- •1)Ауыл шаруашылығын дамытуда егіншілікті химияландырудың маңызы?
- •2)Агрохимия -егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі.Агрохимия пәні және оның зерттеу әдістері.Агрохимияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •3)Агрохимия ғылымының даму тарихы . Өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдардың рөлі?
- •4) Өсімдіктің химиялық құрамы .Дақылдардың химиялық құрамы мен сапасын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.
- •5)Қоректену - өсімдік тіршілігінің ең маңызды факторларының бірі.Өсімдік қоектенуі түрлері,олардың мәні.
- •6) Өсімдіктердің қоректенуiне сыртқы орта факторларының әсерi
- •8. Өсімдік қоректенуінің кезеңділігі. Өсімдіктердің қоректену, өсіп-жетілу жағдайларын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.
- •9. Әртүрлі топырақ құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері. Топырақтың тиімді құнарлылығын арттыруда тыңайтқыштың рөлі
- •10. Топырақтың құрамы. Топырақтың минералдық және органикалық бөлігі
- •11. Топырақтың қарашіріндісі және оның маңызы
- •12. Топырақтың сіңіру қабілетінің түрлері және өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануда олардың рөлі
- •13. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы, сіңірілген катиондардың құрамы мен арақатынасының өсімдік және тыңайтқыштарымен әрекеттесуі үшін маңызы
- •14. Топырақ қыщқылдылығы және тыңайтқыш қолдануда оның маңызы
- •15. Топырақ қышқылдылығын реттеуде негіздермен қанығу дәрежесі мен буферлігінің маңызы
- •16. Әр түрлі ауыыл шаруашылығы дақылдарының топырақ реакциясына қатынасы
- •17. Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау
- •4.1 Қышқыл топырақтарға әк қолдану
- •4.2. Топырақтарды гипстеу
- •18. Өсімдік тіршілігі үшін азоттың рөлі
- •25. Топырақ құрамындағы калий қосылыстарының мөлшері мен түрлеріжәне өсімдіктер үшін олардың сіңімділігі
- •26. Солтүстік Қазақстан топырақтарының калий құбылымы
- •27. Солт. Қаз, үшін келешегі бар минералды тыңайтқыштар
- •28 Азот тыңайтқыштарын жіктеу
- •2) Аммиакты тыңайтқыштар.
- •3) Нитратты тыңайтқыштар.
- •30 Аммоний сульфаты (nh4)2so4.
- •31.Аммоний селитрасы,оның қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •32.Мочевина,оның қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •33.Сұйық азот тыңайтқыштары,олардың қасиеттері,топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •34.Әр түрлі топырақ-климат аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда әрі оның сапасын жақсартуда азот тыңайтқыштарының маңызы
- •35.Азот тыңайтқыштарның енгізу технологиясы,әдістері мен мерзімдеріне теориялық негіздеме беріңіз.
- •36. Топырақтың азот құбылымы мен азот тыңайтқыштарының тиімділігіне агртехникалық және климаттық факторлардың әсері.
- •37. Дақылдардың азот тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.
- •38. Фосфор тыңайтқыштарын жіктеу.
- •39. Жай суперфосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •40. Қос суперфосфат, оның қасиеттері, топырақтың өзгеруі және қолдану ерекшеліктері.
- •41. Суперфос, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •42. Фторсызданған фосфат, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •43. Фосфорит ұны, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •44. Фосфор тыңайтқыштарын енгізу технологиясы, әдістері мен мерзімдеріне теориялық негіздеме беріңіз.
- •45. Топырақтағы фосфор сіңімділігі мен фосфор тыңайтқыштарының тиімділігіне агротехникалық және климаттық факторлардың әсері.
- •46 Cұрақ. Дақылдардың фосфор тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.
- •47 Сұрақ Хлорлы калий оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •48 Сұрақ. Калий тұзы, оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •49 Сұрақ Калий сульфаты оның қасиеттері, топырақта өзгеруі және қолдану ерекшеліктері
- •50 Әр түрлі а.Ш.Д Калий тыңайтқыштарының тиімділігі мен топырақ – климат жағдайларына байланысты енгізу әдістері
- •61.Топырақ жəне климат жағдайларына байланысты іс түрлі ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты көңді енгізу əдістері.
