Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать

2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу және лицензиялау

Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың мемлекеттік тіркеуі - азаматтың жеке кәсіпкер ретінде жергілікті салық органына есепке тұруы.

Міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден төмендегі талаптардың біріне сай келетін жеке кәсіпкерлер өтеді:

  • жалдамалы жұмыскерлер еңбегін тұрақты пайдаланатын жағдайда

  • кәсіпкерлік қызметтен жылдық табысы Салық кодексіне сәйкес жеке тұлғалар үшін салық алынатын минималды табыс көлемінен (12 АЕК) жоғары болған жағдайда

Жеке кәсіпкер жергілікті салық органында мемлекеттік тіркеуден өту үшін төмендегі құжаттарды өткізеді:

  • Өтініш:

- аты-жөні

- туған айы, жері

- жеке куәлігінің деректері (серия, құжат №, құжат қашан және кіммен берілді)

- мекен-жайы

- жеке кәсіпкерде кәсіпорын болған жағдайда, кәсіпорынның мекен-жайы

  • тіркеуге төлем құжаты

  • 3х4 см форматындағы фотография

Ескерту. Басқа қосымша құжаттар тапсыру туралы талаптар «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңымен шектеледі.

Жергілікті салық органы жеке кәсіпкерлік Куәлігін жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсырған күні береді.

Тіркеу төлемі – 4 АЕК. Кейбір кәсіпкерлер категориясы бойынша 50%-дық жеңілдіктер қарастырылған, яғни ардагерлерге.

Мемлекеттік тіркеу Куәлігін жоғалтқан жағдайда көшірмесін алу үшін тек бланк құны төленеді.

Жеке кәсіпкер лицензияланатын қызметпен айналысқан жағдайда міндетті түрде Лицензия алуы қажет.

Жеке кәсіпкер ретінде жолаушылар мен жүк тасымалдауға лицензия алу үшін тиісті категориядағы жүргізушілік құқық құжаты жеткілікті және лицензия кәсіпкерлік қызметінің жағдайын, жүргізушінің мамандық білімін тексерусіз беріледі.

Лицензияны алу үшін тиісті төлем өткізіледі.

ШБ субьектілерін мемлекеттік тіркеу жеңілдікпен жүргізіледі

  • Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер). Бірақ, тіркелу тек кейбір жағдайда ғана міндетті (Жеке кәсіпкерлік тақырыбында қараңыз).

  • Қазақстанда төңірегіндегі заңды тұлғалар.

3. Кәсіпорындардың күйзелуі және жойылуы

Акционерлік қоғамдар.

Азаматтық кодекске сәйкес акционерлік қоғамдар 5 жолмен өзгеруі мүмкін:

  • бірігу (бірнеше акционерлік қоғам келісім-шарт негізінде бірігеді)

  • қосылу (ірі акционерлік қоғамға қосылу туралы келісім-шарт негізінде)

  • бөліну (бірнеше акционерлік қоғамға бөліну)

  • өзгеру (серіктестікке немесе өндірістік кооперативке өзгеру)

  • бөлініп шығу (акционерлік қоғамнан 1 немесе бірнеше акционерлік қоғамның бөлініп шығуы)

Төртінші өзгеру жағдайында өндірістік кооперативтің немесе серіктестіктің жарғылық қорындағы қатысушылардың үлесі %-бен, яғни акция құнын барлық акция құнына бөлу арқылы анықталады.

Акционерлік қоғам 2 жолмен таратылады (жойылады):

  • акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен, яғни өз еркімен

  • сот шешімімен, яғни мәжбүрлеу жолымен

Акционерлік қоғам таратылу нәтижесінде алдымен кредиторларымен толық есеп айырылысады, одан кейінгі қалған мүлікті акционерлерге төмендегідей тәртіппен бөледі:

  • дивиденд қарызы өтеледі

  • пұрсатты қарапайым акциалардың құны өтеледі

  • қалған қаражат акционерлердің акция үлесіне тәуелді бөлінеді

Банкротқа соңғы 5ж. қатарымен зиян шексе және өз жұмыскерлеріне минималды жалақы төлеуге мүмкіндігі болмаған кәсіпорындар ұшырайды («Банкрот туралы» заңға сәйкес).

Өндірістік кооперативтер.

Кооператив 3 жолмен өзгереді:

  • бірігу

  • қосылу

  • шаруашылық серіктестіктеріне ауысу

Кооператив 2 жолмен таратылады (жойылады):

  • мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен, яғни өз еркімен

  • сот шешімімен, яғни мәжбүрлеу жолымен

Кооператив таратылуының басқа кәсіпорындармен салыстырғанда өз ерекшеліктері бар:

  • егер кооператив мүшелігінде тек 1 мүшесі қалған жағдайда 6 ай мерзімінде қалған мүшеліктегі азамат кооперативке жаңа мүшелер қабылдап, кооператив статусын сақтауға құқықты

  • 1 адам құратын шаруашылық серіктестігіне ауысуына құқықты

Аталған мүмкіндіктер 6 ай мерзімінде орындалмаған жағдайда кооператив жойылуға мәжбүр болады.

Кооператив таратылу нәтижесінде алдымен кредиторларымен толық есеп айырылысады, одан кейінгі қалған мүлікті мүшелеріне олардың жарғылық қордағы пай үлесіне тәуелді бөліп беріледі.

ЖШС.

Өзгеруі:

  • бірігу

  • қосылу

  • бөліну

  • бөлініп шығу

  • ауысу (АҚ немесе ӨК)

Жойылуы:

  • қатысушыларының жалпы жиналысы шешімімен

  • күйзеліс немесе заң бұзушылық нәтижесінде сот шешімімен

Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейінгі мүлік қатысушыларына пай үлесіне сәйкес таратылады.

Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қызметі сот шешімімен төмендегідей жағдайларда міндетті түрде тоқтатылады:

  • банкрот жағдайында

  • жеке кәсіпкерлікті тіркеу заңдылықтарын бұзу нәтижесінде жіберілген қателіктерден өз күшінде болмаған жағдайда

  • кәсіпкерлік лицензияланатын қызмет түрлеріне лицензиясыз жүргізілген жағдайда

  • кәсіпкерлік жыл бойында бірнеше қателіктермен немесе заңдарды бұзушылықпен жүргізілген жағдайда

Жеке кәсіпкерлік қызметі мемлекеттік бақылау органдарының өтінішімен сот арқылы тоқтатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]