Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaksha_pediatria_1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251.5 Кб
Скачать

41. Ерте жастағы балаларды рационды тамақтандыруды ұйымдастыру.

Тағам балалардың денсаулық денгейі мен өмір сүруін анықтайтын маңызды фактор болып табылады.Ерте жастағы балаларды тамақтандырудың мәні өте жоғары , себебі қарқынды өсу барысында рационды тамақтану гормониялық өсу , жүйелі психомоторлы және интелектуальды даму ,инфекцияларға және қоршаған ортаның қолайсыз факторларына қарсы тұру үшін маңызды шарт болып табылады.

Балаларды рационды тамақтандыру туралы қазіргі заманғы теория келесі принциптерді қарастырады:

1.Баланың энергияға және негізгі компоненттерге (ақуыз, май, көмірсу ,минералдар және микроэлементтер,витамин)мұқтаждығын қамтамасыз ететін нутриенттердің жеткілікті мөлшерде түсуі.

2.Балансталған көпкомпонентті тамақтандыру принципі.

3.Баланың физикалық мүмкіншілігіне тағамның мөлшері мен сапасының сай келуі.

4.Нутриенттерді ерте түсіру арқылы дисбалансты тамақтануды алдын алу.

5.Баланың ерте даму этаптарында емізудің алмастырылмайтындығы принципі.

Физиологиялық адекватты тамақтанудың “ Алтын стандарт”ретінде қарастыратын ана сүті 1 жасқа дейінгі балалар үшін тамақтанудың ең оптималды және табиғи түрі болып табылады. Ана сүті баланың жеке мұқтаждықтарына сай келетін бірден –бір оптималды балансталған өнім болып табылады.Айта кететін жағдай лактация барысында ана сүті нутриенттерінің құрамы баланың өсуінің өзгерістеріне бейімделеді.Құнарлы заттардан бөлек ана сүтінде баланың бойының өсуіне ,дамуына, иммунологиялық резисттентілігіне ,интелектуалды және жүйке-психикалық дамуына әсер ететін биологиялық активті заттар мен қорғаныс факторлары ( таулин,полионуклеотид,гормондар,иммуноглобулиндер ,өсу факторлары,макрофагтар т.б) жоғары деңгейде кездеседі.Сонымен қатар емізу кезінде ана мен баланың арасында тығыз психоэмоционалды байланыс пайда болады.Емізуді баланың өмірінің 2 ші жылдарындада жалғастыру керек.Емізуден әдеттегі отбасылық тамақтануға біртіндеп көшу қажет.Баланың алғашқы жылында 500 мл ана сүті баланың энергияға тәуліктік қажеттілігінің 30% , белокка 40% ,витаминге 90% қамтамасыз етеді.Сонымен қатар ана сүті қосымша иммунологиялық қорғанысты қамтамасыз етеді және диспепсиялық бұзылыстардың пайда болуын төмендетеді.

Ерте жастағы балалар шартты түрде жастық топтарға бөлінеді. 1жас пен -1.5жас, 1.5 жас пен-3 жасқа дейін.Бұл жастағы балалардың рационы бірінен порциялары және тағамның жалпы тәуліктік мөлшері бойынша бөлінеді. 1.5жасқа дейінгі балалар үшін тағамның тәуліктік мөлшері орташа есеппен 1000-1200 гр,(су ішу бұл көлемге кірмейді). 1.5 жас пен-3 жастағы балалар үшін тағам көлемі тәулігіне 1300-1500гр дейін көбейтіледі.Бұл рационның күндізгі құнарлығы 110 ккал/кг болу керек, бұл 1.5 жас дейінгі балалар үшін 1100, 1.5 жас пен-3 жастағы балалар үшін 1300-1400ккал.

Баланың тамақтану рационын құрастыру кезінде тағамдарды тәулік ішіне дұрыс бөлу керек.Белокка бай және майлы тағамдар асқазанда ұзақ сақталады және оны қорыту үщін көп мөлшерде асқорыту сөлі керек екенін ұмытпау керек.Сондықтан етті ,балық ,жұмыртқа өнімдерін балаға күннің бірінші бөлімінде – таңғы ,түскі асқа беру керек.Кешкі асқа сүтті ,көкөніс өнімдерін дайындаған жөн.Себебі олар жеңіл қорытылады.Түнде терең ұйқы кезінде асқорыту процесі баяулайды және “ ауыр” белоктық тағам нашар сініріледі,осының әсерінен баланың баланың ұйкысының бұзылуына алып келеді.Тәуліктік мөлшерді әр тамақтандыруға келесідей бөлу келесідей болу керек:таңғы ас кешкі ас25%,түскі ас- 35%, екінші таңғы ас -15%.Тағамды буда ,микротолқынды пеште ,қайнатқанда оның майлылығы, тұздылығы, тәттілігі азаюы мүмкін. Тамақтану кезінде тәтті тағамды қабылдамаған жөн. 1жас пен -1.5жасқа дейінгі балалар 5 рет,(3 негізгі ,2өтпелі ), 1.5 жас пен-3 жастағы балалар күніне 4 рет.Тағамның тағайындалған көлемін сақтау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]