- •1)Ауыл шаруашылығын дамытуда егіншілікті химияландырудың маңызы?
- •2)Агрохимия -егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі.Агрохимия пәні және оның зерттеу әдістері.Агрохимияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •3)Агрохимия ғылымының даму тарихы . Өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдардың рөлі?
- •4) Өсімдіктің химиялық құрамы .Дақылдардың химиялық құрамы мен сапасын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.
- •5)Қоректену - өсімдік тіршілігінің ең маңызды факторларының бірі.Өсімдік қоектенуі түрлері,олардың мәні.
- •6) Өсімдіктердің қоректенуiне сыртқы орта факторларының әсерi
- •8. Өсімдік қоректенуінің кезеңділігі. Өсімдіктердің қоректену, өсіп-жетілу жағдайларын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.
- •9. Әртүрлі топырақ құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері. Топырақтың тиімді құнарлылығын арттыруда тыңайтқыштың рөлі
- •10. Топырақтың құрамы. Топырақтың минералдық және органикалық бөлігі
- •11. Топырақтың қарашіріндісі және оның маңызы
- •12. Топырақтың сіңіру қабілетінің түрлері және өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануда олардың рөлі
- •13. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы, сіңірілген катиондардың құрамы мен арақатынасының өсімдік және тыңайтқыштарымен әрекеттесуі үшін маңызы
- •14. Топырақ қыщқылдылығы және тыңайтқыш қолдануда оның маңызы
- •15. Топырақ қышқылдылығын реттеуде негіздермен қанығу дәрежесі мен буферлігінің маңызы
- •16. Әр түрлі ауыыл шаруашылығы дақылдарының топырақ реакциясына қатынасы
- •17. Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау
- •4.1 Қышқыл топырақтарға әк қолдану
- •4.2. Топырақтарды гипстеу
- •18. Өсімдік тіршілігі үшін азоттың рөлі
- •25. Топырақ құрамындағы калий қосылыстарының мөлшері мен түрлеріжәне өсімдіктер үшін олардың сіңімділігі
- •26. Солтүстік Қазақстан топырақтарының калий құбылымы
- •27. Солт. Қаз, үшін келешегі бар минералды тыңайтқыштар
- •28 Азот тыңайтқыштарын жіктеу
- •2) Аммиакты тыңайтқыштар.
- •3) Нитратты тыңайтқыштар.
- •30 Аммоний сульфаты (nh4)2so4.
- •31.Аммоний селитрасы,оның қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •32.Мочевина,оның қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •33.Сұйық азот тыңайтқыштары,олардың қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •34.Әр түрлі топырақ-климат аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда әрі оның сапасын жақсартуда азот тыңайтқыштарының маңызы
- •35.Азот тыңайтқыштарның енгізу технологиясы,әдістері мен мерзімдеріне теориялық негіздеме беріңіз.
- •36. Топырақтың азот құбылымы мен азот тыңайтқыштарының тиімділігіне агртехникалық және климаттық факторлардың әсері.
- •37. Дақылдардың азот тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.
- •38. Фосфор тыңайтқыштарын жіктеу.
- •39. Жай суперфосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •40. Қос суперфосфат, оның қасиеттері, топырақтың өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •41. Суперфос, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •42. Фторсызданған фосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •43. Фосфорит ұны, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •44. Фосфор тыңайтқыштарын енгізу технологиясы, әдістері мен мерзімдеріне теориялық негіздеме беріңіз.
- •45. Топырақтағы фосфор сіңімділігі мен фосфор тыңайтқыштарының тиімділігіне агротехникалық және климаттық факторлардың әсері.
- •46 Cұрақ. Дақылдардың фосфор тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.
- •47 Сұрақ Хлорлы калий оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •48 Сұрақ. Калий тұзы, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •49 Сұрақ Калий сульфаты оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •50 Әр түрлі а.Ш.Д Калий тыңайтқыштарының тиімділігі мен топырақ – климат жағдайларына байланысты енгізу әдістері
- •61.Топырақ жəне климат жағдайларына байланысты іс түрлі ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты көңді енгізу əдістері.
