Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaksha_pediatria_1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251.5 Кб
Скачать

25. Жаңа туылған балалар патронажы

Жаңа туылған бала патронажы – барлық балаларды дәрігер мен медбикенің міндетті медициналық бақылауы.

Ол ананың тіркелу орнына тәуелсіз, тұрғылықты мекен – жайы бойынша жүргізіледі. Ол үшін перзентханадан шығар кезде тұрғылықты орны жайында нақты мәлімет беру керек.

Баланың алғашқы патронажын дәрігер бала перзентханадан шыққаннан кейінгі 3 тәулік ішінде жүргізіледі. Егер нәресте қауіп тобына жатса, перзенханадан шыққаннан кейінгі алғашқы тәулікте жүргізілуі керек. Кейін, нәрестенің дамуына үнемі бақылау жасау үшін үйге бірнеше рет (14 және 21 – күндері) медбике келеді. Егер туылу кзінде нәрестеде асқынулар болса және денсаулығында кінәраттар болса медбике көбірек келеді.

Нәрестенің алғашқы патронажының мақсаттары: нәрестемен және оның отбасымен танысу: бала мен ананың денсалығын тексеру; отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау; анаға баланы күтуді үйрету; нәретені тамақтандыруды ұымдастыруға көмектесу; емшекпен тамақтандыруға қатысу.

Патронаж нәрестенің денсаулығы мен дамуын 6 негізгі критерий бойынша кешенді бағалауға негізделеді: жүктілік пен босану ағымының (мүмкін асқынулары мен патологиялық жағдайлардың және ата – анасындағы және жақын туыстарындағы қауіп топтары мен созылмалы аурулардың) егжей – тегжейлі анамнезі, баланы жалпы қарау тамақтандыру ерекшеліктері.

Тері жамылғыларының жағдайына (түсіне, тазалығына және қандай да бір бөртпе, жаралар болуына әсіресе қыртыстардда) ерекше көңіл бөлінеді. Рефлекстер, тыныс алу мен жүрек соғу сипаты, іш керілуі мен нәжіс сипаты бағаланады.

Жаңа туған нәрестенің денсаулық және даму жағдайын кешенді бағалау құрылымы:

1) негізгі критерилер бойынша баланың денсаулық және даму жағдайын зерттеу

2) Баланың денсаулық жағдайының оның деңгейі анықталуымен қорытындысы

3) Медициналық – педагогикалық ұсыныстарды тағайындау

4) Медициналық құжаттама №112/у формасында жазбаларды тіркеу

Кейбір жағдайларда, бала ғана емес, анасы да үнемі бақылауды қажет етеді. Учаскелік ЖДТ босанғаннан кейінгі патронажы оперативті босану; босанудан кейінгі кезеңінің асқынулық ағымы; дәрігер белгілеген кезде босанушы гинекологиялық қарауға клмеген кезде жүргізіледі.

26. Фондық патологиялардың әлеуметтік-гигиеналық маңыздылығы. Госпитализацияға көрсеткіш.

Фондық аурулар (тамақтанудың созылмалы бұзылыстары,рахит,темір тапшылықты анемия, конституцияның аномалиясы - диатездер) ерте жастағы қарқынды даму барысындағы балалардың даму процесінің тежелуінің фоны болып табылады.

Тамақтанудың созылмалы бұзылыстары,әсіресе гипотрофия.Гипотрофияның ауырлық дәрежесі:

І дәреже – дене салмағының 10-20 % дефициті

ІІ дәреже – 20-30 %

III дәреже – 30 % және одан көп.

Гипотрофия бала дүниеге келгенге дейін пайда болуы мүмкін (пренатальды гипотрофия). Оның дамуында маңызды орынға ие : жүктілік токсикозы;жүктілікке дейінгі және жүктілік кезіндегі ана денсаулық жағдайы; жүктілік кезіндегі аурулар; өмір сүру салты және қауіп факторларының әсері – шылым шегу,кейбір дәрілік препараттарды қабылдау,нашақорлық және алкоголизм. Гипотрофия пайда болуының негізгі себептері: баланы дұрыс емес тамақтандыру,қайталап ауыру,нашар күтім. Баланың денсаулық жағдайы гипотрофияның айқындылық дәрежесіне тәуелді. Неғұрлым дене салмағы дефициті көбірек болған сайын соғұрлым баланың баланың дамуы зардап шегеді: оның бойының өсуі баяулап, жүйке-психикалық дамуы тежеледі, инфекциялар, рахит, анемиялар қосылады.

