Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

2.5.3 Майдалау бөлімінің ғимаратының құрылыс

конструкциясының жалпы сипаттамасы

Конструктивті шешімдер нәтижесінде ұн зауыттарының ғимараттарын рамалы – байластырғыш және балкалы конструкциядан жиналатын темір – бетонды каркас етіп жобалайды.

Іргетас - бұл ғимараттың жүктемесін негізге беретін жерасты құрылыс бөлігі. Іргетастарды тұрғызу бойынша монолитті және жиналатын, ал құрылыс сұлбасы бойынша таспалы, біріккен, тіреуішті бөледі. Таспалы іргетастарды негізгі қабырғалар астына орнатылады. Өндірістік ғимараттарының колонналарының астына тіреуішті жинақталатын, жинау – монолитті және монолитті темір – бетоннан жасалатын іргетастарды қояды. Іргетасты орнату қалыңдығы 0,25 метрден кем және жердің үсу қалыңдығынан төмен болу керек.

Қабырғалар – олардың негізгі тағайындалуы сыртқы температураның өзгеруінен, желден, сонымен қатар ғимараттардың ішінде температура және ылғал бойынша тұрақты режим қамтамасыз ету үшін тағайындалады.

Қалқа (перегородки) – олар жеңіл ішкі қабырғалар болып табылады, үлкен бөлмелерді бөлуге арналған, олар негізгі жабыннан түскен жүктемені көтермейді. Бұл қалқалар цехтық лаборатория, бөлмелер және т.б. арналады.

Баспалдақ – өндірістік көпқабатты ғимараттарда қозғалыс баспалдақтар арқылы жүргізіледі. Баспалдақ келесі элементтерден тұрады: 1. Көлбеу орналасқан баспалдақ жазықтықтары бар марштардан; 2. Горизантал орналасқан алаңдардан тұрады.

Баспалдақтың әрбір маршында баспалдақ саны 18 – ден көп емес және 5 – тен кем емес болу керек. Әр баспалдақтың биіктігі 18 см – ден аспауы керек, қалыпты жағдайда – 15 см. Алаңның енін марштың еніне тең етіп алады. Баспалдақ торларынан басқа өрт қауіпсіздік баспалдықтар қойылады. Баспалдақ торларынан басқа өрт қауіпсіздік басплдақтар қойылады.

Терезе ойықтары. Ғимаратқа жарық түсіру үшін және өндірістік бөлмелерді желдету үшін қолданады. Бөлмелерге түсетін табиғи жарықты жақсарту мақсатында қабырға, қалқа, еден, төбе және басқа ғимараттардың бөліктерін түрлі түсті өңдеуден өткізеді. Көбінесе, бұл элементтер ашық түспен өңделеді.

Есіктер. Өндірістік ғимараттарындағы есіктерді келесі белгілері бойынша жіктейді:

  • тағайындалуы бойынша: эвакуациялық, транспорттық, қосалқы болып бөлінеді;

  • орналасуы бойыша: сыртқы және ішкі;

  • өртке төзімділігі бойынша: қарапайым және өртке төзімді.

Есіктердің өлшемдері: ені 1 – 1,5 м, биіктігі – 2 – 2,4 м.

Пролет – ғимараттың ұзындығы бойынша колонналар қатарының осьтерінің аралығы;

Қадам – ғимараттың көлденеңі бойынша колонналар қатарының осьтерінің аралығы;

Биіктік – еден деңгейінен жабын конструкцияның астына деңгейге дейінгі аралық, егер ғимарат көп деңгейлі болса, онда еденнен еденге дейін;

Колонна торы – ұзындығы және көлденеңі бойынша колонналардың аралығының жиынтығы.[8]

Машиналарды жүйелер бойынша орналастырып болғаннан кейін және олардың орналасатын орнын алдын ала белгілегеннен кейін өнімтасымалдағыш құбырларының коммуникациясын жобалайды. Процесс жүзінде коммуникацияны жобалаған кезде машиналардың алдын ала белгіленген орындарын бекітіп, олардың және пневмотранспортты жүйенің түсіргіштердің тұрақты орнын және транспортты механизмдердің саны мен олардың орналасу орындарын бекітеді.