- •51.Микроэлементтер(бор,молибден,мырыш)жане өсімдік тіршілігі үшін олардын манызы
- •52 Күрделі,құрастырылган,аралас тынайткыштар туралы түсінік
- •53 Күрделі тынайткыштар(аммофос,диаммофос,калий селитрасы)
- •54 Құрастырылгын тынайткыштар (Нитрофостар,нитрофоскалар)
- •55 Ең жаңа күрделі тыңайткыштар(аммоний полифосфаты,калий,кальций мен аммоний метафосфаттары)
- •55 Ең жаңа күрделі тыңайтқыштар(аммоний полифосфат,калий,кальций мен аммоний метофасфоттары),оларды қолдану ереекшеліктері.
- •56. Тыңайтқышты бір-бірімен араластыру əдістері мен ережелері,олардың тиімділігі..
- •57. Минералдық тыңайтқыштарды сақтау .
- •58. Органикалық тыңайтқыштарды түрлері мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен топырақ құнарлығында арттыруда оның маңызы.
- •59. Көң ең маңызды органикалық тыңайтқыш.Көң құрамы.Көңнің топырақ пен өсімдікке əсері.
- •60. Көңді сақтау əдістері мен сақтау кезіндегі оның өзгерістері.
- •61.Топырақ жəне климат жағдайларына байланысты іс түрлі ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты көңді енгізу əдістері.
- •63.Көң садырасы.
- •64.Сабанды тыңайтқыш ретінде пайдалану.
- •66.Жасыл тыңайтқыш.
- •67.Қордалар, оларды даярлау және қолдану ерекшеліктері.
67.Қордалар, оларды даярлау және қолдану ерекшеліктері.
Көңнің әсерін күшейту және қолданылатын органикалық тыңайтқыш мөлшерін арттыру үшін, шаруашылықта қорданы кеңінен пайдаланудың маңызы үлкен. Қорда даярлау үшін сабан қалдықтарын, көң садырасын, өнеркәсіп қалдықтарын, тамақ қалдықтарын, өсімдік жапырақтарын, түрлі нәжістерді, күлді және минералдық тыңайтқыштарды пайдаланады. Қорда дайындау тазалық-гигиеналық маңызы бар шаралардың бірі болып саналады. Қордаларды түрлі қалдықтардан даярлағанда ерденені қабат-қабат етіп жинайды. Онда әр қабаттың қалыңдығы 50-60 сантиметрге жеткенде, сумен немесе қи садырасымен толық шыланғанша сулайды. Қорда дайындауға пайдаланған қалдық бетіне жұқалап (10-12см) көң, құс саңғырығы салынып осылардың үстіне күл, суперфосфат немесе басқа фосфор тыңайтқышын себеді. Мұнда әр бір тонна қалдыққа 10-15 кг суперфосфат және 20-30 кг күл келуі қажет. Мұнан кейін осылардың үстіне қалдықтың жаңа қабаты 230 салынады да, үстіне қи садырасы себіліп, тағы да құс саңғырығының, көңнің, фосфор тыңайтқышының келесі қабаты салынады. Ердене биіктігі 2-2,5 метрге жеткенге дейін осылай салына береді. Ердене үстін топырақпен жауып, оны нығыздап таптайды, 2-2,5 айдан кейін қорда пайдалануға әзер болады. Көңге топырақ, суперфосфат қосу арқылы дайындалған қорда құрамындағы азоттың ысырап болу мейлінше төмендейді. Бұл ретте аммиак күкірт қышқыл аммоний түрінде байланыстырылады. Сонымен қатар органикалық заттардың шіруі жылдам өтеді және көңнің әсерін күшейте түседі. Егер 20 тонна көңде 8 кг аммиакты азот болса, көң топырақ қордасында оның мөлшері 35 килограмға дейін көтеріледі. Мұнда көң-топырақ қордасын даярлау үшін 10 тонна көңге 1,5-2 ц суперфосфат қосылады. Форформен байытылған көң-топырақ қордасы 2-4 айда қолдануға даяр болады. Көң-топырақ қордасын жылдың кез келген уақытында дайындайды. Қорданы негізгі тыңайтқыш ретінде, гектарына 15-20 тонна есебінде астық дақылдарына пайдаланады. Отамалы және көкөніс дақылдарына 30-50 тоннаға дейін қолданады.
