Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать

3. Бизнес-инкубатордың шығындары және қаржыландыру

көздері

Бизнес-инкубаторды қаржыландыру негізінен спонсорлардың инвестиция құюы арқылы, кәсіпорын-клиенттерінің жал төлемдері, қызмет көрсету төлемдері, кәсіпорынды құру және басқару көмегіне төлемдер үлесінен жүзеге асырылады (2 кесте).

11.3 кесте

Бизнес-инкубатордың шығындары және қаржыландыру көздері

Бизнес-инкубаторды қаржыландыру көздері

Бизнес-инкубатордың шығындары

Спонсорлардың қаржылық көмегі және инвестициясы

Күрделі шығындар (қондырғыларды, оргтехниканы сатып алу)

Кәсіпорындардың жал төлемі

Ғимараттар мен қондырғыларды пайдалануда клиенттердің амортизация төлемдері

Бизнес қызметтеріне төлемдер

Бизнес- инкубатор қызметкерлерінің еңбекақысы

Кәсіпорынды құру мен басқару көмектеріне төлемдер

Жалпы және басқару шығындары, о.і. маркетинг шығындары

Бизнес-инкубатордың негізгі шығындарына күрделі қаражаттары, жалпы және басқару шығындары, оның ішінде маркетинг шығындары жатады.

Бизнес-инкубаторлардың қатарында университет және басқа ғылыми-зерттеу орындарының негізінде құрылған инкубаторлардың алатын орны ерекше, яғни олардың негізгі мақсаты – ғылыми зерттеулердің нәтижесінде жасалған жаңа технологиялар мен өнімдер өндірісін дамыту арқылы ғылыми-зерттеулерді коммерциялау мүмкіндіктерін іздестіру. Мұндай типтегі алғашқы бизнес-инкубаторлар мысалына “Филадельфия УниверситетініңҒылыми орталығын” (АҚШ), ал ТМД елдерінде – Зеленоград Ғылыми-техникалық орталығын (Ресей) атауға болады.

Бизнес-инкубаторлардың кәсіпорын-клиенттері дамудың 4 кезеңінен өтеді:

  • 1 кезеңде – жобаларының жаңалығына, есесінің қайтарымдылығына байланысты іріктеуден өтеді;

  • 2 кезеңде – инкубатордан қызмет түрлерін алу басталады, оның ішінде кеңес беру, техникалық, қаржылық т.б. қызмет түрлері;

  • 3 кезеңде – фирманың қалыптасу және өсу кезеңінде – жұмыскерлер саны 2-3 адамнан 10-15 адамға дейін көбейеді;

  • 4 кезеңде фирма қажетті потенциалын жинақтап, бизнес-инкубатор қарамағынан шығады, оның орнына жаңа фирма-клиенттер келеді. .

Кез келген университет өз базасы негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарынның нәтижелерін өндіріске енгізу мақсатында бизнес-инкубатор құра алады.

Қорыта келгенде, аймақтық экономиканың дамуына бизнес-инкубаторлар екі жүйеде үлес қосады:

1) жаңа жұмыс орындарын құрады;

2) өнім және қызмет өндірісін ұлайту арқылы экономикалық қарқынды қамтамасыз етеді.

4. Технопарктер

Жахандық тәжрибе ҰИЖ-нің бастаушы звеносына технопарктерді жатқызады.

Технопарк – шағын кәсіпкерлікке және нарықта инновациялық өнімді өндіруді игеру, өткізу ортасын құру мақсатында ғылым және ғылыми қызмет аясында құрылатын дербес ұйымдастыру құрылымы.

Технопарктердің негізгі мақсаттары:

  1. ғылыми жетістіктерді және жаңалықтарды технологияға ауыстыру (ғылым жетістіктерін өндірісте қолдану)

  2. технологияны коммерциялық өнімге айналдыру

  3. шағын кәсіпкерлік арқылы жаңа өнімнің жаппай өндірісн қалыптастыру

  4. ғылым жетістіктерімен байланысты бизнеске қолдау көрсету т.б.

Технопарктердің мамандандыру бағыттары:

Парк түрлері

Қызмет бағыты

Қаржыландыру көздері

Зерттеу

Аяқталған фундаменталды зерттеулерді қабылдайды

Жаңа идея жобаларын құрады

Зерттеуді өндірісте қолдануға дейін жеткізеді

Мемлекеттік қолдау

Ғылыми-технология-лық

Жаңа технологияларды жобалайды

Өнімнің тәжрибелік партиясын дайындайды

Техникалық құжаттарын тираждайды

Бизнеске мемл. және қаржылық қолдау

Технология-лық

Өндіріс технологиясын дайындайды

Дайн өнімді ноу-хауымен бірге өткізеді

Өнімді аз көлемде өндіреді

Өнімнің сериялық өндірісіне қатысады

Рентабельді қызмет, бірақ бизнесі қаржылық қолдауды қажет етеді

Өнеркәсіп.-технология-лық

Уақытша пайдалануға өндіріс алаңдарымен, жаңа өнімді жаңа технологиямен өндіруге қондырғылармен қамтамасыз етеді

Қаржылық қолдауды қажет етпейді (Рентаб. қызмет)

Технопарктің бизнес-инкубатордан негізгі айырмашылығы – қызметі тек ғана жаңадан құрылған, бизнесінің алғашқы даму кезеңіндегі шағын және орта кәсіпорындарға қызмет көрсетумен шектелмейді. Керісінше технопарк қызметіне ғылыми жетістіктер, ноу-хау, жаңа технологияны коммерциялық игерудің әртүрлі сатысындағы шағын және орта бизнес субьектілері жүгінеді, яғни технопаркте клиенттерінің үнемі ауысуына, өзгеруіне инкубаторлардағыдай қатаң талап қойылмайды.

Технопарктер негізінен жақын орналасқан ірі универститеттер немесе ғылыми зерттеу орталықтары базасында, жас ғалымдарының интеллектуалды потенциалын пайдалану мақсатында құрылады

Астанада технопарк зонасы қалыптасуда. «Астана-Технопарк» ААҚ өнеркәсіптік-экономикалық зона ретінде 60 га аумақты алуда, және 150 шағын, орта кәсіпорындарының бизнесіне және біршама оқу орындарына тиісті жағдайлар жасалған.

Технопарктердің тиімділігін арттыру үшін төмендегідей мәселелерге көңіл аудару қажет:

  • шағын бизнес субьектілерін методикалық әдістемелермен қамтамасыз етуді күшейту

  • жергілікті әкімшілік атқару органдары мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің өзара байланысын жақсарту

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]