Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

59. Көң ең маңызды органикалық тыңайтқыш.Көң құрамы.Көңнің топырақ пен өсімдікке əсері.

Төсенішті көң қатты‚ сұйық бөліктен және төсеніштен тұрады. Малдың жеген азығының құрамындағы органикалық заттың 40‚ азоттың 50‚ фосфордың 80 және калийдің 95 пайызы көңге ауысады. Көңнің құрамы мал түріне‚ оның жасына‚ азық түріне қарай өзгеріп тұрады. Бұл факторлар сол сияқты көңдегі қатты және сұйық бөліктердің арақатынасына да әсер етеді. Мал денесінен бөлінетін қатты және сұйық бөліктердің химиялық құрамы бірдей емес (41-кесте). Мұнда айта кететін бір жағдай - мал денесінен шығатын фосфордың барлығы жас нәжісте болса‚ азоттың 50-70 пайызы және калий зәрмен бірге бөлінеді. Құрғақ зат‚ азот және басқа элементтердің мөлшері жылқы мен қой малдарының көңінде жоғары болатындықтан тезірек шіриді. Төсеніш-көңнің сапасын жақсартатын және көң садырасы мен азоттың ысырап болуын төмендететін құрамдас бөлігі. Төсеніш ретінде сабан‚ шымтезек‚ ағаш үгіндісі т.б. материалдарды пайдаланады.

Төсеніштің агрономиялық маңызы зор. Ол шаруашылықта жиналатын көң мөлшерін молайтады. Төсенішпен көң құрамына қосымша қоректік элементтер енеді. Бұл элементтер микробиологиялық процестердің әсерінен өсімдікке сіңімді күйге ауысады. Төсеніш малдың сұйық экскрементін (зәр) және пайда болған аммиакты азотты сіңіреді. Сөйтіп, бұл заттардың ысырап болуын азайтады. Мысалы‚ сабанның бір бөлігі 2-3‚ ойпатты жердің шымтезегінің бір бөлігі 5-7‚ қыратты жердің шымтезегінің бір бөлігі 10-15 бөлік малдың сұйық экскрементін сіңіреді. Төсеніш көңнің физикалық‚ физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады. Атап айтқанда‚ көңнің ылғалдылығы азды-көпті төмендейді‚ онша тығыздалмайды және сақтағанда жеңіл ыдырайды. Төсеніш үшін сабан мен шымтезекті пайдаланғанда сапасы жақсы көң алынады. Қолданылатын төсеніш мөлшері оның түріне‚ сапасына‚ малдың түрі мен жасына‚ азықтың мөлшері мен сапасына байланысты (42-кесте).

60. Көңді сақтау əдістері мен сақтау кезіндегі оның өзгерістері.