68.Тыңайтқыштарды енгізу әдістері, ауыл аруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыруда олардың маңызы. Ауыспалы егiс жағдайында дақылдар үшiн тыңайтқыш қолдану технологиясын сақтаудың маңызы зор. өйткенi бұл жағдайда тыңайтқыш берудiң мөлшерi мен мерзiмi барлық дақылдар үшiн бiрдей болмайды. Тыңайтқышты беру мезгiлiне қарай еңгізудiң 3 тәсiлi бар: негiзгi тыңайту, тұқымды себу кезiнде тыңайту, үстеп қоректендiру. Негiзгi тыңайтудың басты мiндетi-дақылды бүкiл вегетациялық дәуiрiнде қоректiк элементпен қамтамасыз ету. Сондықтан дақылдарға берiлуге тиiстi тыңайтқыш мөлшерiнiң барлығын немесе 70-80% негiзгi тыңайтуға қолданған дұрыс. Көпшiлiк жағдайда сүдiгер жыртар алдында атқарылады. Негiзгi тыңайту мерзiмiн дақылдың, аймақтың топырақ-климат ерекшелiктерiне, тыңайтқыш қасиетiне сәйкес белгiлейдi. Көбiнесе фосфор және калий тыңайтқыштарының басым көпшiлiгi топырақтағы ылғалдың немесе суару әсерiнен оның терең қабатына шайылмайды. Демек оларды мол мөлшерде күзде негiзгi тыңайтуға қолданады. Қазақстанның суарылмайтын тәлiмi егiншiлiк аймақтарында барлық тыңайтқыштарды күзде беруге болады. Ол үшiн аммиактi, амидтi азот тыңайтқыштарын пайдаланған дұрыс. Негiзгi тыңайтуға арналған тыңайтқыштарды дақылдың қоректену ерекшелiктерiне қарай, топырақтың ылғалы мол қабатына еңгізу керек. Негiзгi тыңайтуға арналған тыңайтқыш мөлшерiн түрлi себептермен азайту оның тиiмдiлiгiн төмендетедi. Тұқымды себу кезiнде тыңайтудың басты мiндетi өсiмдiктi алғашқы өсу кезеңiнде қоректенуiн үдету. Бұл дақыл тұқымы дұрыс және тез көктеп шығуы үшiн оның сiңiмдi қоректiк заттармен қамтамасыз етудiң маңызды шарасы. Тұқымды себу кезiнде қатарларға 10-20 кг фосфор қолдану осыған негiзделген. Азот пен калий тыңайтқыштарында қолдануға болады. Тұқым топырақтың беткi қабатында орналасқандықтан, бастапқы өсу кезiнде негiзгi тыңайту үшiн тереңге еңгізiлген тыңайтқыштың қоректiк затын пайдалана алмайды. Ал тұқымды себу кезiнде оның қасына 327 еңгізiлген тыңайтқышты өсiмдiк алғашқы көктеу дәуiрiнен бастап-ақ пайдаланады. Тұқымды себу кезiнде тыңайтқыш берудi топырақта қоректiк заттар жеткiлiктi болғанда да қолданған жөн. Мұндай жағдайда себiлген тұқым мен берiлген тыңайтқыш арасында топырақ қабаты қалады да тұқым тыңайтқышпен жанаспайды. Мұның өзi тұқымды тыңайтқыш тарапынан әсер ететiн зардаптан қорғайды. Тұқымды себу кезiнде тыңайтқыш қолданудың тиiмдiлiгiн Қазақстанның әр түрлi аймақтарныда жүргiзiлген тәжiрибелердiң мәлiметтерiнен байқаймыз (72- кесте). Тұқымды себу кезiнде суперфосфатты қатар аралығына бергенде, оның құрамындағы фосфордың пайдалану коэффицентi 2- 3 есе жоғарылайды. Бұл шара аса пайдалы екен деп, қолданылатын тыңайтқыш мөлшерiн 30-40 килограмға дейiн көбейтуге болмайды, өйткенi көп мөлшерде берiлген тыңайтқыш көпшiлiк ауылшаруашылық дақылдарының жас көгiне зиян келтiредi және бұл тәсiлмен берiлген тыңайтқыш топырақтың тек қана тұқым себiлген тереңдiгiнде орналасады да өсiмдiк жетiле келе оның тамырлары терең кеткен соң, бұл тыңайтқышты толық пайдалана алмайды. Сондықтан тұқым себу кезiнде қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi гектарына 20 кг (әсерлi затпен есептегенде) аспағаны дұ- рыс. 328 Үстеп қоректендiрудiң негiзгi мiндетi, өсiмдiктiң