Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

2.2 Технологиялық үрдістерді бақылау және басқару

2.2.1 Технологиялық процессті бақылау

Ұн зауыттарында қатаң технологиялық тәртіп пен дәнді қабылдау, өңдеу және жіберу, сонымен қатар дәнді технологиялық қондырғыларда пайдалану дәрежесін қадағалап тұратын және технологиялық процесстерді жүйелік түрде жүзеге асыратын бақылау болу керек. Бақылауды келесідей бөліп қарастыруға болады:

Лабораторлық – өндірістік – технологиялық лаборатория атқарады. Негізгі жұмысы бақылау нүктелерінде тартпа алу және оларды талдау болып табылады.

Жұмыс орындарында – өндірістік жұмыскерлер атқарады. Технологиялық процессті кәсіпорынның өндірістік – технологиялық лабораторияның бастығы мен бас технолог жасайтын және оны бас инженер бекітетін графикпен бақылайды.

График келесілерді анықтауы керек: бақылау объектілері (жалпы процессті, оның сатыларын, жүйелер мен машиналарды); тартпаларды алу әдістері мен орны; талдау нәтижелері мен әдістерін; бақылаудың уақыты мен ұзақтығын; бақылауды жүргізетін нақты адамдар аты.

Технологиялық процесстерді бақылауды тіркейтін журналда бақылау нәтижелерінің барысында бас технолог пен ауысымда жасайтын жұмыскерлер пайда болған кемшіліктерді жою және технологиялық процесстерді жақсарту мәселелерімен айналысады.

Ұн зауыттарында өнімділікке және ұнтақталу қоспаларының рецептурасына сәйкес майдалауға берілетін дәннің сапасы мен мөлшерін жүйелік түрде бақылап тұру қажет.

Ұн зауытында дәнді майдалауға жібермес бұрын дайындау бөлімінде келесілерді бақылайды:

  • Дән тазалау машиналарында дәндік және шөп – шалаң ( соның ішінде минерал және металлмагнит) қалдықтарды бөлу тиімділігі;

  • Дәннің беті обойкалық, ақтау және щеткалы машиналарда тазалану тиімділігін; дәнді тазалау және содан кейінгі сынған саны;

  • Жуу машиналарының жұмысын, олардың ылғалдау дәрежесі және бөктіру ұзақтығы;

  • Жылытқыштар мен баптағыштардың жылулық режимдерінің жұмысын және сол режимдердің дәннің технологиялық қасиеттеріне әсерін;

  • Қалдықтарда жарамды дәннің бар болуы, қалдықтардың мөлшерін; I жармалау жүйесіне келіп түсетін дәннің ылғалдылығын.

Дәнді майдалау бөлімінде өңдеген кезде келесілерді бақылайды:

  • I жармалау жүйесіне келіп түсетін дәннің керекті мөлшерде біркелкі болуын;

  • Өңделетін партия үшін орнатылған I, II және III жармалау жүйелерінің майдалау режимдерін сақтау;

  • Әр жүйе үшін бекітілген ұнның майдалану дәрежесі; дәнді майдалаудан кейінгі аралық және соңғы өнімдерді рассевтерде сұрыптау тиімділігі;

  • Ұнның (сорт бойынша) және кебектің есептік шығымын алу; дайын өнім сапасы: манка жармасы, ұнның, кебектің.

Білікті станоктарға жауапты жұмыскерлер ауысым кезінде органолептикалық тексеру және електі талдау негізінде I, II және III жармалау жүйесінде және 1 – 3 ұнтақтау жүйелерінде майдалау режимдерін бақылап тұру керек, сонымен қатар соңғы жармалау, қырғылау және қалған ұнтақтау жүйелерінде ұнның шығымын бақылайды.

Жармалаушылар ауысым кезінде органалепткилақы бақылау негізінде ситовейкалық машиналарға түсетін өнімнің сапасын, електердің сырғымасын және өтімдерін, сонымен қатар қалдықтардың да сапасын бақылап тексереді.

Рассевтердің жұмысын бақылап тұратын жұмыскерлер ауысым кезінде органолептикалық бақылау негізінде ұнның түсін, жүйе бойынша технологиялық процесстің сұрыпталмауын, жармашықтардың ірілігін және ұнды бақылайды.

Өндірістік – технологиялық зертхананың бастығы, бас технолог және ауысым бойынша технолог ұнның ассортиментін және шығымын жүйелік түрде жалпы бақылап тұрады. Әр ауысым бойынша өңделген дәннің мөлшері және ұнның шығымын технологотың журналында тіркеледі.

Бас технолог және ұн зауытының барлық жұмыскерлері қондырғылардың жұмысын және халін жүйелік түрде бақылап, алдын – ала дер кезілік жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Өндірістік – технологиялық зертхананың бастығы және бас технолог дәннің технологиялық қасиеттерін жүйелік түрде зерттеп, өндірістік майдалау талдауларына негізделіп технологиялық процесстердің бақылауын ұйымдастырады.

Технологиялық процесстің дұрыс және тиімді жүріп жатқанын бас технолог және бас инженер тапсырмасы бойынша өндірістік жұмыскерлер мен зертхана жұмыскерлері алғашқы 3 – 4 жармалау жүйелерінен және барлық жүйелерден шығатын жармашықтар мен дунстың сапалық – сандық балансын білу арқылы анықтайды.

Бір жылдан кем емес, сонымен қатар басқа ұн тарту түріне өткен кезде толық сапалық – сандық балансты шешу керек, оның негізінде технологиялық процессті жүргізуді және бақылауды реттейді.[11]