Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохим дурысы 211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
910 Кб
Скачать
☆

30 Аммоний сульфаты (nh4)2so4.

Қүрамында 20,5-21% азот болады. Күкірт қышқылын газ күйіндегі аммиакпен бейтараптау арқылы алады: H2SO4 + 2NH3 = (NH4)2SO4 142 Сұр немесе көкшілдеу-сұр түсті, суда жақсы еритін, ылғалды аз сіңіретін, майда кристалды, физиологиялық қышқыл тыңайтқыш. Аммоний сульфатын өндіруде күкірт қышқылын гипс (CaSO4•2H2O) және глаубер тұзы (Na2SO4•10H2O) сияқты арзан заттармен алмастыруға болады: Na2SO4 + 2NH3 + 2CO2 + 2H2O = (NH4)2SO4 +2 NaHCO3 CaSO4 + 2NH3 + CO2 + H2O = (NH4)2SO4 + Ca CO3 Аммоний сульфатының құрамында 0,025-0,05 пайыз шамасында бос қышқыл болады. Бұл тыңайтқышты көбінесе бейтарап және сілтілі реакциялы топырақтарға қолданған пайдалы. Оның құрамындағы азот біраз уақытқа дейін шайылмайтындықтан аммоний сульфатын ылғалы мол және суармалы аймақтарда және күзде топырақты жыртар кезде де қолдана береді. Оны тұқым еккенде және өсімдік жас кезінде көп беруге болмайды, өйткені құрамындағы аммиакты азот дақылды уландыруы мүмкін. Бүл тыңайтқышты қолданғанда дақылдардың биологиялық ерекше- ліктеріне баса назар аударған жөн. Мысалы, күздік қара бидай, сұлы, картоп сияқты дақылдар аммоний сульфатын қолданудан ешқандай зиян шекпейді, ал көкөніс, жаздық бидай, арпа, қант қызылшасына бұл тыңайтқышты қолданудың пайдасы шамалы. Күріш үшін аммоний сульфаты ең тиімді тыңайтқыштың бірі болып саналады. Аммоний сульфатының қышқыл қалдығының пайдалы жағы да бар. Ылғалы мол топыраққа қолданғанда құрамындағы қышқыл қалдығы қиын еритін фосфор қосылыстарын ыдыратып өсімдіктерге сіңімді түрге ауыстырады. Аммиакты тыңайтқыштарды еңгізгенде, топырақта болатын өзгерістерге өсімдіктердің катионадарды жылдам сіңіретіндігін атап көрсеткен жөн. Қазақстанның қара қоңыр‚ боз топырақтарына аммоний сульфаты мен аммоний хлоридін қолдану кезінде қышқылдық орта туғызбайтын себебі, қышқыл қалдықтарын кальций толық бейтараптайды.

31.Аммоний селитрасы,оның қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері

Аммоний селитрасы NH4NO3. Құрамында 34-35% азот бар, ақ түсті түйіршік түрінде өндіріледі. Бұл тыңайтқышты 56-60% азот қышқылын газ күйіндегі аммиакпен әрекеттестіру арқылы алады

:HNO3 + NH3=NH4NO3

Ақ түсті ұсақ түйіршік түрінде шығарылады. Тыңайтқышты битум, автол қоспасымен өңделген, целлофанды қапшықтарға салып шығарады. Д.Н.Прянишников лабораториясында жүргізілген зерттеу жұ- мыстарының нәтижесінде аммоний селитрасын физиологиялық қышқыл тыңайтқыш тобына жатқызады. Алайда оның физио- логиялық қышқылдылығы аммоний сульфатынан едәір төмен. Қүрамындағы азоттың жартысы аммоний, бір бөлігі нитрат түрінде болады. Мұның өзі топырақ қасиетіне, климатқа және тыңай- тылатын дақыл түріне қарай, оны қолданудың әдістерін, мөлшерін, пайдалану мерзімдерін өзгертіп отыруды қажет етеді. Аммоний селитрасы тиімділігі жағынан басқа азот тыңайтқыштарының арас- ында бірінші орын алады, оны барлық топырақта өсірілетін алуан түрлі дақылдарға қолдануға болады. Бұл тыңайтқышты ылғалы өте көп аудандарда және суармалы егіске күзде қолданудың қажеті жоқ, өйткені оның нитратты азоты шайылып кетеді. Аммоний селит- расын күздікті ерте көктемде үстеп қоректендіру үшін, басқа дақыл- дарды вегетациялық кезеңінде қоректендіру үшін пайдаланады.

