Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы Қаз-тест.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
258.36 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс пен Батысты байланыстырған жол:

A) Дала жолы

B) Ұлы Жібек жолы

C) Лазуриттік жол

D) Варягтан Грецияға дейінгі жол

E) Нефриттік жол

2. Тәуекел ханның тұсында берік қамал, ірі сауда орталығына айналған қала

A) Созақ.

B) Тараз.

C) Сауран.

D) Сығанақ.

E) Сайрам.

3. 1867-1868 жж. ереже бойынша 100-200 шаңырақтантұратын елді мекеннің атауы:

A) село.

B) болыс.

C) ауыл.

D) уезд.

E) кент

4. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі

A) Жетісудың шұрайлы өлкесі қызықтырды

B) Қазақ жеріне басып кірді

C) Цинь өкіметі қысым көрсетті

D) Атамекеніне оралды

E) Патшалы Ресей күштеп қоныстандырды

5. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы патша үкіметінің ұлттық езуі мен қанау саясатына қарсылықтың басталуы үшін алғышарттарды қалыптаcтырған оқиға

A) Орынбор қазақтары туралы ереже.

B) Қазақ облыстарын басқару туралы «Уақытша Ереже».

C) 1905-1907 жылдардағы революциялық оқиғалар.

D) «Дала облыстарын басқару туралы Ереже».

E) «Сібір қазақтары туралы ереже.

6. 1916 жылы Ырғыз, Торѓай уездерінде дала ақс‰йектерініњ хан сайлаған өкілдерінің саны:

A) 4.

B) 6.

C) 9.

D) 7.

E) 13.

7. «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты жинақтың авторы:

A) И.Шухов

B) А.Затаевич

C) Б.Асафьев

D) Н.Анов

E) В.Иванов

8. 1950-ші жылдары көзқарасы ғылымға «жат» деп танылған ірі ғалым:

A) С.Асфендияров

B) М.Әуезов

C) Ә.Марғұлан

D) Е.Бөкетов

E) Ю.Домбровский

9. 1960-1970 жылдары генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен ғалым:

A) У.Ахметсафин

B) Д.Сокольский

C) Е.Бөкетов

D) М.Айтхожин

E) Ә.Марғұлан

10. Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу әдісі:

A) Қайрау әдісі

B) Егеу әдісі

C) Қашау әдісі

D) Ретушь әдісі

E) Кесу әдісі

11. Қытай деректерінде "ғұн" атауының пайда болған кезі:

A) б.з.б. 4 ғ.

B) б.з. 1 ғ.

C) б.з.б. 1 ғ. басы

D) б.з.б. 3 ғ. аяғы

E) б.з.б. 5 ғ. ортасы

12. Оғыз мемлекетінде жабғудың кеңесшілерін атады:

A) Басқақтар

B) Тархан

C) Он оқ бұдын

D) Күл-еркіндер

E) Беклербектер

13. Алтын Ордада салық жинауға жауап беретін адамдар:

A) Даруға.

B) Бахадүр мен беклербек.

C) Ноян мен бек.

D) Беклербек пен уәзір.

E) Түмен басы мен мыңдық басы.

14. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы:

A) Көк кесене

B) Бекет ата кесенесі

C) Қарахан кесенесі

D) Қорқыт ата кесенесі

E) Жошы хан кесенесі

15. XVI ғ. 40 жылдары жазылған “Тарих - и Абулхайр - хани” еңбегінің авторы

A) Өтеміс қажы

B) Усман Кухистани

C) Әл-Фараби

D) Шах Махмұд Шорас

E) Әли ақын

16. Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 1858 жылы болған көтерілісті басты:

A) Көтерілістің басшыларымен келіссөз жүргізді

B) Жазалаушы топтармен бірігіп

C) Қазақ феодалдарымен ымыраға келу арқылы

D) Әскери күштің басымдығымен

E) Жалған уәделер беру арқылы

17. 1868 жылы қаңтар айында келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал-губернаторлыққа бағындырылды:

A) Батыс-Сібір

B) Жетісу

C) Орынбор

D) Түркістан

E) Дала

18. 1836 жылы қазақтар үшін интернаты бар училище ашылған қала:

A) Өскемен

B) Орал

C) Петропавл

D) Семей

E) Ақмола

19. Сталинградтағы әйгілі “Павлов үйін” қорғауға қатысқан оңтүстік-қазақстандық жауынгер:

A) К.Кузин.

B) Т.Мырзаев.

C) Қ.Сыпатаев.

D) А.Бельгин.

E) Қ.Аманжолов.

20. XI-XII ғасырларға жататын Шығыс моншасы табылған қала:

A) Сығанақ

B) Суяб

C) Құлан

D) Отырар

E) Талғар

21. «Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:

A) XVII ғасыр

B) XV ғасыр

C) XIV ғасыр

D) XVIII ғасыр

E) XVI ғасыр

22. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар мекендеді:

A) Ұлытаудан Есілге дейін жерлерде

B) Жетісуда

C) Түркістан мен Қаратау аралығында

D) Жайық, Еділ аралығы

E) Іле, Шу, Талас өзендері бойында

23. Өзінің зардабы жағынан жоңғарлардың «Ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шабуылы болған жылдар:

A) 1741-1742 жыл

B) 1748-1749 жыл

C) 1737-1738 жыл

D) 1743-1744 жыл

E) 1730-1731 жыл

24. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанның солтүстік батыс облыстарындағы кадеттер ұйымы Семейде шығарған газеті:

A) «Свободная речь».

B) «Дала уәлаяты».

C) «Қазақ».

D) «Ұшқын».

E) «Туркестанский вестник».

25. Қазақ халқының бес арысы (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М, Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов) ақталған жыл

A) 1991 жыл

B) 1988 жыл

C) 1990 жыл

D) 1989 жыл

E) 1987 жыл

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