Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaksha_pediatria_1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251.5 Кб
Скачать

30. Қауіп топтары,фондық ауруларды түзету. Профилактикасы,диспансеризациясы, емі, тіркеуден шығу уақыты, вакцинциялау тактикасы.

Фондық аурулар(созылмалы тағамдық бұзылыс,рахит,темір жетіспеушілік анемия,дене бітімі аномалиясы-диатездер),ерте жастағы балаларда ең жиі таралған патология.Көп жағдайларда ақыры жағымды,бірақ баланың өмір сапасында теріс көрініс береді,кез-келген интеркурренті аурулардың ағымы мен болжамына әсер етеді.Рахиттен бала өлмейді,бірақ басынан өткен аурудың скелет деформация түріндегі салдарлары косметикалық ақаулықтар түрінде ғана емес,тыныс алу мен жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің бұзылысына әкелеуі,жүктілік және босану ағымын қиындатады,шайнау аппараты қалыптасуына әсер етеді.Темір жетіспеушілігі қосалқы мальабсорбция синдромымен сидеропениялық гастроэнтероколитпен,жергі-лікті иммунитеттің төмендеуімен,бірнеше жылдар бойы сақталатын және асқорыту жүйесінің созылмалы ауруларын тудыратын ішек дисбиозымен қатар жүреді.Қазіргі кезде баланың моторлық және психикалық даму процесінің тежелуіне,интеллект төмендеуіне,эмоция азаюы,мектепте оқудың қиындауына әкелетін темір жетіспеушілік анемия кезіндегі жүйке жүйесінің дисфункцияларына ерекше көңіл бөлінеді.Дистрофиясы бар балаларда рахит,темір жетіспеушілік анемиясына алып келетін тағамдық заттардың сіңуі қиындайды.Рахит,өз кезегінде,анемия дамуына бейімдейді.Барлық фондық аурулар белгілі бір дәрежеде иммуногенезге резистенттілікті төмендете отырып және жиі вирусты-бактериялық,аллергиялық ауруларға,дисбиозға ықпал ете отырып әсер етеді.

Фондық аурулары бар балалар диспансерлік бақылауда 2денсаулық тобы тізіміне жазылғанша тіркеледі.Темір жетіспеушілік анемия 3денсаулық тобына жатады. (ірі ұрық,жүктілік кезіндегі анемия,анасының экстрагенитальды патологиясы,анасының созылмалы генитальды ауруы,туысқандарының аллергиялық жағдайы,отбасында үй-тұрмыстық жағдайының қанағатсыздығы,денсаулық жағдайының бұзылысы) анемия,дистрофия,рахит,дене бітімі аномалиясына қауіп тудырады.Жоғарыда айтылғандардың қорытындысын ЖТД ерте жас ауруларының алдын алуға,уақытылы диагноз қойып емдеуге міндетті.

Балаларда анемияның дамуына әсер ететін факторлар антенатальды,интранатальды және постнатальды болып бөлінеді.

Антенатальды факторлар құрсақішілік даму кезінде ұрықтың қан түзу процесі қалыпты жүруі үшін анасынан жеткілікті темір мөлшерін алу қажет,шамамен 300мг(көпұрықты жүктілік,жиі босану).Көбіне темірдің қарқынды берілу мерзімі жүктілік кезінде және гестацияның 28-32аптасы. Жүктілік ағымының бұзылысы(гестоз,фетоплацентарлы жетіспеушілік,жүктілікті мерзімінен бұрын үзу,плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы,қан кету,анасының инфекциялық ауруы,созылмалы процесстің өршуі,уақытынан бұрын босану)баланың организмінде темірдің жеткіліксіз жиналуы мен темір алмасу бұзылысына алып келеді.Сонымен қатар,жүктілік кезінде анасында анемия болса баласында да анемия даму қауіпі жоғары болады.

