Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать

Тақырып – Кәсіпкерлік қызметті тоқтату

Сұрақтар:

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

2. Жеке кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік тіркеу және лицензиялау

3. Кәсіпорындардың күйзелуі және жойылуы

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден тіркеу мекемесінің Комитетінен және ҚР әділет Министрігінің территориялық басқару органында өтеді.

Мемлекеттік тіркеуден құрылу мақсатына, қызмет сипатына, қатысушыларының құрамына қарамастан Қазақстан жеріндегі барлық заңды тұлғалар өтеді.

Мемлекеттік тіркеуге заңды тұлғалар төмендегідей құжаттар тапсырады.

Акционерлік қоғамдар:

  • тіркеу туралы өтініш (тиісті формадағы)

  • жарлық

  • құрылтайшылар жиналысының протоколы

  • мекен-жайын дәлелдейтін құжат

  • тіркеу төлемін көрсететін квитанция немесе банкке төлем құжаты

Өндірістік кооперативтер:

  • тіркеу туралы өтініш

  • жарлық

  • құрылташылық келісім-шарт

  • мекен-жайы көрсетілген құжат

  • тіркеу төлемі көрсетілген квитанция немесе банк құжаты (копия платежного поручения)

ЖШС:

  • тіркеу туралы өтініш

  • жарлық

  • тіркеу төлемі көрсетілген квитанция немесе банк құжаты (копия платежного поручения)

Заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттарының 2 данасы тіркеуге шнурланып, нөмірленіп екі тілде тапсырылады.

Мекен-жайы көрсетілетін құжаттар төмендегідей:

  • гаранттық хат

  • жал, сату-алу келісім-шарттарының көшірмесі

  • ғимаратқа құқығын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

Тіркеу мекемесінің Комитетінде:

  • құжаттардың толықтығы және заңға сәйкестігі тексеріледі

  • Жарлық заң талаптарына сәйкес келген жағдайда тіркеу туралы өкім шығарылады

бірыңғай Мемлекеттік тізімге тіркеледі де, заңды тұлғалар мәліметтерінің электронды банкісіне енгізіледі

  • заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Куәлігі беріледі

  • барлық құжаттардың көшірмесі тіркеу орнында қалады да, оригиналы тиісті мөрлер мен штамплері қоылғаннан кейін заңды тұлғаның құрылтайшыларының уәкіліне беріледі

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мерзімі - 10 күн, шағын бизнес субьектілерін тіркеу – барлық құжаттар тапсырылған жағдайда өтініш берілген күннен бастап 3 күн аралығында жүргізіледі.

Заңды тұлғалар, шағын бизнес субьектілері мемлекеттік тіркеу Куәлігі негізінде банкідегі шотын ашады.

Заңды тұлғаларға тіркеу төлемі – 20 АЕК, ал ШБ субьектілеріне – 5 АЕК.

Мемлекеттік тіркеу Куәлігінің дубликатын алу төмендегідей:

  • заңды тұлғаларға – 20 АЕК-тен 25% төлемі

  • шағын кәсіпкерлік субьектілеріне – 5 АЕК-тен 25% төлемі

Тіркеу төлемінен төмендегі жағдайда босатылады:

  • Азаматтық кодекс ережелеріне сәйкес тіркелетін және Азаматтық кодекс қабылданғанға дейін құрылған кейбір заңды тұлғалар

Азаматтық кодекспен ескерілмеген ұйымдастыру-құқықтық формаларда құрылған, және Азаматтық кодекске сәйкес ұйымдастыру-құқықтық формаларға ауысу туралы шешім қабылдаған кейбір заңды тұлғалар

Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне берілетін басқа жеңілдіктер төмендегідей:

Типтік жарлық.

Шағын кәсіпкерлік субьектілері (заңды тұлғалар) типтік жарлықты пайдалану арқылы тіркеуі жеңілдетіледі.

Типтік жарлық ұйымның заңды формасына байланысты болады:

  • Толық серіктестік, командитті серіктестік , өндірістік кооперативтер («Шағын кәсіпкерлік субьектісі болатын заңды тұлғалардың типтік жарлығы туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы. 1997).

  • ЖШС («Жауакершілігі шектелген және қосымша серіктестіктерге бекітілген типтік жарлығы туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы. 1998).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]