- •1)Ауыл шаруашылығын дамытуда егіншілікті химияландырудың маңызы?
- •2)Агрохимия -егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі.Агрохимия пәні және оның зерттеу әдістері.Агрохимияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •3)Агрохимия ғылымының даму тарихы . Өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдардың рөлі?
- •4) Өсімдіктің химиялық құрамы .Дақылдардың химиялық құрамы мен сапасын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.
- •5)Қоректену - өсімдік тіршілігінің ең маңызды факторларының бірі.Өсімдік қоектенуі түрлері,олардың мәні.
- •6) Өсімдіктердің қоректенуiне сыртқы орта факторларының әсерi
- •8. Өсімдік қоректенуінің кезеңділігі. Өсімдіктердің қоректену, өсіп-жетілу жағдайларын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.
- •9. Әртүрлі топырақ құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері. Топырақтың тиімді құнарлылығын арттыруда тыңайтқыштың рөлі
- •10. Топырақтың құрамы. Топырақтың минералдық және органикалық бөлігі
- •11. Топырақтың қарашіріндісі және оның маңызы
- •12. Топырақтың сіңіру қабілетінің түрлері және өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануда олардың рөлі
- •13. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы, сіңірілген катиондардың құрамы мен арақатынасының өсімдік және тыңайтқыштарымен әрекеттесуі үшін маңызы
- •14. Топырақ қыщқылдылығы және тыңайтқыш қолдануда оның маңызы
- •15. Топырақ қышқылдылығын реттеуде негіздермен қанығу дәрежесі мен буферлігінің маңызы
- •16. Әр түрлі ауыыл шаруашылығы дақылдарының топырақ реакциясына қатынасы
- •17. Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау
- •4.1 Қышқыл топырақтарға әк қолдану
- •4.2. Топырақтарды гипстеу
- •18. Өсімдік тіршілігі үшін азоттың рөлі
- •25. Топырақ құрамындағы калий қосылыстарының мөлшері мен түрлеріжәне өсімдіктер үшін олардың сіңімділігі
- •26. Солтүстік Қазақстан топырақтарының калий құбылымы
- •27. Солт. Қаз, үшін келешегі бар минералды тыңайтқыштар
- •28 Азот тыңайтқыштарын жіктеу
- •2) Аммиакты тыңайтқыштар.
- •3) Нитратты тыңайтқыштар.
- •30 Аммоний сульфаты (nh4)2so4.
- •31.Аммоний селитрасы,оның қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •32.Мочевина,оның қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •33.Сұйық азот тыңайтқыштары,олардың қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •34.Әр түрлі топырақ-климат аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда әрі оның сапасын жақсартуда азот тыңайтқыштарының маңызы
- •35.Азот тыңайтқыштарның енгізу технологиясы,әдістері мен мерзімдеріне теориялық негіздеме беріңіз.
- •36. Топырақтың азот құбылымы мен азот тыңайтқыштарының тиімділігіне агртехникалық және климаттық факторлардың әсері.
- •37. Дақылдардың азот тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.
- •38. Фосфор тыңайтқыштарын жіктеу.
- •39. Жай суперфосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •40. Қос суперфосфат, оның қасиеттері, топырақтың өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •41. Суперфос, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •42. Фторсызданған фосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •43. Фосфорит ұны, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •44. Фосфор тыңайтқыштарын енгізу технологиясы, әдістері мен мерзімдеріне теориялық негіздеме беріңіз.
- •45. Топырақтағы фосфор сіңімділігі мен фосфор тыңайтқыштарының тиімділігіне агротехникалық және климаттық факторлардың әсері.
- •46 Cұрақ. Дақылдардың фосфор тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.
- •47 Сұрақ Хлорлы калий оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •48 Сұрақ. Калий тұзы, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •49 Сұрақ Калий сульфаты оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •50 Әр түрлі а.Ш.Д Калий тыңайтқыштарының тиімділігі мен топырақ – климат жағдайларына байланысты енгізу әдістері
- •61.Топырақ жəне климат жағдайларына байланысты іс түрлі ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты көңді енгізу əдістері.
