Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

56. Тыңайтқышты бір-бірімен араластыру əдістері мен ережелері,олардың тиімділігі..

Ауыл шаруашылығында күрделі және күрделі-аралас тыңайтқыштармен қатар құрғақ тыңайтқыш қоспаларын дайындау және оларды қолдану да маңызды болып келеді. Қоспа құрамы жағынан әр түрлі болып саналады. Сондықтан, концентрациясына және қоректік заттарының арақатынасына қарай оларды әр түрлі ауылшаруашылық дақылдарының қажеттілігіне сәйкес бейімдеу оңайға түседі. Минералдық тыңайтқыштар қоспаларын дайындауда олардың сапасының, физикалық-гранулометриялық және физикалық-химиялық қасиеттерінің жақсы болуына назар аударылуы тиіс. Тыңайтқыш қоспаларын дайындау және сақтау кезінде жеке бөліктері бір-бірімен өзара химиялық реакцияға түсуі мүмкін. Сондықтан, қоспа дайындауға арналған тыңайтқыштарды дұрыс таңдаудың маңызы зор. Тыңайтқыш қоспасын дайындау үшін мынадай ережелерді орындау керек:

1. Қоректік заттар ысырап болатын болса немесе физикалық қасиеті нашар масса түзілсе, минералдық тыңайтқыштарды бір- бірімен араластыруға болмайды.

2. Құрамында азот аммиак түрінде болатын тыңайтқыштарды (аммоний селитрасы, күкірт қышқыл аммоний, аммофос) сілтілі тыңайтқыштармен (томасшлак, фосфатшлак) араластыруға болмай- ды, өйткені араластырған кезде аммиак бөлінеді.

3. Суперфосфатты аммиак селитрасымен араластырғанда гигроскопиялығы жоғары кальций нитраты және азоттың оксидтері түзіледі де қоспаның қасиеті нашар болады.

Ca( H2PO4)2 • H2O + NH4 NO3 = Ca(NO3)2 • n H2O + 2NH4H2PO4

H3PO4 + NH4 NO3 = HNO3 + NH4H2PO4

4 HNO3 = 4NO2 + 2H2O + O2

4. Күкірт қышқыл аммоний тыңайтқышын суперфосфатпен араластырғанда гипс пайда болады да қоспа қатып қалады, оны топыраққа еңгізу алдында тағы ұнтақтауға тура келеді.

Ca(H2PO4)2 • H2O + (NH4)2SO4 = 2NH4H2PO4 + CaSO4 + H2O

5. Суперфосфатты мочевинамен араластырғанда қоспаның ылғалдылығы жоғарылайды.

6. Өте ылғал тыңайтқыштарды бір-бірімен араластыруға болмайды.

7. Ұнтақ күйіндегі тыңайтқышты түйіршікті тыңайтқышпен қосып, қоспа дайындауға болмайды.

8. Химиялық құрамы біртекті тыңайтқыш қоспаларын дайындау үшін араластыратын компоненттердің гранулометриялық құрамы бірдей немесе өзара жақын болуы тиіс.

9. Тыңайтқыш қоспаларының сапасы едәуір дәрежеде олардың құрамындағы қоректік заттардың арақатынасына байланысты.

Мысалы, қоректік заттардың арақатынасы 1:1:1 мөлшерінде алынған аммиак селитрасынан, суперфосфаттан, калий хлоридінен дайындалған қоспада 60 күн сақтаудан соң 8,4%, ылғал, ал арақатынасы 1:1,5:1,5 мөлшердегі осындай қоспада 5,5% ылғал болған.

10. Қоспа дайындауға арналған компоненттердің қасиеті ауыл шаруашылығы дақылдарының талаптарына сай болуын ескеру керек (38-кесте).

Сонымен шаруашылықта қоспа дайындау технологиясы мынадай ретпен орындалады:

• қоймада нығыздалып қалған тыңайтқыштарды ұнтақтау

және електен өткізу;

• дайындалған тыңайтқыштарды бір-бірімен араластыру;

• қоспаны тиеу;

• қоспаны қоймаға немесе егістікке тасымалдау.

Тыңайтқыш қоспасын дайындау мерзімін шаруашылықтың нақты жағдайына қарай шешу керек. Кешенді тыңайтқыштарды пайдалануда олардың топырақпен әрекеттестіру реакциясының өзіндік ерекшіліктерін ескеру керек. Олардың әрекеттесу реакциясының қарқыны мен бағыты түрлі жағдайларға байланысты.

1. Топырақ құнарлылығы төмен болса кешенді тыңайтқыштар құрамындағы фосфордың қиын еритін формаға ауысуы жылдамырақ өтеді:

2. Саз, сазды топырақтарға еңгізілген кешенді тыңайтқыштар олардың құрамындағы жылжымалы фосфор мөлшерін жоғарылатады.

3. Егісті суару кешенді тыңайтқыштар фосфорының топырақта химиялық жолмен сіңірілуінің баяу жүруіне әсер етеді.

4. Кешенді тыңайтқыштардың өзгеріске ұшырауына түйіршік көлемі де әсер етеді. Түйіршік көлемі 1-4 мм кешенді тыңайтқыштарды топыраққа еңгізгенде өсімдік үшін ең қолайлы фосфор режимі пайда болады.

5. Кешенді тыңайтқыштардың өзгеруіне олардың химиялық құрамы әсер етеді. Мұнда, құрамында суда еритін фосфоры көп тыңайтқыш беру топырақтағы жылжымалы фосфор мөлшерін арттырады.

6. Кешенді тыңайтқыштардың өзгеруі топырақтың генетикалық ерекшіліктеріне де байланысты болады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кешенді тыңайтқыштардың жай тыңайтқыш қоспаларымен салыстырғанда әсер етуінің мынадай аймақтың заңдылықтары болады:

1. Орманды-шалғындық және орманды-далалық аймақтарда шымды-күлгін және қара топырақтарда құрамында екі, үш қоректік элементтері болатын кешенді тыңайтқыштарды дәнді дақылдар, қант қызылшасы, картоп егістігіне негізгі тыңайту үшін қолданғанда, тиімділігі жағынан жай тыңайтқыш қоспаларына жақын немесе жоғары болады.

2. Далалық аймақтарда (кәдімгі, корбанатты, оңтүстік қара топырақтар) кешенді тыңайтқыштардың тиімділігі төмен.

3. Суармалы қара қоңыр және боз топырақтарда жүгері, мақта, дәнді дақылдар егістігінде жай тыңайтқыш қоспалармен салыстырғанда екі-үш компонентті кешенді тыңайтқыштардың тиімділігі жоғары болып келеді.

4. Күріш дақылына құрамында нитратты азоты бар кешенді тыңайтқышты қолданса, оның тиімділігі аммиакты немесе амидтіазот болатын жай тыңайтқыш қоспаларынан төмен болады.

5. Астық, техникалық, сүрлемдік дақылдар мен біржылдық шөптерге кешенді тыңайтқыштарды, тұқымды себер алдында қолданған тиімді.