- •1)Ауыл шаруашылығын дамытуда егіншілікті химияландырудың маңызы?
- •2)Агрохимия -егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі.Агрохимия пәні және оның зерттеу әдістері.Агрохимияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •3)Агрохимия ғылымының даму тарихы . Өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдардың рөлі?
- •4) Өсімдіктің химиялық құрамы .Дақылдардың химиялық құрамы мен сапасын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.
- •5)Қоректену - өсімдік тіршілігінің ең маңызды факторларының бірі.Өсімдік қоектенуі түрлері,олардың мәні.
- •6) Өсімдіктердің қоректенуiне сыртқы орта факторларының әсерi
- •8. Өсімдік қоректенуінің кезеңділігі. Өсімдіктердің қоректену, өсіп-жетілу жағдайларын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.
- •9. Әртүрлі топырақ құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері. Топырақтың тиімді құнарлылығын арттыруда тыңайтқыштың рөлі
- •10. Топырақтың құрамы. Топырақтың минералдық және органикалық бөлігі
- •11. Топырақтың қарашіріндісі және оның маңызы
- •12. Топырақтың сіңіру қабілетінің түрлері және өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануда олардың рөлі
- •13. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы, сіңірілген катиондардың құрамы мен арақатынасының өсімдік және тыңайтқыштарымен әрекеттесуі үшін маңызы
- •14. Топырақ қыщқылдылығы және тыңайтқыш қолдануда оның маңызы
- •15. Топырақ қышқылдылығын реттеуде негіздермен қанығу дәрежесі мен буферлігінің маңызы
- •16. Әр түрлі ауыыл шаруашылығы дақылдарының топырақ реакциясына қатынасы
- •17. Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау
- •4.1 Қышқыл топырақтарға әк қолдану
- •4.2. Топырақтарды гипстеу
- •18. Өсімдік тіршілігі үшін азоттың рөлі
- •25. Топырақ құрамындағы калий қосылыстарының мөлшері мен түрлеріжәне өсімдіктер үшін олардың сіңімділігі
- •26. Солтүстік Қазақстан топырақтарының калий құбылымы
- •27. Солт. Қаз, үшін келешегі бар минералды тыңайтқыштар
- •28 Азот тыңайтқыштарын жіктеу
- •2) Аммиакты тыңайтқыштар.
- •3) Нитратты тыңайтқыштар.
- •30 Аммоний сульфаты (nh4)2so4.
- •31.Аммоний селитрасы,оның қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •32.Мочевина,оның қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •33.Сұйық азот тыңайтқыштары,олардың қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •34.Әр түрлі топырақ-климат аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда әрі оның сапасын жақсартуда азот тыңайтқыштарының маңызы
- •35.Азот тыңайтқыштарның енгізу технологиясы,әдістері мен мерзімдеріне теориялық негіздеме беріңіз.
- •36. Топырақтың азот құбылымы мен азот тыңайтқыштарының тиімділігіне агртехникалық және климаттық факторлардың әсері.
- •37. Дақылдардың азот тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.
- •38. Фосфор тыңайтқыштарын жіктеу.
- •39. Жай суперфосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •40. Қос суперфосфат, оның қасиеттері, топырақтың өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •41. Суперфос, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •42. Фторсызданған фосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •43. Фосфорит ұны, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •44. Фосфор тыңайтқыштарын енгізу технологиясы, әдістері мен мерзімдеріне теориялық негіздеме беріңіз.
- •45. Топырақтағы фосфор сіңімділігі мен фосфор тыңайтқыштарының тиімділігіне агротехникалық және климаттық факторлардың әсері.
- •46 Cұрақ. Дақылдардың фосфор тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.
- •47 Сұрақ Хлорлы калий оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •48 Сұрақ. Калий тұзы, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •49 Сұрақ Калий сульфаты оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •50 Әр түрлі а.Ш.Д Калий тыңайтқыштарының тиімділігі мен топырақ – климат жағдайларына байланысты енгізу әдістері
- •61.Топырақ жəне климат жағдайларына байланысты іс түрлі ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты көңді енгізу əдістері.
