Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaksha_pediatria_1.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252 Кб
Скачать
☆

6. Гипогалактия: алдын алу, әдістері, емдеу. Емізуді бақылау.

Гипогалактия – лактация кезеңінде сүт бездерінің секреторлы функциясының төмендеуі. Гиполактацияның пайда болуы босанудан кейінгі 10 күн ішінде болса – ерте, 11күн және одан кейін болса – кеш болады.

Гипогалактияның пайда болуына байланысты типтері:

Біріншілік немесе шын гипогалактия (нейроэндокринді бұзылыстар), емізетін әйелдердің сүт жетіспеушілігі 5% аз жағдайда кездеседі, әдетте ол ерте болады.

Екіншілік гипогалактия, дұыс емес тамақтану, күн тәртібінің бұзылуымен (қатты қалтырау, таза ауда қажетті мөлшерде болмау), сонымен қатар анасының соматикалық және инфекциялық аурулармен ауруы (мастит және т.б.) болады. Ол босанғаннан кейін 1-2 айдан кейін (кейде кейін) , лактацияның бұзылуына әдетте сүттің қажетті мөлшерде секрециясы себеп болады.

Баланың тәуліктік қажеттілігінің дефициттігіне байланысты гипогалактияның 4 деңгейін көрсетеді.

I деңгейі – сүт жетіспеушілігі тәуліктік қажеттілігінің ¼ (25%)

II деңгейі - сүт жетіспеушілігі тәуліктік қажеттілігінің жарты (50%) көлемінің жетіспеушілігі

III деңгейі - сүт жетіспеушілігі тәуліктік қажеттілігінің ¾ (75%) құрайды

IV деңгейі - сүт жетіспеушілігі тәуліктік қажеттілігінің ¾ (75%) жоғары

Гипогалактияның алдын алу шаралары босануға дейін және әйел адамды табиғи тамақтандыруға дайындауды қалыптастырудан, қыздарды мектеп деңгейінде үйрету керек.

-алғашқы туылғаннан бастап баланы кеудеге алу, әрі қарай баланың қаланы бойынша

- әйелге емізудің артықшылығын түсіндіру және оны лактация процесіне дайындау, лактацияның доминанттық тұрақтылығы үшін, психотерапияның түсінігін қалыптастыру

- әйел адамның жүктілік және босанудан кейінгі кезеңде ұйықтау және ояну (7-8 сағ. кем емес) уақыты рационалды болу керек

- босанғаннан кейін сүттің қалыпты болуы үшін бірнеше тәулік бойы әр емізуден кейін қалған сүтті сығып тастау қажет

- емізер алдын 20мин бұрын сүт бездеріне айналмалы душ қабылдау

- фитотерапия

Сүттің жақсы келуі үшін түрлы дәрілік өсімдіктерді шөп түрінде қабылдау оң екені дәлелденген. Осы мақсатта қолшотыр тәрізді (фихель, зире, қалақай бұршақ) қалақай және бұршақ тұқымдас өсімдіктер қолданылады. Баланы емізгенде ішкен сүтінің орташа мөлшерін анықтау үшін емізуді бақылаймыз. Ол үшін баланы емізер алдын және емізгеннен соң өлшейміз. Егер емізу уақытында бала астына жіберіп қойса және құсса да киімі ауыстырылмайды. Емізгеннен кейінгі салмағы емізер алдынғы салмағынан артады. Дұрыстығын тексерү үшін 3 рет әр түрлі уақытта өлшенеді. Үш рет өлшегеннен кейін орта саны алынады. Баланың орташа қабылдаған сүтін (мөлшерін) емізу санына көбейтсек, оның 24 сағатта қанша сүт қабылдайтыны шығарылады. Баланы өлшеу тыныш, ыңғайлы жағдайда, емізу режиміне сай жүргізіледі

7. Қосымша (аралас) тамақтандыруға көрсеткіш. Бейімделген арнайы сүтті қоспа. Тиімділігін бақылау. Жасанды тамақтандыру техникасы.

Аралас тамақтандыру – баланың 1/3 -1/2 бөлігінде ананың сүтімен қатар қосымша бейімделген сүт қоспасын алғашқы 4-5 айында қабылдауы. Қосымша тамақтандыру уақыты келмеген, бірақ бала тек ана сүтімен қанағаттана алмаған жағдайда, аралас тамақтандыру қажеттілігі туындайды, яғни бейімделген сүт қоспаларымен жасанды тамақтандыру.

Аралас тамақтандыруға көрсеткіш:

  • ана сүті құнарсыз және аз мөлшерде болғанда

  • ана сүтінің қажеттілігімен шектелуі үшін баланың жеке ерекшеліктерінің (экссудативті диатездік ауыр көріністері) немесе ақуыз бен майдың көп мөлшердегі қажеттілігінң болуы (тамақтануы бұзылған және күні жетпей туылған балалар). Қосымша сүт қоспасының мөлшерін және түрін баласының жасына, қосымша тамақтың себебіне, ана сүтінің жетпеу мөлшеріне қарап анықтайды. Бейімделген сүт қоспасының құрамы ана сүтінің компоненттеріне барынша жақын болып келеді.

Қайнаған ыдысқа өлшенген қасық арқылы (қоспа тағамдармен) құрғақ сүтті өнімді себеді, беткей қалдығын алып, 45-50 қайнаған су қосады, толық емізгенге дейін араластырып, 36-37 салқындатып және құтыға құйылады. Қоспаны қабылдар алдында дайындау керек. Емізікше тесігі емізікше көлеміне сай болу керек, құтыны төмен қарату арқылы тексеруге болады. Қоспа тағам тамшы түрінде шығу керек. Баланы тамақтандыру кезінде емізікше және құты қоспа тағамына әрдайым толық болу керек, құты бос болса нәресте ауаны жұтады, сонымен қатар кекіру және құсу орын алады. Тамақтандырғаннан кейін нәрестені вертикальды қалыпта ұстау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]