Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать
  1. Өңдеу өнеркәсібін мемлекеттік қолдау

Республикалық бюджеттен субсидиялар бiр қарыз алушының (лизинг алушының) негiзгi құралдарды сатып алуға субсидия алуға ұсынатын кредиттерiнiң (қарыздарының) жалпы сомасы 1500 млн. теңгеден, айналым қаражатын толықтыруға 1000 млн. теңгеден, бұрын берiлген шығындарды қайта қаржыландыруға 1500 млн. теңгеден аспайтын шартта меншiктi және/немесе тартылған қаражаты есебiнен қаржы институттары беретiн кредит (қарыз, лизинг) бойынша сыйақы ставкасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде берiледi, бұл ретте шектi пайыздық ставка жылдық 20 пайыздан аспауы тиiс.

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу кәсiпорындарына берiлетiн сыйақы ставкасын субсидиялау:

1) дайын өнiмдi қайта өңдеу және өндiру, атап айтқанда, еттi қайта өңдеу, құс етiн және жұмыртқа өндiру; сүттi қайта өңдеу; жемiстердi, жидектердi, кекөнiстердi қайта өңдеу және жемiс-көкөнiс консервiлерiн, балалар тағамын өндiру; былғары шикiзатын және жүндi қайта өңдеу; дәндi дақылдарды қайта өңдеу; шиттi мақтаны қайта өңдеу; балық және балық өнiмдерiн қайта өңдеу; нан және нан-тоқаш өнiмдерiн, май-тоң май өнiмдерiн, құрама жемдi, ақ қантты, кондитерлiк өнiмдердi өндiру үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатып алуға арналған кредиттер (қарыздар) бойынша;

2) ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеу және тамақ өнiмдерiн өндiру бойынша технологиялық құралдар, сондай-ақ жабдықтарға арналған құрамдауыш бұйымдар мен қосалқы бөлшектердi сатып алуға арналған кредиттер (лизинг) бойынша жүргiзiледi;

3) бұрынғы шығындарды қайта қаржыландыруға арналған кредиттер бойынша жүргiзiледi.

4. Мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау

Ірі қара малды азықтандырумен айналысатын тауар өндірушілерге 1-деңгейдегі субсидия төменгі жағдайларда беріледі:

1) инфрақұрылымы дамыған және 3000 басты бір уақытта бордақылау қуаттылығы бар ірі қара малды бордақылауға арналған арнайы алаңы болуға тиісті (1 басқа 15 шаршы метрден кем емес алаңында малды ұстауға арналған ашық қашалар, 3 метрден кем емес кеңдігімен бетон белдемшесімен мал азығын беруге арналған науалар, 1 басқа арналған 50 литрден кем емес есеппен жылытқышы бар автоматтандырылған мал суару көзін қамтамасыз ету, лай мен қи суын жою үшін еңістің бір бұрышымен тоғаны бар кәріз жүйесі), азық дайындайтын және азық тарататын техниканың қажетті саны, бекіткіші бар үгіткіштің, таразы қондырғысының, ветеринариялық пункттің, мал азығына арналған қойманың бар болуы қажет;

2) ІҚМ-ң тірідей салмағы (союға өткізгенде) 450 кг. кем болмауы қажет;

3) ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

4) ҚР-ның бірыңғай сәйкестік мәліметтер қорында малдарды тіркеу мен сәйкестік нөмірі бар болуы керек.

2-деңгей – инфрақұрылымы дамыған және 3000 басты бір уақытта бордақылау қуаттылығы бар ірі қара малды бордақылауға арналған арнайы алаңы бар; ірі қара малдың тірідей салмағы 400 кг. кем болмауы қажет.

3-деңгей – 2011 жылғы 1 наурыздағы мал басы 300 бастан кем болмауы, тірідей салмағы 370 кг. кем болмауға тиіс (8 - кесте).

8 - кесте - Өз өндірісінен сатылған мал шаруашылығы өнімінің 1 килограмына, 1 данасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі

Өнімнің түрі

Норматив, тг

Сиыр еті - І деңгей

құрама жем

175

Сиыр еті - ІІ деңгей

құрама жем

150

Сиыр еті - ІІ деңгей

құнарлы азық

120

Сиыр еті - ІІІ деңгей

құрама жем

100

Сиыр еті - ІІІ деңгей

құнарлы азық

80

Шошқа еті

98

Құс еті - І деңгей

35

Құс еті - ІІ деңгей

20

Жұмыртқа - І деңгей

2

Жұмыртқа - ІІ деңгей

1

9 - кесте - Өз өндірісінен сатылған өнімнің 1 килограмына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі

Өнімнің түрі

Өзіндік құны,

тг

Арзандату нормативі, %

Субсидия нормативі, тг

Сүт - І деңгей

68

36,7

25

Сүт - ІІ деңгей

47

32

15

Сүт - ІІ деңгей

47

21,3

10

Жүн (биязы)

360

29,2

105

Қой еті

420

11,9

50

Жылқы еті

460

20

92

Қымыз

345

17,4

60

Шұбат

341

16,1

55

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]