Интранатальды факторлар босану кезіндегі қан жоғалтуға байланысты.Босану кезінде нәрестелерде қан кетудің негізгі себептері:мерзімінен бұрын плацентаның ажырауы,кіндікті ерте және кеш байлау,кіндік қалдығы жеткіліксіз өңдемегеннен қан ағуы,акушерлік жарақаттар кезінде;

Постнатальды факторлар балаларда туылғаннан кейін пайда болады және олар эндогенді,экзогенді болып бөлінеді.Анемияның эндогенді себептеріне жаңа туған балалардағы гемолитикалық ауру кезіндегі эритроциттердің зақымдалуы,гемоглобин синтезінің аномалиясы,сүйек кемігінің біріншілік конституциялық жетіспеушілігі жатады.Экзогенді анемия алиментарлы себептерден дамиды.Қазіргі кезде анемия 1жасқа дейінгі тек сүтпен тамақтанатын балаларда жиі дамиды.Ерте жастағы балаларда анемияның дамуына ана сүтінде темір жетіспеушілік,ерте және негізсіз жасанды,аралас тамақтандыру,бейімделмеген қоспаларды қолдану,сиыр және ешкі сүтімен тамақтандыру,бала рационына үстеме тамақты кеш енгізу,яғни темірдің түсуі мен жұмсалуының сәйкес келмеуі алып келеді.Балаларда анемияның дамуы ретті қан кетулерден кейін:жиі мұрыннан қан кету,қан ауруы,асқазан-ішек жолынан қан кету,операциялардан кейін болады.Тағамдық аллергиясы,экссудативті-катаральды дерматиті,нейродермиті бар балаларда темірді тері жабындысының эпителий арқылы жоғалтуы орын алуына байланысты,бұл балалар тыныс жетіспеушілік анемиясы дамуының қауіп тобына жатады.Балаларда тек темірдің жоғалуы ғана емес,сонымен қатар темірдің сіңірілуі және алмасуының бұзылысы анемияның дамуын тудырады.Мұндай бұзылыстар дистрофия,мальабсорбция синдромы кезінде көрініс береді.

1және 2дәрежелі фондық аурулармен ауыратын балаларда вакцина амбулаторлы-емханалық этапта сызбамен жүргізіледі.Ал 3дәрежелі фондық аурудың емі стационар жағдайында және 3денсаулық тобымен бақыланады.Емі клиникалық протоколға сәйкес ҚРДСМ бекітілген.

31. БШАИЖ-ның ДСҰ бойынша программасы( ЖРИ)

ДДСҰ бағдарламасы бойынша БШАИЖ (ЖІИ) науқас балаларға сапалы көмек көрсету мақсатында ДДСҰ мен ЮНЕСЕФ БШАИЖ стратегиясын шығарды.БШИАЖ балалар денсаулығын қорғау комплексі осы орталықта.БШАИЖ мақсаты- өлім санын көрсеткішін қысқарту. Аурулар мүгедектік және 5 жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын жақсарту.БШАИЖ профилактикалық және емдік элементтері бар, олар жанұялық және қауымдық сол сияқты медициналық мекемелерді жүзеге асырады.ЖІИ (жедел ішек инфекциясы) күрес бағдарламасы деп дамиды.

Негізінде клиникалық хаттамаға байланысты БШАИЖқа келесі принциптер жатады.Барлық науқас балалар 5 жастан бастап жалпы қауіп белгілерін қарау,ал барлық сәбилер өте ауыр белгілері тұрғысында тексерілуі тиіс.Бұл симптомдар баланы жедел түрде стационарға өткізуді талап етеді.Интеграциялық ретті қадамдарды науқас балаларға жүргізу.

  • Қауіптілік белгілерін бағалау

1.Сұйықтық іше алмау немесе емшек сүтімен қоректену

2.Әрбір тамақтан немесе сұйықтықтан кейін құсу

3.Осы ауру кезінде құрысу

4.Летаргиялық немесе ес-түссіз

- 5 негізгі симптомды бағалау: (жөтел,диарея,қызба,тамақ және құлақ)

- бұл 5 жасқа дейінгі балалардың 75% жағдайда өлім себебі болып табылады.

