- •1)Ауыл шаруашылығын дамытуда егіншілікті химияландырудың маңызы?
- •2)Агрохимия -егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі.Агрохимия пәні және оның зерттеу әдістері.Агрохимияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •3)Агрохимия ғылымының даму тарихы . Өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдардың рөлі?
- •4) Өсімдіктің химиялық құрамы .Дақылдардың химиялық құрамы мен сапасын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.
- •5)Қоректену - өсімдік тіршілігінің ең маңызды факторларының бірі.Өсімдік қоектенуі түрлері,олардың мәні.
- •6) Өсімдіктердің қоректенуiне сыртқы орта факторларының әсерi
- •8. Өсімдік қоректенуінің кезеңділігі. Өсімдіктердің қоректену, өсіп-жетілу жағдайларын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.
- •9. Әртүрлі топырақ құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері. Топырақтың тиімді құнарлылығын арттыруда тыңайтқыштың рөлі
- •10. Топырақтың құрамы. Топырақтың минералдық және органикалық бөлігі
- •11. Топырақтың қарашіріндісі және оның маңызы
- •12. Топырақтың сіңіру қабілетінің түрлері және өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануда олардың рөлі
- •13. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы, сіңірілген катиондардың құрамы мен арақатынасының өсімдік және тыңайтқыштарымен әрекеттесуі үшін маңызы
- •14. Топырақ қыщқылдылығы және тыңайтқыш қолдануда оның маңызы
- •15. Топырақ қышқылдылығын реттеуде негіздермен қанығу дәрежесі мен буферлігінің маңызы
- •16. Әр түрлі ауыыл шаруашылығы дақылдарының топырақ реакциясына қатынасы
- •17. Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау
- •4.1 Қышқыл топырақтарға әк қолдану
- •4.2. Топырақтарды гипстеу
- •18. Өсімдік тіршілігі үшін азоттың рөлі
- •25. Топырақ құрамындағы калий қосылыстарының мөлшері мен түрлеріжәне өсімдіктер үшін олардың сіңімділігі
- •26. Солтүстік Қазақстан топырақтарының калий құбылымы
- •27. Солт. Қаз, үшін келешегі бар минералды тыңайтқыштар
- •28 Азот тыңайтқыштарын жіктеу
- •2) Аммиакты тыңайтқыштар.
- •3) Нитратты тыңайтқыштар.
- •30 Аммоний сульфаты (nh4)2so4.
- •31.Аммоний селитрасы,оның қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •32.Мочевина,оның қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •33.Сұйық азот тыңайтқыштары,олардың қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •34.Әр түрлі топырақ-климат аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда әрі оның сапасын жақсартуда азот тыңайтқыштарының маңызы
- •35.Азот тыңайтқыштарның енгізу технологиясы,әдістері мен мерзімдеріне теориялық негіздеме беріңіз.
- •36. Топырақтың азот құбылымы мен азот тыңайтқыштарының тиімділігіне агртехникалық және климаттық факторлардың әсері.
- •37. Дақылдардың азот тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.
- •38. Фосфор тыңайтқыштарын жіктеу.
- •39. Жай суперфосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •40. Қос суперфосфат, оның қасиеттері, топырақтың өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •41. Суперфос, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •42. Фторсызданған фосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •43. Фосфорит ұны, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •44. Фосфор тыңайтқыштарын енгізу технологиясы, әдістері мен мерзімдеріне теориялық негіздеме беріңіз.
- •45. Топырақтағы фосфор сіңімділігі мен фосфор тыңайтқыштарының тиімділігіне агротехникалық және климаттық факторлардың әсері.
- •46 Cұрақ. Дақылдардың фосфор тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.
- •47 Сұрақ Хлорлы калий оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •48 Сұрақ. Калий тұзы, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •49 Сұрақ Калий сульфаты оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •50 Әр түрлі а.Ш.Д Калий тыңайтқыштарының тиімділігі мен топырақ – климат жағдайларына байланысты енгізу әдістері
- •61.Топырақ жəне климат жағдайларына байланысты іс түрлі ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты көңді енгізу əдістері.
- •51.Микроэлементтер(бор,молибден,мырыш)жане өсімдік тіршілігі үшін олардын манызы
- •52 Күрделі,құрастырылган,аралас тынайткыштар туралы түсінік
- •53 Күрделі тынайткыштар(аммофос,диаммофос,калий селитрасы)
- •54 Құрастырылгын тынайткыштар (Нитрофостар,нитрофоскалар)
- •55 Ең жаңа күрделі тыңайткыштар(аммоний полифосфаты,калий,кальций мен аммоний метафосфаттары)
- •55 Ең жаңа күрделі тыңайтқыштар(аммоний полифосфат,калий,кальций мен аммоний метофасфоттары),оларды қолдану ереекшеліктері.
- •56. Тыңайтқышты бір-бірімен араластыру əдістері мен ережелері,олардың тиімділігі..
- •57. Минералдық тыңайтқыштарды сақтау .
- •58. Органикалық тыңайтқыштарды түрлері мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен топырақ құнарлығында арттыруда оның маңызы.