- •51.Микроэлементтер(бор,молибден,мырыш)жане өсімдік тіршілігі үшін олардын манызы
- •52 Күрделі,құрастырылган,аралас тынайткыштар туралы түсінік
- •53 Күрделі тынайткыштар(аммофос,диаммофос,калий селитрасы)
- •54 Құрастырылгын тынайткыштар (Нитрофостар,нитрофоскалар)
- •55 Ең жаңа күрделі тыңайткыштар(аммоний полифосфаты,калий,кальций мен аммоний метафосфаттары)
- •55 Ең жаңа күрделі тыңайтқыштар(аммоний полифосфат,калий,кальций мен аммоний метофасфоттары),оларды қолдану ереекшеліктері.
- •56. Тыңайтқышты бір-бірімен араластыру əдістері мен ережелері,олардың тиімділігі..
- •57. Минералдық тыңайтқыштарды сақтау .
- •58. Органикалық тыңайтқыштарды түрлері мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен топырақ құнарлығында арттыруда оның маңызы.
- •59. Көң ең маңызды органикалық тыңайтқыш.Көң құрамы.Көңнің топырақ пен өсімдікке əсері.
- •60. Көңді сақтау əдістері мен сақтау кезіндегі оның өзгерістері.
- •61.Топырақ жəне климат жағдайларына байланысты іс түрлі ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты көңді енгізу əдістері.
- •63.Көң садырасы.
- •64.Сабанды тыңайтқыш ретінде пайдалану.
- •66.Жасыл тыңайтқыш.
- •67.Қордалар, оларды даярлау және қолдану ерекшеліктері.
3)Агрохимия ғылымының даму тарихы . Өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдардың рөлі?
Егіншілердің көптеген ұрпақтарының практикалық қызметі нәтижесінде түрлі тыңайтқыш заттардың көмегімен топырақтың құнарлылығын арттыру туралы білім жинақталған. Отырғызылған дақылдардың өнімділігін арттыру мақсатында топыраққа көң және түрлі шаруашылық қалдықтарды енгізуді адамдар мың жылдықтар бойы білген. Рим империясы кезеңінің өзінде жасыл тыңайтқыштарды қолданған (Египетте топырақтың құнарлылығын арттыру үшін жер жыртуда көптеген өсімдіктерді пайдаланған), гипстің, әктің (мергель), күлдің тыңайтқыштық қасиеті белгілі болған. Бірақ бұл тәсілдердің негізі белгісіз болды, сондықтан өсімдіктерді қоректендірудің құпиясын ашу үшін ұзақ және күрделі ізденіс қажет болды.
М.В. Ломоносов (1711-1765) Ресейде жаратылыстанудың негізін салды. Өсімдіктерді ауамен қоректендіру туралы тамаша ойларды М.В. Ломоносов 1753 жылы айтқан болатын: «Өнімсіз құмда тамырын тереңге таратқан өнімді ағаштардың жақсы өсуі, майлы жапырақтардың майлы тукты ауадан алатындығын көрсетедіÂ».
М.Г. Павлов (1793-1840) топырақты тыңайту – оны құнарландыру, физикалық қасиеттерін жақсарту, қышқылдықты азайту немесе топырақтағы органикалық заттардың ыдырауын жеделдету деп санайды.
1836 жылы француз ғалымы Ж. Буссенгоның арқасында егіншіліктегі қоректік заттардың айналымын зерттеу басталды және бұршақты дақылдардың топырағында азоттың жинақталатыны жайлы деректер қалыптасты. Ж. Буссенго гумустық теорияның орнына өсімдікті қоректендірудегі азотты теорияны дамытты, азоттың егіншіліктегі негізгі маңызын көрсетті, беде дақылының (бұршақты дақылдардың) ауыспалы егісте азот балансын жақсартатынын және өніміді едәуір ұлғайтуға әсерін тигізетінін көрсетті. Ол бұршақты дақылдардың азотты аудан сіңіретіні жайлы ұйғарымды айтты.
Ресейде өсімдіктерді қоректендіру және тыңайтқыштарды қолдану туралы жүйелі ғылыми зерттеулер XIX ғасырдың 60-70 жылдарында басталды. А.Н. Энгельгардт, Д.И. Менделеев, П.А. Костычев, К.А. Тимирязевтердің жұмыстарының ерекше маңызы болды.