белгiлi бiр кезеңiнде қоректенуiн күшейту. Үстеп қоректендiруге арналған тыңайтқыш мөлшерi және оны беру мерзiмi әрбiр дақылдың қоректену ерекшелiгiне сәйкес болады. Үстеп қоректендiрудi отамалы дақылдарға пайдалану қолайлы, өйткенi бұл дақылдардың қатар аралықтары вегетациялық дәуiрi iшiнде бiрнеше рет өңделедi. Сонымен бiрге дақылдардың қоректену ерекшелiктерiне сәйкес, үстеп қоректендiрудiң мерзiмiн және қолданылатын тыңайтқыш мөлшерiн нақты анықтаудың маңызы орасан зор. Айталық, қант қызылшасы өсуiнiң алғашқы кезеңдерiнде топырақта фосфордың жылжымалы түрiнiң мол болуын тiлейдi, өсу дәуiрiнiң орта шенiнде ол азот, фосфор және калийдi бiрдей мөлшерде пайдаланады. Ал вегетациялық дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде қант қызылшасы фосфор мен калийдi молырақ пайдаланады. Демек, қант қызылшасына оның өсу дәуiрiнiң әр кезеңдерiне сәйкес, түрлiше және түрлi мөлшерде тыңайтқыштар беруге тура келедi. Сондықтан бұл жұмысты тек үстеп қоректендiру арқылы атқарады. Үстеп қоректендiруге қолданылатын тыңайтқышты беру тереңдiгi дақылдың вегетациялық дәуiрiнде өзгерiп отырады. Мысалы, қант қызылшасын алғашқы үстеп қоректендiру 10-12 см тереңдiкке жүргiзiлсе, соңғысын 18-20 см тереңдiкке дейiн жеткi- зедi. Үстеп қоректендiру дақылдардың қоректiк заттарды тек тамырлары мен ғана емес, жапырақтары арқылы да сiңiруге жағдай жасайды. Мысалы, шаруашылықта сүрлемдiк жүгерi мен дәндi дақылдардың дәнiндегi ақуыз заттарын көбейту үшiн мочевинаның 20-30 пайыздық ерiтiндiсiн дайындап, оны дақылдар өсiп тұрған кезде бүркедi. Әрбiр дақыл үшiн белгiленген мерзiмнен ерте, не кеш жүргiзiлген үстеп қоректендiрудiң тиiмдiлiгi төмен болады. Мысалы, күздiк бидайды дән сала бастаған кездегi қоректендіру аса пайдалы. Жапырақ арқылы үстеп қоректендiрудi, ашық күндердi ауа-райының температурасы 15-200 С болғанда орындалған жөн. Ауаның температурасы 200 С жоғары болған жағдайда жапырақ бетіндегі ерiтiндi тез буланады да үстеп қоректендiру тиiмдiлiгi төмендейдi. Қант қызылшасы мен картоп егiстiгiн жинауға бiр ай қалғанда фосфор, калий тыңайтқыштарының ерiтiндiсiмен 329 тамырдан тыс үстеп қоректендiру қанттылығын 1-2 пайызға , крахмал мөлшерiн 1,2-2,5 пайызға арттырады. Ол үшiн суперфосфаттың 5 пайыздық, калий тұзының 3 пайыздық ерiтiндiсiн пайдаланады. Үстеп қоректендiру мынадай жағдайларда өзiн ақтайды: • ерте көктемде күздiк азотпен қоректендiру; • ылғал жеткiлiктi аймақтарда, жеңiл топырақтарда азот пен фосфор тыңайтқыштарын қолдану; • суармалы аудандарда жүгерi, қант қызылшасы, мақта, күрiш, картоп, көкөнiс дақылдарына пайдалану; • минералдық тыңайтқыштардың жылдық мөлшерi жоғары болған жағдайда; • жемiс-жидек дақылдары мен шабындыққа қолдану; • жылы саяда өсiрiлген көкөнiс дақылдарына беру. Тыңайтқышты ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiктерiне бiркелкi шашу, қатарлап (таспа түрiнде) және суаратын сумен бiрге бередi. Тыңайтқышты топыраққа еңгізу әдiстерiне байланысты, оның жыртылатын қабатта орналасуы түрлiше боладыТыңайтқышты тырмамен топыраққа еңгізгенде оның 75 - 98 % топырақтың беткi қабатында (0-3 cм) шоғырланады. Егiстiкке тыңайтқышты шашу, оның топырақ бетiнде мүмкiндiгiнше бiркелкi таралуын қамтамасыз етедi. Нәтижесiнде тыңайтқыштың