Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать
  1. Франчайзингтің сипаттамасы, негізгі элементтері

Франчайзингке сипаттама:

  • бір ұйымның (франчайзердің) сауда маркасына, фирмалық қызметіне, идеясына, рецептурасына, технологиясына, патентіне, немесе арнаулы қондырғысына, және беделіне, іскерлік байланыстарына және ноу-хауына құқық меншігі

  • басқарушы компанияның басқа тұлғаларға (франчайзи) сауда маркасын, фирмалық қызметін, идеясын, технологиясын, патентін немесе қондырғыларын, және имиджі мен ноу-хауын пайдалануға лицензиясын (франшиза) сату

  • келісім-шартта кәсіпорынның қызметін реттеу және бақылау құқығына лицензия сатуды енгізу арқылы франчайзер өз құқығын жүзеге асырады

  • лицензия (франшиза) сатып алушы кәсіпорын франчайзердің операторға беретін барлық қызметіне әртүрлі төлемдер

Франчайзингтің негізгі элементтері:

  • франчайзер мен франчайзи арасындағы брендті (бизнесті жүргізу стилі, жүйесі) сатып алу келісімі

  • белгілі сауда маркасы бар дамыған және табысты бизнестің болуы

  • франчайзер франчайзиді франчайзинг жүйесін басқаруда оқытып дайындайды

  • франчайзер мен франчайзи арасында тұрақты іскерлік қатынастар болады

  1. Франчайзинг обьектілер жүйесі

Барлық франчайзингтік операциялар қатысушылар-серіктерінің арасындағы келісімдері бойынша жүйеленеді.

Келісімдер төмендегідей құрылады:

  • өнеркәсіптік кәсіпорындар мен көтерме сауда кәсіпорындарының арасында (мысалы, «Кока-Кола», «Пепси-Кола» және «Швеппс»)

  • өндірушілер мен жеке сауда кәсіпорындарының арасында (мысалы, бензин өндіретін компаниялар мен май құю станцияларының арасында)

  • көтерме және жеке саудагерлер арасында (мысалы, аптека, супермаркет, автокосметика компаниясы)

  • жеке сауда кәсіпорындары арасында

  1. Табыстар құрылымы

Франчайзер табысының біршамасын максималды пайда табу мақсатында көптеген франчайзи сетін құрудан алады. Алғашқы кезеңде франчайзи зиян шегеді, өйткені франчайзи жүйесін құру көп қаражат құюды талап етеді. Франшиз орындарының көп болуы франчайзер табысының негізгі табыс көзі болып есептеледі.

Франчайзер табысы 2 жолмен құрылады:

  • алғашқы төлем

  • тұрақты мерзімдік төлемдер

Франчайзер табысының орташа деңгейі жобамен оператор-франчайзидің бизнесін бастауға қажетті барлық инвестиция көлемінің 5-10% мөлшерінде, ал инвестицияның жалпы көлемі қызмет түріне байланысты бірнеше мың доллардан 1 млн. долларға және одан да асуы мүмкін.

Потенциалды франчайзи өз қаражатының бір үлесін құюына дайын болуы қажет.

Франчайзер табысының біршамасы ағымдық төлемдер, яғни франчайзидің жалпы сату көлемінің 6-7% деңгейіндегі «роялти». Франчайзинг формаларының басым көпшілігінде жарнама мен маркетинг шығындары франчайзи үлесінен аударылады, жобамен барлық сату көлемінен 1.2-1.4% деңгейінде болады.

Франчайзи үшін франшиза сатып алуға қажетті қаражат көзін іздестіру негізгі қаржылық проблема болып есептеледі. Потенциалды франчайзи кем дегенде франшиза құнының 1/3 үлесін өз қаражатымен өтеуге дайын болуы қажет, ал қалған үлесі – несиелік қаражаттар арқылы (бизнес-жоспар) өтеледі.

5. Қазақстанда франчайзингтің дамуы

Қазақстан үшін франчайзинг – жаңа құбылыс болып есептеледі және бизнес жүйесінде қолдану ел экономикасына біршама әсерін тигізеді. Франчайзингті өз бизнесінде пайдаланғысы келген кәсіпкерлерге көмек ретінде тиісті заңдар қабылданды, аталған кәсіпкерлік түрімен айналысатын (Қазақстан Франчайзингінің Ассоциациясы - ҚФА) ұйым құрылды.

