ғана жүргізеді. Рассевтердің електерінің бітеліп қалмауын, оларды тазалайтын щеткаларының жұмыс жағдайын, електерінің тазалану тиімділігін қадағалап тұру керек. Ситовейкалық машиналарға өнімнің біркелкі түсуін, ауаның берілу қарқындылығын, елек беттерінің уақытылы тазаланып тұруын бақылап тұру қажет. Аталып өтілген машиналарға арнайы тіркелген, техника қауіпсіздігі ережелрімен танысып шыққан адамдар бақылау жасайды.

Сонымен қатар, ұн зауытының дайын өнім сақтау бөлімі таза, желдетіліп тұратын, уақытылы тазаланып тұратын, жарықтандырылған, құрғақ болуы керек. Себебі, дайын өнім қоймаларда көп жағдайда тарасыз күйінде сақталынады. Қоймаларда бірқалыпты ылғалдылық, температура сақталып тұру керек. Соған байланысты бөлмені желдету режимдерін және күнтізбесін құрады.

Кәсіпорында техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерінің сақталуын арнайы техника қауіпсіздігі инженері бақылап тұр. Ол жоспар бойынша қойылатын оқу – нұсқауларды өткізіп, жұмысшылардың дайындық деңгейін, өндірісте ережелердің сақталауын тексеріп қадағалау қажет.