Төсенішті көңді сақтаудың бірнеше әдістері ұсынылады: Көңді малдың астында сақтау үшін, мал алаңдарға қалыңдығы 30-50 см сабан төсейді. Малдардың астындағы төсеніш олардың денесінен бөлінетін қатты және сұйық экскременттермен бірқалыпты араласады әрі тапталады. Беткі қабаты өте дымқылданған жағдайда тағы да аздап сабан шашып тастайды. Көңді мал астында сақтағанда арнаулы қойма салудың қажеті жоқ. Сабанды уақтылы және мол пайдаланса, бүкіл көң садырасы көңде жиналады және аммиакты азоттың ысырап болуы байқалмайды. Тығыздалған күйінде сақтау үшін арнаулы көң қоймаларына жинайды. Мұнда көңді ені 5-6 м, қалыңдығы 1м, ал ұзындығы жиналу мүмкіншілігіне қарай үйеді де, дереу таптайды. Мұның үстіне келесі қабатты салып, оны да тығыздайды. Тығыздалған үйменің биіктігі 2‚5-3 метрге жеткенде үстін сабанмен жауып қояды. Көң анаэробты жағдайда ыдырайды және ылғал бірқалыпты сақталады. Көңді бұл әдіспен сақтағанда оның температурасы қыста 20-250С‚ ал жазда 30-350С жоғары көтерілмейді. Көң массасының арасындағы барлық қуыстар көмірқышқыл газымен‚ судың буымен қаныққандықтан көмірқышқыл аммоний аммиакқа‚ көмірқышқыл газына және суға дейін ыдырамайды. Басқа әдістерге қарағанда көңді тығыздап сақтау, органикалық заттар мен азоттың ысырап болуын анағұрлым азайтады. Жас көңді тығыздап сақтағанда ол 3-4 айда жартылай шіріген‚ 7-8 айда толық шіріген күйге ауысады. Қопсытып-тығыздап сақтау үшін, мал қорасынан шыққан жас көңді қоймаға (апан) қалыңдығы бір метр етіп үйеді. Тығыздалмаған үйме температурасы 60-700С (3-5 күн) жеткенде таптайды. Тығыздалған үймеге келесі жас көңді төгеді‚ оны да 3-5 күннен кейін таптайды. Мұндай тәсілді үйме биіктігі 2-3 метрге жеткенше жүргізеді. Бұл әдіспен көңді сақтағанда микробиологиялық процесс бастапқы кезде (3-5 күн) аэробты жағдайда өтеді. Органикалық заттар мен азоттың шамалы бөлігі ысырап болады. Екінші сатысында (тығыздағаннан кейін) көң массасының температурасы 30-350С дейін төмендейді және ыдырау процесі анаэробты жағдайда жүреді. Көңді қопсытып-тығыздап сақтағанда, ол анағұрлым жыл- дам ыдырайды. Бұл әдіспен 1‚5-2 айда жартылай‚ ал 4-5 айда толық шіріген көң алуға болады. Көңдегі температураның жоғары көте- рілуі түрлі ауру тудырғыш бактериялардың дамуына бөгет жасайды. Көңді қопсытылған күйінде сақтағанда үймені тығыздалмаған күйінде қалдырады. Бұл жағдайда көң аэробты жағдайда ыдырайды. Ақырында органикалық заттардың‚ азоттың және көң садырасының көп мөлшерде ысырап болуына әкеп соғады. Төсенішті көң сақтау мәселесіне жете көңіл бөлмейді. Көңді сиыр қораның‚ шошқа қораларының‚ жылқы қорасының төңірегіне қалай болса‚ солай үйе салады‚ осының салдарынан оның қоректік заттары текке ысырап болады. Төсенішті көңді сақтау үшін мал фермасына жақын жерден апан қазады немесе жер бетінен көң сақтайтын қойма жасайды. Қапанда сақтаудың маңызы үлкен. Өйткені жер бетіне үйілген көң бұл аймақтарда тез кеуіп кетеді Көң сақтауға арналған апанды ыза суы терең жатқан жерде жасайды. Оның су өтпейтін цементтелген немесе асфальтталған табаны мен қабырғасы болады. Көң қоймасы мал қораларынан кемінде 50 метр‚ елді мекеннен 500-1000м қашықтықта‚ жауын- шашын мен қар суы жиналмайтын жерлерге салынады. Ыза суы жер бетіне жақын болса көң сақтайтын қойманың бүйірінен су өтпеу үшін айналасына биіктігі 0‚5 метр етіп цемент немесе асфальт құяды. Апан шұңқырдың сыртынан қалыңдығы 10 санитиметрдей топырақ бастырып қояды. Ол көңдегі азот қосылыстарының әсіресе аммиактың ұшып кетуіне кедергі жасайды. Көң шіри бастағанда көп іркілетін көң садырасын жинау үшін, қойманың ұзын бойын құдық жасалады. Көң қоймасының табаны садыра құдығы жаққа қарай еңкіштеу болу керек. Қойманың сыртынан іркілген су ылдиға ағып кету үшін‚ айнала арық қазып қояды. Көң қоймасының ішіне кіріп-шығу үшін оның көлденең (қысқа) екі жағының ернеулерін кесіп жол салады. Көктем мен жазда дала жұмыстарының көптігінен көлік құралдары жетіспеуі мүмкін. Сондықтан қоймадағы жартылай шіріген немесе мал қораларындағы жас көңді тікелей егістікке қыста тасу жұмыстарын ұйымдастырады. Ол үшін егістікте алаңды қардан тазартады‚ оған қалыңдығы 20-25 см сабан төсейді. Оның үстіне ені 3-4 м‚ биіктігі 2-2‚5 м етіп көңді үйеді. Үйінді үстіне қалыңдығы 15-25 см сабан жабады.

