Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

8. Өсімдік қоректенуінің кезеңділігі. Өсімдіктердің қоректену, өсіп-жетілу жағдайларын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.

Өсімдік өзінің бүкіл вегетациялық дәуірінің барысында қоректік заттарды бірқалыпты сіңірмейді. Өсімдік тіршілігінде қоректік заттардың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне және оның сапасының нашарлауына әсер етеді.

Сондықтан кез келген ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыш қолданудың жүйесін жасағанда олардың биологиялық ерекшелігін ескерумен қатар, даму кезеңдеріндегі қоректік заттарды сіңірудегі қасиеттерін білуді қажет етеді.

Өсімдік тіршілігінде қоректенудің екі кезеңін ажыратуға болады: қоректік элементтерді пайдалануының жауапты кезеңі; қоректік элементтерді барынша көп пайдалану кезеңі.

Өсімдіктің қоректік элементтерді пайдалануының жауапты кезеңі – бұл уақыттағы қоректік элементтердің жетіспеушілігі өсімдіктің бүкіл дамуына теріс әсер етеді.

Өсімдіктің қоректік элементтерді барынша көп пайдалану кезеңі – бұл уақытта өсімдік қоректік элементтерді өз бойына ең қарқынды сіңіреді.

Бұл кезең өсімдіктің кештеу даму фазаларына сәйкес болады және олардың биологиялық ерекшеліктерімен анықталады.

Сыртқы ортадағы қоректік заттарды қабылдайтын уақыт аралығын, өсімдіктің қоректену кезеңінің ұзақтығы дейді. Өсімдік алғашқы өсу кезінде тұқымның құрамындағы қоректік заттарды пайдаланады. Ал вегетациялық дәуірінің аяқ кезінде бұрынырақ қабылдаған қоректік заттарды пайдалануды жалғастырады.

Өсімдіктің қоректену кезеңінің ұзақтығын тыңайтқыш қолдану әдісін белгілеуде ескеру керек.

Өсу кезеңінде қоректендіру режимі дұрыс сақталып, тиісті мөлшер бойынша қоректендіріліп тұрса, барлық ауыл шаруашылығы дақылдары жақсы өсіп, мол өнім береді.

Өсімдіктердің қоректену жағдайларын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі зор.

Тыңайтқышты беру мезгіліне қарай енгізудің үш тәсілі бар: негізгі тыңайту (себер алдында), тұқымды себу кезінде тыңайту (себумен бірге), үстеп қоректендіру (сепкеннен кейін).

9. Әртүрлі топырақ құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері. Топырақтың тиімді құнарлылығын арттыруда тыңайтқыштың рөлі

Топырақтар бір-бірінен гранулометриялық бөлігінің құрамы және органикалық заттардың мөлшері мен құрамы жағынан ажыратылады. Сондықтан әрбір топырақта негізгі қоректік элементтердің мөлшері бірдей болмайды. Топырақ неғұрлым қара- шіріндіге бай болса, оның құрамында азот пен фосфордың жалпы қоры көп болады. Ал калийдің жалпы мөлшері топырақтың гранулометриялық құрамымен айқындалады. Атап айтқанда құм, құмайт топырақтарда саз, сазды топырақтарға қарағанда калий мөлшері аз. Топырақта қоректік заттардың көпшілік бөлігі өсімдік қабылдай алмайтын түрінде кездеседі. Азот негізінен күрделі органикалық заттардың (қарашірінді, ақуыз т.б.), фосфордың көп бөлігі қиын еритін минералдық және органикалық қосылыстардың, калийдің басты бөлігі ерімейтін алюмосиликат минералдардың құрамында болады. Топырақтың құнарлылығын қоректік заттардың жалпы қоры анықтайды. Өсімдіктің қоректенуіне топырақтағы қоректік элементтердің жылжымалы түрлерінің мөлшері, яғни топырақтың тиімді құнарлылығы маңызды роль атқарады. Элементердің жылжымалы түріне олардың суда, әлсіз қышқылдарда еритін қосылыстары мен алмаспалы күйдегі катиондар жатады. Қиын еритін және ерімейтін қосылыстар микроорганиздердің, физикалық- химиялық, химиялық құбылыстардың әсерінен өсімдікке сіңімді түрге ауысады. Қоректік заттардың сіңімді түрінің пайда болуы қосылыс түріне, климат жағдайларына, топырақ түріне, агротехника деңгейіне байланысты. Сондықтан, топырақтың тиімді құнарлы- лығын арттыруда органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолданудың маңызы зор. Тыңайтқыш қолдануда агрохимиялық картограмманы пайдалану керек. Агрохимиялық картограмма то- пырақтың қоректік заттармен қамтамасыз ету дәрежесін, тыңайт- қышты қаншалықты қажет ететінін көрсетеді (28-кесте). Картограмманы аймақтың топырақ-климат жағдайына сәйкес келетіндей етіп жасайды. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандары үшін топырақтағы қоректік элемент- тердің түрлері мен мөлшері, топырақтың қаншалықты сортаң тартып, қандай дәрежеде эрозияға ұшырағаны туралы мәлімет беретін картограмма керек. Ең алдымен топырақтағы жылжымалы қоректік элменттердің агрохимиялық картограммасы жасалады. Мұнда топырақ құнарлы- лығының өзгеруін бақылау үшін агрохимиялық картограмманы жасау әрбір 3-4 жылда қайталап отырады.

Агрохимиялық картограммаға очерк дайындалады. Онда шаруашылықта өсірілетін дақылдарға арналған тыңайтқыш қолда- нудың тәсілдері мөлшері, мерзімі көрсетіледі.