- •1.Жтд жұмысындағы диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу-сауықтыру шаралары
- •2. Денсаулық критерийлері. Балалардың ден саулық деңгейін кешенді бағалау, балаларды денсаулық топтарына бөлу.
- •3. Скрининг – жаппай қараудағы тесттер. Кейбір функцияналды жүйелердің жастық физиологиялық константалары.
- •4. Ана сүтімен емізу бойынша дсұ бағдарламасы
- •5. Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы
- •6. Гипогалактия: алдын алу, әдістері, емдеу. Емізуді бақылау.
- •7. Қосымша (аралас) тамақтандыруға көрсеткіш. Бейімделген арнайы сүтті қоспа. Тиімділігін бақылау. Жасанды тамақтандыру техникасы.
- •8. Мектепке дейінгі балаларды тамақтандыру.
- •9. Активті иммунизация. Егу бөлмесі:жұмыстың ұйымдастырылуы, екпе жоспары, вакцинаның сақталуы.
- •Қр иммунопрофилактикалық күнтізбесі, алдын ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
- •Қр иммунопрофилактикалық күнтізбесі.Иммунизацияның тиімділігін анықтаудың бақылау әдістері
- •Қр иммунопрофилактикалық бұйрықтары
- •13.Балаларды профилактикалық егу кезінде кездесетін қарапайым, жалпы және жергілікті реакциялар
- •14. Вакцинадан кейінгі күрделі реакциялар және асқынулар: жіктелуі, клиникалық өтуі. Себебі. Емі және алдын алуы
- •15. Қауіп топтары, алдын ала егудің жеке күнтізбесі. Вакцинацияның аялауыш әдістері.
- •16 .Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытталған топтарды анықтау.
- •17. Нәрестелік кезеңде патронаждық бақылауды ұйымдастыру. Бағытталған қауіпті топты анықтау.
- •18. Шала туылған балаларды патронаждық бақылаудың ерекшелігі. Қаупі жоғары нәрестелер.
- •19. Орталық нерв жүйесінің зақымдану қаупі бар балаларды диспансеризациялау.
- •20. Перинатальдық патологиясы бар баларға диспансерлік бақылаудың дифференциялық тәсілі
- •23. Даму ақаулары бар балалардың диспансеризациясы.
- •24. Фондық патологиялардың әлеуметтік-гигиеналық маңыздылығы. Госпитализацияға көрсеткіш.
- •25. Жаңа туылған балалар патронажы
- •28. Рахиттің ерте клинико – лабороториялық диагностикасы.
- •29. Тамақтанудың созылмалы бұзылыстарының, конституция аномалияларының ерте клиникалық- зертханалық диагностикасы.
- •30. Қауіп топтары,фондық ауруларды түзету. Профилактикасы,диспансеризациясы, емі, тіркеуден шығу уақыты, вакцинциялау тактикасы.
- •32. Ддұ бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару бағдарламасы. Жедел ішек инфекциясы
- •33. Мектеп жасындағы балалардың тамақтануы.
- •34. Ддұ бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару бағдарламасы. Жедел ішек инфекциясы.
- •36. Пневмониямен ауыратын балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •37. Бүйрек ауруы бар науқас балаларды жүргізу ерекшеліктері.
- •38. Ерте жастағы балаларды рационды тамақтандыруды ұйымдастыру.
- •39. Сау балаларды диспансерлеу принциптері
- •40. Анемиясы бар науқас балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •41. Ерте жастағы балаларды рационды тамақтандыруды ұйымдастыру.
- •42. Ддұ бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару бағдарламасы. Жедел ішек инфекциясы
- •43. Фондық патологиясы бар балалардың диспансеризациясы .
- •44. Иммунопрофилактика
- •45. Жаңа туған балаларға емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру
- •46. Диспепсиялық синдромы бар балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •47. Бауыр ауруларымен ауыратын балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •48. Ждт тәжірибесінде жиі ауыратын балаларды диспансеризациялау және сауықтыру
- •49. Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылауды ұйымдастыру қағидаларлы.
- •50. Мектепке дейінгі мекемелерде және мектепте балаларға медициналық қызмет көрсетуде жұмыстарды ұйымдастыру
- •51. Босану үйінен ерте шығарылған ана мен нәрестелерді күту ерекшеліктері және медициналық қызмет көрсету.
- •58. Клиникалық протокол № 18 30.11.2015ж «Балалардағы холецистит»
- •63. Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы
- •64. Гипогалактия: алдын алу, әдістері, емдеу. Емізуді бақылау.
