- •1.Жтд жұмысындағы диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу-сауықтыру шаралары
- •2. Денсаулық критерийлері. Балалардың ден саулық деңгейін кешенді бағалау, балаларды денсаулық топтарына бөлу.
- •3. Скрининг – жаппай қараудағы тесттер. Кейбір функцияналды жүйелердің жастық физиологиялық константалары.
- •4. Ана сүтімен емізу бойынша дсұ бағдарламасы
- •5. Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы
- •6. Гипогалактия: алдын алу, әдістері, емдеу. Емізуді бақылау.
- •7. Қосымша (аралас) тамақтандыруға көрсеткіш. Бейімделген арнайы сүтті қоспа. Тиімділігін бақылау. Жасанды тамақтандыру техникасы.
- •8. Мектепке дейінгі балаларды тамақтандыру.
- •9. Активті иммунизация. Егу бөлмесі:жұмыстың ұйымдастырылуы, екпе жоспары, вакцинаның сақталуы.
- •Қр иммунопрофилактикалық күнтізбесі, алдын ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
- •Қр иммунопрофилактикалық күнтізбесі.Иммунизацияның тиімділігін анықтаудың бақылау әдістері
- •Қр иммунопрофилактикалық бұйрықтары
- •13.Балаларды профилактикалық егу кезінде кездесетін қарапайым, жалпы және жергілікті реакциялар
- •14. Вакцинадан кейінгі күрделі реакциялар және асқынулар: жіктелуі, клиникалық өтуі. Себебі. Емі және алдын алуы
- •15. Қауіп топтары, алдын ала егудің жеке күнтізбесі. Вакцинацияның аялауыш әдістері.
- •16 .Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытталған топтарды анықтау.
- •17. Нәрестелік кезеңде патронаждық бақылауды ұйымдастыру. Бағытталған қауіпті топты анықтау.
- •18. Шала туылған балаларды патронаждық бақылаудың ерекшелігі. Қаупі жоғары нәрестелер.
- •19. Орталық нерв жүйесінің зақымдану қаупі бар балаларды диспансеризациялау.
- •20. Перинатальдық патологиясы бар баларға диспансерлік бақылаудың дифференциялық тәсілі
- •23. Даму ақаулары бар балалардың диспансеризациясы.
- •24. Фондық патологиялардың әлеуметтік-гигиеналық маңыздылығы. Госпитализацияға көрсеткіш.
- •25. Жаңа туылған балалар патронажы
- •28. Рахиттің ерте клинико – лабороториялық диагностикасы.
- •29. Тамақтанудың созылмалы бұзылыстарының, конституция аномалияларының ерте клиникалық- зертханалық диагностикасы.
- •30. Қауіп топтары,фондық ауруларды түзету. Профилактикасы,диспансеризациясы, емі, тіркеуден шығу уақыты, вакцинциялау тактикасы.
- •32. Ддұ бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару бағдарламасы. Жедел ішек инфекциясы
- •33. Мектеп жасындағы балалардың тамақтануы.
- •34. Ддұ бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару бағдарламасы. Жедел ішек инфекциясы.
- •36. Пневмониямен ауыратын балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •37. Бүйрек ауруы бар науқас балаларды жүргізу ерекшеліктері.
- •38. Ерте жастағы балаларды рационды тамақтандыруды ұйымдастыру.
- •39. Сау балаларды диспансерлеу принциптері
- •40. Анемиясы бар науқас балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •41. Ерте жастағы балаларды рационды тамақтандыруды ұйымдастыру.
- •42. Ддұ бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару бағдарламасы. Жедел ішек инфекциясы
- •43. Фондық патологиясы бар балалардың диспансеризациясы .
- •44. Иммунопрофилактика
- •45. Жаңа туған балаларға емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру
- •46. Диспепсиялық синдромы бар балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •47. Бауыр ауруларымен ауыратын балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •48. Ждт тәжірибесінде жиі ауыратын балаларды диспансеризациялау және сауықтыру
- •49. Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылауды ұйымдастыру қағидаларлы.
