Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать

6. Франчайзинг жүйесінің артықшылықтары және кемшіліктері

Франчайзинг қатынастарының артықшылықтары:

  • мамандарды оқыту, дайындау

  • қаржылық көмек

  • маркетингтік көмек

  • бастама қарқынның тездігі

  • табыссыздық, тәуекелдік деңгейлерінің төмендеуі

Франчайзинг қатынастарының кемшіліктері:

  • франчайзинг төлемі

  • өсудің шектелуі

  • дербестіктің шектелуі

  • іс-әрекеттің мерзіммен шектелуі

  • тек ғана бір франчайзермен жұмыс істеу мүмкіндігі

Франчайзинг жүйесіндегі бастапқы фирма жұмысының пайдасы:

  • шағын нарықтарды қамту арқылы өз өнімдерін сату аясын кеңейтеді, нәтижесінде сұраныс өзгерісіне тез икемденуге ақпараттар алады

  • қосымша капитал әкеледі

  • операторлар өндірісіне және өткізетін өнімдерінің, қызметінің сапасына қатаң және жедел бақылау қойылады

  • тәуекелдің бір үлесі операторларға ауысады, немесе операторлар кәсіпорын қызметіне толық жауапкершілікте болады

  • сауда орындары жергілікті кәсіпорын ретінде қабылданады, нәтижесінде жергілікті жағдайларға тез икемделеді

  • операторларда өз ісінің «иесі» сенімінде мотивация деңгейі өте жоғары болады

Басқарушы фирма үшін франчайзинг жүйесінің кемшіліктері:

  • операторлар басқарушы фирмаға тек пайдасының тиісті % ғана өткізеді, егер сауда орындары толығымен басқарушы фирманың иелігінде болса пайдасы да жоғары болар еді

  • басқарушы фирманың тұрақты бақылауына қарамастан операторлар есебінің нақты деректерге сәйкестігіне кепілдіктің болмауы мүмкін

  • егер бір сауда орталығы тиісті деңгейде сапалы қызмет істемеген жағдайлар немесе қосымша пайда табу мақсатында тауар (қызмет) сапасын төмендету жағдайлары жалпы сауда маркасының және басқарушы компанияның имиджіне кері әсерін тигізеді

  • басқарушы фирманың операторға фирмасын басқаруға көмегі тек ұсыныс ретінде қабылдануы мүмкін, нәтижесінде оператор біреуді жұмыстан шығару немесе басқа жұмысқа ауыстыру туралы кейбір ұсыныстарын қабылдамауы мүмкін және оператор мен франчайзер арасында келіспеушілік тууы мүмкін.

Франчайзинг жүйесінде оператордың пайдасы:

  • оператор белгілі сауда маркасын пайдаланып тауарын нарыққа өткізуге, жарнамалауға, маркетингтік зерттеуге ешқандай уақыт немесе қаражат жұмсамай-ақ өз ісін бастауға мүмкіндік туады, аталған қызмет түрлерін басқарушы фирмадан дайын қалпында алады

  • егер оператордың тиісті мамандығы болмаған жағдайда басқарушы фирма оператордың барлық мамандарын дайындайды

  • дербес кәсіпкермен салыстырғанда оператор өз ісін бастауға аз қаражат жұмсайды, өйткені фирма тарапынан қаржылық көмек көрсетіледі, қондырғы, шикізат, өндірістік материалдар нарық бағасынан арзан бағамен сатылады, яғни шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар беруге кепілдік болады

  • оператордың прогрессивті технологияны пайдалануына мүмкіндік туады

  • оператор ұйымдастыру шығындарын үнемдейді, яғни басқарушы фирма бухгалтерлік есепті және коммерциялық шығындарды өз үлесіне алады

  • оператор өз ісін аз тәуекелмен ашады

  • оператор өз серігінен (ірі фирма) кеңес және қолдаулар алады

Франчайзинг жүйесінің оператор үшін кемшіліктері:

  • басқарушы фирманың тұрақты бақылауы өз мүмкіндігін толық пайдалануын шектейді; өнімді стандарттау өнімді жетілдіруге, сапасын жақсартуға мүмкіндік бермейді, нәтижесінде өз фирмасының дербестігіне күман туады

  • франчайзинг келісім-шарты барлық жағдайда табысты болмайды; меншік иесінің мұралық проблемасы, басқарушы фирманың кәсіпорынды сатуын талап етуі мүмкін

Франчайзингтің қалыптасуы және дамуы жал және лизинг қатынастарымен бірге халықтың жұмыспен қамтамасыз ету проблемасын шешуге, бәсекелестіктің дамуына – нарық экономикасының қозғалтқыш күші ретінде әсерін тигізеді.

Тақырып – Жеке кәсіпкерлердің жауапкершілігі

Сұрақтар:

  1. Әкімшілік жауапкершілік

  2. Экономикалық жауапкершілік

  3. Қылмыстық жауапкершілік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]