Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать
  1. Лизинг формалары және түрлері

Көп жағдайларда «лизинг» түсінігін машина, қондырғыларды т.б. жалға, яғни ұзақ мерзімге жалға беру деп көрсетеді. Шетелдер тәжірибесінде жалға берудің үш түрі қарастырылады:

  1. Қысқа мерзімге жалға беру - рентинг, яғни бірнеше сағаттан 1 жылға дейін

  2. Орташа мерзімге жалға беру – жедел, яғни 1 жылдан 3 жылға дейін

  3. Ұзақ мерзімге жалға беру – 3 жылдан ұзақ мерзімге.

Лизингтің жіктелуі.

Қатысушылар құрамына байланысты:

  • тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);

  • жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырады.

Тура лизингктің жиі кездесетін түрі – қайтымды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға береді.

Мүлік типіне байланысты:

  • жылжымалы мүлік лизингі;

  • жылжымайтын мүлік лизингі;

  • бұрын пайдаланылған мүлік лизингі;

Нарық секторына байланысты:

-ішкі лизинг (бір елдің ішінде)

-халықаралық лизинг (экспортты және импортты)

Өтеу деңгейіне байланысты:

  • бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;

  • толық өтелмейтін лизинг.

Амортизация шартына байланысты:

  • толық амортизациясы және лизинг объектісінің құны толық өтелетін лизинг;

  • амортизациясы және лизинг объектісінің құны толық өтелмейтін лизинг.

Лизингтік төлемдер сипатына байланысты:

  • ақша төлемімен жүргізілетін лизинг– барлық төлемдер ақша нысанында жүргізіледі;

  • компенсациялық төлеммен жүргізілетін лизинг – төлем аталған жабдықты өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүзеге асырылады;

  • аралас төлемді лизинг.

Лизингтің аталған нысандарын екі негізгі түрге біріктіруге болады, бұл жедел және қаржылық лизинг.

Жедел лизинг – көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен т.б. техникаларды нормативті мерзімнен қысқа мерзімге жалға беру, яғни лизингке беруші оларды бірнеше рет қысқа мерзімге жалға береді. Бірақ, мүліктің толық құнын қалпына келтіру және сұраныстың болмау тәуекелдері жоғары болады.

Қаржылық лизинг – сатып алған мүлікті нормативті мерзімге және амортизациясының толық өтелу мерзіміне уақытша пайдалануға беру. Нәтижесінде лизингке беруші мүліктің толық құнын қайтарып алады және лизингтік келісімнен пайда табады.

Лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен анықталады:

ЛТ=АА+НТ+КС+ҚТ+ҚҚС, (1)

ЛТ- лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;

КС – лизингтік келісім-шарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық сыйақы;

ҚТ – көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;

ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизинг алушы төлейтін қосымша құнға салық.

3. Лизингтік қатынастарды нормативті-құқықтық реттеу

Лизингті ұсыну тәртібі:

  1. Жалға алушы мен жалға беруші арасында келісім-шарт жасалады

  2. Жалға беруші, яғни мамандандырылған лизингтік компания банктен алған несие ақшасына өндірушіден тауар (техника т.б.) сатып алады.

  3. Лизингтік компания тауарды өз меншігіне алады және оны жал төлемін алу үшін пайдалануға береді, бұл кезде тауар жеткізуді тауар өндіруші жүзеге асырады.

  4. Жал төлемі түскеннен кейін лизингтік компания банкке несиені қайтарады.

  5. Жалға алушы тауарды тапсырыс берушіге жөнелтеді.

  6. Егер жаңа емес жабдық алынса, онда оның реновациясы жалға алушы есебінен төленіп, мамандандырылған фирмаларда жүзеге асырылады.

Лизингтің обьектілері:

  • ғимаратттар

  • қондырғылар

  • машиналар

  • тасымал құралдары

  • жер телімдері т.б. жылжымалы және жылжымайтын мүліктер

Лизинг нарығының субьектілері:

  • лизинг обьектісін алушы

  • лизинг обьектісін беруші

  • лизинг обьектісін сатушы (жабдықтаушы-өндіруші)

  • инвестор

Мүлікті лизингке алушы - лизинг келісім шарты негізінде мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға алып кәсіпкерлікпен айналысушы; лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг объектісін белгілі бір төлемге, белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттарда уақытша басқаруды және лизинг келісім-шарты бойынша пайдалануды қабылдауға міндетті жеке немесе заңды тұлға.

Мүлікті лизингке беруші – мүлік иесі, яғни уақытша пайдалануға беру мақсатында әдейі сатып алып лизингтік қызметпен айналысушы, яғни келісім шарт негізінде лизингке беруші; лизингтік мәміле кезінде тартылған немесе өз ақша қаражаттарының есебінен өз меншігіне мүлікті иемденетін жеке немесе заңды тұлға. Сол мүлікті лизинг объектісі ретінде белгілі бір төлемге, белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттарда уақытша басқаруды ұсынады. Жалдау мерзімінің соңында лизинг объектісін иелену құқығы лизинг алушыға өтуі немесе өтпеуі мүмкін.

Лизинг беруші ролін банклер және т.б. несиелік мекемелер, Жарғысында лизингтік қызмет қарастырылған, лицензиясы және жеткілікті қаражаты бар кез келген фирма да атқара алады.