- •50. Мектепке дейінгі мекемелерде және мектепте балаларға медициналық қызмет көрсетуде жұмыстарды ұйымдастыру
- •51. Босану үйінен ерте шығарылған ана мен нәрестелерді күту ерекшеліктері және медициналық қызмет көрсету.
- •58. Клиникалық протокол № 18 30.11.2015ж «Балалардағы холецистит»
- •63. Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы
- •64. Гипогалактия: алдын алу, әдістері, емдеу. Емізуді бақылау.
- •65. Жтд практикасындағы жиі ауратын балаларды диспансерлік бақылау және реабилитация.
- •66. Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылауды ұйымдастыру қағидаларлы.
- •68. Пневмониямен ауыратын балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •69. Паратрофия. Дәрежесі. Клиникасы. Диагностикасы. Профилактика.
- •70. Гипотрофия. Дәреже. Клиника. Диагностика. Профилактика.
4. Ана сүтімен емізу бойынша дсұ бағдарламасы
Босанған әйелдерде және ана сүтімен емізуге көмектесу және қолдау бағдарламасы ұсынуды кең тәжрібеге енгізу мақсатында ДСҰ және халықаралық балалар ұйымы БҰҰ ЮНИСЕФ (1989, Женева) «Ана сүтімен емізудің тиімді 10 тәсілін» жасақтады және «балаға қамқор аурухана» атты жобасын жүзеге асыра бастады. Босанған әйелдерде көмектесу қызметін көрсететін және жаңа туған балаларға күтім көрсететін әрбір мекемеде болу кажет:
Ана сүтімен емізу тәжрибесі тұралы жазбаша түрде бекітілген саясаты болу және барлық медико-санитарлық қызметтерге жеткізу
Саясатты жүзеге асыруға қажетті барлық дағдыларды медико-санитарлық қызметкерлерді үйрету
3. Жүкті әйелдердің барынша ана сүтімен тамақтандырудың жақсы жақтары мен әдістері тұралы ақпараттандыру
4. Босаңғаннан кейін алғашқы жарты сағатта анаға ана сүтімен тамақтандыруды бастауға көмектесу
5. Аналарға ана сүтімен тамақтандыру тәсілдерін және баласынан алшақ болған жағдайда да лактацияны сақтап қалу тәсілдерін көрсету
6. Медициналық көрсеткіштерден басқа уақытта, жаңа туған нәрестелерге ана сүтінен басқа тағамдар бермеу
7. Ана мен баланы тәуліктік бірге болуын бақылау – бір палатаға тәулігіне 24 сағат бірге болуды қамтамасыз ету
8. Ереже бойынша ана сүтімен тамақтандыруды қолдау
9. Емшектегі балаға емшек тәрізді немесе тыныштандыратын (емізік немесе ойыншықтар) заттар бермеу
10. Ана сүтімен тамақтандыруды қолдау мақсатында құрылған топтарды қолдау және шыққан соң сау аналарды сол топқа жіберу
Алғашқы 6 айда тек ана сүтімен қоректендіру ұсынылады, кейін ана сүтімен қатар қосымша тамақтандыруды екі немесе одан да жоғары жасқа дейін жалғастыру
5. Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы
Ана сүтімен (табиғи) тамақтандыру- бұл бала өмірінің алғашқы жолында тек ана сүтін алуы. Егер қосымша тамақтандыруды енгізгенде, сүт жалпы тағамның 4/5 құраса немесе донорлық сүт болса, тамақтану табиғи деп аталады. Ана сүтімен тамақтандырудың артықшылығы:
Ана сүтінінң сиыр сүтінен айырмашылығы, құрамында ұсақ дисперстік төмен молекулярлы ақуыздар – альбумин және глобулиндердің болуы. Олардың қатынасы 4/1. Сиыр сүтінде жоғары молекулярлы ақуыздар – казеиногендер бар. олардың қатынасы 1/4. Ана сүтінде көп мөлшерде тауриндер-аминоқышқылдар бар, олар өт тұздарын біріктіруге (май сіңірілуіне көмектеседі), тіндердің қалыптасуына (көз тор қабаты, бас миы) қажет
Майлардан ана сүтінде липаза ферменті бар, ол ана сүтіндегі 90-95% майды сіңіреді. Дисперстіліктің жоғары дәрежесі, қаныққан май қышқылдарының төмен болуы, қанықпаған (эссенциальды) май қышқылдар көп болуы
Ана сүтінде көмірсулар бета-лактаза (90%) түрінде болады, ал сиыр сүтінде альфа-лактаза болады. Бета – лактазаның функциональды ерекшелігі: аш ішек әлсіз сіңетін болғандықтан, әлсіз ортасы (pH 5-5,5) қалыптастыра отыра, тоқ ішекке дейін барады, ол бактерияларды өлтіре алады. Бета лактазаның бір бөлігі «бифидус фактор» деген ат алған. Ол В тобындағы витаминдердің синтезін белсендіреді.
