Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать

2. Бизнес-инкубаторларға қойылатын талаптар және

құру тәртібі

Бизнес-инкубаторға қойылатын талаптар:

1. Ғимарат алаңының көлемі 4500 ш.м кем болмауы,жақын орналасқан өндірістік және қойма алаңдарының болуы;

2. Бизнес-инкубаторға өндірістік бағыттағы кәсіпкерлікті, жаңа бастаушы шағын бизнес субьектілерін, өндірістік бағыттағы қызмет көрсететін кәсіпорындарды қабылдау; Ірі кәсіпорындардың да қабылдануы мүмкін, яғни олардың үлесі инкубатордан өтетін барлық кәсіпорындардың 35%-на дейін болуы мүмкін. Ірі кәсіпорындар негізгі арендатор ролінде қабылданады, яғни бизнес-инкубатордың алғашқы қалыптасу кезеңінде басқару шығындарын жабуға көмек көрсетеді.

3. Кәсіпкерлерге минималды қызмет түрлерін көрсету, яғнибизнесті ұйымдастыру және жүргізу, бухгалтерлік есеп және салық жүйесі, юриспруденция, жалпы секретариат қызметі (телефон, факс, интернет), компьютерлік т.б. қызмет түрлері бойынша консалтингтік қызмет көрсету.

Бизнес-инкубаторды құру тәртібі:

1 кезең – Бизнес-инкубаторды құруға дайындық кезеңінде төмендегі жұмыстар атқарылады:

  • бизнес-инкубаторға нарық ортасының болуын анықтау;

  • спонсорлармен, қоғамдық уәкілдермен, кәсіпкерлермен тиісті аймақта бизнес-икубаторды құру мүмкіндігі және ерекшеліктері туралы жұмыс жүргізу;

  • бизнес-инкубаторды құруға және қалыптастыруға қажетті ресурстарды анықтау;

  • басқа бизнес-инкубаторлардың тәжірибесін зерттеу;

  • бизнес-инкубаторды құру шешімі қабылданған жайдайда бизнес-жоспар құру;

  • бизнес-инкубатордың орналасатын орнын таңдау;

  • бизнес-инкубаторды қаржыландыруға инвесторлар мен спонсорларды іздестіру;

  • клиенттерімен қажетті құжаттарды дайындау т.б.

2 кезеңБизнес-инкубаторды жабдықтау және инфрақұрылымын қалыптастыру:

  • бизнес-инкубаторды жабдықтау, блок-сегменттерге бөлу жұмыстарымен айналысу;

  • инкубатордың блок-сегменттерінде клиенттерін орналастыру.

3 кезеңӨндіріске дайындық:

  • блок-сегменттерде клиенттерінің қондырғыларын орналастыру;

  • өндірісті іске қосу.

4 кезеңЖобалық өндіргіш күшке шығу:

  • жобалық өндіргіш күшке дейін өндірісті жетілдіру;

  • бизнес-инкубатордың клиенттеріне барлық қызмет түрлерін көрсету.

3. Бизнес-инкубаторды таңдау критерийлері:

Критериилер

Критериилерді реттеу(ұпай)

Қаржыландыру көздері

5

Салалық бағыт

4

Қызмет аясы

3

Бизнес-инкубаторлар саны(филиалдарының болуы)

2

Өндірістік алаң көлемі

1

Бизнес-инкубаторлардың атқаратын қызмет түрлері:

Қызмет сипаты

Қызмет түрлері

Қаржылық көмек көрсету бойынша кеңес

-мемлекеттікгрант және несие беру;

-коммерциялық несие алуға көмек;

-мемлекеттік сатып алу жүйесі;

-мемлекетпен келісім жасауға көмек;

-тәуекел мен сақтандыруды басқару;

-кәсіпорындардың салық жүйесі;

-өнім мен қызмет экспортын дамытуңа көмек.

Менеджмент бойынша көмек

-бизнес-жоспар құру;

-еңбек заңы бойынша кеңес беру;

-жарнама және маркетинг қызметтері бойынша көмек беру;

-кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу;

-кәсіпорынорналасу орнын таңдауға көмек беру;

-ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмек.

Жалпы сипаттағы қызметтер

-аудио-жәневидеоқондырғылар;

-пошта қызметі;

-көшірме жасау қызметі;

-секретарлық қызмет;

-канцелярия қызметі;

-мат.-техникалық жабдықтау қызметі бойынша көмек;

-факс, телекс.

Мамандық згешелігіне байланысты қызметтер

-заң бойынша кеңес;

-кәсіпорынды тіркеу қызметі;

-патент алуға көмек беру;

-бухгалтерлік есеп жүйесін құруға көмек;

-ақпараттық-есептеу қызметі;

-инвестициялық қорлармен жұмыс істеуде көмек.

Жеңілдік төлемдермен өндірістік алаңдар мен қондырғыларды беру

-конференц-залды пайдалану;

-асхана немесе кафетерия қызметі;

-транспортты жалға беру;

-жихаздар мен қондырғыларды жалға беру;

-кітапхана қорын бірге пайдалану.

Инкубатордың негізгі мақсаты – компанияларды дамыту. Көп жағдайларда бизнес-инкубаторлардың алдына әртүрлі мақсаттар қойылады – аймақ экономикасын жандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа технологияны енгізу, жоғары оқу орындарын коммерциялау т.б. Бірақ, бизнес-икубаторлардың негізгі мақсаты – өзін-өзі қаржыландыру негізінде табысты дамитын жаңа кәсіпорын ашуға көмек беру.

Бизнес-инкубатор қызметін пайдаланатын 2 типтегі тұтынушылар кездеседі: макродеңгейде -қоғам, микродеңгейде – жеке кәсіпорын-клиенттері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]