-анемия және төмен салмақты бағалау

- екпе статусын бағалау

-бала тамақтануын бағалау

25 % 5 жасқа дейінгі балалардың басқа да қауіп белгілерін, өлім қаупін бағалаудың себебі болып табылады.

Анықталған симптомдар бойынша жіктеу

Емдеуді анықтау.

Баланы емдеу (рецепт ғана беру емес, анасын үйрету емді қалай жүргізуді)

Анасына кеңес (тамақтандыруды ,сұйықтық беруді,жағдайы нашарлағанда қайта келу)

Сауыққанға дейін келесі бақылауларды қамтамасыз етеді.

Егер балада қызба, барлық қауіп белгілері, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі болса – осылай жіктелуі бойынша өте ауыр фебрильді ауру.

Егер балада жалпы қауіп белгілері немесе шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі болса, менингит, сепсис немесе басқа ауыр ауру болуы мүмкін.

Лабораториялық тесттерсіз мұндай ауыр ауруларды айыра алу мүмкін емес.Өте ауыр, фебрильді ауруы бар балада жіктелуі бойынша ауыр болса – жедел емді және стационарға жолдаманы қажет етеді.Балаға менингитке қарсы немесе басқа ауыр бактериялық инфекцияларға қарсы антибактериалды препараттарды қажетті бірінші дозада беру.Сондай-ақ балаға парацетамол беру.

Егер шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі жалпы қауіп белгілер жоқ болса , сары қатар.Егер балада қызба 5 күннен көп болса, жіктелуі бойынша – ұзаққа созылған қызба.Жіктелуі бойынша ұзаққа созылған қызба балад жоғары температура(38,5 ) немесе одан жоғары болса парацетамол беру.

Вирустық инфекциялардың көпшілігі аптаға жалғасады.Қызба 5 күнге жалғасуы мүмкін, іш сүзегі немесе басқа да ауыр аурулары болған жағдайда.

Егер қызба 5 күн ішінде қайта жалғасатын болса, поликлиникаға жолдама және қосымша тексерулер жүргізу керек.Егер балада жалпы қауіп белгілері немесе шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі және қызба 5 күннен көп, бірақ бар классификация:Пневмония,дизентерия,стрептококкты фарингит, жедел құлақ инфекциясы, бактериальды инфекциялық аурулары жіктелісі бойынша (2 сары қатар) температурасы жоғары болған жағдайда балаға парацетамол беріңіз.(аксиллярлы температура 38,5 немесе одан жоғары).Егер балалар ауруы жіктелісі бойынща Пневмония,дизентерия,стрептококкты фарингит, жедел құлақ инфекциясы емі жүргізіледі.Егер балада жоғарда айтылған еш бір белгілері болмаса , жасыл қатарға өтеді.Бұл аурудың жіктелуі асқынбаған қызба.

2 айдан 5 жасқа дейінгі балалардың анасы шағымдарынан бөлек 5 негізгі симптомдар болса, дәрігерге қаралады.

1.Жөтел

2.Диарея

3.Қызба

4.Тамақ ауруы

5.Құлақтың ауруы

2 айдан 5 жас аралығындағы балада жөтел мен тыныс алуы қиындаған жағдайда бағалау сызбасы қажет.

Жөтелдің ұзақтығы, тыныс алу жиілігі,стридор пайда болуы, асмоидттық тыныстың болуы.Егерде асмоидтық тыныс болса,сальбутамолдың (15-20мин соң 3 рет) 3циклді бағалау.

Классификация:

Ауыр пневмония өте ауыр аурулар – қызыл қатар(жедел госпитализация)

Пневмония- сары қатар.(үйде антибиотиктермен емдеу)

Пневмония жок жөтел немесе суық тию – жасыл қатар (үйде антибиотиктерсіз емдеу)

Пневмония жоқ асмоидтық тыныс – сары қатар аэрозольді бронхолитиктермен үйде емдеу

Жасы бойынша тыныс алу жиілігінің шекарасы:

2 айға дейін – минутына 60 рет және одан көп.

2 айдан 12айда дейін – минуты 50 рет одан көп

1 жастан 5 жасқа дейін - минуты 40 рет және одан көп

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]