Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать

5. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының лизинг жағдайын талдау

«ҚазАгроҚаржы» Акционерлік қоғамы 1999 ж. құрылды.

Компания келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. АӨК лизингтік қызмет көрсету;

  2. АӨК субъектілерін несиелендіру, қаржылық және басқа да қызметтер көрсету;

  3. республиканың бюджеттік және АӨК дамытуға бағытталған басқа да бағдарламаларын іске асыруға қатысу.

Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 10 филиалы мен 3 өкілдіктері орналасқан (кесте 7).

2010-2011 жж. ішінде жалпы сомасы 18,9 млрд. теңгеге 21 жоба қаржыландырылған және 7,8 млрд. теңгеге 13 жоба мақұлданған.

Қаржы лизингі компанияның күшімен өндірістің негізгі құралдарын жаңарту және қаржы құрылымдары арасында танымал және белгілі болды. Осы жылдар ішінде АӨК 1 млрд. астам АҚШ долларын инвестициялады. Бұл компанияның тұрақты көзқарасымен дәлелденеді, мұны лизингілік қызмет нарығындағы алатын 40,0% дерлік үлесі куәландырады, ал АӨКгі лизинг нарығындағы компанияның үлесі 95,9%-ға басым болып отыр.

Жасалған талдауға сәйкес 2011 жылы лизингілік қызмет нарығының басым көпшілігін «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен «Астана-Қаржы» лизингілік компаниясы» АҚ - 33 482,6 млн. теңге (38,9%) және 28 436,4 млн.теңге (33,1%) лизингілік қоржын көлемдерімен өзара бөлісіп алған.

Олардың ең басты бәсекелестері «Қазақстанның Даму Банкі» компаниясының үлесі – 19 276,9 млн. теңге, лизингілік қоржынның жалпы көлемі 22,4% құрайды.

2010 жылы лизингілік қызметпен айналысқан қаржы ұйымдарының көпшілігі экономикалық дағдарысқа байланысты қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болды.

Агроөнеркәсіптік кешенде 2011 жылы лизингілік операцияларды «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен қатар, «Астана-Қаржы» лизингілік компания» АҚ да жүзеге асырған.

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы лизингілік қызмет көлемі 34 899,3 млн. теңге құрғанда, «ҚазАгроҚаржы» АҚ үлесі 95,9% құрады.

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілерін қолдау шеңберінде 2011 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ 36 427,9 млн. теңгеге 1 363 бірлік а/ш техникаларын сатып алу қаржыландырылды,

  • оның ішінде: 375 трактор,

  • 690 астық жинауыш комбайн,

  • 111 сепкіш және 187 басқа да ауыл шаруашылығы техникалары.

Сондай-ақ,

  • жалпы сомасы 1 242,9 млн. теңгеге 59 арнаулы техникалар

  • жалпы сомасы 692,1 млн. теңгеге 8 бірлік а/ш өнімдерін қайта өңдеу жабдықтары сатып алынды.

Аймақтарға техниканың айтарлықтай көлемде жеткізілгені туралы келесі жайт айтады: «ҚазАгроҚаржы» АҚ сатып алған егіс кешендерімен шамамен 2,01 млн. га алаңға егіс себілді, бұл ҚР жалпы егіс алаңының (21,4 млн. га) шамамен 10% құрайды. Ал енді «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның комбайндарымен 6,5 млн. гектар алаңнан астық жиналды, бұл ҚР жалпы астық жинау алаңының 31% құрайды.

2010 жылдың басынан бастап аталмыш бағдарлама бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ 14 жобаны қаржыландыра бастаған.

9 - кесте - «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыру жобалары

Атауы

Құны, млн. теңге

Өндірістік қуат, т

Жабдық жеткізушісі

Жылыжай кешендері

«Green Technology» ЖШС, Қарағанды облысы

979,1

1 700

«Агросивгаз» ЖШС Ресей

«Қазақстан жылыжай технологиялары» ЖШС, Ақмола облысы

1 049,1

1 800

Көкөніс қоймалары

«Иртыш-ТАНур плюс» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы

139,5

Mas Agro, Нидерланды

Ауыл шаруышылығы техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру

«СемАЗ» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы

1 215,1

300

Тамшылатып суару технологиясын қолданумен жеміс-көкөніс дақылдарын өндіру

«Атырау Агро Өнімдері» ШҚ, Атырау облысы

148,2

2 460

ILMARK, Израиль

«Көгерсін» ЖШС

Көкөніс қоймаларын қаржыландыру: «Иртыш-ТАНур плюс» ЖШС - Шығыс Қазақстан облысында құны 139,5 млн. теңгеге 3000 тонна картоп сақтауға арналған көкөніс қоймасын құру. Ауыл шаруышылығы техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыруды қаржыландыру: «СемАЗ» ЖШС – Шығыс Қазақстан облысында құны 1 215,1 млн. теңге «Беларус» тракторларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру. Өндірістік қуаты: 2009 жылы – 300 бірлік техникадан бастап, 2016 жылы – 875 бірлік техникаға дейін. Бұл ретте шамамен 114 жаңа жұмыс орны құрылады.

