Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

28 Азот тыңайтқыштарын жіктеу

1) Аммиак-нитратты тыңайтқыштар. Бұған амоний селитра- сы, әк-аммоний селитрасы, аммоний-сульфат селитрасы жатады. Аммоний селитрасы NH4NO3. Құрамында 34-35% азот бар, ақ түсті түйіршік түрінде өндіріледі. Бұл тыңайтқышты 56-60% азот қышқылын газ күйіндегі аммиакпен әрекеттестіру арқылы алады: HNO3 + NH3=NH4NO3 Ақ түсті ұсақ түйіршік түрінде шығарылады. Тыңайтқышты битум, автол қоспасымен өңделген, целлофанды қапшықтарға салып шығарады. 139 Д.Н.Прянишников лабораториясында жүргізілген зерттеу жұ- мыстарының нәтижесінде аммоний селитрасын физиологиялық қышқыл тыңайтқыш тобына жатқызады. Алайда оның физиологиялық қышқылдылығы аммоний сульфатынан едәір төмен. Қүрамындағы азоттың жартысы аммоний, бір бөлігі нитрат түрінде болады. Мұның өзі топырақ қасиетіне, климатқа және тыңай- тылатын дақыл түріне қарай, оны қолданудың әдістерін, мөлшерін, пайдалану мерзімдерін өзгертіп отыруды қажет етеді. Аммоний селитрасы тиімділігі жағынан басқа азот тыңайтқыштарының арас- ында бірінші орын алады, оны барлық топырақта өсірілетін алуан түрлі дақылдарға қолдануға болады. Бұл тыңайтқышты ылғалы өте көп аудандарда және суармалы егіске күзде қолданудың қажеті жоқ, өйткені оның нитратты азоты шайылып кетеді. Аммоний селит- расын күздікті ерте көктемде үстеп қоректендіру үшін, басқа дақыл- дарды вегетациялық кезеңінде қоректендіру үшін пайдаланады.

2) Аммиакты тыңайтқыштар.

Бүл топқа аммоний сульфаты, аммоний хлориді, аммоний-натрий сульфаты, сұйық аммиак, аммиак суы, аммоний карбонаты, аммоний бикарбонаты жатады. Аммоний сульфаты (NH4)2SO4. Қүрамында 20,5-21% азот болады. Күкірт қышқылын газ күйіндегі аммиакпен бейтараптау арқылы алады: H2SO4 + 2NH3 = (NH4)2SO4 142 Сұр немесе көкшілдеу-сұр түсті, суда жақсы еритін, ылғалды аз сіңіретін, майда кристалды, физиологиялық қышқыл тыңайтқыш. Аммоний сульфатын өндіруде күкірт қышқылын гипс (CaSO4•2H2O) және глаубер тұзы (Na2SO4•10H2O) сияқты арзан заттармен алмастыруға болады: Na2SO4 + 2NH3 + 2CO2 + 2H2O = (NH4)2SO4 +2 NaHCO3 CaSO4 + 2NH3 + CO2 + H2O = (NH4)2SO4 + Ca CO3 Аммоний сульфатының құрамында 0,025-0,05 пайыз шамасында бос қышқыл болады. Бұл тыңайтқышты көбінесе бейтарап және сілтілі реакциялы топырақтарға қолданған пайдалы. Оның құрамындағы азот біраз уақытқа дейін шайылмайтындықтан аммоний сульфатын ылғалы мол және суармалы аймақтарда және күзде топырақты жыртар кезде де қолдана береді. Оны тұқым еккенде және өсімдік жас кезінде көп беруге болмайды, өйткені құрамындағы аммиакты азот дақылды уландыруы мүмкін. Бүл тыңайтқышты қолданғанда дақылдардың биологиялық ерекше- ліктеріне баса назар аударған жөн. Мысалы, күздік қара бидай, сұлы, картоп сияқты дақылдар аммоний сульфатын қолданудан ешқандай зиян шекпейді, ал көкөніс, жаздық бидай, арпа, қант қызылшасына бұл тыңайтқышты қолданудың пайдасы шамалы. Күріш үшін аммоний сульфаты ең тиімді тыңайтқыштың бірі болып саналады. Аммоний сульфатының қышқыл қалдығының пайдалы жағы да бар. Ылғалы мол топыраққа қолданғанда құрамындағы қышқыл қалдығы қиын еритін фосфор қосылыстарын ыдыратып өсімдіктерге сіңімді түрге ауыстырады.