- •65. Жтд практикасындағы жиі ауратын балаларды диспансерлік бақылау және реабилитация.
- •66. Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылауды ұйымдастыру қағидаларлы.
- •68. Пневмониямен ауыратын балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •69. Паратрофия. Дәрежесі. Клиникасы. Диагностикасы. Профилактика.
- •70. Гипотрофия. Дәреже. Клиника. Диагностика. Профилактика.
64. Гипогалактия: алдын алу, әдістері, емдеу. Емізуді бақылау.
Гипогалактия – лактация кезеңінде сүт бездерінің секреторлы функциясының төмендеуі. Гиполактацияның пайда болуы босанудан кейінгі 10 күн ішінде болса – ерте, 11күн және одан кейін болса – кеш болады.
Гипогалактияның пайда болуына байланысты типтері:
Біріншілік немесе шын гипогалактия (нейроэндокринді бұзылыстар), емізетін әйелдердің сүт жетіспеушілігі 5% аз жағдайда кездеседі, әдетте ол ерте болады.
Екіншілік гипогалактия, дұыс емес тамақтану, күн тәртібінің бұзылуымен (қатты қалтырау, таза ауда қажетті мөлшерде болмау), сонымен қатар анасының соматикалық және инфекциялық аурулармен ауруы (мастит және т.б.) болады. Ол босанғаннан кейін 1-2 айдан кейін (кейде кейін) , лактацияның бұзылуына әдетте сүттің қажетті мөлшерде секрециясы себеп болады.
Баланың тәуліктік қажеттілігінің дефициттігіне байланысты гипогалактияның 4 деңгейін көрсетеді.
I деңгейі – сүт жетіспеушілігі тәуліктік қажеттілігінің ¼ (25%)
II деңгейі - сүт жетіспеушілігі тәуліктік қажеттілігінің жарты (50%) көлемінің жетіспеушілігі
III деңгейі - сүт жетіспеушілігі тәуліктік қажеттілігінің ¾ (75%) құрайды
IV деңгейі - сүт жетіспеушілігі тәуліктік қажеттілігінің ¾ (75%) жоғары
Гипогалактияның алдын алу шаралары босануға дейін және әйел адамды табиғи тамақтандыруға дайындауды қалыптастырудан, қыздарды мектеп деңгейінде үйрету керек.
-алғашқы туылғаннан бастап баланы кеудеге алу, әрі қарай баланың қаланы бойынша
- әйелге емізудің артықшылығын түсіндіру және оны лактация процесіне дайындау, лактацияның доминанттық тұрақтылығы үшін, психотерапияның түсінігін қалыптастыру
- әйел адамның жүктілік және босанудан кейінгі кезеңде ұйықтау және ояну (7-8 сағ. кем емес) уақыты рационалды болу керек
- босанғаннан кейін сүттің қалыпты болуы үшін бірнеше тәулік бойы әр емізуден кейін қалған сүтті сығып тастау қажет
- емізер алдын 20мин бұрын сүт бездеріне айналмалы душ қабылдау
- фитотерапия
Сүттің жақсы келуі үшін түрлы дәрілік өсімдіктерді шөп түрінде қабылдау оң екені дәлелденген. Осы мақсатта қолшотыр тәрізді (фихель, зире, қалақай бұршақ) қалақай және бұршақ тұқымдас өсімдіктер қолданылады. Баланы емізгенде ішкен сүтінің орташа мөлшерін анықтау үшін емізуді бақылаймыз. Ол үшін баланы емізер алдын және емізгеннен соң өлшейміз. Егер емізу уақытында бала астына жіберіп қойса және құсса да киімі ауыстырылмайды. Емізгеннен кейінгі салмағы емізер алдынғы салмағынан артады. Дұрыстығын тексерү үшін 3 рет әр түрлі уақытта өлшенеді. Үш рет өлшегеннен кейін орта саны алынады. Баланың орташа қабылдаған сүтін (мөлшерін) емізу санына көбейтсек, оның 24 сағатта қанша сүт қабылдайтыны шығарылады. Баланы өлшеу тыныш, ыңғайлы жағдайда, емізу режиміне сай жүргізіледі
65. Жтд практикасындағы жиі ауратын балаларды диспансерлік бақылау және реабилитация.