Көңді сақтау кезінде қатты экскременттер мен төсеніш микроорганизмдердің қатысында қарапайым минералдық қосылыстарға дейін ыдырайды және екінші қайтара синтезделу процесі жүреді. Мысалы‚ аммиакты азот микроорганизмдер денесіндегі ақуыздың құрамына енеді. Аммиакты азоттың біраз бөлігі амидті түрге өзгереді. Көбінесе аммиакты азот көң құрамындағы сұйық экскремент ыдырағанда ұшып кетеді. Мал зәрі көңнің басқа бөліктеріне қарағанда тезірек әрі бұрынырақ ыдырайды.

Сұйық экскременттер құрамында азот мочевина СO(NH2)2, гиппур қышқылы C6H5CONHCH2COOH және зәр қышқылы түрінде кездеседі.

Мочевина уробактерлер денесінен бөлінетін уреаза ферментінің қатысында көмірқышқыл аммонийға өзгереді:

СO(NH2)2 + 2H2O = (NH4)2CO3

Көмірқышқыл аммоний тұрақсыз қосылыс болғандықтан аммиакқа‚ көмірқышқыл газына және суға дейін ыдырайды:

(NH4)2CO3 →2 NH3 + CO2 + H2O

Гиппур қышқылы ең алдымен бензой және аминді сірке қышқылдарына ыдырайды:

C6H5CONHCH2COOH+ H2O→C6H5COОН+СН2NН2СООН

Пайда болған аминді сірке қышқылы одан әрі сірке немесе оксисірке қышқылына және аммиакқа өзгереді:

СН2NН2СООН+ H2O→ СН2ОНСООН+NH3

Зәр қышқылының ыдырауынан мочевина‚ сонан соң көмірқышқыл аммоний пайда болады:

C6Н4N4O3+ O2+ H2= C4Н6N4O3+CO2;

C4Н6N4O3+ 2H2O=2CO(NH2)2+HCOCOOH;

CO(NH2)2+2 H2O=(NH4)2CO3;

(NH4)2CO3= 2NH3+ CO2+ H2O.

Сонымен сұйық экскременттер құрамындағы барлық азотты қосылыстар бос амииакқа дейін ыдырайды. Сол сияқты төсенішті көң ыдырағанда сіңіру сыйымдылығы жоғары органикалық қышқылдар мен шірінді заттар түзіледі. Бұл қосылыстар аммиакты сіңіріп, оны ұшып кетуден сақтайды. Бос аммиак түзілуді тежейтін басты факторға көң ыдырауынан пайда болған көмірқышқыл газы да жатады. Көңнің құрамындағы төсеніш пен қатты экскременттердің азотсыз органикалық заттарын, ыдырау дәрежесіне қарай екі топқа бөледі. Бірінші топқа қант‚ крахмал‚ пектин‚ пентозандар‚ органикалық қышқылдар сияқты жеңіл ыдырайтын қосылыстар жатады. Екінші топқа клетчатка‚ тағы басқа баяу ыдырайтын органикалық заттар кіреді. Көңнің ыдырауының жылдамдығы оның құрамындағы осы екі топқа жататын азотсыз органикалық заттардың арақатынасына байланысты болады. Егер көңде бірінші топтың органикалық заттары көп болса‚ ол жылдам ыдырайды. Азотсыз органикалық заттар аэробты бактериялардың әсерінен көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдырайды:

(C6Н10O5)n + n6O2 n ( 6CO2 + 5H2O)

Анаэробты микроорганизмдердің қатысында азотсыз органикалық заттар ыдырауынан метанмен көмірқышқыл газы түзіледі: (C6Н10O5) n + n H2O n(3СH4 + 3СO2) Көң ыдырағанда пайда болған метан‚ көмірқышқыл газы‚ су буы оның массасының, органикалық заттар мен аммиактың мөлшерінің төмендеуіне және керісінше‚ жалпы және ақуызды азоттың‚ фосфордың‚ калийдің көбеюіне әсер етеді (48-кесте).

Жас және жартылай шіріген көң құрамында нитратты азот болмайды. Оған себеп көң аэробты жағдайда шірігенде жоғары температураның (60-700С) әсерінен нитрат түзуші бактериялар тіршілігін тоқтатады. Шірінді құрамында нитратты азот өте аз мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ нитрат түзуші бактериялардың дамуына көңде аммиак пен суда еритін органикалық заттардың концентрациясының жоғарлауы да теріс әсер етеді.