Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать
  1. Әкімшілік жауапкершілік

Кәсіпкерлікпен немесе басқа қызмет түрімен тиісті тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнаулы рұхсатсыз, мамандық аттестатынсыз (куәлік) айналысқан жағдайда штраф мөлшері төмендегідей:

  • азаматтарға – 20 АЕК-не дейін

  • лауазымды қызметкерлерге – 40 АЕК

және тауарлары мен құқығы бұзылған обьектілері конфискацияланады. Бұзушылық қайталанған жағдайда – штраф:

  • азаматтарға – 50 АЕК-не дейін

  • лауазымды қызметкерлерге – 20 - 50 АЕК аралығында

  • заңды тұлғаларға – 700 АЕК-не дейін

және тауарлары конфискацияланады.

Салық төлеуші салық органына ҚҚС төлеушісі ретіндегі тіркелуге өтінішін мерзімінде өткізбеген жағдайда - штраф:

  • лауазымды қызметкерлерге 10 - 25 АЕК аралығында

  • жеке кәсіпкерлерге әр айдағы салық салынатын айналымның 50% мөлшерінде

Салық төлеушілері салық органына салық есебін Кодексте көрсетілген мерзімнен бастап 90 күн аралығында тапсырмаған жағдайда - штраф:

  • жеке тұлғаларға 10 - 20 АЕК

  • лауазымды қызметкерлерге – 40 - 50 АЕК

  • жеке кәсіпкерлерге – төленбеген салық мөлшерінің және басқа да міндетті төлемдерінің 10% мөлшерінде.

Салық төлеушілері салық органына салық есебін Кодексте көрсетілген мерзімнен 90 күн өткеннен кейін тапсырмаған жағдайда - штраф:

  • жеке тұлғаларға 20 - 40 АЕК

  • лауазымды қызметкерлерге – 50 - 70 АЕК

  • жеке кәсіпкерлерге – заңды тұлғаларға – төленбеген салық мөлшерінің және басқа да міндетті төлемдерінің 50% мөлшерінде.

Декларацияда салық және т.б. міндетті төлемдер сомасы төмендетіліп көрсетілген жағдайда - штраф:

  • жеке тұлғаларға 5 - 10 АЕК

  • жеке кәсіпкерлерге және лауазымды қызметкерлерге – 40 - 50 АЕК

Декларацияда жеке табыс салығы мақсатындағы зиян мөлшерін көтеріп көрсеткен жағдайда – штраф:

  • жеке кәсіпкерлерге – декларацияда көтеріп көрсетілген зиян сомасынан есептелген жеке табыс салығының 50% мөлшерінде.

Салық кезеңіндегі нақтылы жеке табыс салығының аванстық төлемдер сомасынан айырмасы 10%-дан жоғары болған жағдайда – штраф:

  • салық салынатын табыстың 2% мөлшерінде

Салық кезеңіндегі нақтылы жеке табыс салығының аванстық төлемдер сомасынан айырмасы 25%-дан жоғары болған жағдайда – штраф:

  • салық салынатын табыстың 5% мөлшерінде

Антимонополиялық заңдылықтарды бұзуда - штраф:

  • жеке кәсіпкерлерге – 100 АЕК-ке дейін

  • лауазымды қызметкерлерге – 100 АЕК-ке дейін

  • азаматтарға – 80 АЕК-ке дейін

  • жеке кәсіпкерлерге және лауазымды қызметкерлерге – 150 АЕК-ке дейін

  1. Экономикалық жауапкершілік

Заңды тұлғалардың тіркеусіз қызметіне экономикалық жауапкершілігі –аталған кәсіпкерліктен алынған барлық табыстарын бюджетке алу.

Заңды тұлғалардың немесе жеке кәсіпкерлердің лицензиясыз қызметіне экономикалық жауапкершілігі - аталған кәсіпкерліктен алынған барлық табыстарын бюджетке алу.

  1. Қылмыстық жауапкершілік

Жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі ҚР Қылмыстық кодексын бұзған жағдайда туады.

Кәсіпкерлікті тіркеусіз немесе лицензиясыз жүргізген жағдайда:

  • штраф – 300 -500 АЕК

  • немесе 180 – 240 сағ. қоғамдық жұмыстарға жіберу

  • немесе 6 айға дейін қамауға алу

  • немесе 2 жылға дейін өз еркінен айыру және штраф.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]