Аурушаңдық көрсеткіші бойынша балаларда өте жиі кездесетін бірінші орында тұрған ауру тыныс алу жүйесіндегі ауру (80-85%). Өз кезегінде осы топ аурулары ішіндегі 90-95 % жағдацында тұмау және жедео респираторлы вирусты инфекция құрайды. Әрбір 4-6 шы бала өте жиі ауратын балалар қатарына жатады. Жоғары аурушаңдық ( 6000 және 1000 балаға) өмірінің алғашқы 5 жылдығында кездеседі. Яғни осы топ балалары медициналық қызметкерлердің бірінші назарын аударады. ЖАБ денсаулықтың 2 топ бақыланады,бірақ диспансерлік тексерудің бақылау картасы толтырылады. ( Ф 030/у).
Жиі ауыратын балалар- деп организмнің қорғаныс жүйесінің транзиторлық, коррекциялық ауытқуынан жиі респираторлы инфекциямен зақымдалатын, бірақ оларда тұрақты органикалық бұзылыстар болмайтын балаларды айтамыз. Жиі ауыратын балалар тобында бақыланатын науқастар, бұлар организмнің қорғаныш жүйесінің транзиторлық, коррекциялық ауытқуынан қайтымды респираторлық инфекция туындайтын, диагностикалық қателікті жібермеу мақсатында мынандай патологиясы бар науқастар: респираторлық жолдың аллергиялық аурулары, созылмалы және қайталамалы ауыз-жұтқыншақ аурулары, ЛОР мүшелерінде және бронх-өкпелік жүйесінде даму ақаулары, біріншілік иммунодефициттер, мукоцилиарлық жетіспеушілік, әртүрлі ферментопатиялар, гастроэзофагиальды рефлюкс, цитопения және т.б.
Жиі ауыратын балалар – бұл нозологиялық форма немесе диагноз емес, ол А.А.Баранов және В.Ю.Альбицкимен ұсынылған баланың жасына байланысты жылына «тиісті» ЖРИ-мен ауыру жиілігіне сүйене отырып, қатарластарына қарағанда ЖРИ-мен ауыру дәрежесі жоғары балалар жататын диспансерлік бақылау тобы.
Жиі ауыратын балалардың емделуінің барлық этапында(поликлиника, мектепке дейінгі балалар мекемесінде, отбасында, санаторийларда) қаралатын емдік және профилактикалық іс-шаралар кіретін реабилитациялық комплекс:
- бірінші, негізгі органдар мен жүйелер жағынан анықталған патологиялық ауытқуларды түзетуге (коррекция) жіберілгендер
- екінші, аурудың алдын алу және балалардың денсаулығын нығайту үшін жіберілгендер
Жиі ауыратын балалар тобындағы балалар жеке диспансеризаиялық жоспар құруды және дәрігердің жүйелі қарауын қажет етеді. Дәрігер тек пайда болған ЖРИ-ны ғана емдеп қоймау керек, пациентте инфекциалық агентті жоғары қабыдаушылықпен бәріккен қандай эндогенді және экзогенді факторлар бар екенін анықтау керек. Жиі ауыратын балаларды диспансеризациялау кезінде есте сақтау керек: 1) ЖРИ көрінісінің біріншілік себебі болуы мүмкін жасырын өтіп жатқан патологияны анықтау мақсатында мұқият зерттеу керек. 2) емдеу комплексі жылына 2 рет (көктем, күз) ЛОР мүшелерінің және респираторлық жолдың ауруларының алдын алатын 2-3 апталық курстан тұрады. 3) преморбидті фонды мұқият түзеткеннен кейін ғана организмнің арнайы емес қорғанышын жоғарылатын негізгі шаралардың бірі болып табылатын ағзаны шынықтыруға көшеді.
Жыл сайын жүргізілетін жалып емдеу- сауықтыру шараларына жатады: микроб текті 1-ші қатарлы препараттар: А. Микробты липополисахаридтер (продигиозан). Б. Ашытқы гидролизиаты (натрий нуклеинат). Жақсы тазартылған бактерия лизаты вакциналық эффектпен (ИРС-19, бронхомунал, имудон, лантиджен В). Бактерия рибосомасы мен бактериялардың мембраналық фракциясынан тұратын біріккен иммунокорректор (бейспецификалық иммуномодулятор) – рибомунил. Бактериялардың мембраналық фракциясының синтетикалық аналогі (ликопид). ЖРВИ-ның профилактикасының негізгі принципі - вируспен кездесуден аулақ болу ( инфицирлену профилактикасы). Организмнің вирусқа тұрақтылығын жоғарылату.