Рахит – фосфор-кальций алмасу бұзылыстары басым зат алмасу бұзылысы.Оның негізінде ағзаның кальций және фосфорға қажеттілігі мен оны тұтыну арасындағы уақытша сәйкессіздік; сүйектік,бұлшықеттік, жүйкелік, жүрек-қантамырлық және басқа жүйелер мен мүшелердегі өзгерістерге әкелетін ағзадағы тасымалдаушы жүйелердің жеткіліксіздігі. Рахитте, бала ағзасының әлсіреуінде пайда болатын патологиялық ауытқулар кешені негізгі өсімді, физикалық және ой өрісі дамуын тежеп, оның инфекцияларға төтеп беру қабілетін төмендетеді, иммундық жүйені тежейді.Осының барлығы әртүрлі аурулардың, әсіресе пневмония және инфекциялық аурулардың қолайсыз ағымы қосарлануына қолайлы жағдай тудырады.

Кішкентай балаларда әсіресе темір жетіспеушілік анемия жиі кездеседі. ТЖА – қан көлемі бірлігіндегі гемоглобин деңгейі төмендеуімен, сарысулық темір құрамында бір эритроциттегі гемоглобиннің орташа концентрациясы азаюымен және қан сарысуының жоғары темірбайланыструшы қабілетімен сипатталатын, яғни организмде темір жетіспеушілігімен байланысты анемия. ТЖА, басқа анемиялармен салыстарғанда қан көлемі бірлігіндегі эритроциттер төмендемеуі де мүмкін. ДДСҰ ұсынысы бойыннша Нв төменгі шегі болып 5 жасқа дейінгі балаларда 110г/л және 5 жастан жоғарылар үшін 120г/л саналады. Әсіресе 2-жартыжылдықтағы, шала туылған, шала жетілген немесе ірі салмақты, балалар шалдығады. Ерте жастағы балалардағы ТЖА – ға антенатальды, интранатальды кезеңдердің жайсыз ағымы, тағаммен темірдің жеткіліксіз түсуі себеп болады. Өсу қарқыны жоғары балаларда темірге қажеттіліктің жоғары болуы да маңызды орынға ие. Кейбір жағдайларда ерте жастағы балаларда ішектің сору қабілеті бұзылыстары ( тұқым қуалайтын және жүре пайда болған мальабсорбция синдромы, ішектің созылмалы аурулары) салдарынан көп салмақ жоғалту да темір жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Бала жағдайы өзгермеген немесе бұзылыстар тек қан анализінде ғна көрінетін жағдайларда анемия латентті формада өтуі мүмкін. Бірақ айқын формаларында бой мен даму қалысуы түрінде көрініп, тамақтану бұзылыстары туындайды, инфекция, гиповитаминоз қосылады.

Диатездер – организмнің қоршаған ортаға ерекше бейімделуімен, өзіндік реактивтілікпен, біршама аурулар қатарына бейімділікпен және патологиялық процестердің өзіндік ағымымен сипатталатын жағдай. Қазіргі кезде конституция аномалиясы мен диатез ұғымдары анықталады. Әсіресе зерттерлгендерге: экссудативті – катаральды диатез, лимфатикалық – гипопластикалық, нервті – артриттік түрлері жатады.

Балалардағы фондық аурулар – ерте жастағы балаларда ең жиі таралған патология. Көп жағдайларда ақыры жағымды, бірақ баланың өмір сапасында теріс көрініс береді, кез –келген интеркурентті аурулардың ағымы мен болжамына әсер етеді. Рахиттен бала өлмейді, бірақ басынан өткен аурудың скелет деформация түріндегі салдарлары костетикалық ақаулықтар түрінде ғана емес, тыныс алу мен жүрек қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылысына әкеледі, жүктілік және босану ағымын қиындатады, шайнау аппараты қалыптасуына әсер етеді. Темір жетіспеушілігі қосалқы мальабсорбция синдромымн сидеропениялық гастроэнтероколитпен, жергілікті иммунитеттің төмендеуімен, бірнеше жылдар бойы сақталатын және асқорыту жүйесінің созылмалы ауруларын тудыратын ішек дисбиозымен қатар жүреді.

Қазіргі кезде баланың моторлық және психикалық даму процесінің тежелуіне, интеллект төмендеуіне, эмоция азаюы, мектепте оқытудың қиындауына әкелетін ТЖА кезіндегі жүйке жүйесінің дисфункцияларына ерекше көңіл бөлінеді. Дистрофиясы бар балаларда рахит, ТЖА алып келетін тағамдық заттардың сіңуі қиындайды. Рахит, өз кезегінде анемия дамуына бейімдейді. Барлық фондық аурулар белгілі бір дәрежеде иммуногенезге резистенттілікті төмендете отырып және жиі вирусты бактериялық, аллергиялық ауруларға, дисбиозға ықпал ете отырып әсер етеді. Жағымсыз преморбидті фондағы балаларда пневмония, инфекциялық аурулар ағымы ауыр өтеді, ол көбінесе ақыры жағымсыз асқынуларға әкеледі. Жоғарыда айтылғандардың қорытындысы ЖДТ ерте жас ауруларының алдын алуға, уақытылы диагноз қойып емдеуге міндетті. II денсаулық тобында бақыланады. Фондық аурулардың 3 дәрежесі стационар жағдайында емдеу мен госпитализацияны қарастырады.

