Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaksha_pediatria_1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251.5 Кб
Скачать

32. Ддұ бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару бағдарламасы. Жедел ішек инфекциясы

ДДҰ мен ЮНИСЕФ науқас балаларға сапалы көмек ұсыну мақсатымен «бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару» атты стратегияны(ИВБДВ) дайындады. ИВБДВ бала денсаулығы түгелімен назарда болатын, бала денсаулығының күзетіне біріктірілген әрекет болып табылады. ИВБДВ мақсаты өлім санын, аурулар санын, мүгедектік санын қысқарту және 5 жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға әсер ету. ИВБДВ профилактикалық емдік элементтерден тұратын отбасылық және қоғамдық, сонымен қатар медициналық мекеме.

Стратегия негізгі үш компоненттен тұрады:

  • Науқастарды басқару аймағындағы денсаулық сақтау қызметкерлерінің дағдыларын жақсарту;

  • Жалпы денсаулық сақтау жүйесін жақсарту;

  • Отбасы мен қоғамдық деңгейде денсаулық сақтау жұмысын жақсарту.

ИВБДВ стратегиясы медициналық мекемеде поликлиникадағы бала ауруларын дәл анықтауға, барлық негізгі аурулардың сәйкес комбинирленген емін қамтамасыз ету, балалардың күтімін іске асыратын адамдардың кеңес беруін жақсарту және ауыр науқастанған балаларды қажетті мамандарға жолдама беруге ықпал етеді. Бұл үй жағдайында қажетті көмекке жүгінуді стимулдейді, алдын – алу мен тамақтануды жақсартуға, сонымен қатар дұрыс дәрігерлік тағайындауларды орындауға ықпал етеді. Ерте жастағы балалардың өлімін және аурушаңдығын азайту мен ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығын орындау мақсатында 2008 жылы 19 желтоқсаннан бастап, №656 «ҚР ерте жастағы балалардың дамуы мен бала жастағы ауруларды интегрирленген басқару әдісін енгізу туралы » медициналық ұйымдарда ДДҰ мен БҰҰ балалар фонды ұсынысымен ерте жастағы бала дамуы мен бала жастағы ауруларды интегрирленген басқару әдісі енгізілген.

ИВБДВ клиникалық нұсқаулық негізінде келесі принцип жатыр:

  • 5 жасқа дейінгі барлық науқас балаларда жалпы қауіп белгілерін анықтау үшін қаралуы керек, ал барлық нәрестелер өте ауыр түрдегі ауру белгілерін анықтау үшін қаралады.Осы симптомдардың болуы баланың стационарға жедел жолдама керектігін көрсетеді.

  • Осыдан кейін балалар мен нәрестелер негізгі симптомдарды анықтау үшін қаралады.Ересек балалар үшін негізгі симптомдарына жөтел немесе тынытың қиындауы, диарея, қызу, аранындағы проблема мен құлақ инфекциясы жатады.Нәрестедегі негізгі симптомдарға жергілікті бактериялық инфекция, диарея және сарғыштық жатады. Бұдан басқа барлық науқас балаларды тамақтану мен иммунизация статусын, сонымен қатар басқа потенциалды прблеманы анықтау үшін қарау керек.

  • Ауруды анықтау үшін оның сезімталдылығы мен арнайылығы негізінде, клиникалық симптомдардың тек шектелген саны қолданылады.

  • Балалар ауруларының жеке симптомдар комбинациясы бойынша , симптомдар 1 немесе бірнеше топтарға бөлінеді,ал диагноз қойылмайды. Аурудың классификациясы үш түстік жүйеге негізделген: «күлгін» баланы тез арада стационарға жолдау дегенді білдіреді, «сары» спецификалық амбулаторлы емді бастау керектігін көрсетеді, «жасыл» үйде үстемелік күтім керектігін көрсетеді.

  • ИВБДВ бойынша ауруды жүргізу процесінде базалы емдік препараттардың шектеулі саны қолданылады және балаға емді , балаға күтімді жүзеге асыратын адамдар мен ата-аналардың активті араласулары кеңейтіледі.

  • Тамақтану мен сұйықтық сәйкес қолданысы, үйдегі күтім сұрақтары , балаға күтімді жүзеге асыратын адамдардың кеңес беруі, сонымен қатар көмекке жүгіну немесе қайта қаралу ИВБДВ стратегиясының маңызды компоненті болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]