Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

4.2 Электр қондырғаларының өрт қауіптілігі

Электр қондырғаларының өрт қауіптілігі қолданылатын электр жабдығында жанғыш оқшаулағыш материалдарының болуына байланысты. Жанғыш болып электр машиналарының, трансформаторлардың, әр түрлі электр магниттердің, сымдардың және кабельдердің ораушы оқшаулауыштары саналады. Қағазды – майлы конденсатордың оқшаумалары да жанғыш болып саналады. Өртке қатысты сымдардың оқшаумалары да қауіпті болады.

Әр түрлі лактар, компаундтар, оқшаулағыш майлар, битум, канифоль, күкірт және басқа электроқозғалтқыш және құрылымдық материалдар қатары жанғыш және өрт қауіпті болып табылады.

Ең үлкен өрт қауіпін май толтырылған аппараттар, - трансформаторлар, жоғары кернеулі бак ажыратқыштары, майканифольді құраммен сіңірлген қағаз оқшауламасы бар кабельдер келтіреді.

Май салқындатқышы бар күштік трансформаторларда айналым аралық, қысқа тұйықталу болуы мүмкін, соның нәтижесінде орама бөлігінде үлкен ток пайда болады да жанғыш газдардың бөлінуіне байланысты оқшаулама тез ыдырайды. Бұзылған трансформаторды ажырататын сенімді қорғаныс болмаған жағдайда, қаптама қабырғалары бұзылып, бөлмеге жанған май шашатын, газ қоспасының жарылуы мүмкін.

Сондай – ақ, әлі де қолданыстағы қосалқы электр станцияларындағы үлкен май көлемі бар жоғары кернеулі бак ажыратқыштарында жарылыс болу, жанған май шашылу қаупі бар. Қазірде онша қауіптілігі жоқ аз көлемді майлы ажыратқыштар қолданыла бастады.

Минерал майы компаунды сіңірлген бөлмелерге немесе кәбілдік құрамаларға ашық төселген жоғары кернеулі кәбілдің қағаз оқшаумаласы өртке қатысында аса қауіпті. Масималь ток қорғанысының қосылуы жұмыс істемегенде, асқын жүктеменің ұзақ жүруінде және қысқа тұйықталуда кәбіл оқшауламасының жануы мүмкін.

Асқын жүктемеде немесе екі фазалық режімде ұзақ уақыт жұмыс істеген электр қозғалтқыштарының орамаларының оқшауламасы да жануға ұшырауы мүмкін. Әсіресе бұл жағдайға аз қуаты электр қозғалтқыштары ұшырацды, себебі көбіне бұларда асқын жүктемеден қорғаныс қолданылмайды.

Электр жабдығы жанғыш қоспаның жану көзі болмауы үшін Электр қондырғыларын орналастыру ережелеріне (ЭОЕ), Жарылыс қорғанысты кен электр жабдығын даярлау ережелеріне және ССБТ стандарттарына сәйкес бірқатар талаптар мен шаларадың тұтас жүйесі әзірленген.

Электр жабдығын дұрыс таңдау үшін ең алдымен ол пайдаланылатын зона класы анықталады. Бірнеше жарылыс қауіпті және өрт қауіпті зоналар анықталады.[19]

Жарылыс қауіпті қоспалары бар немесе олардың пайда болу мүмкіндігі бар бөлмелер немесе шектелген бөлме кеңістіктері жарылыс қауіпті зона деп есептейді.

ЭОЕ – ге сәйкес жарылыс қауіпті зоналар бірнеше класқа бөлінеді.

В – 1 класс зонасы қалыпты жұмыс режимінде жанғыш газдар мен жеңіл тұтанатын сұйықтық (ЖТС) булары жарылыс қауіпті қоспалар құрайтындай бөлінетін бөлмелерде болады, мысалы: технологиялық аппараттарды тиеуде немесе түсіруде, т.б.

В – 1а класс зонасы. Бұларға қалыпты пайдалануда жанғыш газдардың немесе ЖТС буларының ауамен қосылуында жарылыс қауіпті қоспалар жасалмайды, бірақ олар апаттар немесе бұзылулар жағдайында орын алуы мүмкін.

В – 1б класс зонасы. Бұлар да В а зонасы сияқты болады.

В – 1г класс зонасы. Бұған: жанғыш газы немесе ЖТС бар сыртқы электр қондырғыларының; ЖТС немесе жанғыш газдары бар жер үстілік немесе жер астылық резервуарларының; ЖТС ағызу немесе құю эстакадаларының; ашық мұнайұстағыштардың және т.б. кеңістіктері жатады.

В – 2 класс зонасы қалыпты жұмыс режимдерінде ауамен жарылыс қауіпті қоспалар құрайтын қасиеттері бар көлемде бөлінетін және ыстық шаң немесе талшықтарға айналатын бөлмелерде орналасады.

Өртқауіпті зона деп бөлме ішіндегі немесе сыртындағы шектерде тұрақты немесе кезеңдермен қалыпты технологиялық процесстерде немесе бұзылуларда жанғыш заттар болатын кеңістік аталады. Өрт зоналары жарылыс қауіпті зоналары сияқты бірнеше классқа бөлінеді:

  1. П – I класс зонасы. Бұл зоналарға от алу температурасы 610С дан жоғары температурасы бар жанғыш заттар орналасқан бөлмелер зонасы жатады.

  2. П – II класс зонасы мг/м ауа көлемінен астам төменгі оталу шоғырлану шегі бар ыстық шаң немесе талшықтар бөлінетін бөлмелерде орналасады.

  3. П – IIа класс зонасы. Бұл зоналар қатты жанғыш заттары бар бөлмелерде орналасады.

  4. П – III класс зоналары бөлмеден тыс оталу температурасы 610С – ден жоғары температурасы бар жанғыш заттар немесе қатты жанғыш заттар орналасқан зоналар.

Жарылыс және өрт қауіпті зоналарда жарылыстан және өрттен қорғалған электр жабдықтары орнатылады. Электр қондырғыларын орналастыру ережелерінде әр зонаға электр жабдықтарын дұрыс таңдау көрсеткіштері бар, соларға байланысты өндіріске трансформаторлар мен басқа да электр арқылы жұмыс істейтін қондырғылар таңдап алынады.[7]