К.А. Тимирязев «Егіншілік және өсімдіктердің физиологиясы» (1937) кітабында өзінің агрономиялық химияға қатынасын анық байқатты. «Өсімдік жақсы өссе – адам да жақсы өмір сүреді; өсімдік өлсе – адамға да қатер төнедіÂ», - деп жазды К.А. Тимирязев осы еңбегінде. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: адамды тамақтандыру үшін, өсімдікті қоректендіру қажет, ал бұл дегеніміз агрохимияны практикалық қолдану: «агрономияның барлық міндеттері, егер оны тереңірек түсінсек, өсімдікті дұрыс қоректендіру жағдайын анықтауға және мүмкіндігінше дәлме-дәл іске асыруға әкеп соғады».
Біздің елімізде агрохимияның дамуы Д.Н. Прянишниковтың (1865-1948) қызметімен тығыз байланысты. Оның ғылыми қызығушылығы көп мәселелерді қамтитынымен ерекшеленді. Оның басшылығымен өсімдіктердің фосформен қоректенуі, атап айтқанда өсімдіктің фосфориттен фосфорды сіңіруі және тыңайтқыш ретінде фосфорит ұнын қолдануы зерттелді.
Д.Н. Прянишников тыңайтқыштарды енгізу тәсілдерін, мөлшерін, мезгілін, оларды ауыспалы егісте таратылуға, жекелеген дақылдарды тыңайтуға көп еңбек сіңірді.
Д.Н. Прянишниковтың саралауымен «Зертханалық жұмыстардың және вегетациялық тәжірибелердің нәтижелерінен» жинағының 17 томы жарыққа шықты. Оның белсенді қатысуымен ВСНХ-да Тынайтқыштар бойынша ғылыми институт, Бүкіл одақтық тыңайтқыштар, агротехника және агротопырақтану институты, Қант өнеркәсібінің орталық ғылыми – зерттеу институты ұйымдастырылды. Д.Н. Прянишниковтың іргелі еңбектері соның ішінде «Агрохимия», «ССРО егіншіліктегі және өсімдіктер тіршілігіндегі азот» атты кітаптары осы уақытқа дейін біздің елімізбен қатар шетелдерде мамандарды даярлауда пайдаланылады.
Агрохимик кадрларын дайындауда Д.Н. Прянишниковтан кейін агрохимия кафедрасының меңгерушісі болған А.Г. Шестаковтың саралауымен шыққан «Агрохимия» (1954) оқулығының жағымды рөлі бар.
Ф.В. Турчин (1902-1965) түрлі формада жай және күрделі минералды тыңайтқыштарды агрохимиялық бағалаумен айналысты. Азоттың 15N тұрақты изотопымен таңбаланған қосылыстарын қолданудың бастаушысы болып, өсімдіктерге түсуіне және амин қышқылдары мен белоктар түзілу үшін нитраттар, аммоний және амид азотын пайдалануға классикалық зерттеу жасады. Бұл зерттеулерден өсімдіктерде жекелеген
амин қышқылдарының түзілуінің бір реттілігі және белоктардың әрдайым жаңаруының дерегі белгіленді. Ф.В. Турчин сонымен қатар азоттың биологиялық фиксация үрдісін зерттеді.
В.М. Клечковский (1900-1972) өсімдіктердің фосфаттық қоректенуі, тыңайтқыштар әсерінің сандық заңдылығы, өсімдіктерді қоректендірудегі элементтердің оңтайлы ара қатынасы мәселелерімен айналысты. Ол агрохимиядағы қолдан жасалған радионуклидттердің негізін салушылардың
бірі. Минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолдану ауыл шаруашылығы өнімдерінде радионуклидттерді төмендету тәсілдерінің бірі болып табылады. В.М. Клечковский химияландыруға көп көңіл бөлді: «Химияландыру – ауыл шаруашылығындағы техникалық прогресстің зор тетігі. Химияландыру орасан зор қаржыландыруда. Химияландыру бойынша шаралардың тиімді түрде ғылыми негіздеу – ғалымдардың бірінші міндетіÂ».
Н.С. Авдонин (1903-1980) өсімдіктердің өсу кезеңіндегі қоректену ерекшелігін зерттеді және өсімдіктерді үстеп қоректендірудің теориялық негізін зерттеді. Ол сонымен қатар шымды–күлгін топырақтың құнарлылығын арттыру, осы топырақтардың қасиетін жақсартатын және ондағы минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыратын тәсілдерді зерттеу мәселелерімен айналысты. Оның басшылығымен Қара топырақты емес аймақтағы дәнді дақылдар мен көп жылдық шөптердің қысқа төзімділігі және топырақ пен тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына әсері зерттелді.