- •51.Микроэлементтер(бор,молибден,мырыш)жане өсімдік тіршілігі үшін олардын манызы
- •52 Күрделі,құрастырылган,аралас тынайткыштар туралы түсінік
- •53 Күрделі тынайткыштар(аммофос,диаммофос,калий селитрасы)
- •54 Құрастырылгын тынайткыштар (Нитрофостар,нитрофоскалар)
- •55 Ең жаңа күрделі тыңайткыштар(аммоний полифосфаты,калий,кальций мен аммоний метафосфаттары)
- •55 Ең жаңа күрделі тыңайтқыштар(аммоний полифосфат,калий,кальций мен аммоний метофасфоттары),оларды қолдану ереекшеліктері.
- •56. Тыңайтқышты бір-бірімен араластыру əдістері мен ережелері,олардың тиімділігі..
- •57. Минералдық тыңайтқыштарды сақтау .
- •58. Органикалық тыңайтқыштарды түрлері мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен топырақ құнарлығында арттыруда оның маңызы.
- •59. Көң ең маңызды органикалық тыңайтқыш.Көң құрамы.Көңнің топырақ пен өсімдікке əсері.
- •60. Көңді сақтау əдістері мен сақтау кезіндегі оның өзгерістері.
- •61.Топырақ жəне климат жағдайларына байланысты іс түрлі ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты көңді енгізу əдістері.
- •63.Көң садырасы.
- •64.Сабанды тыңайтқыш ретінде пайдалану.
- •66.Жасыл тыңайтқыш.
- •67.Қордалар, оларды даярлау және қолдану ерекшеліктері.
63.Көң садырасы.
Оның құрамы қолдану ерекшеліктері. Бұл тыңайтқыш мал денесінен бөлінетін сұйық заттардан тұрады. Орта есеппен оның құрамында 0‚25-0‚30% азот‚ 0‚03-0‚06% фосфор және 0‚4-0‚5% калий болады. Көң садырасы негізінен азотты-калийлі тыңайтқышқа жатады. Төсенішті көңді әртүрлі әдіспен сақтағанда бірдей мөлшерде садыра бөлінбейді. Мысалы‚ 10 тонна жас төсенішті көңді төрт ай тығыздап сақтаса 170 л‚ қопсытып-тығыздаса 450 л‚ қопсытылған күйде сақталса 1000 л садыра бөлінеді. Жас көң жылдам ыдыраған сайын бөлінетін садыра мөлшері көбірек болады. Орта есеппен жас көң массасының 10-15 пайызы садырадан тұрады. Жиналатын садыраның жалпы көлемі малды қолда ұстау мерзімінің ұзақтығына‚ төсеніш пен азықтың мөлшері мен сапасына‚ тағы басқа жағдайларға байланысты болады. Мысалы‚ ірі қарадан бір жылда (220-240 күн) орта есеппен 2-2‚5 м3 садыра жиналады. Көң садырасын көбірек жинау үшін мал қорасына жақын жерден оны сақтайтын орын жасайды. Садыра үстіне
машинадапайдаланылған май шашып қою керек‚ бұл азотты ысырап болудан сақтайды. Көктемде және жазда көң садырасын ауыл шаруашылығы дақылдарын үстеп қоректендіру үшін пайдаланады. Бір гектар отамалы дақыл егісінің қатар аралығының 10-12 см тереңдігіне 5-10 тонна көң садырасы еңгізіледі. Күздік егістігі мен жайылым жерлерді тырмалар алдында әр гектарға 4-5 тонна есебінен көң садырасымен үстеп қоректендіреді. Жаздық дәнді дақыл‚ картоп‚ тамыр жемістілерге гектарына 15-20 тонна‚ көкөніс егістігіне 20-30тонна көң садырасын топырақты жыртар алдында еңгізеді.
64.Сабанды тыңайтқыш ретінде пайдалану.