- •59. Көң ең маңызды органикалық тыңайтқыш.Көң құрамы.Көңнің топырақ пен өсімдікке əсері.
- •60. Көңді сақтау əдістері мен сақтау кезіндегі оның өзгерістері.
- •61.Топырақ жəне климат жағдайларына байланысты іс түрлі ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты көңді енгізу əдістері.
- •63.Көң садырасы.
- •64.Сабанды тыңайтқыш ретінде пайдалану.
- •66.Жасыл тыңайтқыш.
- •67.Қордалар, оларды даярлау және қолдану ерекшеліктері.
57. Минералдық тыңайтқыштарды сақтау .
Минералдық тыңайтқыштарды сақтау, тасымалдау, әзірлеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру, олардың құрамындағы қоректік заттардың ысырап болуын төмендетеді және тиімділігін арттырады. Минералдық тыңайтқыштардың барлығы да арнайы жабдықталған, іші құрғақ, қабырғасы қалың, едені мен төбесі бүтін, терезелері мен есіктері жақсы жабылатын қоймаларда сақталады. Қойма тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарынан аулағырақ (200 м) жерде салынады. Қойманың едені су өтпейтін және тыңайтқышты топырақ ылғалынан сақтай алатын болуы керек. Тыңайтқыш сақталатын қойманы салған кезде ең алдымен оның кеңдігі қандай болатынын анықтаған жөн. Ол үшін бір тонна минералдық тыңайтқыш қанша орын алатынын білген дұрыс. Шамамен алғанда бір тонна тыңайтқыш 1,25 текше метр орын алады деп есептеуге болады. 60 тонна және одан да көп тыңайтқыш сиятын қойманың автокөлік еркін кіріп шығатын, екі жағынан ашылатын үлкен есігі болуы қажет. Тыңайтқыштың әрбір түрі өз алдына бөлек сақталады, ол үшін қойманың іші бірнеше бөліктерге (секция) бөлініп, олар қоршалып қойылады. Қойманың ішінде тыңайтқышты топыраққа еңгізуге әзірлейтін - ұнтақтайтын, елейтін, араластыратын орын (бөлме) болуы тиіс. Қоймаға келген ылғалдылығы жоғары тыңайтқыштар бөлек сақталады.
Аммиак селитрасы өте ылғал тартқыш тыңайтқыш, сондықтан оны егіске еңгізгенге дейін зауыттан буылып келген күйінде, яғни қапшықта сақтау керек. Аммоний сульфаты ылғалды онша тартпайды, демек оны биіктігін екі-үш метрге дейін үйіп сақтауға болады. Бұл тыңайтқышты қапшықпен сақтағанда биіктіг 20 қатардан артық болмауы керек. Ылғалдылығы мөлшерден артық болса суперфосфат көбірек жабысады, кейде оның төменгі жағында жатқандары жентектеліп қатып қалады, сондықтан үйіндінің онша биік болмағаны жөн.
Калий тыңайтқыштары ылғалды көбірек тартатындықтан сақтау ережесінің барлық талабын орындау керек. Тыңайтқышты ауыл шаруашылығы машиналарымен бір қоймада сақтауға болмайды‚ өйткені олардың металл бөлшектері коррозияға ұшырайды. Қоймада өрттен сақтау құралдары болып, қойманың іші мен сыртында тазалық және тәртіп болу қажет. Сақталған кезінде тыңайтқыштардың күйін байқап тұрған жөн. Ашық‚ жылы күндері қойманың есік-терезесін ашып‚ ішін желдетіп‚ даладан жылы ауа кіргізіп тұрған дұрыс. Ал ылғалды күндері‚ керісінше‚ есігі мен терезесін жауып қою керек. Тыңайтқыштың әрбір түрінің сыртында оны аты‚ құрамын- дағы қоректік заттардың мөлшері‚ ылғалдылығы көрсетілген жазу болу керек.
58. Органикалық тыңайтқыштарды түрлері мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен топырақ құнарлығында арттыруда оның маңызы.
