Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать

Тақырып - Франчайзинг – бизнесті жүргізу формасы

Сұрақтар:

  1. Франчайзинг түсінігі, түрлері және пайдалану аясы

  2. Франчайзингтің сипаттамасы, негізгі элементтері

  3. Франчайзинг обьектілерінің жүйесі

  4. Табыс құрылымы

  5. Қазақстанда франчайзингтің дамуы

  6. Франчайзинг жүйесінің артықшылықтары және кемшіліктері

  1. Франчайзинг түсінігі, түрлері және пайдалану аясы

Франчайзинг – ірі және шағын кәсіпкерліктің араласқан формасы, жалға беру, сату-алу, подряд, уәкілдік элементтерін біріктіретін өзара тиімді серіктік қатынастар жүйесі, бірақ заңды тұлға статусындағы шаруашылық субьектілерінің келісімдік қатынастарының дербес формасы болып қала береді. Яғни, франчайзинг жағдайында серіктерінің бірі сауда маркасын, бизнесті жүргізу технологиясын және тұрақты кеңес берумен айналысса, екіншісі – аталған интеллектуалды меншікті өз бизнесін құру мақсатында пайдаланады.

Ірі (корпорация, фирма т.б.) және шағын кәсіпорындардың өзара қатынасы франчайзер (ірі кәсіпорын) мен франчайзи-оператор (шағын кәсіпорын) арасындағы франчайзинг келісім-шарты негізінде жүзеге асырылады. Келісім-шартта франчайзер (компания) шағын фирманы өз тауарларымен, жарнамалық қызметпен, бизнестің дайын технологиясымен қамтамасыз етуге міндеттеме алады. Ал франчайзи (фирма) франчайзерге жергілікті жағдайларды ескеріп менеджмент және маркетинг аясында қызмет көрсетуге, өз қаражатының бір үлесін компанияға құюға міндеттеме алады. Сонымен қатар франчайзи іскерлік қатынастарын тек ғана компания-франчайзермен жүргізуге және бизнесін франчайзердің предприсаниясына сәйкес жүргізуге міндеттеме алады.

Франчайзер – бизнесті жүргізу құқығын (франшиза) беретін тұлға. Көбіне мұндай компанияның тиісті өнім өндірісінде көп жылдық тәжрибесі болады, дамыған бизнес жүйесіне өз атын және тауар белгісін береді және табысқа қандай жағдайларда жетуге, қандай жағдайларда зиян шегетіндігі туралы білімі болады.

Франчайзибизнес жүргізу құқығын (франшиза) франчайзердің атымен немесе сауда маркасымен сатып алушы, яғни табысқа жете алатын жаңа кәсіпорын ашу мүмкіндігін алады.

Франшизафранчайзердің сауда маркасымен жұмыс істеу құқығы, бизнесті жүргізу және ұйымдастыру технологиясы, бизнеске кеңестік, маркетингтік және т.б. қолдаулар.

Интеллектуалды меншік – франчайзер дайындаған және келісім-шарт жасалғаннан кейін франчайзиге берілетін эксклюзивті ақпарат. Ақпараттың негізгі мақсаты – франчази бизнесінің қалыптасуына көмек көрсету. Интеллектуалды меншік барлық жағдайларда патентпен қорғалмайды, мұндай жағдайда ноу-хау деп аталады.

Франчайзи франчайзердің атын және сауда маркасын нарықта пайдалану құқығына бір жолғы төлемін (орташа 10-20 мың доллар, немесе төменірек, немесе біршама жоғары болуы мүмкін) жасайды; негізгі қорларға күрделі қаражат құяды, франчайзердің сауда маркасын жарнамалауға тағайындаған тұрақты төлемін өтейді. Төлем саудадан түсімнің 1-5% деңгейінде болуы мүмкін. Франчайзер сонымен бірге франчайзидің ағымдық сату көлемінің жобамен 2-3% немесе одан да көбірек мөлшерінде қаражат аударуын талап етеді. Мысалы, «Макдональдс» компаниясына франчайзилері түсімінің 12% аударады.

Франшиза құны – франчайзердің сауда маркасын, бизнестің «құпия» рецептерін және технологиясын пайдалану лицензиясына 1 рет төленетін франчайзидің алғашқы төлемі. Төлем келісім-шарт құруда жасалады. Кейбір жағдайларда әсіресе бизнестің алғашқы кезеңдерінде төлемнің болмауы да мүмкін.

Франчайзер-компанияның:

операторға қызметі

операторға талабы

сауда маркасын пайдалану құқығын беру

түсімнен тиісті % немесе тұрақты төлем жасау

қаржылық көмек

сапалық стандарттарды бұзбау

кәсіпорынды басқару көмегі

іскерлік қатынастарды сақтау

мамандарын дайындау

минималды инвестиция құю

тауарларын көтерме бағамен сату

Оператор-франчайзи өз бизнесін басқа операторларға тек франчайзердің келісімімен ғана сатуға немесе жалға т.б. жағдайларда бере алады, егер аталған жағдай келісім мерзімінің соңына дейін болған жағдайда.

Франчайзер келісім-шартының күшін тек келісімде көрсетілген себептерде ғана жоя алады, яғни оператор:

  • жоспарлы пайдасын алмаған жағдайда

  • клиенттеріне нашар қызмет көрсету арқылы басқа сауда орындарының имиджіне көлеңке түсірген жағдайда

  • франчайзерге қызмет барысының ай сайынғы немесе күнделікті есебін уақытында бермеген жағдайда

  • франчайзердің атын қондырғыларын заңсыз пайдаланған жағдайда

  • франчайзермен қарым-қатынаста болу қабілеттілігінің болмауы

Франчайзинг түрлері:

  1. тауарлы

  2. өндірістік

  3. іскерлік

Тауарлы франчайзинг – оператор-франчайзи басқарушы компаниядан сауда маркасын пайдаланып тауар сату құқығын (лицензиясын) сатып алады.

Өндірістік франчайзинг – франчайзер франчайзиді қондырғылармен қамтамасыз етеді, ал франчайзи оның сауда маркасымен өзі өндірген тауарын сатады. Мысалы, алкогольсіз сусындарды өндіру және сату бойынша бизнес жүйесі: Coca-cola, Pepsi және т.б.

Іскерлік франчайзинг – франчайзингтің көп тараған әдісі, яғни франчайзер жеке тұлғаларға немесе компанияларға франчайзердің атымен тұтынушыларға өнімдер сату және қызмет түрлерін көрсету мақсатында дүкен, киоск, немесе бір топ дүкендер ашу құқығына лицензия сатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]