Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

4 Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі

4.1 Ұн зауыттарында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер

Еңбек қорғау еңбек қорғаудың заңдылықтарын, өндірістік санитарияны, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін қамтиды.

Еңбек үдерісі қоршаған ортаның белігілі бір жағдайындат еңбекшінің еңбек құралын пайдалануы арқылы жүргізіледі. Олрадың жиынтығы «адам машина өндірістік орта» жүйесін қалыптастырады. Адам машина жүйесіне еңбек ететін адам оператор мен жұмыс орнында ол пайдаланылатын машина немесе басқа да еңбек құралдары жатады.

Оператордың жарақат алмай, науқасқа шалдықпай еңбек етуге қабілетін сақтауы үшін осы айтылған жүйе тоқтаусыз, іркілікссіз жұмыс істеуі керек. Алайда, өндіріс жағдайында кездесетін әр түрлі себептердің әсерінен жүйеде кідірістер болып жатады. Бұдан басқа оператордың жұмыс қабілетіне ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалу жылдамдылығы, сондай ақ ұжымдағы психологиялық жағдай, еңбек тәртібі, т.б. факторлар де әсер етеді.

Ғылыми техникалық прогресс соңғы кезде өндірістің барлық салаларына жаңалық әкелуде. Атом энергиясы, автоматтандыру және электроника, плимерлер, химия мен микробиология және т.б. осының барлығы еңбек жағдайын күрт өзгертетін жаңалықтар.

Көптеген электр станцияларын басқарудың автоматтандырылуы, құрылым материалдары өнеркәсібінде бетон шығаратын завод автоматтардың іске қосылуы, ауыл шаруашылығындағы қол еңбегінің машиналарымен алмастырылуы еңбекшілердің жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Алайда, өндірістің жоғары деңгейде жарақаттандырылуы мен автоматтандырылуы, бір адамның бірнеше агрегаттарды пульт арқылы басқаруы екінші жағынан, адамның қозғалысын азайтады, денесінің енжарлығын ұлғайтады. Мұның өзі адамның нерв жүйелері мен жүйкесінің тозуына, жүрек қан тамырлары ауруларының пайда болуына әкеліп соғады. Түрлі механизмдердің пайдалануы дыбысты, секілді көбейтеді.

Демек, ғылыми техникалық прогресс еңбекті жеңілдетіп, оның өнімділігін арттырумен қатар еңбекшілерге шексіз қайғы да әкеледі. Сондықтан ғылыми техникалық прогресс жағдайында еңбек қорғау талаптарының орындалуы оны терең талдап, анықтап отыруды талап етеді.

Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі дегеніміз еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетін сақтауға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттардың жиынтығы.

Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі мемлекеттік, аймақтық, салалық және кәсіпорындық болып бөлінеді.

Өндірістік эстетика дегеніміз физиолгтар мен гигиенист психлогтардың талаптарын қанағаттандыратын өндірістік жағдай жасау болып табылады. Оған жұмысшыларды таза да ыңғайлы арнайы киімдермен қамтамасыз ету, жұмыс орнының тазалығы, бөлменің тартымды түстегі әрмен боялуы, жұмыс орнының көгалдандырылуы, т.с.с жұмыстар жатады.[19]

Ұн зауыты тағам өнеркәсібінде маңызды рөл атқаратындықтан, ол жерде жұмыс тәртібі мен техникалық қауіпсіздік ережелерді сақтау және орындау негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақсатан Республикасының Еңбек Қорғау Кодексі техника қауіпсіздік ережелері мен еңбек қорғау талаптарын орындау мен сақтаудың бірден – бір құралы. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді жəне осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Бұл Кодекстің еңбек қорғау талаптарын орындамаған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңымен жауапкершілікке тартылады.

Кодексте адам құқықтары мен міндеттері, жұмыс істеу уақыты, медициналық көмек алу құқығы, техника қаіпсіздігі бойынша өз біліктілігін көтеру туралы сөз айтылады. Еңбек заңнамасының 5 - бөлімінде 312 - бабында келесідей көрсетілген: жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тəртіппен мерзімдік медициналық тексеруден жəне тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті; ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен жəне тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куəландырудан өтуге тиіс; ауысым алдындағы медициналық куəландырудан өту талап етілетін кəсіптердің тізімін денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

Қызметкерлер, әсіресе өндірістік салаларда жұмыс істейтін азаматтар, техника қауіпсіздігі ережелері бойынша өздерінің біліктіліктерін жоғарлатып, аттестациядан өтіп тұруы қажет. Ол туралы Кодекстің 313 - бабында былай делінген: «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді жəне білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқыту, нұсқама беру жəне білімдерін тексерудің тəртібі мен мерзімін еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы өзге де уəкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды. Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып, жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден жəне білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мезгіл-мезгіл, үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп тиісті білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқудан жəне білімін тексеруден өтуге міндетті».

Көрсетілген нормативтік актілер Қазақстан Республикасы 11. 11. 2004ж. №1182 Үкіметінің қаулысына сәйкес мемлекеттік органдармен өңделеді және мақұлданады.[5]