Органикалық тыңайтқышқа көң‚ көң садырасы‚ құс саңғырығы‚ қордалар‚ шаруашылық қалдықтары‚ шымтезек‚ сапропель, сидераттар т.б. жатады. Органикалық тыңайтқыштардың маңызына тоқтала келіп академик Д.Н. Прянишников былай деп жазған: ”Химия өнеркәсібінің дамуына және минералдық тыңайтқыштардың кеңінен таралуына байланысты‚ көңнің маңызы кейінгі екінші кезектегі жоспарға қалдырылады деп ойлау мүмкін емес‚ керісінше‚ минералдық тыңайтқыштарды қолданудың артуына байланысты көңнің мөлшері де арта түседі. Мұны химияландырудың жоғары дәрежесіне жеткен елдердің тәжірибесі де көрсетіп отыр. Бұл жағдай, көңді ауыл шаруашылығы дақылдарына ең басты тыңайтқыштар ретінде қолданудың бірі деп санауға мәжбүр етеді. Органикалық тыңайтқыштар топырақтың агрономиялық қасиеттеріне жан-жақты әсер етеді және дақылдардың өнімін арттыруда маңызды рөл атқарады. Мысалы‚ Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал тәжірибе стансасының көпжылдық деректеріне қарағанда, гектарына 30 тоннадан көң қолданғанда боз топырақтың құрамындағы гумус (0-25 см тереңдіктегі) мөлшері 1‚125 пайыз‚ азот 0‚136 пайыз‚ ал тыңайтқыш берілмеген жердің топырағында бұл көрсеткіштер тиісінше 0‚573 және 0‚082 пайыз болған. Органикалық тыңайтқыштар құрамында өсімдіктің қоректенуіне қажетті барлық элементтер кездеседі. Мысалы‚ мүйізді ірі қара малының көңінің бір тонна құрғақ затында 20 кг азот‚ 10 кг фосфор‚ 24 кг калий‚ 28 кг кальций‚ 6 кг магний‚ 4 кг күкірт‚ 25 г бор‚ 230 г марганец‚ 20 г мыс‚ 100 г мырыш‚ 2 г молибден‚ 1‚2 г кобальт‚ 0‚4 г йод болады. Сондықтан оларды толық тыңайтқыш деп атайды. 20 тонна жартылай шіріген төсенішті көң 0‚3 тонна аммоний селитрасын‚ 0‚25 тонна жай суперфосфатты‚ 0‚3 тонна калий хлоридін алмастырады.
Минералдық тыңайтқыштарға қарағанда органикалық тыңайтқыштарда қоректік заттардың мөлшері аз болады. Органикалық тыңайтқыш өсімдік үшін көмір қышқыл газының көзі болып табылады. Топыраққа еңгізілген бұл тыңайтқыштардың ыдырауынан пайда болған көмір қышқыл газы топырақ ауасын‚ топырақтың үстіңгі қабатын қанықтырады да өсімдіктің ауа арқылы қоректенуі жақсарады. Жасалған есеп бойынша бір гектарға еңгізілген 30-40 тонна көң бірқалыпты жағдайда ыдырағанда күнделікті қосымша 100-200 кг көмірқышқыл газы бөлінеді.
Мұндай құбылыстың маңыздылығы сонда‚ дәнді дақылдардың әр гектардағы өнімділігін 20-25 центнерге жеткізу үшін 100 кг СО2‚ ал картоп пен көкөністен 400-500 центнер өнім алу үшін 200-300 кг СО2 жұмсалады. Органикалық тыңайтқыштар топырақ микроорганизмдері үшін энергетикалық материал мен қоректік заттардың негізгі көзі болып саналады. Сонымен қатар олар топырақты түрлі микро- флоралармен байытады‚ аммонификация және нитрификация про- цестерін жеделдетеді.
Органикалық тыңайтқыштарды еңгізу-топырақ құнарлылығын арттырудың басты тәсілі. Әрдайым органикалық тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде қолданғанда топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері‚ биологиялық‚ физикалық‚ физикалық-химиялық‚ химиялық қасиеттері‚ су және ауа режимдері жақсарады. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы мен негізбен қанығу дәрежесі артады‚ қышқылдылығы төмендейді‚ жылжымалы алюминий‚ темір‚ марганец мөлшері кемиді‚ буферлігі жоғарлайды. Органикалық тыңайтқыштар минералдық тыңайтқыштың тиімділігін арттырады. Топырақ ерітіндісінің шамадан тыс қоюлануын және қоректік заттардың шайылуын кемітеді. Минералдық тыңайтқыштар көбінесе еңгізілген жылы ғана әсер ететін болса‚ органикалық тыңайтқыштардың әсері бірнеше жылға созылады. Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бірге қолданса анағұрлым мол өнім алынады. Ғылыми және өндірістік тәжірибелерде таза көңнің өзі дақылдардың өнімділігін 20-30 пайыз‚ минералдық тыңайтқыш 25-35‚ ал екі түрін бірге пайдаланғанда 40-60 пайызға дейін арттыратындығы анықталған. Мысалы‚ Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында жүгерінің әр гектарына 20 тонна көң бергенде өнім мөлшері 100‚7 центнерге‚ 120 кг азот‚ 60 кг фосфор‚ 60 кг калийді минералдық тыңайтқыш түрінде сіңіргенде 105‚9‚ ал органикалық және минералдық тың- айтқыштарда араластырып пайдаланғанда өнім 126‚9 центнергежетті. Профессор К.Иманғазиевтың ғылыми талдаулары бойынша әр гектарға еңгізілген 20 тонна көң мақта өнімін гектарына 7 ц‚қант қызылшаны - 100 ц‚ дәндік жүгеріні 15 ц‚ күрішті 10 және би-дайды 5 ц арттырады. Сонымен егілетін дақылдардан мол әрі сапалы өнім алу үшін және топырақ құнарлылығын арттыруда органикалық тыңайтқыштарды қолданудың маңызы зор. Егіншілікте өте ертеден қолданылып келе жатқан органикалық тыңайтқыштардың бірі көң.
Көң құрамдас бөлігіне байланысты төсенішті және төсенішсіз деп ажыратылады.