Коммуникацияны жобалау графикалық бөлімнен және түсініктеме қағаздан тұрады. Графикалық бөлімінде көлденең және ұзына бойына ғимараттардың қимасы, оларда барлық технологиялық, транспорттық, аспирациялық және қосымша қондырғылар көрсетіледі. Негізгі контурлы сызықпен графикалық бөлімде өзіндік ағу құбырларын, ал қосымша контурлы сызықпен қосымша құбырлар сызылады.[12]

Түсініктеме қағазда машинаға кіретін және олардан шығатын өнімнің қозғалысын, транспорттық механизмедрдің сипаттамасы, түсіргіштердің нөмірлері, қабылдағыш қондырғылары, нориялар көрсетіледі.

Цехішілік коммуникацияны жобалау кезінде келесі материалдар қолда болуы керек:

  • технологиялық процесстің схемасы;

  • рассевтерінің аудандары (жобада қандай рассев түрі талданғанына байланысты);

  • өнімдердің машинаға кіретін және шығатын жүйелерінің бекітілген орындарының схемасы;

  • көлденең және ұзына бойына қимасы;

  • өнімдердің жылжу ведомості

Білікті станоктар мен рассевтерді қабат жобасында орналастырғаннан кейін оларды көлденең немесе ұзына бойына жүргізілетін қималарға көшіреді. Өзіндік ағу құбырларының коммуникациясын көлденең және ұзына бойына жүргізілетін қималарынан бірдей жобалайды.[13]

Машиналарды қималарда орналастырып болғаннан кейін өнімнің машинаға кіретін және шығатын өнім тасымалдағыштарды көрсетеді. Біртекті өнім қозғалатын өзіндік ағу құбырларын бір нөмірмен белгілейді. Өзіндік ағу құбырларын бір жазықтықта орналастырады. Өзіндік ағу құбырларының нөмірлерін әр қабат қимасында қойып шығады және олар араб цифрлерімен нөмірленеді. Транспорттық механизмдердің нөмірлерін рим цифрлерімен белгілейді. Өзіндік ағу құбырларының бұрышын алдын ала көлденең және ұзына бойына қимасында өлшеп, номограммада оның нақты мәнін анықтайды.

Өзіндік ағу транспорты жобалаған кезде мына шарттар сақталуы керек:

  • өзіндік ағу құбырларын жобалаған кезде олардың көлбеу бұрыштары минималды шамадан көп болу керек;

  • екі өзіндік ағу құбырларын біріктірген кезде олардың қосылу бұрышы тік немесе бітеу болмауы керек;

  • бір құбырға екінші құбырды біріктірген кезде өнімнің жүру барысында олардың бірігу бұрышын өткір етіп, бірақ 250 кем болмауы керек.

Өзіндік құбырлардың бағытын сонымен қатар олардың жолында кездесетін машиналарды, тарнспорттық механизмдерді айналып өту үшін өзгертеді. Бірақ дәнге байланысты өзгерген бағыт ұнға келмеуі мүмкін. Ол кезде ұн және дәнге бөлек нормалар белгіленген. Өзіндік құбырларды жобалаған кезде машиналар, өнімтасымалдағыштар және нориялардың арасындағы қашықтық еденен 2,25 – 1 м – ден кем болмауы керек. Құбырдың машинадан 0,7 – 1 м – ден кем жақын орналаспауы керек. Өзіндік құбырларды баспалдақ торына және баспалдақ жаққа орналастыруға болмайды. Сонымен қатар терезенің жанында 2,25 – 2 м еденнен биіктікте орналасқан құбырлар, терезелердің, фрамугтардың ашылуына немесе терезелерді тазаланған кезде кедергі келтірмеу керек. Машиналардың жанынан өтетін құбырлар сол машиналарға қызмет көрсету немесе машиналарда жүріп жатқан процесстерді бақылауға кедергі келтірмейтіндей етіп салынады. Білікті және рассевтік қабатта өзіндік ағу құбырлары еденнен 2,5 – 2,75 м деңгейіндегі құбырлар тек өнімтасымалдағыштардың жанында өтуі керек. Машинлардың жанында өтетін құбырлар вертикалды түрде еденнен 2 – 2, 25 м биіктікте болуы керек. Ситовейкалық машиналардың көлденең жағынан өтетін құбырларды 2 м биіктіктен төмен болмайтындай етіп вертикал жағдайда бақылау терезелерінің арасында өткізеді. Қызмет көрсетуді қажет ететін қондырғыларды (бақылау люктері, задвижкалар, бөлгіш лапандар) еденнен 1,5 метрлік деңгейден аспайтындай етіп орналастырған жөн. Цехтің өзіндік ағу құбырларын бункерлер, бөлгіш пунктері, шеберханаларды және т. б. кесіп өткізуге болмайды.