топырақпен жанасуына мүмкiндiк туады. Сөйтiп тыңайтқыш пен топырақтың физика-химиялық жолмен әрекетте- суiне қолайлы жағдай жасалады. Тыңайтқыш құрамындағы аммо- 330 ний, калий иондарын топырақтың коллоидты бөлшектерi сiңiредi. Суда еритiн фосфор тыңайтқыштары химиялық сiңiру процесiнiң арқасында қиын еритiн немесе ерiмейтiн қосылыстар түзедi. Тыңайтқышты қатарлап немесе таспа түрiнде топыраққа еңгізгенде оның топырақпен жанасуы азаяды да қиын еритiн қосылыстың түзілуi баяу жүредi. Сөйтiп тыңайтқыш құрамындағы қоректiк затты өсiмдiктiң пайдалануы артады. Алайда тыңайт- қышты қатар аралыққа немесе таспалап бергенде оның жоғары мөлшерiн қолдану тиiмсiз. Мысалы, Х.Рида (Германия) тәжіри- бесiнде N 30, Р 100-200, К 150-160 арпаға тыңайтқышты күзде ша- шу арқылы бергендегi өнiм мөлшерi гектарына 40,8 центнер болса, сол тыңайтқыш мөлшерiн таспа түрiнде топыраққа еңгізу, гектарынан 38 центнер түсiм жинауды қамтамасыз еттi. Тыңайтқышты сумен беру алғашқы кезде былай атқарылған: егiстiктi суғаратын су жолына үлкен шұңқыр қазып, оны тыңайтқышпен толтырады да сол арқылы су жiбередi. Осы қарапайым әдiс тыңайтқыштың егiстiкке бiркелкi таралуына мүмкiндiк тудырады. Кәзіргі уақытта жылжымалы арнаулы механизмдер (ДДН-70, ДДА-100МА) пайдаланады. Ауыл шаруашылығы дақылдарына бiрнеше жылға (2-4 жыл) арналған тыңайтқыш мөлшерiн, бiрден сүдiгер жыртар алдында беруге де болады. Бұл тәсiлдi фосфор тыңайтқышын қолдануда кеңiнен пайдалануға болады, өйткенi фосфордың топырақта жылжуы баяу жүредi. Сондықтан өсiмдiктiң фосфорды бiрнеше жыл пайдалануына мүмкiндiк туады. Калий тыңайтқышының да 2-4 жылға арналған мөлшерiн бiрден беру тиiмдi. Алайда калий тыңайтқышын бұл тәсiлмен гранулометриялық құрамы ауыр топыраққа берген дұрыс.. 69.Тыңайтқыштар тиімділігін аңықтайтын факторлар. Ауыл шаруашылығы дақылдарының дұрыс өсуi мен дамуы бiрнеше факторлардың әсерiне байланысты. Дақылдардан мол әрi сапалы өнiм алуда жергiлiктi факторларды жете зерттеп‚ оларды дақыл ерекшелiгiне қарай дұрыс қолдану керек. Өсiмдiктiң өсуiне қажеттi барлық шаралар жасалғанда кейбiр факторлардың әсерi төмендейдi. Мысалы‚ дақылдарға қажеттi қоректiк заттар толық жеткiлiктi болса‚ олар топырақтағы ылғалды үнемдi пайдаланады. Тыңайтқыш тиiмдiлiгiне әсер ететiн негiзгi факторларға топырақ-климат жағдайлары (топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерi‚ оның құрамындағы қоректiк заттардың жылжымалы түрiнiң мөлшерi‚ жауын-шашын)‚ агротехника‚ органикалық және минералдық тыңайтқыштарды ұштастырып қолдану т.б. жатады. 7.3.1. ТОПЫРАҚ - КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ Әрбiр аймақтың топырақ-климат ерекшелiктерiн қолданы- латын тыңайтқыш түрiн‚ формасын‚ беру мерзiмi мен мөлшерiн белгiлеуде ескеру керек. Әрбiр топырақтың құрамындағы қоректiк заттың жалпы және өсiмдiкке сiңiмдi түрiнiң мөлшерi бiрдей емес. Сондықтан, топыраққа еңгізiлген тыңайтқыш тиiмдiлiгi түр- лiше болады. Мысалы‚ қарашiрiк пен азот‚ калий элементтерiне бай‚ ал фосфордың жылжымалы түрiнiң мөлшерi төмен қара топырақта фосфор тыңайтқышының тиiмдiлiгi жоғары‚ азот пен калий тыңайт- қыштарының тиiмдiлiгi өте төмен болады. Қазақстанның солтүстiк 322 аймағынан оңтүстiкке қарай жылжыған сайын топырақта фосфор