Мүлікті сатушы (жабдықтаушы-өндіруші) – лизинг обьектісі болатын мүлікті сатушы, лизинг берушімен ол мүлікті сатып алу-сату келісім шартын жасаушы. Сатушы ролін көбінесе машина, қондырғылар өндіретін кәсіпорындар, зауыттар атқарады және олар үшін лизингтік қызмет өнімдерін өткізуге қосымша нарық болып есептеледі; лизинг берушімен жасалатын сату-сатып алу келісім-шартына сәйкес лизинг объектісі болып табылатын, өзі шығаратын мүлікті келісілген мерзімде лизинг берушіге сататын жеке немесе заңды тұлға.

Инвестор – лизингтік келісімді қаржыландырушы (банктер, инвестқорлар, сақтандыру компаниялары).

Лизинг объектісін берушілер үшін артықшылықтары:

  • лизингтің көмегімен сату арналарын ұлғайту мүмкіндіктері;

  • лизинг - тұтынушы мен сатып алушы үшін бәсекелестік күресте жеңісті қамтамасыз ететін тәсілдердің бірі;

  • дайын өнімдер қорын азайту жолы және капитал айналымын жылдамдатудың мүмкіндігі;

  • лизинг арқылы өндіріске инвестор ретінде ақша қаражаттарын салу.

Лизингтік келісіміге қатысушылардың тағы бір тобы – лизинг алушылар. Олар үшін тиімділік неғұрлым сезімтал болуы қажет, ондай болмаған жағдайда лизинг процесі өзінің тартымдылығын жоғалтады.

Ондай тиімділіктер төмендегідей:

  • мүлік лизинг берушінің балансында болғандықтан лизинг алушы мүлікке салынатын салықтан босатылады. Лизинг объектісіне жеделдетілген амортизацияның пайдаланылуы оған өндірісті жедел түрде жаңартуға, қайта құруға мүмкіндіктер береді;

  • сыртқы көздер есебінен ірі қаржылық ресурстарды жинақтамай-ақ лизинг жаңа өндірісті ұйымдастыруға көмектеседі. Сонымен бірге, лизингтік төлемдер лизинг объектісі пайдаланудан түскен табыстар есебінен төленетіндігін және лизингке алынған құрылғылар есебінен өндірілген тауарлардың іске асыру мүмкіндіктерін ескеру қажет;

  • маусымдық және күтпеген өндірістік мәселелерді шешудің жеделдігі;

  • келісімді қамтамасыз етудің тиімділігі. Себебі, лизингтік мүлік кепіл ретінде алынатын болғандықтан несие алғаннан гөрі, лизинг бойынша мүліктерді алу ыңғайлы;

  • кіші және орта фирмалар үшін лизинг қаржыландыру мүмкіндігінің жалғыз әдісі;

  • лизинг алушы үшін мүліктердің табиғи және моральдық тозу тәуекелділіктерінің азаюы. Мұндай тәуекелділіктер уақытша пайдалануға алынатын болғандықтан лизинг берушіге өтеді.

Лизингтік операциялар кезінде салық салудың екі ерекшелігі бар: қаржылық лизинг кезінде салықты лизинг алушы төлейді, ал операциялық лизинг жағдайында салықты жалға беруші төлейді, сөйтіп лизинг алушы салық жеңілдіктерін алады.

Лизингтің кеңінен таралуының басты себебіоның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Яғни, лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді).

Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар, жер учаскілері және басқа да тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресустар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде ақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқығы беріледі.

Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несие-жал» (фр.«credit-pail») деп атайды.

Лизинг мәміле негізін келесілер құрайды:

  • мәміле объектісі;

  • мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары);

  • лизингтік келісім мерзімі(лизингтік кезеңі);

  • лизингтік төлемдер;

  • лизинг бойынша ұсынылатын қызметтер.

Төлемдер кезеңдеріне қарай түрлері:

  • кезеңдік төлемдер – лизингтік келісімге қатысушы, тараптар келісімімен жасалған кесте бойынша төленетін жылдық, тоқсандық, айлық төлемдер;

  • бір мерзімдік төлемдер – егер келісімінде лизинг берушіге аванс төлеу қарастырылса, кезеңдік төлемдермен қатар қолданылады.

Лизинг алушының қаржылық жағдайы мен төлем мүмкіндіктерін ескере отырып, мәміледе лизингтік төлемдерді төлеу тәсілдері көрсетілуі мүмкін:

  • бірдей үлестермен – бір қалыпты түзу сызықты төлемдер;

  • қарқынды өлшемдермен (прогрессивтік төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде лизингті пайдаланушыға лизингтік төлемді аз жарналармен енгізген ыңғайлы, ал содан соң жабдықты меңгеру және онда өндірілетін өнім қарқынын арттыруға байланысты төлемді ұлғайтатын, негізінен қаржылық жағдайы тұрақсыз лизинг алушыларға қолданылатын төлем;

  • азаймалы өлшемдермен (жеделдетілген, регрессивті төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде пайдаланушы лизинг берушіге өз берешегінің көп бөлігін өтеуді көздейтін, қаржылық жағдайы тұрақты лизинг алушылар қолданатын төлемдер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]