ҚФА Қазақстанда франчайзингті дамыту мақсатында, франчайзинг компанияларын және франчайзингті қолдайтын заңды тұлғаларды біріктіру мақсатында 2002 ж. құрылды.

ҚФА негізгі мақсаттары:

  • кәсіпкерлерді франчайзингке байланысты жедел ақпараттармен қамтамасыз ету

  • франшиза (франчайзердің сауда маркасын, бизнесті ұйымдастыру және жүргізу технологиясын пайдаланып жұмыс істеу құқығы, кеңес беру, маркетинг қызметі және т.б. бизнесті қолдаулар) іздестіруде кеңес және әдістемелік көмек беру

  • әртүрлі х/а және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ассоциация мүшелерінің құқығын және мүддесін қорғау

  • франчайзинг негізіне кәсіпкерлерді оқыту

  • франчайзинг арқылы республика шағын және орта бизнесінің дамуына әсер ету

ҚФА серіктеріне республикада франчайзингтің дамуын қолдайтын х/а ұйымдар, банклер, консалтингтік және т.б. ұйымдар жатады. Қазақстанда әйгілі франчайзингтік брендтер табысты дамуда - «1С», Америкалық Бар және Гриль, Патио Пицца, Хесбургер т.б.

Бүгінгі күні Қазақстан өнімдеріне франчайзинг дамымаған, бірақ, бірнеше мысалдар келтіруге болады. Франчайзинг жүйесінде тауық жұмыртқаларын, жұмыртқа ұнтақтарын және құс етін өндірумен, және комбикорм, қағаз өндірісімен айналысатын «Сеймар» инвестициялық-өнеркәсіптік компаниясы жұмыс істеуде. Қазіргі кезеңде «Алматы құс» және «Алматы Бройлер» ААҚ құс бірлестігінің құрамындағы барлық құс фабрикалары франчайзинг жүйесінде жұмыс істеуде, ал тауарлы франчайзинг «Сеймар» тобындағы барлық компаниялардың өнімдеріне тараған.

ҚФА 2003 ж. АТФ Банкімен бірлесіп шағын және орта бизнес аясын қамтитын ««Қазақстандағы Франчайзинг: франшиза сатып алуды қаржыландыру Бағдарламасы» жобасын бастады.

Франшиза алу төмендегідей кезеңдерде жүзеге асырылады:

  • франчайзи болғысы келген кәсіпкер ҚФА-нан франшиза түрлерәі және франчайзерлер туралы ақпараттар алады

  • кәсіпкер таңдаған қолайлы нұсқасына бизнес-жоспарын банкге экспертизаға өткізеді

  • несиеге банкінің келісімін алғаннан кейін ҚФА-ның қолдауымен франчайзингпен келіссөз жүргізеді

  • франчайзингпен келіскен жағдайда және тиісті құжаттарға қол қойылғаннан кейін франшизаны сатып алуға несие беріледі

Бизнес-жоспардың экспертизасы және кепілдік мүлікті бағалау тегін жүргізіледі.

АТФ Банк франшизаны, негізгі жіне айналым құрал-жабдықтарын сатып алуға несиені 7 жылға дейінгі мерзімге береді; жеңілдетілген несие беру және келісімнің нақтылы жағдайларына байланысты ыңғайлы төлемдер жүйесін құру қарастырылады.

Кепілдікке франшизаның өзі және франчайзинг жобасымен сатып алынатын жылжымайтын мүлік, қондырғылар т.б. ұзақ мерзімдегі активтер қойылады.

ҚР франчайзинг жүйесі бойынша бизнесті жүргізу заңдылықтары әлі де болса жеткіліксіз, аталған жүйе жалпы шағын және орта бизнеске арналған нормативті-құқықтық базасымен реттеледі, яғни «Кешендік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы», «Интеллектуалды меншікті қорғау туралы» заңдарымен және Азаматтық Кодекспен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]