Т.Н. Кулаковская (1919-1986) топырақтың құнарлылығына және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне минералды және органикалық тыңайтқыштардың әсерін зерттеді. Оның басшылығымен Белоруссиядағы егін шаруашылығының өнімділігін және топырақтың құнарлылығын арттыру үшін практикалық іс-шаралар жүргізілді және ғылыми негізі жете зерттелді.
1926 жылы Қазақстанда Жер шаруашылығы Комиссариаты жанынан топырақты зерттеу бюросы ұйымдастырылды. Бұл бюро кейінірек Қазақтың жер тыңайту және агротопырақтану институты, одан соң 1935 жылдан бастап В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік институты болып аталды. Осы уақыттан бастап біздің республикамызда ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми жүйелері қалыптаса басталды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін зерттеу жөніндегі алғашқы тәжірибелер, Қазақстанда 1929 жылы жүргізіле басталды. Бұл тәжірибелердің нәтижелері Н.П. Корбут, И.И. Синягин, Н.Е. Крутиков, Г.М. Лобанов, К.И. Иманғазиев еңбектерінде жинақталып, қорытынды жасалды.
Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы мен дамуына үлкен еңбек сіңірген К.И.Иманғазиев болды. К.И.Иманғазиев Қазақтың В.Р. Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институтының агрохимия бөлімін 30 жылдан астам уақыт 10 басқарды. Оның көп жылдар бойы жүргізген ғылыми жұмыстары, Қазақстанның оңтүстік аймағында минералдық және органикалық тыңайтқыштарды дұрыс қолданылса, суармалы боз және қара қоңыр топырақтардың құнарлылығын жақсартатынын, одан қант қызылшасы, күздік бидай, жоңышқа, мақта, күріш сияқты дақылдардың түсімінің күрт артатынын дәлелдеді. Оның “Қазақ- станда тыңайтқыш қолдану жүйесі” атты еңбегі казірде тыңайтқыш қолдануда бірден-бір құнды нұсқау болып саналады. Ол Қазақстанда тұңғыш рет агрохимияның ғылыми мектебін құрды. К.И. Иманғазиев нақты топырақ-климатттық
жағдайларда әртүрлі дақылдар үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштарды тиімді қолданудың негізін қалады.
Кейінгі жылдары агрохимия саласында Д.К.Мәденов, А.Т.Пономарева, Б.С.Бәсібеков, тағы басқа көптеген ғалымдар өсіп жетілді. Д.К.Мәденовтің жетекшілік етуімен Алматы және Қызылорда облыстарында қант қызылшасы, жүгері, күріш, қарбыз, жүзім, күз- дік бидай дақылдарына сұйық азот тыңайтқыштары мен карба- миформ, мочевина сыналды. Қазақстанда 60-шы жылдардың екінші жартысында Д.К.Маденов басқаруымен минералдық тыңайтқыштардың жаңа түрлерінің (Қаратау отандық фосфориттерінен алынатын аммофос, метафосфаттар, полифосфаттар, фторсыз фосфаттар), сондай-ақ азот және күрделі тыңайтқыштардың химиялық және салыстырмалы тиімділігі бойынша қомақты зерттеулер жүргізілді.
Бұл зерттеулер Қазақстан егіншілігі үшін минералды тыңайтқыштардың қажетті ассортиментін анықтауға мүмкіндік бер- ді.
1960-1970 жылдары К.И. Иманғазиев жетекшілігімен ұзақ мерзімді стационарлы тәжірибелерде топырақтардың агрофизи- калық, агрохимиялық және биологиялық қасиеттері, сондай-ақ қы- зылша ауыспалы егісінің тыңайтқыштармен қамтылуына байла- нысты топырақтардағы қоректену элементтерінің теңгерімі кешенді тұрғыда зерттелді. Соңынан бұл әдіс басқа да арнайы мамандандырылған ауыспалы егістер жағдайында кеңінен сыналып, кейінгі зерттеулерде жалғасын тапты: дәнді-пар (Лихтенберг А.Г., Сдобникова О.В., Черненок В.Г., Елубаев С.З.); күріш (Жамантиков К., Рамазанова 11 С.Б., Таутенов И.А.); мақта-жоңышқа (Батькаев Ж.Я., Умбетаев И.); малазықтық дақылдар (Пономарева А.Т., Елешев Р.Е.); көкөніс (Мамышов М.М., Сапаров А.С., Саржанов С.Б.); көкөніс-малаз- ықтық дақылдар (Елешев Р.Е., Иванов А.Л.).
