Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать

4. Қазақстанның аграрлық секторында лизингтің дамуы

Соңғы он жылдықта лизингтiк қарыз портфелінің жылдық орташа жоғарлауы 60% құрайды. Бұл нәтиженiң маңызды алғышарттарының бірі «базаның төмендігі» болып табылады. Қазіргі кезде, ағымдағы портфельдiң көлемi 1400 миллион доллар, сонымен қатар он жылдық нарықтың дамуына ҰЖТ шамамен 1,5% құрауы жоғары дәрежеге жетуінің көрсеткіші болып табылады.

Жүзеге асырылған мәміле көлемі пропорционалды жоғарылаған, 2009 жылы 600 млн доллардан асты.

Зерттеу барысында, лизингтік компаниялардың бірлескен портфелінің жоғары үлесін ауыл шаруашылығы (80%) саласы алады, сонымен қатар бұл сала басқа салалармен салыстырғанда жүзеге асырылған мәмілелердің көлемі мен соммалары бойынша әлдеқайда алда.

Екiншi орынды темiр жол техникасы алып жатыр, себебі техника паркін жаңарту қажеттілігі туындады.

Қалған мәмілелер өнеркәсiптiк жабдықпен (көбiнесе тау-кен өндiрумен), ғимараттар және құрылыстармен (2008 жылы үлесі 2, 36% құрады), құрылыс техникасы және автокөлiкпен (1,5%) байланысты болып тең үлеске ие болады.

Қазақстан нарығындағы лизинг портфелiнiң көлемi бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ жетекшi орынды алады. Жаңа бизнес көлемінің 18, 5% (кесте 6) азаюына қарамастан, 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда компания өзінің портфелін 9% (кесте 5) жоғарлады. Эксперт РА Рейтингілік Агенттігінің зерттеулері бойынша мемлекеттік лизинг нарығындағы жетекші компанияның үлесі 31% құрайды. Портфелдiң көлемі бойынша 19% үлесімен екiншi орынды «Астана-Қаржы» лизинг компаниясы алады. 2010 жылдың қорытындылары бойынша компанияның портфелі 28,5% үлкейдi. 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда жаңа бизнестің көлемі екі есеге азайды, себебі компания алдымен өз портфелінің мәселелерін шешуде.

Портфельдің көлемі бойынша үшінші орынды «БРК-Лизинг» АҚ алады, өткен жылдың нәтижелері бойынша бірлескен портфельдің мәмілелері 12,6% жоғарлады, ал компаниялардың жаңа бизнесі 83% кеміді.«БРК-Лизинг» АҚ-да басқа компанияларға қарағанда мәмілені қаржыландыру тәжірибесі көбінесе қолданады, (2010 жылдың соңындағы портфелімен салыстырғанда, 2010 жылдың басында портфель көлемінің соммасы жаңа бизнес көлемімен бірге жыл бойынша азайды, осыған қарамастан)нәтижесінде портфельдің деңгейі жоғарлады. 2011 жылдың 1 шілдесінде «БРК-Лизинг» АҚ-ның жаңа бизнес көлемінің ұлғаюы, динамиканың жақсы дамуы туралы хабарлайды – алты ай қорытындылары бойынша 3 млрд теңгеге жаңа мәмілелер жүзеге асырылды, өткен жылмен салыстырғанда мәмілелердің соммалары 2 есеге жоғарлады. «БРК-Лизинг» АҚ нарықта 10% үлесін алады.

Рэнтингтегі келесі компания «Райффайзен Лизинг Казахстан» ЖШС болып табылады, бұл компанияның портфель көлемі 11,6 млрд теңгені құрайды. 2010 жылдың қорытындылары бойынша қарыз портфелі 23,4%-ға жоғарлады, сонымен қатар жаңа мәмілелердің көлемі 42,5% кеміді. 2011 жылдың бірінші жартысында жаңа бизнестің көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда жоғарлады. Отандық нарықта шетел компанияларының үлесі 5,3% құрайды.

«Халык-Лизинг» АҚ-ның портфель көлемі басқа компанияларға қарағанда аз, бірақ 2009 жылдың мәліметтері жоқ болғандықтан компанияның даму динамикасын талдау өте қиын болып табылады.

Сонымен қатар, жаңа бизнестің көлемі 2010 жылы орташа нарықтық тенденциясының кемуін көруге болады. Бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша компанияда жаңа мәмілелердің жүзеге асырылуы жоғары қарқынды көрсетеді, алты айдын қорытындылары бойынша компанияның портфелі 11,7% кеміді және 8 820 млрд тенгені құрады. «Халык-Лизинг» АҚ нарықтың 4% үлесін алады.

Рэнтингті «Центр Лизинг» ЖШС нарықтағы 1% үлесімен қорытындылайды. 2010 жылдың қорытындылары бойынша компания портфелінің көлемі 17% төмендеді, жаңа бизнес көлемінің көрсеткіші жалпы 91% кеміген, сонымен қатар бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша көрсеткіштің жоғарлауы белгіленді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]