Білікті станоктардың жанына өтетін өнімтасымалдағыштарды машинлардың арасындағы өту жолдары мен көлденең және ұзынынан бойы қабырғаларды кеспей өтетіндей етіп құрады. Өнімтасымалдағыштарды ғимараттың ортасында, ғимараттың ұзына бойына, екі қатарлы, ал керек кезінде көлденең қабырғалардың бойымен бір қатарлы етіп құрады.

Түсіргіштерді жоғарғы қабатта екі немесе төрт қатарлы, ғимараттың ұзына бойына, өнімтасымалдағыштарға және рассевтердің қабылдағыштарына жақын орналастырады.

Түсіргіштерді орнатудың ең тиімді нұсақасы болып, өнім бір түсіргіштен екінші рассевтің бір қабылдағышына берген кезде есептелінеді. Егер бір түсіргіштен өнім рассевтің екі қабылдағышына түсіргенде өнім беру қарқынын екіге бөледі. Бір түсіргіштерден рассевтің үш қабылдағышына өнімді беруге болмайды. Бұл кезде өнімтасымалдағыштардың санын сол жүйе ішінде жоғарылатады.

Технологиялық процессте әр түрлі жүйеден алынатын, бірақ бір ағынмен ары қарай бір машинада өңделу үшін өнімдер болады. Бұл кезде бір жинағыш өнімтасымалдағышты қолданылады.[21]

Өнімділігі 200 т/сағ аспайтын ұн зауытының майдалау бөлімінде барлық ұзындықтан 10 -15 % артық емес қосымша өнімтасымалдағыш құбырлар және жалпы ұзындықтан 25 % артық емес қосымша шнекті тасымалдағыштарды орнатуға болады.

  1. Экономикалық бөлім

    1. Ұн зауытының өндірістік қуаты

Жобаланатын ұн зауыты Шымкент қаласында салынып жатыр. Шығарылатын өнім түрі бидай ұны қала және облыс бойынша таратылады. Бұл аймақтың халық саны 637800 адамды құрайды. Адам санының 5%-ға өсімін есептегенде, халық санының тығыздығы 669690 құрайды. Бұл аумақтың 1 адамға шаққандағы ұнын тұтыну мөлшері жылына 0,050 кг құрайды. Жобаланатын кәсіпорынның өндірістік қуатын мына формуламен анықтайды. Q (т/тәул)

Q = 100 (К+ К+ К) / b *z, (1.2.1)

мұндағы, К- Құрылыс аумағының ұнға1 жылдық қажеттілігі, т/жыл;

К - наубайханалық кәсіпорындардың ұнды тұтыну мөлшері, т/жыл;

К - құрылыс аумағының сыртына шығарылатын ұн мөлшері, т/жыл;

b – ұн шығымы, b =75 %;

z – кәсіпорынның 1 жылдық жұмыс күні, z =300 тәулік.

Халықтың ұнға 1 жылдық қажеттілігін мына формуламен анықтайды:

К= ЧН, (1.2.2)

Мұндағы, Ч- қарастырылып отырған ауданның халық саны , мың адам ;

Н -1 адамның ұн тұтыну нормасы кг/ жыл, Н= 0,050

К= 669690 * 0,050 = 33484 т/жыл

Наубайханалық кәсіпорындардың тұтынатын ұн мөлшерін анықтау формуласы

К = (K1 30 ) / 100 , (1.2.3)

Мұндағы, K1 – ұнға 1 жылдық қажеттілігі; т\жыл;

30 – нан-бөлке өндіретін кәсіпорынның тұтынатын ұн көлемі, %.

Наубайханалық кәсіпорындардың қолданылатын ұн мөлшері құрайды:

К = (3348430 ) / 100 = 10045 т/жыл

Сыртқа шығарылатын ұн мөлшерін жылына 10% -ға дейін етіп қабылдап, келесі формуламен анықтаймыз:

К = (К1 * 10 ) / 100 , (1.2.4)

Мұндағы, K1 – ұнға 1 жылдық қажеттілігі; т\жыл

10 - құрылыс аумағының сыртына шығарылатын ұн мөлшері,%.

Құрылыс аумағының сыртына шығарылатын ұн мөлшері құрайды:

К3 = (33484 10 )/100 = 3484 т/жыл.

Анықталған мәндер бойынша өндірістік қуаттын (1) формулаға қойып анықтаймыз, Q (т/жыл):

Q = 100 (33484 + 10045 + 3484)/75 * 300 = 200 т/сут

Осы есептеу нәтижесіне сүйене отырып, жобаланатын ұн зауытының өнімділігін қабылдаймыз.[13]