Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

36. Топырақтың азот құбылымы мен азот тыңайтқыштарының тиімділігіне агртехникалық және климаттық факторлардың әсері.

Солтүстік Қазақстан топырақтарында жалпы азоттың мөлшері 0,05-0,5% ол топырақтың құнарлығына, қарашірінді мөлшеріне байланысты болады. Бірақ, өсімдіктердің қоректенуі үшін азоттың минералды, яғни сіңімді формалары қажет. Солтүстік Қазақстан топырақтарында аммиакты азоттың мөлшері төмен, ең үлкен мөлшері көктемде байқалады, жаз бойы өте аз. Көктем суық ылғалды болғанда аммиактың мөлшері көбейеді, бірақ көктем кезеңінде температураның тез жоғарылауымен топырақтағы аммиакты азот нитраттарға дейін жылдам тотығады. Нитратты азоттың мөлшеріне топырақ түрі, климаттық және агротехникалық жағдайлар әсер етеді.

Топырақтағы нитратты азот мөлшері, дақылдар өнімділігі және азотты тыңайтқыш тиімділігі арасында тығыз тәуелділік бар. Топырақта нитратты азоттың мөлшері төмен болса, онда өнім де төмен болады. Бірақ, азотты тыңайтқыштарды қолдану тиімділігі жоғары болады. Топырақтағы нитратты азоттың мөлшері жоғарылауымен өнім де өсіп тұрады. Әр түрлі дақылдарға минералды азоттың мөлшерінің қолайлы шегі болады. Бұл жағдайда ғана өсімдіктерден жоғары өнім алуға болады. В.Г.Черненоктың деректері бойынша дәнді дақылдарға қара-қоңыр топырақтың 0-40 см қабатында нитратты азоттың оңтайлы мөлшері 12-15 мг/кг.

Азот тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау үшін топырақтың азотпен қамтамасыз етілуін білу керек. Ол үшін топырақты агрохимиялық зерттеу керек. Нәтижесінде агрохимиялық картограммалар жасалады. Азот бойынша агрохимия картограммасы жеңіл гидролизденетін азот мөлшеріне қарай жасайды. Бірақ, өсімдіктің азотпен қамтамасыз етілуінің негізгі диагностикалық көрсеткіші сонымен қатар топырақтың аймағында нитратты азот болып табылады.

Жеңіл гидролизденетін азот мөлшері тұрақты көрсеткіш, ол топырақтың потенциалды қабілетін анықтайды. Жеңіл гидролизді азоттың мөлшері әлсіз өзгереді, бұл азоттың формасы емес оның фракциясы болып табылады. Жеңіл гидролизді азот құрамына қарапайым амин қышқылдары, амидтер, аммиакты, нитратты азот кіреді.

37. Дақылдардың азот тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.

Дақылдардың азот тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі. Азот тыңайтқыштарының мөлшері төмендегі формула бойынша есептелінеді (В.Г.Черненок,1997):

ДN ә.з. кг = (Nопт - Nфакт)*К*ТКылғ, мұнда [2]

ДN - азот тыңайтқышының енгізу мөлшері, кг/га ә.е.з.;

Nопт – дақылға қажетті топырақтың 0-40 см қабатындағы N-NO3-тің оңтайлы мөлшері, мг/кг;

Nфакт - топырақтың 0-40 см қабатындағы N-NO3-тің нақты мөлшері, мг/кг;

К - 7,5 кг-ға тең топырақтың 1 мг N-NO3 тыңайтқыш эквиваленті, атап айтқанда, бұл 1 кг топырақтағы N-NO3 мөлшерін 1 мг-ға арттыру үшін енгізілуге тиісті азот тыңайтқышының кг көлемі;

ТКылғ - ылғалдандыруға байланысты түзету коэффициенті.

ТКылғ төмендегі формуламен есептелінеді:

; мұнда [3]

ЖШ ф - ауыл шаруашылығы жылы ішіндегі нақты (болжамдалған) жауын-шашын, мм;

ЖШ н - нормативтік жауын-шашын = 275 мм

Ауыспалы егіс дақылдары үшін азот тыңайтқыштарының мөлшерлерін анықтағанда, алдыңғы дақылға енгізілген тыңайтқыштар мөлшерінің соңынан әсер етуін ескеру керек. Солтүстік Қазақстан топырағының шайылмайтын су құбылымы (режімі) жағдайында азот тыңайтқыштары 2 жыл ішінде өнімге оң әсерін тигізеді (әсер ету және соңынан әсер ету жылы). Сонымен бірге, енгізілген тыңайтқыштардың ықпалы арқасында топырақта "экстра" азоттың пайда болуына байланысты олардың әсер етуі тепе-тең.

Егер топырақтағы Р2О5 мөлшері фосфор тыңайтқыштарын енгізгеннен кейін де оңтайлыдан төмен болса, онда азот тыңайтқыштарының мөлшерін топырақтың фосформен қамтамасыз етілуін ескере отырып не диагностикалық кесте, не мына формула бойынша анықтау керек (Черненок В.Г,1997):

ДN = (1/3 Рфакт - Nфакт)*К*ТКылғ, мұнда [4]

1/3 Рфакт - N-NO3-тің оңтайлы деңгейінің көрсеткіші, Р2О5-тің нақты жеткен деңгейі үшін, мг/кг.

Бұл фосфордың жетіспеуі кезінде де өсімдіктер үшін 2,5-3 аралығындағы фосфор мен азот арасындағы оңтайлы арақатынасты сақтап қалуға мүмкіндік береді. Оның маңыздылығы көлемінен кем емес.