- •51.Микроэлементтер(бор,молибден,мырыш)жане өсімдік тіршілігі үшін олардын манызы
- •52 Күрделі,құрастырылган,аралас тынайткыштар туралы түсінік
- •53 Күрделі тынайткыштар(аммофос,диаммофос,калий селитрасы)
- •54 Құрастырылгын тынайткыштар (Нитрофостар,нитрофоскалар)
- •55 Ең жаңа күрделі тыңайткыштар(аммоний полифосфаты,калий,кальций мен аммоний метафосфаттары)
- •55 Ең жаңа күрделі тыңайтқыштар(аммоний полифосфат,калий,кальций мен аммоний метофасфоттары),оларды қолдану ереекшеліктері.
- •56. Тыңайтқышты бір-бірімен араластыру əдістері мен ережелері,олардың тиімділігі..
- •57. Минералдық тыңайтқыштарды сақтау .
- •58. Органикалық тыңайтқыштарды түрлері мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен топырақ құнарлығында арттыруда оның маңызы.
- •59. Көң ең маңызды органикалық тыңайтқыш.Көң құрамы.Көңнің топырақ пен өсімдікке əсері.
- •60. Көңді сақтау əдістері мен сақтау кезіндегі оның өзгерістері.
- •61.Топырақ жəне климат жағдайларына байланысты іс түрлі ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты көңді енгізу əдістері.
- •63.Көң садырасы.
- •64.Сабанды тыңайтқыш ретінде пайдалану.
- •66.Жасыл тыңайтқыш.
- •67.Қордалар, оларды даярлау және қолдану ерекшеліктері.
38. Фосфор тыңайтқыштарын жіктеу.
Фосфор тыңайтқыштарын құрамында фосфор элементі кездесетін кендерден өндіреді. Фосфор кендері құрамындағы фосфор мөлшеріне қарай өте бай (35% P2O5) және өте кедей (5-10% P2O5) болады.
Фосфор кендері шығу тегіне қарай екі негізгі топқа бөлінеді: апатит және фосфорит. Әлемдегі фосфор кендерінің негізгі қоры Марокко, АҚШ және Ресейде орналасады.
Апатит – түссіз жасыл немесе сары-жасыл түсті минерал, құрамында P2O5 мөлшері 42%-ға дейін болады. Апатит кристалдары жоғары мықтылығымен ерекшеленеді.
Фосфорит – кальций фосфаттарына аса бай шөгінді көне тау жынысы. Аморфты немесе кристалды болып келеді. Фосфорит құрамына қоспа ретінде кварц, әк, құм, саз т.б. минералдар және органикалық заттар кіреді.
Біздің елімізде фосфориттің ірі кендері Жамбыл – Қаратауда және Ақтөбе облысында тараған. Қаратау фосфоритінің құрамында 29,6-35,6% P2O5 болады.
Фосфор тыңайтқыштары ерігіштігіне және өсімдікке сіңімділігіне қарай үш топқа жіктеледі:
1. Суда еритін фосфор тыңайтқыштары - жай суперфосфат, қос суперфосфат, байытылған суперфосфат, суперфос (бұл тыңайтқыштардағы фосфор өсімдікке жақсы сіңімді).
2. Әлсіз қышқылда еритін фосфор тыңайтқыштары – преципитат, фторсызданған фосфат, томасшлак, мартенді фосфатшлак, балқытылған магний фосфаты, термофосфаттар (бұл тыңайтқыштардағы фосфор өсімдікке сіңімді).
3. Күшті қышқылда еритін фосфор тыңайтқыштары - фосфорит ұны, вивианит (бұл тыңайтқыштардағы фосфор көптеген өсімдіктерге қиын сіңімді).