Тамшылатып суару технологиясын қолданумен жеміс-көкөніс дақылдарын өндіруді қаржыландыру: жеміс-көкөніс кластерін дамыту шеңберінде Компания 2009 жылы Атырау облысында құны 148,2 млн. теңге «Атырау Агро Өнімдері» ШҚ 39 га жерге тамшылатып суару технологиясымен жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру бойынша жобасын қаржыландыра бастаған. Аталмыш жоба бойынша ILMARK (Израиль) компаниясынан тамшылатып суару жүйесі және «Көгерсін» ЖШС компаниясынан тамшылатқыш түтіктер сатылып алынды. Жобалық қуаты – жылына 2 460 тонна жеміс-көкөніс дақылдары.

Мәліметтер бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаржылық лизинг бойынша орналастырылған ақша қаражаттарының көп бөлігі Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі.

Бұған облыстардағы ауыл шаруашылығының дамуы дәлел.

Жалпы алғанда, 2011 жылы қаржылық лизинг бойынша орналастырылған ақша қаражаттарының көлемі 6154,8 млн. теңгеге немесе 18,3%-ға төмендеген.

2011 жылы Ақмола облысында 2574,1 млн. теңге немесе 2,1%-ға кем келісім-шарт жасалса, Солтүстік Қазақстан облысында 1684,9 млн. теңгеге немесе 0,4%-ға кем келісім шарт жасалған.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2011 жылы республиканың жалпы агроөнеркәсіптік кешеніне 30,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция жұмсады, оның 17,7 млрд. теңгесі – Ұлттық қор қаражатынан.

Осылай, Ұлттық қордан бөлінетін қаражат шеңберінде:

- өндірістік қуаты 30 мың бірлік әр түрлі ауыл шаруашылығы техника түрлерін құрастыратын екі өндірісті;

- сүт өнімділігі 73 мың тоннаға дейін баратын 9 тауарлы-сүт фермасын;

- өндірістік қуаты 30 мың тонна ет өндіретін 6 құс фабрикасын;

- жалпы өнімділігі 36 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін 60 га астам алаңға арналған жылыжай кешендерін;

- көкөніс сақтау сыйымдылығы 75 мың тоннадан астам көкөніс қоймаларының желісін құру үшін инвестиция бөлінді.

Аталмыш бағыттарды қаржыландыру кейін импортқа тәуелділік деңгейін және шеттен әкелінетін өнім тапшылығын біртіндеп, атап айтқанда: қаймағы алынбаған сүтті 15,4%-ға, құс етін 20%-ға, жеміс-көкөніс өнімдерін 24,2%-ға, сақтауға арналған сыйымдылық тапшылығын 23%-ға азайтуға, сонымен қатар 2000 аса жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізді.

Облыстың материалды-техникалық базасын талдағанда, оның жағдайы қанағаттандырылмағаны жайлы айтуға болады. Лизинг ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мәселерін шешу құралы болып табылады (кесте 16).

Ақмола облысында а/ш техникасын көбінесе лизинг формасында алады.

Ақмола облысы бойынша а/ш кәсіпорындарын қалыптастырудың саны 2011 жылдың басына 1 298 бірлікті, ауыл (фермер) шаруалықтары – 6 125 бірлікті, халық қаруашылығы – 154 110 бірлікті құрайды.

Қоғамның қаржы қызметтерiнiң тұтынушылары болып а/ш кәсiпорындары және ауыл (фермер) шаруалықтары, сонымен қатар а/ш өнiмдерін қайта өңдейтін кәсiпорындары табылады.

Жасасқан шарттардың саны 2001 жылы 68 бірліктен 2011 жылы 6 051 бірлікке дейін, немесе 48,1 есе өсті.

2003-2011 жылдары Қоғаммен 137,1 млрд. теңге жалпы сомасында әр түрлі а/ш және арнайы техникалардың 16 125 бірліктерін сатып алу қаржыландырылды, оның ішінде:

  • 29,3 млрд. теңге сомасында егістік кешендердің 737 бірлігі;

  • 65,2 млрд. теңге сомасында комбайндардың 5 791 бірлігі;

  • 14,5 млрд. теңге сомасында тракторлардың 4 317 бірлігі;

  • 1,0 млрд. теңге сомасында сепкіштердің 1 243 бірлігі;

  • 16,2 млрд. теңге сомасында басқа да техникалардың 3 958 бірлігі.

Одан басқа, а/ш өнеркәсібі кешенінің (АӨК) субъектілерін қолдаудың аясында 2005 жылдан бастап 2010 жылдар кезеңінде Қоғаммен республиканың әр түрлі өңірлерінде 10,9 млрд. теңге жалпы сомасында а/ш өнімдерін қайта өңдеу бойынша 79 бірліктерді сатып алу қаржыландырылған болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]