Сабанның құрамында орта есеппен 0,5% азот, 0,25% фосфор және 0,8% калий бар. Сабанда органикалық қосылыстар түрінде 35-40% көміртек болады. Сабанды тыңайтқыш ретінде қолдану үшін оны топырақ бетіне шашып тастайды. Мұның өзі топырақтағы ылғал қорын сақтауға, физикалық-химиялық қасиеттерінің жақсаруына, су және жел эрозиясынан қорғауға, топырақ құрылымының едәуір жақсаруына ықпал етеді. Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жүргізген тәжірибе жұмыстары қорытындылары бойынша әр гектарға 5 тонна сабанды шашып топырақ бетін бүркегенде, оның жыртылатын қабатындағы ылғал жақсы сақталып, жаздық бидай өнімі 2,5 центнерге жоғарылаған. Ал топыраққа сабанды жамылғы ретінде қолданғанда, фосфор тыңайтқышының тиімділігі артып, қосымшаөнім гектарынан 4-5,6 центнерге ұлғайған. Сабанды азот, фосфор тыңайтқыштарымен бірге жерді жыртар алдында еңгізу топырақ құнарлылығын сақтауда шешуші рөл атқарады. Сабанды әуелі дискімен 8-10 см тереңдікке сіңіреді де одан әрі терең етіп жыртып тастайды. Азот тыңайтқыштарын сабанмен араластырып қолдану көміртектің азотқа қатынасын жақсартып, олардың ыдырауын, азотты қосылыстардың сіңімділігін тездетеді. Сабанды тыңайтқыш ретінде пайдаланған танаптарға бұршақ тұқымдас немесе отамалы дақылдар сепкен дұрыс.
65.Құс саңғырығы.
Оның құрамы,қасиеттері жəне қолдану ереекшеліктері. Құс саңғырығы тез әсер ететін, құнды органикалық тыңайтқыш болып саналады. Онда өсімдік оңай сіңіретін азот және күл элементтері мол (51-кесте). Бір жылда әр тауықтан 6-7 кг‚ үйректен 7-9 кг‚ қаздан 10-12 кг саңғырық жиналады. Құс саңғырығында азот негізінен зәр қышқылы түрінде болады. Олардың құрамында қоректік заттардың қоры берілетін жемнің түрі мен сапасына қарай өзгеріп отырады. Жас саңғырықта азоттың ұшуы онша байқалмайды. Алайда сақталған мерзімі ұзайған сайын аммиактың жоғалуы көбейе бастайды. Зәр қышқылы мочевинаға, ол көмірқышқыл аммонийге, одан әрі көмір қышқыл газына, суға, аммиакка ыдырап кетеді. Мысалы, 1,5-2 ай ішінде азоттың ысырап болуы 30-60 пайызға жетеді. Саңғырықты жинаудың және азотты өзінде сақтаудың ең тиімді тәсілі-құс қорасына құрғақ төсеніш төсеп тастау. Қаз бен үйректің саңғырығы сұйық болатындықтан оларға төсенішті молырақ пайдаланған дұрыс. Төсеніш ретінде шымтезек немесе ағаш үгіндісін қолданады. Сол сияқты жас саңғырықты суперфосфат немесе құрғақ, толық шіріген көңмен араластырады. Мұндай жағдайларда саңғырық құрамындағы органикалық зат пен азоттыңжоғалуы онша көп болмайды. Төсенішсіз алынған жас құс саңғырығын жоғары температурада (600-800оС) автоклавта немесе кептіргіш шкафта қыздырады. Кептірілен саңғырық құрамында азот 4-6%, фосфор 2-3, калий 2-2,5 пайыздай болады. Осылай дайындалған саңғырықты қапшықтарға салып тасымалдаған дұрыс. Жақсы сақталған құс саңғырығы топырақтың барлық түріне егілетін, ауыл шаруашылығы дақылдары үшін аса бағалы тыңайтқыш. Қыздырылмаған жас құс саңғырығын жер жыртар алдында негізгі тыңайтқыш ретінде гектарына көкөніс, картоп, мал азықтық тамыр жемістілер мен жеміс-жидек сияқты дақылдарға 4-10 тоннаға дейін беруге болады. Үстеп қоректендіру үшін әр гектарға 0,8-1 тонна қолданады.
