Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

32.Мочевина,оның қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.

Амидті тыңайтқыш. Мочевина СО(NH2)2. Қүрамында 46% азот болады. Оны газ күйіндегі немесе сұйық аммиакты көмірқышқыл газымен әрекеттестіру арқылы алады:

2NH3 + CO2 = СО(NH2)2 + H2O

Мочевина ақ түсті‚ ылғалды өзіне тартатын‚ түйіршікті (түйіршік көлемі 1-3 мм)‚ суда жақсы еритін‚ түйіршіктері бір- біріне жабыспайтын тыңайтқыш. Кристалды мочевинаны түйіршіктегенде ыстық температураның әсерінен биурет пайда болады:

2СО(NH2)2 → (СОNH2)2HN + NH3

Егер биурет мөлшері 3 пайызға жетсе өсімдіктерді уландырады. Құрамында биурет көп мочевинаны тұқым себерден 2- 3 ай бұрын еңгізеді‚ өйткені биурет 10-15 күн ішінде толық ыдырап бітеді. Мочевинаны көбінесе жерді жыртар алдында негізгі тыңайтқыш ретінде көпшілік дақылдарға қолданады. Бұл тәсілмен мочевинаны пайдаланғанда, оның тиімділігі аммоний селитрасы мен аммоний сульфатынан кем болмайды. Суармалы боз топырақта егілген картоп‚ көкөніс‚ қант қызылшасына аммоний селитрасымен салыстырғанда мочевина қолдану жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді. Мұның себебі мочевинаның құрамындағы амидті формадағы азот аммиакты түрге жылдам ауысып, топырақтың сіңіру кешеніне өтеді де оның төменгі қабатына да аз шайылады. Мочевинаны отамалы және көкөніс дақылдарын үстеп қоректендіруде пайдаланады. Үстеп қоректендірген кезде мочевинаны топыраққа сіңіру жұмысын кешіктірсе (келесі күнге қалдырса) оның біраз бөлігі аммиакқа айналып ауаға ұшіп кетеді. Соңғы кезде мочевинаның 10-20 пайызтік судағы ерітіндісін күздік бидай мен сүрлемдік жүгеріні тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін кеңінен пайдалануда. Күздік бидайға дән салу‚ сүрлемге арналған жүгеріге шашақтану алдында мочевинаның 20 пайызтік ерітіндісін бүріксе құрамындағы ақуыз шамамен 3 пайызға артады. Мочевинаның топырақпен әрекеттесуі. Топыраққа енгізілген мочевина толық ериді де уреаза ферменті әсерінен тез арада аммонификацияға ұшырап, көмірқышқыл аммонийге айналады:

CO(NH2)2 + 2H2O = (NH4)2CO3. Қарашіріндіге бай топырақтарда мочевинаның көмірқышқыл аммонийге айналуы 2-3 күнде өтеді. Көмірқышқыл аммоний – тұрақсыз қосылыс, ауада ол аммоний бикарбонаты мен аммиакқа дейін ыдырайды: (NH4)2CO3 → NH4HCO3 + NH3↑. Сондықтан мочевинаны жер бетіне топыраққа сіңірмей енгізгенде және жауын-шашын болмаған жағдайда, аммиак түрінде азоттың жоғалуы болу мүмкін. Топырақта көмірқышқыл аммоний гидролизденеді: (NH4)2CO3 + H2O = NH4HCO3 + NH4OH. Топыраққа мочевинаны енгізгенде пайда болған аммоний топырақтың коллоидтық фракциясымен сіңіріледі де өсімдіктермен біртіндеп пайдаланады. Уақыт өткен соң аммоний нитрификация құбылысына ұшырайды.

Мочевинаны қолдану. Мочевинаны әр түрлі топырақтарға барлық ауыл шаруашылығы дақылдарына қолдануға болады. Оны көбінесе себер алдында негізгі тыңайту ретінде және үстеп қоректендіру үшін қолданады. Мочевинаны күздік, отамалы және көкөніс дақылдарын үстеп қоректендіруде пайдаланады. Үстеп қоректендірген кезде мочевинаны топыраққа сіңіру жұмысын кешіктірсе (келесі күнге қалдырса), оның біраз бөлігі аммиакқа айналып ауаға ұшып кетеді. Сонымен бірге мочевинаның сулы ерітіндісін тамырдан тыс үстеп қоректендіру ретінде, әсіресе бидай құрамындағы белок мөлшерін арттыру үшін қолданады. Оның басқа азот тыңайтқыштарына қарағанда айырмашылығы, жоғарғы концентрациясын (1 %-ық ерітінді) қолданғанда өсімдіктердің жапырақтарына зиянды жақтары байқалмайды. Жапырақ клеткалары оның молекулярлық формасын сіңіре алады және жақсы пайдаланады. Мочевинаны қатарлап себумен бірге енгізуге болады. Бірақ егін көктеп шыққанда аммиактың артық мөлшері кері әсер етеді. Мочевинаны кез келген мерзімде енгізуге болады: көктемде тұқымды себер алдында, өсімдіктің вегетациялық кезеңінде, күзде де топырақты жыртар кезде. Мочевинаның құрамындағы азоттың мөлшері көп, физикалық қасиеттері жақсы болуына байланысты, ол азот тыңайтқыштары арасында ең жақсы түрлерінің бірі болып есептеледі де оның өндірісі өсіп тұрады.