Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать
  1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау

Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі – пайда болғандықтан қаржылық талдаудың негізін пайда алу жолдарын талдау болады.

Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау баланстық және таза пайда көрсеткіштерінің динамикасын бағалаудан басталады (1 кесте).

1 кесте – Баланстық және таза пайда көрсеткіштері, мың тг

Кезең басы

Кезең соңы

Өзгеру, %

Сатудан түсім

312

478

153,2

Тауарлы өнімнің өндірістік шығындары

169

196

115,9

Өнімді сатудан пайда

143

282

197,2

Басқа сатулардан пайда

6

8

133,3

Сатудан тыс пайда

12

16

133,3

Баланстық пайда

161

306

190,0

Таза пайда

105

199

189,5

Бұдан кейін пайда өзгерісіне факторлық талдау жүргізіледі. Пайда массасына сату көлемі, өнім сапасы, өнімнің өзіндік құны, бағасы әсер етеді.

Кәсіпорынның қаржылық нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткішке рентабельділік көрсеткіші де аталады.

Рентабельділік көрсеткіші жүйесіне төмендегі көрсеткіштер жатады:

  • кәсіпорын мүлігінің рентабельділігі (активінің) = (таза пайда / активтің орташа мөлшері) * 100

  • айналымнан тыс активтің рентабельділігі = (таза пайда / айналымнан тыс активтің орташа мөлшері) * 100

  • айналым активінің рентабельділігі = (таза пайда / айналым активінің орташа мөлшері) * 100

  • инвестиция рентабельділігі = [салық төлемдерінен пайда / (баланс валютасы – қысқа мерзімдік міндеттемелер мөлшері)] * 100

  • өз капиталының рентабельділігі = (таза пайда / өз капиталының мөлшері) * 100

  • қарызға алынған қаражат рентабельділігі = (несиені пайдалану төлемі / ұзақ және қысқа мерзімдерге несиелер сомасы) * 100

  • сатылған өнім рентабельділігі = (таза пайда /сатудан түсім) * 100

Жоғарыда аталған рентабельділік көрсеткіштері арқылы кәсіпорын активінің тиімділігі, яғни бизнеске құйылған қаражаттың қаржылық қайтарымдылығы талданады.

Тақырып. Егістік шаруашылығы саласында лизинг

Сұрақтар:

  1. Лизингтік қатынастардың экономикадағы алатын орны, маңызы

  2. Лизинг формалары және түрлері

  3. Лизингтік қатынастарды нормативті-құқықтық реттеу

  4. Қазақстанның аграрлық секторында лизингтің дамуы

  5. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамның лизинг жағдайын талдау

  1. Лизингтік қатынастардың экономикадағы алатын орны, маңызы

Қазақстанның лизингтік қызмет нарығы 2000 ж. «Қаржылық лизинг туралы» Заңының қабылдануымен дами бастады. Қазіргі таңда лизинг қаржылық нарықтың маңызды секторы болып отыр.

Бұл жерде лизингтік мәмілелердің басым бөлігі ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған агроазық-түлік бағдарламасы төңірегінде үкіметтің 100% қатысуымен құрылған лизингтік компанияларға тиесілі.

Қазақстан үкіметі бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.

Коммерциялық банктер де бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктерінің еншілес компаниялары болып саналады.

Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады және отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуда. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономиканың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екіншіден, халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.

Лизинг – шетелден елімізге жоғарғы технологияларға ие құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың балама көзі.

«Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда «аренда» түсінігін береді. Яғни, «аренда» дегеніміз мүлікті нақты төлем негізінде уақытша иеленуге және пайдалануға беру. Аренда жалға беруші мен жалға алушының, яғни екі серіктестіктің арасындағы қатынас.

2000 ж. елімізде 5 лизингтік компаниялар жұмыс істесе, қазіргі таңда олардың саны 20 жетті. Оның 12 лизингтік компаниясы Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі болып табылады. «Лизингтік компаниялар» ұғымына лизингпен айналысатын банктер де кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]