Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать

Тақырып. Егістік шаруашылығы саласында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы

Сұрақтар:

  1. Егістік шаруашылығында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

  2. Өңдеу өнеркәсібін мемлекеттік қолдау

  3. Агроөнеркәсіп субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін дамытуды қолдау шаралары мен оларды қаржыландыру

  4. ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңының жүзеге асырылуы

  1. Егістік шаруашылығында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

А. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті ЖЖМ, гербицидтер және т.б. тауарлық-материалдық құндылықтарды субсидиялау арқылы басым а/ш дақылдарын ынталандыру.

ҚР Ауылшаруашылық министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидиялау жүйесін жетілдіру мақсатында бюджеттік қолдау жобасын ұсынған болатын. Бұл қолдау несие ресурстарына қол жетімділікті, астықты кепілді түрде тұрақты бағамен сатып алуды қамтамасыз етуге және техниканы жаңартуға арналған лизинг бағдарламаларын арзандатуға бағытталады.

Осы ұсыныстар ҚР Үкіметі шешімімен 2011 ж. мақұлданды.

Өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың басқа бағыттары:

  • отандық диқандарға сатылатын элиталық тұқымдардың құнын 40% арзандату,

  • фермерлер сатып алатын минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің құнын 50% дейін арзандату жеңілдіктері.

ЖЖМ, гербицидтерді т.б. тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға байланысты бюджеттік субсидиялар төлеу көлемі:

1) майлы дақылдардың 1 га егіс науқанының қорытындылары бойынша – 70%, сатылған немесе қайта өңдеу кәсіпорындарына өңдеуге өткізілген, не өзінің қайта өңдеу құрылымдарына өткізілген 1 тонна майлы тұқымға (қолда бар қайта өңдеу қуаттылықтарына сәйкес) –30%;

2) дәнді дақылдардың 1 га (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) егіс науқанының қорытындылары бойынша бюджеттік субсидиялардың базалық нормасына сәйкес – 100%.

3 - кесте - Ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 2010 жылға арналған бюджеттік субсидия нормалары

Дақылдар

1 га-ға бюджеттік субсидия нормасы, тг

1 т-ға

бюджеттік субсидия нормасы, тг

Аймақтық ғылыми негізделген, агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар

670

Дәнді дақылдар

350

Азықтық дақылдар

450

Майлы дақылдар

2282

1504

Картоп

2 420

4 - кесте - Сатып алынатын бір жылдық және көп жылдық қос жарнақты арамшөптерге қарсы гербицидтердің 1 кг-на бюджеттік субсидия нормалары

Гербицид түрлері

1 га-ға бюджеттік субсидия нормасы, тг

Дезормон эфир, 72% э.к. (2-этилгексилді эфир 2,4-Д)

263

Фенизан, с.с. (дикамба+хлорсульфурон)

990

Зингер, ж.ұ. (метсульфурон-метил, 600 г/л)

9075

Грейз, 60% с.ш.т. (метсульфурон-метил)

9450

Стриг, 72% с.с. (диметиламинді тұз 2,4-Д)

216

Диамин, 72% с.с. (диметиламинді тұз 2,4-Д)

180

Диален супер, 480, с.с. (диметиламинді тұз 2,4-Д)

446

Қара сұлыға қарсы гербицидтер:

Барс супер, 10% э.к. (феноксапропп-этил)

901

Овсюген экстра,э.к. (феноксапропп-пэтил+антидот)

1140

Клинч 100, 10% э.к. (феноксапропп-этил)

1080

Авецид супер, 12% э.к. (феноксапропп-этил)

810

Топик 080, э.к. (феноксапропп-этил)

1757,4

Тұтас әсер ететін гербицидтер:

Клиник, 36% с.с. (глифосат, 360 г/л)

271

Спрут, с.с. (глифосат,360 г/л)

270

Стирап, 45% с.с. (глифосат,450г/л)

337

Буран, 36% с.с. (глифосат, 360)

360

Ураган форте 500 с.с. (глифосат, 500 г/л)

400,5

Б. Тұқым шаруашылығын қолдау. Мемлекет жыл сайын элиталық тұқымның құнын 40% дейін арзандату және бірегей тұқым өндіруге қажетті шығынды 40% дейін өтеу арқылы тұқым шаруашылығы саласын қолдауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 297 қаулысымен Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілген.

Көрсетілген мақсаттарға 2011 ж. республикалық бюджеттен 2,4 млрд. тенге бөлінді, бұл 10,2 мың тоннаға дейінгі көлемде бірегей тұқымдарды өндіру шығындарын өтеуге, 72 мың тоннаға дейін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері сатып алған элиталық тұқымдардың және саны 2400 мың данаға дейін жеміс-жидек дақылдар көшеттерінің шығынын ішінара арзандатуға, сол сияқты жеміс-жидек дақылдарының аналық көпжылдық екпелерін 25,2 га алқапта отырғызуға және көрсетілген дақылдардың 19,4 га алқапта салынған аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге кететін шығындарды толық өтеуге мүмкіндік береді (5 – кесте).

5 - кесте - Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 т-на 2011 ж. арналған бюджеттік субсидиялардың нормативтері

Өнімнің түрі

Элиталық тұқымның 1 тоннасына бюджеттік субсидиялар нормативі, тг

Жұмсақ бидай

19330

Қатты бидай

20160

Қара бидай

19330

Арпа

15080

Сыра дайындауға арналған арпа

15900

Сұлы

15080

Тары

18400

Қарақұмық

21120

Жүгері: кеш пісетін, орташа-кеш және орташа пісетін бірінші ұрпағының будандары;

103600

ерте пісетін бірінші ұрпағының будандары

67200

Күнбағыс: элиталық тұқымдар;

168000

бірінші ұрпағының будандары

140000

Рапс

78080

Басқа майлы дақылдар

42744

Картоп

40000

Көкөніс

420000

Көп жылдық шөптер: бұршақты

170000

Дәнді

65584

Біржылдық шөптер

30000

Қант қызылшасы

1500000

6 - кесте – Зауыттар сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне) арналған субсидиялар нормативтерi

Өнiмнiң түрi

Сатылған тыңайтқыштардың 1 т-на /литрiне арналған субсидиялар нормативi, тг

Аммиак селитрасы (N-34,4)

21 750

Аммофос (N-10; P-46)

35 000

«Б» маркалы МЭРС

17 500

Аммоний сульфаты (N-21)

4 500

Жай суперфосфат (Р-19)

18 250

Сульфоаммофос P-20; N-20; S-40

27 500

7 - кесте - АШТӨ өнiм берушiден сатып алған тыңайтқыштардың 1 т-на арналған субсидиялар нормативтерi

Өнiмнiң түрi

АШТӨ сатып алған тыңайтқыштарды 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативi, теңге

Карбамид

23 000

Нитроаммофоска

33 000

Нитроаммофоска

35 000

Нитроаммофоска

37 000

Аммоний сульфаты

4 500

Калий сульфаты

50 000

Хлорлы калий

25 000

Хлорлы калий

  1. 00

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]