мөлшерi бiртiндеп жоғарылайды. Жалпы барлық топырақта жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшерi артқан сайын, қолданылатын фосфор және калий тыңайтқыштарының тиiмдiлiгi азаяды. Қарашiрiндi мен жалпы азотқа кедей (тиiсiнше 1-2; 0,05- 0,1%) фосфор мен калий мөлшерi жоғары болып келетiн боз топырақтарда азот тыңайтқышының тиiмдiлiгi жоғары, ал фосфор тыңайтқышының әсерi орташа, калий тыңайтқышының тиiмдiлiгi өте төмен болады. Егер топырақта ылғал мөлшерi аз болған жағдайда басқа тыңайтқыштармен салыстырғанда фосфор тыңайт- қышының тиiмдiлiгi жоғары болады. Калий тыңайтқышының тиiмдiлiгi топырақтың минералдық бөлiгiнiң механикалық құрамы- на тәуелдi. Құм, құмайт топырақтарға калий тыңайтқышын қолдану дақыл өнiмiн арттырады. Қолданылатын азот тыңайтқышының мерзiмi мен формасын белгiлеу үшiн, топырақтың гранулометриялық құрамы мен оның жер асты суының орналасу тереңдiгiн ескерген дұрыс. Құм, құмайт немесе жер асты суы жақын орналасқан топыраққа нитратты формадағы азот тыңайтқышын сүдiгер жыртар алдында беру нитраттың шайылып кетуiне әкеп соғады. Жеке азот тыңайтқышының тиiмдiлiгi топырақ реакциясына да байланысты. 323 Реакциясы бейтарап немесе әлсiз сiлтiлiк қара, қара қоңыр, боз топырақтарға аммиакты азот тыңайтқыштарын пайдалану тиiмдi. Топырақтың ерекшелiктерi және оның жеке қоректiк элементтермен қамтамасыз етiлу дәрежесi тыңайтқыштарды бiр- бiрiмен ұштастырып қолдануды керек етедi. Суарылатын боз, қара қоңыр топырақтарға мiндеттi түрде азот, фосфор тыңайтқыштарын үйлестiре қолдану олардың тиiмдiлiгiн арттырады. Барлық тыңайтқыштардың, әсiресе азоттың тиiмдiлiгi топырақтағы ылғал тапшылығы жағдайында күрт төмендейдi. Жауын-шашын аз жауатын аймақтарда барлық тыңайтқыштарды күзде сүдiгер жыртар алдында беру керек. Ылғал жеткiлiктi аймақта органикалық тыңайтқыштың әсерi жоғары болады. Жеке дақылдарға тыңайтқыш қолданғанда жауын- шашынның жауатын мерзiмiн де ескеру керек. Жаздық бидай үшiн көктемде, жаздың бас кезiнде жауған жаңбырдың маңызы үлкен болса, жүгерi, тары сияқты дақылдар жаздың орта шенiнде, тiптi жаздың аяқ кезiнде жауған жауын - шашынды жақсы пайдаланады. 7.3.2. АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР Тыңайтқышты тиiмдi қолдануда агротехникалық жағдайлар шешушi фактор болып саналады. Тыңайтқыш тиiмдiлiгiне әсер ететiн ең негiзгi агротехникалық факторларға жататындар: ауыспалы егiс, топырақты өңдеу жүйесi, тұқымды себу мөлшерi мен мерзiмi, арамшөптермен, аурулармен, зиянкестермен күресу, дақыл сортының тыңайтқышқа реакциясы. Ауыспалы егiсте дақылдар белгiлi бiр ретпен алмасып отыратындықтан, тыңайтқыштың тиiмдiлiгiнiң артуына, топырақ құнарлылығының жақсаруына және органикалық заттардың қорлануына маңызды рөл атқарады. Ауыспалы егiстiктегi көпжылдық шөптiң бiр гектарындағы тамыр жүйесiнде шамамен 106-194 кг азот; 30,0-54,6 кг фосфор; 47,3-78,0 кг калий қорланады. Мақталы-жоңышқа ауыспалы егiсте тыңайтқыш қолдану мақтаны ауыстырмай егiлген танапқа қарағанда 10-12% жоғары болады. Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының мәлiметi бойынша сегiз танапты қант қызылшалы ауыспалы егiсiне N 60-120 P60-120 K60- 324 100 тыңайтқыш бергенде қант қызылшасының өнiмi гектарынан 515- 552 центнерге жеттi. Ал осы тыңайтқыш қызылшасын ауыстырмай еккендегi түсiм гектарынан 430 центнерге дейiн төмендедi. Демек, ауыспалы егiсте дақылдар топырақтан тыңайтқыш құрамындағы қоректiк заттарды толығырақ әрi тиiмдi пайдаланады. Топырақты дұрыс өңдеу оның ауа, су өткiзгiштiгiн жақсартады, сөйтiп өсiмдiк тамырының өсуi мен қызметiне қолайлы жағдай жасалады. Нәтижесiнде қолданған тыңайтқыш тиiмдiлiгi артады. Тыңайтқыш тиiмдiлiгiн арттыру үшiн тұқымның себу мөлшерiн қатаң сақтау керек. Егер тұқым себу мөлшерi көп болса, өсiмдiктер бiр-бiрiн тұншықтырады, олардың тамыр жүйесi нашар өседi, сөйтiп қоректiк заттарды пайдалануы нашарлайды, ақырында түсiм төмендейдi. Бiр гектар егiстiкте 200-250 мың сүрлемдiк жүгерi, 50-60 мың дәндiк жүгерi, 100-140 мың қант қызылшасы, 60 мың күнба- ғыс, 70-80 мың картоп өсiмдiктерi болған жағдайда олар тыңайт- қыш құрамындағы қоректiк заттарды тиiмдi пайдаланады. Дақылдарды суару режимi мен мерзiмiн сақтау да тыңайтқыш тиiмдiлiгiн шамамен 1,5-2 есе арттырады. Егiстiктi арамшөптерден тазартпай тыңайтқыш қолдану оның тиiмдiлiгiн төмендетедi, өйткенi мәдени өсiмдiктермен салыстырғанда арам шөптiң қоректiк элементтердi пайдалану қабiлетi жоғары. Егiстiктi арам шөптерден тазартып барып тыңайтқыш қолдану оның тиiмдiлiгiн жоғарылатады. Сол сияқты гербицид, инсектицидтi минералдық тыңайтқышпен бiрге қолдану да жақсы нәтиже бередi. Әйтседе, арамшөптермен, зиянкестермен, аурулармен биологиялық әдiстермен күресу сапалы өнiм жинаудың маңызды шарты болып саналады.
70.Минералды тыңайтқыштардың тиімділігін болжау әдістемесі. Ауылшаруашылық дақылдардың өнімділік шамасы мен сапасына тигізетін минералды тыңайтқыштардың әсерін, өсімдіктердің қоректену элементтерінің қажеттілігін химиялық диагностика арқылы алдын ала болжауға болады. Бір белгілі дақылдың минералды қоректенуінің болашақ жағдайларын және тыңайтқыштардың әсерін алдын ала болжау мүмкіндіктері топырақтар және өсімдіктер химизмінің заңдылықтарына және ағымды жағдайды білуге негізделеді. Өсімдіктердің минералдық қоректенуін бақылап, олардың қоректену элементтерін қажет ету шамасын біліп, тыңайтқыштарды қолдану бойынша нұсқаулар беру – агрохимиктердің маңызды мін- деттерінің бірі. Агрохимиктердің бұл бақылауында дақылдың ең биік өнімділігне сәйкес өсімдіктердің жапырақ сағағы шырын- дысының оптималды химиялық құрамын эталон ретінде қолдануға болады. Шырындының мұндай химиялық құрамының барлық па- раметрлері ауылшаруашылық дақылдардың жоспарлы өнімділігіне сәйкес. Өсімдіктердің бір белгілі фазасы бойынша шырындының химиялық стандартты құрамын білу тексерілетін ауылшаруашылық дақылдардың құрылымындағы бұзылыстардың басталуын білу үшін қажет. К.П.Магницкий (1972) жұмыстарының нәтижелері бойынша шырындыны талдаудағы тамшы әдісі элементтердің өрескел санын көрсетеді, ал сабақтағы және жапырақ сағағысындағы кесіктердегі жедел-талдау әдісі тек қана олардың сапасын анықтауға ғана мүмкіндік береді, яғни бұл әдістер көмегімен қоректену элементтерінің тек қана күшті жетіспеушілігін не күшті артықтығын білуге болады. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш қолдану бойынша жүргізілетін шаралар экономикалық жағынан тиімді және энергетикалық жағынан төмен шығынды болуы тиіс. Біздің республикамызда солтүстік аудандарда тыңайтқыштардың өнім қалыптастырудағы үлесі 30-40%, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс суармалы аудандарда 45-60% жетеді. Тыңайтқыш қолданудың алдыңғы қатарлы, энергетикалық жағынан төмен шығынды тәсілдері мен технологияларын жасау үшін олардың агрономиялық, экономикалық және энергетикалық тиімділіктерін жан-жақты бағалаудың маңызы зор. Кәзіргі кезде тыңайтқыштарды қолданудың агрономиялық тиімділіктерін анықтаумен шектелуде, мысалы тыңайтқыштың 1 ц (NPK) қосымша өніммен қайтарылымын анықтау. Бірақ көптеген ауылшаруашылық кәсіпорындарының өзін-өзі қаржыландыруына байланысты қолданылған тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктерін анықтау қажеттілігі туындайды. Тыңайтқыштарды қоданудың энергетикалық тиімділіктерін бағалау әзірше кең қолданыс таппай отыр. 10.1. Тыңайтқыш қолданудың экономикалық тиімділігі Минералдық тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктері жекелеген дақылдар, қажет болған жағдайда жалпы өсімдік шаруашылығы, ал органикалық тыңайтқыштардың тиімділігі жалпы өсімдік шаруашылығы үшін анықталады. Жалпы өсімдік шаруашылығы саласы бойынша қолданылған минералдық және органикалық тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктерінің орташа көрсеткіштері есептеледі. Жекелеген ауылшаруашылық дақылдарына нақты экономикалық тиімділікті анықтау кезінде қосымша өнімді ағымдағы құнмен бағалайды. Бұл тыңайтқыштан алынған қосымша өнімнің қаншалықты дәрежеде өтелетіндігін көрсетеді. Шаруашылықтық тиімділік тыңайтқыш қолданудан өндірілген өнімді салыстыру арқылы мынадай көрстекіштер негізінде анықталады: тыңайтқыш қолданудан алынған жалпы өнім, еңбек 440 өнімділігі, өнімнің өзіндік құны, таза пайда және өндіріс рентабелділігі. Егер тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық негізделген мөлшерін анықтау бойынша міндет қойылса, көрсеткіш санын шектеуге болады. Бұл жағдайда тыңайтқыштардың 1кг ә.з. (әсерлі зат) қосымша өніммен немесе 1 теңге шығынмен қайтарылымын, сонымен бірге тыңайған 1га егістіктен алынған таза пайданың шамасын анықтаумен шектелуге болады. Шаруашылықта тыңайтқышты қолданудың нақты тиімділігін анықтауда белгілі дақылға қолданылған тыңайтқыш мөлшері мен статистикалық және бухгалтерлік есеп бойынша дақыл өнімділігі, өнімнің өзіндік құны, сату құны, еңбек шығыны және т.б. мәліметтер есепке алынады. Тыңайтқыш қолданудың тиімділігі жөніндегі тұрақты әрі нақты көрстекіштер өнім мен қосымша өнім, таза пайда мен шығындардың төрт-бес жылдық мәліметтерін талдау негізінде анықталады. Минералдық тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктерін ауылшаруашылық дақылдарын өсіру мен жинаудың технологиялық карталары, өнімділіктің жоспарланған көрсеткіштері, минералдық тыңайтқыштарды қолданудың жылдық мөлшері және олардан алынған қосымша өнімділік негізінде есептейді Қолданылатын тыңайтқыштардың тиімділігін бағалайтын негізгі әдіс - ол өндірістік тәжірибе. Өндірістік тәжірибе жалпы қабылданған әдіс бойынша жүргізіледі. Оны жүргізуде, зерттелінетіннен басқа барлық факторлар (топырақ құнарлығы, оны өңдеу, жер бедері, өсірілетін дақыл сорты, алғы дақыл, агротехника) міндетті түрде салыстырылатын болып, яғни бір ғана өзгешелік принципі қатаң сақталуы тиіс.