Ана сүтінің осмостығы жоғары (260-270) болуы, тағамның жақсы қорытылуына және гомеостаздың физиологиялық жағдайына әсер етеді, себебі емшек жасында бауырлық механизммен оның регуляциясы толық қалыптаспаған.
Витаминдер және микроэлементтер. Ана сүтіндегі витаминдермен микроэлементтерің көлемі ананың тамақтануына байланысты. Ұрық ағзасында майда еритін витаминдердің жинақталуы жүктіліктің соңғы айында болады. Ананың дұрыс емес тамақтанбауында және күні жетпей туылған балаларда көбінесе гиповитаминоз дамиды. Ана сүтінде кальций мен фосфордың идеальды қатынасы сақталады, 2/1, ол баланың өсуіне және сүйек тінінің дамуын қамтамасыз етеді. Сиыр сүтінде кальций аз, ал фосфор көп. Соңғысы жақсы сіңеді және бұл қосымша тамақтануда жүрген балада гипогликемияның дамуына алып келеді. Темір ана сүтінде сиыр сүтіне қарағанда аз, бірақ оның резорбциясы 50-70%, ал сиыр сүтінде 30%. Ана сүтінде айтарлықтай цинк және мыс бар.
Құрамында активті ферменттер (протеаза, трипсин, амилаза, липаза), қалқанша безі, бүйрек үсті, гипофиз және ішек жолдарының гормондары, арнайы (спецификалық) қорғаныс факторлары (лизоцим, макрофагтар), антиденелер (эшерихия, шигелла, кок және басқа флоралары) бар
антигендік қасиеттің толығымен болмауы, ал сиыр сүтіндегі нәруыздар антигендері жоғары
Ана сүті әрдайым жылы, стерильді, бала қабылдауына ыңғайлы
Ана сүтінің психо-әлеуметтік әсері
Тамақтандыру тәртібі: Еркін тамақтандыру немесе «қажеттілік бойынша» - бұл баланың алғашқы кезеңіндегі тамақтандыру тәртібі, ол кезде баланың қалауы бойынша анасы емізеді. Ему уақытында болса таңдауы бойынша.
Дұрыс емізу белгілері:
Анасының емізу кезінде дем алуға ыңғайлы жағдайды таңдауы
бала барлық денесімен анасына бұрылған және тығыз жатуы, беті емшекке жақын, мұрыны үрпіге қараған болуы керек.
баланың басымен денесі бір сызықта жатыу, анасы бір қолымен басы және иығын, ал екіншісімен жамбасын ұстау керек
баланың иегі ана кеудесіне тығыз жақындаған
баланың аузы кең ашылған
төменгі ерні сыртқа ашылған
баяу, тереңінен сору паузамен, баланың сүтті жұту дауысының естілуі