Вирустың концентрациясы мен активтілігі ЖРВИ профилактикасының негізгі эпидемиологиялық принципін анықтайды: вирус бөлшектері шаңда, құрғақ, жылы және айналымы жоқ ауада өзінің белсенділігін сағаттап және тәулік бойы сақтай алады, ал таза, айналмалы, ылғалды және салқын ауада бірден өледі.
Аймақтағы (поликлиника) аурушаң балалардың емінің тиімділігін анықтайтын біріктірілген көрсеткіш болып табылады:
Жазылуына байланысты тізімнен
Емделу шығарылған жиі ауыратын балалар саны
тиімділігінің = --------------------------------------------------------- х 100%
көрсеткіші Қалпына келтіру алған жиі ауыратын
балалардың жалпы саны
Сауықтыру тиімділігі көрсеткіші 25 пайыздан төмен емес жағдайда сауықтыру тиімді болып есептеледі.
Осылай жіті респираторлы аурулардың емдеуі жиі ауратын балалардың күрделі және актуалды мәселе болып келеді. Кешенді емдеу аурудын этиологиялық және патогендік факторлардың негізін есепке алып кұрылуы керек, ал жаңа фармакологиялық препараттардын қолдануы тиімді емделуді қамтасыз етеді. Уақтылы алдын ала іс-шараларды жүргізуі балаларда респираторлық инфекциялардың жиілігін азайтуға көп әсер етеді.
Созылмалы аурулары бар балаларға арналған диспансерлік бақылауды ұйымдастыру принциптері.
Созылмалы аурулары анықталған балалар дисансерлік бақылаудын 3 тобына жатады. Балаларды диспансерлеу оларды кезеңді алдын ала тексеру, анықталған науқастар үшін белсенді динамикалық бақылау, уақтылы жүйелі түрде емдеу және сауығуларында. Диспансерлеуге жататын балаларды жалпы тәжірибелік дәрігерлер және барлық мамандықтағы дәрігерлер алдын ала тексеру жүргізгенде, амбулаторлық қабылдауда, үйде көмек көрсету кезінде анықтайды. Диспансерлық бақылауға алынған балалардың негізгі медициналық құжаттары баланың даму тарихы (121/у нысаны) диспансерлік бақылаудың қадағалау картасы ( Ф 030/у нысаны).
Диспансерлеудің бақылау мерзімін, тексеру көлемі және тиімділік критерилері.
ЖТД мамандарымен бірге баланың диспансерлік бақылаудын жеке жүйесің жасап, стандарттқа сәйкес келетін диспенсерлік бақылауды жүзеге асырады, амбулаториялық кезеңде белгіленген тәртіппен бекітілген, жеке жоспарға сәйкес клиникалық хаттамаларына сәйкес патология. Диспансерлық бақылау жобасы кешенін емдік және сауықтыру іс-шараларын, ағымдағы жылға, учаскелік дәрігердің тексеру мерзімділігі, мамандардың кеңес жиілігін сатысына байланысты және аурудың сипатын көздейді. Ата-аналар диспансерлеу жүйесімен танысулары қажет және дәрігерлердің кеңесін орындаулары тиіс.
Әдетте созылмалы аурулары диагнозы анықталғаннан кейін, диспансерлі бақылау тоқсан сайын жүргізіледі, баланың тереңдетілген тексеруі, ауру қайталап қабынбаудың тағайындауы. Учаскелік медициналық бике ауруларды диспансерлық байқауға, қосымша зертханалық және аспаптық құралдармен тексеруге шақырады.
Күнтізбелік жыл аяқталған соң учаскелік дәрігер эпикриз құрайды, онда аурулардың динамикасын, өткізілген емдік іс-шаралардың тиімділігін көрсетеді жалпы баға беріледі: сауығу, жақсару,өзгеріссіз. Науқас баланың есептен шығаруы міндетті түрде учаскелік дәрігердің және маманның қатысуымен жүзеге асырылады. Баланы есептен шығармау жағдайында келесі жылға диспансерлеу жоспары жасалады.
Диспансерлық қызмет көрсету әдісін тиімділігі диагностикалық және емдеу-алдын ала іс-шаралар қаншалықты уақытылы және толық жүргізіледі, балалардың денсаулығын нығайту және сақтау асқынулардың алдын алу, ауруларды төмендету, қылмыстың қайталануын негізгі мақсаты болып табылады.