Арнайы мамандырылған ауыспалы егістер жағдайында стационарлық тәжірибелерде жүргізілген агрохимиялық зерттеулер нәтижелері Қазақстан топырақтарын ұтымды пайдалану және олар- дың құнарлығын сақтап қалу, өсімдіктердің қоректенуін қолай- ландыру, сондай-ақ дақылдардың тұрақты өнімділігін, өнімнің жоғары сапасын себептеуші органикалық, минералдық тыңайт- қыштарды тиімді қолдану, экологиялық қауіпсіздікті қамту бойын- ша практикалық ұсыныстар берудің және теориялық ілімінің негізі болып табылды.
Өсімдіктердің азоттық алмасуы мен азоттың «топырақ- өсімдік-тыңайтқыш» жүйесінде бір түрден екінші түрге көшуі және өсімдіктердің азоттық алмасуының физиологиялық, биохимиялық жайлары Б.С.Бәсібеков және оның оқушыларының еңбектерінде көрсетілген. Б.С.Бәсібековтің ғылыми жұмыстары негізінен күздік бидай және қант қызылшасы ауыспалы егісіндегі дақылдарға тыңайтқыш әсерін зерттеуге арналды. Сонымен қатар Б.С.Бәсібеков тыңайтқыштың ауыл шаруашылығы дақылдары өнімінің сапасына әсерін де зерттеді.
Алыс және жақын шет елдерде биік беделге ие болған, Қазақстандағы агрохимия ғылымының дамуына көп үлес қосқан топырақтардың фосфаттық режимі бойынша зерттеулерді айтуға болады (т.б.). Пономарева А.Т., Елешев Р.Е., Иванов А.Л., Сапаров А.С., Мамышов М.М., Саржанов С.Б. және Профессор Пономарева А.Т. жетекшілігімен Қазақстан топырақтарының қоректену элементтерінің жылжымалы түрлерімен қамтылу деңгейі бойынша бөліктенуі, сондай-ақ дәнді-пар, қызылша және малазық ауыспалы егістерінде фосфор тыңай- тқыштарын жүйелі ұзақ қолдану жағдайында топырақтардың фосфаттық режимінің өзгеру сипаты белгіленді.
Фосфор тыңайтқыштарын пайдалану теориясының және практикасының әрі қарай дамуына академик Елешев Р.Е. басқаруымен, оның шәкірттерінің маңызды зерттеу жұмыстары зор үлес қосты. Соның ішінде өсімдіктердің фосфорлық алмасу және фосфордың «топырақ-өсімдік-тыңайтқыш» жүйесінде бір түрден 12 екінші түрге көшу жөніндегі зерттеулерді айтуға болады. Мақта- жоңышқа, көкөніс, күріш ауыспалы егістерінің дақылдарын минералды қоректендіруді қолайландыруында Елешев Р.Е. оқушыларының ізденістері еңбектеріне лайық мойындалды.
Кәзіргі уақытта Қазақстан агрохимиктері топырақтарды агроэклогиялық тұрғыда бағалау (Рамазанова С.Б.), егіншілікті биологизациялау (Елешев Р.Е., Рамазанова Р.Х., Балғабаев Ә.М.), топырақтарды минималды және нөлдік өңдеуде тыңайтқыштарды жүйелі қолдану (Елешев Р.Е., Күрішбаев А.К., Кененбаев С.К., Үм- бетов А.Қ., Киреев А.К.), агроландшафты егіншілік (Елешев Р.Е., Үмбетов А.Қ., Киреев А.К.)) мәселесі бойынша іргелі және қолдан- балы зерттеулерді жүргізу үстінде. Өкінішке орай, көптеген ғылыми зерттеулер сұраныссыз қалып жатыр. Қазақстан егіншілігінде өсімдіктердің минералдық қоректе- нуінде негізгі элементтердің жетіспеушілігінің әсерінен алынатын өнім, тек қана топырақтардың шектелген табиғи қоры есебінен қалыптасады. Оның үстіне дақылдардың қоректенуін қолайландыру және топырақтардың құнарлығын қалпына келтіру бойынша ғылыми жетістіктер ауылшаруашылық өндірісіне еңгізілмейді.
