Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

33.Сұйық азот тыңайтқыштары,олардың қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.

Нитратты азот топырақта физика-химиялық және химиялық жолмен сіңірілмейді. Нитраттар өздерінің жоғары жылжымалылығын сақтайтындықтан, ылғалы көп, әрі суармалы жерлерде топырақтың астыңғы қабатына шайылуы ықтимал. Мұндай жағдайларда нитратты тыңайтқыштардың қолдану мерзімін анықтаудың маңызы үлкен рөл атқарады.

Сұйық азот тыңайтқыштарын арнаулы машиналармен ауыр топырақтарда 10-12 см, ал жеңіл топырақтарда 14-18 см тереңдіктерде жүргізу керек. Мұндай жолмен енгізілген тыңайтқыштар ұшып кетпейді. Аммиактың көп жоғалуы карбонатты топырақтарда байқалады. Сұйық азот тыңайтқыштарын топырақ бетіне енгізуге ешқашан да болмайды, өйткені аммиак тез ұшып кетеді. Сұйық азот тыңайтқыштарын негізгі тыңайту ретінде барлық ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданады. Оларды көктемде және күзде енгізуге болады. Бірақ жеңіл құм және құмдақ топырақтарға жоғары нормаларын күзде бергенде, аммиак көп жоғалады, өйткені оның бір бөлігі топырақта онша көп сіңірілмейді. Сұйық азот тыңайтқыштарын үстеп

қоректендіру үшін да отамалы дақылдарға қатараралықтарын өңдегенде қолдануға болады. Ол үшін тыңайтқыштарды қатараралықтарының ортасына немесе қатарларынан 15-20 см-ге аулақ енгізеді.

34.Әр түрлі топырақ-климат аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда әрі оның сапасын жақсартуда азот тыңайтқыштарының маңызы

Азот жер бетіндегі ең көп таралған элемент. Ол табиғатта боскүйінде және түрлі қосылыстар түрінде кездеседі. Ауа құрамының78 % осы газ болса, жер қыртысында азот қосылыстары 0,04%құрайды.Қоректік элемент ретінде өсімдік тіршілігінде азот маңызды рөл атқарады. Ол барлық ақуыз құрамына енеді де, өсімдік клеткасыпротоплазмасының басты бөлігі болып саналады. Ақуызда азоттыңмөлшері оның жалпы массасының салмағының 16-18 пайызыне теңболады. Азот фотосинтез құбылысына қатысатын хлорофилл менпротоплазманың клетка ядросының аса маңызды бөлігі - нуклеинқышқылдарының құрамында кездеседі. Сонымен қатар азотфосфатидтерде, алкалоидтерде, кейбір витаминдер мен фермент-терде және өсімдік клеткасындағы басқа көптеген органикалықзаттарда болады.Өсімдік үшін азот көзі болып есептелінетін, топырақтағықосылыстарды мынадай топтарға бөледі:

1)азот қышқылының тұздары

2)аммоний тұздары

3)азотты қышқыл тұздары

4)азоттың кейбір органикалық, қосылыстары (мочевина, аминқышқылдары).

Түйнек бактерияларының қатысуымен бұршақ тұқымдасөсімдіктер атмосферадағы бос азотты пайдаланады. Өсімдік нитрат-ты азотты органикалық заттарды синтездеу үшін пайдалана алмай-ды. Ол әуелі аммиак түріне айналады.

Азот тыңайтқыштарының тиімділігін арттыруда олардыңжоғарғы жылдық мөлшерін бөлшектеп берудің маңызы үлкен.Азоттың ысырап болуын азайтуда және азоттыңайтқыштарының тиімділігін жоғарылатуда, суда баяу еритінтүрлерін және ингибитор препараттарын пайдалану жақсы нәтижебереді. Мұнда ингибитор препараттары тыңайтқыш құрамындағыаммонийдің нитрификация құбылысына ұшырауын баяулатады.Соңғы жылдары көпшілік елдерде ингибитор үшін N-serve аттыпрепаратты қолдануда. Аммиакты тыңайтқыштардың бір гектарғаарналған мөлшеріне 0‚5-2,0 кг N-serve препараттарын қосыпқолдану нитрификация құбылысын 1‚5-2 айға дейін тежейді. Сөйтіпазоттың газ күйінде ысырап болуын және нитрат түрінде шайылуын1‚5-2 есе азайтады. Бұл препаратты суармалы аймақта өсірілетінмақта‚ күріш‚ көкөніс‚ күздік бидай сияқты дақылдарға қолданужақсы нәтиже береді.