39. Жай суперфосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
Жай суперфосфаттың – Ca(H2PO4)2×H2O+2CaSO4×2H2O, екі түрі шығарылады: ұнтақталған (құрамында 14-19,5% сіңімді P2O5) және түйіршіктілген (19,5-22% P2O5). Жай суперфосфат құрамында 5,5 %-ға дейін бос фосфор қышқылы, 40% ғаныш (CaSO4) болады.
Бұл тыңайтқышты майдалап ұнтақталған апатитты немесе фосфоритті 57-60%-дық күкірт қышқылымен өңдеу арқылы алады:
[Ca3(PO4)2]3×CaF2 + 7H2SO4 + 3H2O = 3Ca(H2PO4)2×H2O + 7CaSO4 + 2HF
Кейбір жағдайларда, яғни фосфорит күкірт қышқылымен дұрыс араласпауынан басқа реакциялар жүреді. Күкірт қышқылы артық болғанда кальцийдің үш негізді фосфаты толық ыдырайды да фосфор қышқылы түзіледі:
[Ca3(PO4)2]3×CaF2 + 10H2SO4 = 6H3PO4 + 10CaSO4 + 2HF
Осыған байланысты дайын өнім құрамында 5,0-5,5% бос фосфор қышқылы болады. Ол суперфосфатқа жоғары қышқылдығын және гигроскопиялығын береді.
Күкірт қышқылы жеткіліксіз болғанда кальцийдің екі негізді фосфаты (преципитат) түзіледі:
[Ca3(PO4)2]3×CaF2 + 4H2SO4 + 12H2O = 6CaHPO4×2H2O + 4CaSO4 + 2HF
Жай суперфосфат өндіруде 1 тонна шикі затқа 1 тонна күкірт қышқылы жұмсалады да, 2 тонна дайын өнім (тыңайтқыш) алынады.
Дайын өнім құрамындағы фосфордың 70-85% монофосфат, 5,0-5,5% -фосфор қышқылы, 10-25% - дифосфат түрінде кездеседі. Суперфосфат құрамында 40 % ғаныш (CaSO4) болады.
Өндірудегі дайын өнім - ұнтақталған суперфосфат. Бұл күңгірт-сұр немесе ашық-сұр түсті, гигроскопиялығы мен ылғалдылығы жоғары, суда еритін зат. Сақтау және тасымалдау кезінде нығыздалады. Сондықтан оны топыраққа енгізу қиынға түседі.
Ұнтақталған суперфосфаттың физикалық қасиеттерін жақсарту үшін оны түйіршіктейді. Түйіршіктілген суперфосфат сақтағанда кесек болып қатып қалмайды, нығыздалмайды, бұл жағдай оны топыраққа механизммен енгізуге бөгет жасамайды.
Жай суперфосфат суда жақсы еритін күңгірт-сұр немесе ашық - сұр түсті, құрамында 14-19 процент сіңімді фосфор бар тыңайтқыш. Порошок түріндегі жай суперфосфаттың физикалық қасиеттерін жақсарту үшін оны айналмалы барабандарда түйіршіктейді. Түйіршіктелген жай суперфосфат сақтағанда құрт кесек болып қатып қалмайды, бұл жағдай оны топыраққа механизммен енгізуге бөгет жасамайды. Түйірлі суперфосфат кең көлемде топырақ массасымен жанаспайды, сондықтан ондағы фосфорды өсімдік өзіне көбірек сіңіреді. Түйірлі суперфосфаттың тағы бір артықшылығы оның құрамында 19,5-22 процент сіңімді фосфор болады (ұнтақталған жай суперфосфатта 14-19% P2O5). Сонымен бірге түйірлі суперфосфат шамалы қышқылдығымен (1-2,5%) ерекшеленеді.
Түйіршіктелген суперфосфат көбінесе дақылдарды егу кезінде, 10-20 кг фосфор есебінен қатар аралықтарға беруге, суармалы және ылғалы мол аймақтарға қолдануға ыңғайлы. Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарында 1 центнер түйіршікті суперфосфат, гектарынан 4 центнер қосымша астық жинауды қамтамасыз етеді.