27. Анемияның ерте клиникалық лабораторлық диагностикасы. Балаларда теміржетіспеушілік анемия жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, диагностикаланған анемиялардың ішінде 70-80% ТЖА алады. ТЖА – қан көлемінде гемоглобин деңгейінің төмендеуімен, қан сарысуының темірбайланыстырушы қасиетінің жоғарылауы және сарысулық темір жиынтығының азаюымен жүретін бір эритроциттегі гемоглобиннің орташа концентрациясының төмендеуімен сипатталатын анемия. ТЖА мен 2 жастан асқан балалар, соның ішінде шала туылған балалар, кішкентай және ірі балалар жиі ауырады. Анемия кезінде баланың жағдайы өзгермеген , бірақ қан анализінде ғана өзгерістердің көрінуімен жүретін латентті түрі кездеседі. Анемияның көрініс табуы: бойының, ақыл – есінің дамуының қалыс қалуымен, тағамдық бұзылыстарға инфекцияның қосылуы, гиповитаминоз. Сондықтан ТЖА – ны ерте өз уақытында диагностикалау ерте жастағы балаларды жүйелі бақылауда, анемия дамуына қаупі бар балаларда аурудың алдын алуда маңызды роль атқарады.

Балаларда анемияның дамуына әсер ететін факторлар антенатальді, интранатальды және постнатальды болып бөлінеді.

Антенатальды факторлар құрсақіішілік даму кезінде әсер етеді. Құрсақішілік даму кезінде ұрықтың қан түзу процесі қалыпты жүруі үшін анасынан жеткілікті темір мөлшерін алу қажет, шамамен 300 мг. Интенсивті темір жеткізудің мерзімі гестацияның 28-32 аптасы. Жүктілік ағымының бұзылысы ( гестоз, фетоплацентарлы жетіспеушілік, өздігінен түсікке қауіп, мезгілінен бұрын планцетаның ажырауы, қан кету, анасының инфекциялық ауруы, созылмалы процестердің қабынуы, мезгілінен бұрын босану) баланың организмінде темірдің жиналуы мен темір алмасуының бұзылысына алып келеді. Сонымен қатар жүктілік кезінде анасында анемия болса, баласында да анемия даму қаупі жоғары болады.

Интранатальды факторлар босану кезіндегі қан кетуге байланысты. Босану кезінде нәрестелерде қан кетудің негізгі себептері: мезгілінен бұрын плацентаның ажырауы, кіндікті ерте жыне кеш байлау, кіндіктің сәйкес емес өңдеуінен кейін қан кету, травмалық акушерлік қабылдау.

Постнатальды факторлар дүниеге келген сәбилерге әсер етеді және эндогенді, экзогенді болып бөлінеді. Анемияның эндогенді себептеріне жаңа туған балалардағы гемолитикалық ауру кезіндегі эритроциттердің зақымдалуы, гемоглобин синтезінің аномалиясы, сүйек кемігінің біріншілік конституциялық жетіспеушілігі жатады. Экзогенді анемия алиментарлы себептермен дамиды. Қазіргі кезде анемия 1 жасқа дейінгі тек сүтпен тамақтанатын балаларда жиі дамиды. Ерте жастағы балаларда анемияның дамуына ана сүтінде темір жетіспеушілігі; ерте және негізсіз жасанды, аралас тамақтандыру, бейімделмеген қоспаларды қолдану, сиыр және ешкі сүтімен тамақтандыру, бала рационына үстеме тамақты кеш енгізу, яғни темірдің түсуі мен жұмсалуының сәйкес келмеуі алып келеді. Балаларда анемияның дамуы ретті қан кетулерден кейін: жиі мұрыннан қан кету, қан ауруы, асқазан – ішек жолынан қан кету, операциялардан кейін болады. Тағамдық аллергиясы, экссудативті – катаральды дерматиті, нейродерматиті бар балаларда темірді тері жабындысының эпителий арқылы жоғалтуы орын алуына байланысты бұл балалар ТЖА дамуының қауіп тобына жатады. Балаларда тек темірдің жоғалуы ғана емес, сонымен қатар темірдің сіңірілуі және алмасуының бұзылысы анемияның дамуын тудырады. Мұндай бұзылыстар дистрофия, мальабсорбция синдромы кезінде көрініс береді. Анемия балаларда кез келген инфекциялық және созылмалы соматикалық аурулардан кейін дамиды. Балаларда анемияның дамуында В витаминінің жетіспеушілігі, микроэлементтер (магний, мыс, кобальт) жетіспеушілігі, гигиеналық жағдайдың қолайсыздығы, эндогенді темірдің азаюы,5-6 айлық емшектегі балаларға негізгі мән беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]