Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы Қаз-тест.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
258.36 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Қарахан елінің мемлекеттік діні:

A) Иудаизм.

B) Христиан.

C) Будда.

D) Кришна.

E) Іслам.

2. Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық:

A) Түрік

B) Қазақ

C) Өзбек

D) Татар

E) Өзбек-қазақ

3. Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті:

A) Моғолстанның батыс аймағына.

B) Ақ Ордаға.

C) Көк Ордаға.

D) Ноғай Ордасына.

E) Мәуераннахрға.

4. Орта жүзге жататын рулар:

A) жалайыр, албан, суан, дулат

B) арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ

C) табын, тама қаракесек, төртқара

D) жалайыр, шапырашты, қыпшақ

E) қоңырат,керей, албан, ысты

5. Тәуке ханның құқық нормалары жинағы.

A) “Жеті жарғы”.

B) “Дала заңы”.

C) “Ереже”.

D) “Бес жарлық”.

E) Қазақ хандығы заңдары.

6. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің қамтыған аймағы:

A) Ресеймен шекаралас аудандар.

B) Ұлы және Орта жүз жерлері.

C) Орта жүз жері.

D) Бүкіл Қазақстан.

E) Ұлы жүз территориясы.

7. ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарында жасөспірімдерге күніне төленетін еңбек ақысы:

A) 30 тиын

B) 80 тиын

C) 50 тиын

D) 60 тиын

E) 20 тиын

8. Торғайдағы көтерілісшілердің сардарбегі:

A) Ұзақ Саурықов.

B) Жәмеңке Мәмбетов.

C) Амангелді Иманов.

D) Бекболат Әшекеев.

E) Кейкі батыр.

9. Ф.И.Голощекин Қазақстанда билік басында болған жылдар:

A) 1928-1938 жылдар

B) 1922-1928 жылдар

C) 1932-1935 жылдар

D) 1936-1939 жылдар

E) 1925-1933 жылдар

10. Алғашқы адамдар тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге көтерілген уақыты:

A) Энеолит.

B) Неолит.

C) Мезолит.

D) Қола дәуірі.

E) Палеолит.

11. Сақтарға Ираннан тараған «өмір ағашы» дейтін аңдық стильдегі бейне:

A) Жылқы бейнесі

B) Кабан бейнесі

C) Бұғы бейнесі

D) Түйе бейнесі

E) Арыстан бейнесі

12. Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік–Шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші:

A) Томсон

B) Рубрук

C) Клоусон

D) Диц

E) Сюань-Цзянь

13. Қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «Екі туысқан Орда» деп атаған ғалым:

A) Қашғари

B) Л. Гумилев

C) Ш. Уәлиханов

D) Жувейни

E) М.Дулати

14. Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде орналасқан кесене:

A) Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

B) Арыстан баб кесенесі

C) Көккесене

D) Алаша хан кесенесі

E) Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі

15. Ресей үкіметінің 1803 жылғы қаулысы бойынша:

A) Қазақ жерінде тек орыс қаруларын пайдалану тиіс болды

B) Цинь империясы мен сауда орталықтарын ашты

C) Көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауға рұқсат берді

D) Орыс көпестерін қазақ жерінде салықтан босатты

E) Қазақ көпестеріне Қытайға өтуге тиым салды

16. Қазақстандағы «Азиялық училище» ашылған жыл:

A) 1841 жыл

B) 1790 жыл

C) 1813 жыл

D) 1844 жыл

E) 1789 жыл

17. «Жас арбакештер одағы» құрылды:

A) Петропавлда

B) Орынборда

C) Сергиопольде

D) Верныйда

E) Семейде

18. 1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым:

A) «Жас қазақ»

B) «Жас тұлпар»

C) «Тайшұбар»

D) «Жас алаш»

E) «Дос-Мұқасан»

19. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған-тіл, әдебиет, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған

A) Ш.Құдайбердиев

B) М.Жұмабаев

C) А.Байтұрсынов

D) С.Сейфуллин

E) Қ.Жұбанов

20. «Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігіне басып кірді:

A) 737-748 ж.ж.

B) 747-758 ж.ж.

C) 633-648 ж.ж.

D) 709-714 ж.ж.

E) 727-738 ж.ж.

21. 1718 жылы жоңғарлармен шайқас болған жер

A) Шұбартеңіз көлінде.

B) Ташкент маңайында.

C) Аягөз өзені жағасында.

D) Талас өзені жағасында.

E) Бұланты өзені жағасында.

22. Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы:

A) Жеңген жаққа шығуға дайын тұрды

B) Тек Ресей әскерін қолдады

C) Екіге бөлініп, екі жақта да соғысты

D) Тек Қоқан ханын қолдады

E) Бейтарап болды

23. 1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісіндегі қазақ жұмысшылары ереуілінің нәтижесі:

A) Жағдайлары өзгерген жоқ

B) Барлық қазақ жұмысшылары атылды

C) Жұмысшылар жұмсалған шығынды төледі

D) Жұмысшылардың жалақысы артты

E) Ереуілге қатысқандар жазаланды

24. Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған:

A) Т.Бигелдинов.

B) Қ.Қайсенов.

C) Б.Момышұлы.

D) Р.Қошқарбаев.

E) Т.Тоқтаров.

25. Қазақстан кәсіподақтарының республикалық І конференциясы өтті:

A) 1948 ж.

B) 1946 ж.

C) 1945 ж.

D) 1949 ж.

E) 1947 ж.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