Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы Қаз-тест.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
258.36 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары:

A) Тайпа көсемдері

B) Молдалар

C) Қарилар

D) Абыздар

E) Ақсақалдар

2. Керейіттердегі өсіру басым болған малдың түрі:

A) Сиыр мен қой

B) Түйе

C) Жылқы

D) Қой мен ешкі

E) Ірі қара

3. Қуаңшылық жылдары жасалған ырым атауы:

A) Аруақтарға сиыну

B) Пұтқа жалбарыну

C) Тасаттық

D) Көкке табыну

E) Жаратушыға жалбарыну

4. Қазақ қоғамында хан тағынан үміт еткендер:

A) Билер.

B) Байлар.

C) Батырлар.

D) Шынғыс ханның ұрпақтары.

E) Әмірлер.

5. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты:

A) Сабалақ

B) Уәли

C) Әбілмәмбет

D) Дарабоз

E) Сәмеке

6. 1859 жылы Ұлы жүз жерінде салынған бекініс:

A) Ќастек бекінісі.

B) Ќызылағаш бекінісі.

C) Ќапал бекінісі.

D) Іле бекінісі.

E) Верный бекінісі.

7. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ірі орталықтары:

A) Торғай және Жетісу

B) Жетісу және Қаратау

C) Торғай және Қарағанды

D) Жетісу және Ақтау

E) Ақмола және Өскемен

8. Тыл жұмысынан оралғандар «Қара жұмысшылар одағын » құрған қала:

A) Павлодар.

B) Семей.

C) Перовск.

D) Орал.

E) Верный.

9. Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровтін соғыс кезінде атқарған әскери міндеті

A) Ұшқыш.

B) Мерген.

C) Танкист.

D) Жаяу әскер.

E) Артиллерист.

10. Сарматтардың Бесоба қорымына жерленген:

A) Сармат көсемі

B) Бақсы әйелдер

C) Жауынгерлер

D) Абыз әйелдер

E) Патшалар

11. Орта ғасырларда Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:

A) Иран

B) Англия

C) Жапония

D) Соғды

E) Үндістан

12. Орта ғасырдағы діни сәулет құрылысы:

A) махаллалар

B) шеберханалар

C) мешіттер

D) моншалар

E) сарайлар

13. 1694 ж. Тәуке хан I Петрмен елші Аталықов арқылы келісім жасады

A) Қазақ жерін Ресейге қосу

B) Кіші жүзді Ресейге қосуы

C) Сауда байланысын күшейту

D) Қазақ жерінің дербестігін сақтау

E) Бір-біріне соғыс ашпау

14. Саржан Қасымұлының қаза болуының себептері:

A) Жазалаушылармен шайқаста өлді.

B) Қартайып қаза тапты.

C) 1836 ж. Қоқан ханының бұйрығымен өлтірілді.

D) Қоқандықтармен шайқаста тиген оқтан жараланып, қаза тапты.

E) 1836 ж. Патша үкіметі ұстап өлтіртті.

15. 1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік:

A) Қоныстанушылар арнайы рұқсат алуы қажет болды

B) Жан басына 20 десятина жер берілді

C) Әскери міндеткерліктен босатылды

D) Жан басына берілетін жер ұлғайды

E) Салықтардан үш жылға босатылды

16. 1881-83 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендердің орналасқан басты аймағы:

A) Солтүстік Қазақстан және Жетісу

B) Жетісу мен Солтүстік қырғыз өңірі

C) Семей өңірі

D) Шығыс Қазақстан

E) Орталық Қазақстан

17. Поляк А.Янушкевич Қазақстанда жүзбе-жүз кездескен:

A) Ы.Алтынсаринмен

B) Тәттімбетпен

C) Құрманғазымен

D) Құнанбаймен

E) Ш.Уалихановпен

18. 1906 жылы қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсеткен Семей облысындағы уезд:

A) Жаркент

B) Қарқара

C) Перовск

D) Әулиеата

E) Қарқаралы

19. ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы әйелдер қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің бірі:

A) К.Байсейтова.

B) К.Дөненбаева.

C) Ә.Молдағұлова.

D) М.Мәметова.

E) А.Оразбаева.

20. Ноғай Ордасында Едігенің билік құрған уақыты:

A) 1390-1400 жж

B) 1397-1420 жж

C) 1394-1420 жж

D) 1395-1405 жж

E) 1396-1411 жж

21. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым:

A) О. Смағұлов

B) К. Ақышев

C) К.В. Сальников

D) Ә.Марғұлан

E) Ж. Таймағанбетов

22. XV ғ. 50-70 жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адамның саны жетті:

A) 200 мыңға

B) 350 мың

C) 250 мың

D) 400 мыңға

E) 300 мыңға

23. Ж.Шаяхметов Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды:

A) 1946 ж.

B) 1947 ж.

C) 1948 ж.

D) 1945 ж.

E) 1949 ж.

24. Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылылыстар жасалды

A) 1955-1953 жылдары аралығында

B) 1945-1953 жылдары аралығында

C) 1955-1958 жылдары аралығында

D) 1949-1963 жылдары аралығында

E) 1949-1990 жылдары аралығында

25. «Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1998 жыл аталды:

A) «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы»

B) «Ұлт пен ұлыстар жылы»

C) «Қазақстан халқы жылы»

D) «Рухани келісім жылы»

E) «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы»

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