Ааммоний селитрасының топырақпен әрекеттесуі Топыраққа еңгізілген аммоний селитрасы ериді де топырақтың сіңіру кешенімен реакцияға түседі:

( T.C.K) 2Ca + 2NH4NO3 = (T.C.K) 2NH4 + Ca(NO3)2

Бұл реакция барысында тыңайтқыштың аммоний катионын топырақтың коллоидты бөлшектерін адсорбциялайды, ал нитрат ерітіндіде сілтілік немесе сілтілік жер метилдардың тұзын түзеді. Негізбен қанықпаған топырақпен әрекеттескенде орта реакция- сы қышқылдық жаққа қарай жылжыйды:

(T.C.K) H,Ca + 3 NH4NO3 = (T.C.K) 3NH4 + HNO3 + Ca (NO3)2

Сол сияқты аммоний селитрасының нитрификация құбылы- сына ұшырауы, топырақ ерітіндісінің реакциясын уақытша қышқылдандырады:

2NH4NO3 + 4O2 = 4HNO3 + 2H2O

Өсімдіктің алғашқы даму кезеңдерінде уақытша пайда болған қышқылдық реакция аздаған зиянды болады. Сонымен бұл тыңайтқыштың катионы топырақтың сіңіру комплексінің құрамында болса, анионы топырақ ерітіндісіне өтеді. Кейбір жағдайларда бұл тыңайтқыштың аммоний катионы алмас- пайтын, қиын алмасатын күйге ауысуы ықтимал. Сонымен бірге аммоний селитрасының құрамындағы азотты топырақ микро- организмдері де пайдаланады, соның нәтижесінде біраз бөлігі күрделі органикалық қосылыстар құрамына енеді. Қолдану . Селитраларды әр түрлі топырақтарға қолдануға болады. Бірақ физиологиялық сілтілі тыңайтқыштар болғандықтан, оларды сілтілі топырақтарға енгізудің қажеті жоқ. Қышқылды шымды-күлгін топырақтарға тиімділігі жоғары болады, өйткені оларды ұзақ уақыт қолдану топырақтардың қышқылдығын бейтараптауға мүмкіншілік жасайды. Селитраларды барлық ауыл шаруашылығы дақылдарына қолдануға болады. Натрий селитрасы құрамында натрий болғандықтан қант қызылшасы, малазықтық және асханалық тамыр жемістілер сияқты дақылдардың өніміне және сапасына оң әсер береді. Өйткені натрий көмірсулардың жапырақтардан тамырға жылжуына себепкер болады. Суармалы аймақтарда күріш, мақта сияқты дақылдарға қолданатын селитралар тиімділігі аммиакты тыңайтқыштарға қарағанда төмен болады. Селитраларды кез келген тәсілмен: негізгі тыңайту, қатарлап, үстеп қоректендіру ретінде қолдануға болады. Бірақ гигроскопиялығы жоғары болғандықтан кальций селитрасын қатарлап енгізу тиімсіз. Нитратты азоттың жылжымалылығы жоғары болғандықтан селитраларды көктемде тұқымды себер алдында және өсімдіктің вегетациялық кезеңінде үстеп қоректендіру үшін қолдану тиімді. Күзде енгізгенде топырақтың астыңғы қабатына шайылу қауіпі бар